- •48 . Дене тәрбиесінің міндеттері
- •49 . Дене шынықтыру сабағы
- •§ 50. Гимнастиканың гигиеналықмаңызы
- •§ 51. Оқушылардың дене тәрбие бойынша кластан тыс жұмыстары
- •VIII мектеп оқушыларының тамақтану гигиенасы
- •§ 52. Тамақтанудың
- •§53. Тамақтық продуктылардың
- •§ 54. Мектеп оқушыларының тамақтану нормасы
- •§ 55. Мектеп оқушыларының тамақтану режимі.
- •§ 56. Тамақтық продуктыларға қойылатын санитарлық – гигиеналық талаптар
- •57. Тамақ әзірлейтін бөлмелер мен ыдыс аяққа
- •58. Қызметкерлердің жеке басының гигиенасы.
- •59. Таңертеңгілік мектеп тамағы.
- •60. Күні ұзартылған топтағы балаларды тамақтандырудың ерекшеліктері.
- •61 Тамақтан улану және оны алдын алу жолдары.
- •70. Эпидемиялық гепатит. (Боткин ауруы)
- •71. Полиомиелит
- •72. Ішек құртының аурулары, гельминтоздар
- •73Грипп
- •76 . Тері аурулары .
- •§ 19. Мектеп жабдығына қойылатын негізгі талаптар....................................87 § 20. Мектеп оқушыларын партада дұрыс отырғызудың маңызы.................88
60. Күні ұзартылған топтағы балаларды тамақтандырудың ерекшеліктері.
Күні ұзартылған топардағы мектеп оқушыларының тамақтануын ұйымдастырғанда тамақтану гигиенасының барлық ережелері мен талаптары ескерілуге және орындалуға тиіс.
Балалар мектепте тәулік бойы болмайды, сондықтан тамақтың күндік рационын түгел алмайды, екі немесе үш рет қана тамақтанады.Күні ұзартылған топтағы тамақ алуан түрлі, құнарлы және калорялы, сапалы болуға, белгілі бір сағатта ішілетін болуға тиіс.
Тамақтандыруды ұйымдастырудың қиындығы мынада: кейбір мектептерде, әсіресе бұрын салынған мектептерде, асхана немесе соған жарарлық бөлме жоқ. Көбнесе балалар жөнді жарамайтын бөлмелерде немесе тіпті, кластарда тамақ ішіп жүр. Сондықтан күні ұзартылған топтарға тамақ даярлау үшін мектептен немесе жақын жердегі асханадан ( оның басқарушыларымен келісе отырып ) жеке бөлме босаттырып алған жөн.
Егер тамақ әзірлейтін бөлме тікелей мектептің өзінде ұйымдастырылса онда ол негізінен жоғарыда баяндалған гигиеналық талаптарға сай келуі, әрі ең аз дегенде асхана, ас тарату (буфет) және ыдыс жуатын орны болуға тиіс.
Асхана жарық, кең, таза болуы керек.Ас тарату орнын (буфет) салқын тағамдарды әзірлеу және сақтауға арналған тоңазытқыш сөре мен тамақ жылытуға қажетті электр плитасы және булы жылытқыштармен шәй, кофе т.б. әзірлейтін қайнатқышпен жабдықталған дұрыс.
Тамақ әзірлеу, жылыту және таратуға гигиеналық жағдайы онща емес мектептерде ыстық тамақты ұйымдастыруға тиым салады.
Күні ұзартылған топтардағы балалардың денсаулығы тұрғысынан алғанда арасына 3 – 4 сағат салып, тамақты үш рет берудің неғұрлым дұрыс болатынын практика көрсетіп отыр. Бірінші сменада оқитын балаларды тамақтандыру мына түрде жүргізіледі: Ұзақ үзілісте балаларға екі тағамнан, мәселен қарақұмық ботқалы катлет пен бір стакан сүт немесе кофеден тұратын таңертеңгі тамақ беріледі. Сабақ аяқталғаннан кейінгі шағын үзілістен соң, үш тағамнан тұратын түскі тамақ беріледі.
Екінші сменада оқитындар мектепке келісімен таңертеңгі тамақтарын сабақтан бір сағат бұрын түскі тамақтарын, ұзақ үзілісте (3 – 4 сабақтан соң) түстен кейінгі тамақтарын ішеді.
61 Тамақтан улану және оны алдын алу жолдары.
Тамақтың продукталарды дұрыс сақтап, өндемеген жағдайда оларға ауру тудыратын микробтар түсіп немесе зиянды заттар араласып кетуі мүмкін. Тіпті кей жағдайда бүлінгендік белгісі байқалмайтын мұндай продуктылар тамақтан улану тобына қосылатын қатты ауруларды тудыруы ықтимал.
Тамақтан улану пайда болуы жағынан бактериялы және бактериялы емес (химиялық) улану болып екі үлкен топқа бөлінеді.
Уланудың алғашқы белгілері едәуір тез тамақ ішкеннен кейіннен бірнеше сағат өтісімен білінеді. Бірнеше күннен кейін білінуі сирек кездеседі. Улануға тән неғұрлым жалпы белгілер мыналар : жалпы әлсіздік, батың айналуы, бастың ауруы, іштің ауруы, жүрек айну, құсу, кейде іштің өтуі.
Балалар коллективіндегі улану ауырлығымен ғана емес, топтық сипатта болатынымен де қауіпті. Сондықтан ең алдымен тамақтан улануды болдырмау мәселесіне көңіл бөлу керек, ал тамақ даярлау орнының жұмысы ұдайы медициналық – санитарлық бақылауда болуға тиіс.
Бактериялы жолмен пайда болған тамқтық уланулар .
1.Салмонелдер – энтерколиттердің, шошқа обасының т.б. қоздырғыштары арқылы болған уланулар. Бұл топтың микроптары көбнесе ауру малдың еті мен сондай ақ ет арласқан тағамдарда жиі болады. Салмонелдер көп жағдайда қаз бен қаз бен үйректің жұмыртқаларын бүлдіретіндіктен, балалардың тамағына бұл жұмыртқаларды пайдалануға тиым салынады.
2.Шартты потогенді (ауру тудыратын) бактериялардан негізінен ішек таяқшасы мен протейден болған уланулар.Азықтық продукталардың бұл бактериялармен бүлінуі тамақ әзірлейтін бөлмені ұстаудың санитарлық гигиеналық ережелерін, жеке бас гигиенасын азықтық продукталарды өңдеу және сақтаудың ережелерін орындамағандықтан болады.
3.Ботулизмді ерекше микроорганизм – ботулизм таяқщасы туғызады. Ботулизмнің қоздырғышы топырақта, жануарлар мен балықтардың ішектерінде кездеседі. Санитарлық ережені сақтамаған жағдайда ботулизмнің микробтары азықтық продукталарға түсуі, содан барып уландыруы мүмкін. Тамаққа бүлінген овощ пен балық концервілерін сондай-ақ балықтарды, әсіресе бекіре тұқымды балықтарды пайдаланудан ауру анағұлым жиі пайда болады.
Ботулизм микробы негізінен орталық нерв жүйесіне әсер ететін өте күшті у бөліп шығарады. Басқа уланулардын ботулизм осы жағдайлармен ерекшеленеді. Ботулизмнің негізгі ерекшеліктері: тыныс алу бұлшық еттерінің параличінен тыныстың тарылуы, дене температурасынын 35*С – қа дейін төмендеуі, ауыздың құрғауы, дауыстың шықпай қалуы, жұтудың қиындауы, көз қарашығының үлкейіп, көздің бұлдырауы және т.б. Аурулардың әлі қашады кейде жүрегі айнып құсады, іші ауырады. Уланудың алғашқы белгілері бүлінген тамақты ішкеннен кейінгі алғашқы тәулікте ақ білінеді. Ботулизмге ұшыраған адамға тез
Айгул
Жұқпалы ауруларды таситындармен қарым-қатынаста болған балаларды карантинде ұстау балалар коллективінде жұқпалы ауруларлдың таралуына қарсы бағытталған маңызды шара болып табылады:ондай балаларды айналадағы адамдардан оқшаулап,аурулардың инкубациялық мерзіміне сәйкес, бірнеше күн ерекше медициналық бақылауда ұстайды. Аурудың инкубациялы «жасырын» кезеңі деп организмге микробтар енген кезден бастап,ауру айқын байқала бастағанға дейінгі кезеңді айтады.Ауру тудырушының сипатына және организмнің күйіне байланысты бұл кезең бірнеше сағаттан бірнеше айға дейін созылуы мүмкін.Бұл кезеңнің барысында аурудың сыртқы белгілері байқалмағанымен,адамның организмінде микробтар көбейе береді.Аурумен қарым-қатынаста болған адамдарды оқшау ұстау мерзімін анықтау үшін,түрлі аурулар кезіндегі инкубациялық кезеңнің ұзақтығын білу қажет. Мектепте немесе мектеп-интернатта жұқпалы ауру шыққан кезде,оның айналадағы адамдар үшін қауіптілігіне және таралғыштығына байланысты,барлық мекеме немесе жұқпалы ауру шыққан топ карантинге алынады.Бүкіл карантин мерзімінің барысында ол топты балалар мекемесінің қалған коллективінен толық бөліп тастаған жөн.Бүкіл инкубация кезеңінде жаңадан ауыру жағдайларын неғұрлым ерте анықтау және қайтадан ауырғандарды дереу оқшаулау үшін, балалардың байланыс жасаған тобы мұқият бақыланып отырады. Үйді және заттарды жұқпалы ауру тудырушы микробтардан тазарту үшін,зиянсыздандырудың немесе дезинфекциялаудың үлкен маңызы бар. Дезинфекциялау зиянсыздандырылуға тиісті обьектіге және жағдайларға байланысты не механикалық жолмен тазарту арқылы немесе физикалық құралдармен (су буымен, ультракүлгін сәулелермен) не болмаса сұйық күйде де, газ түрінде де әсер ететін химиялық заттарды (хлорлы ізбес,лизол, сулема, формальдегид және т.б.) қолдану арқылы жасалады. Мектептерде жұқпалы аурулардан сақтану оқта-текте ғана жүргізілмей, коллективте жұқпалы аурулардың пайда болуын және оның таралуын болдырмайтын,сондай-ақ бала организмінің ауруды қабылдамайтын жалпы және арнаулы қабілеттіліктерін күшейтетін шаралар системасын жоспарлы түрде орындау жолымен жүргізіледі.Балалардың жұқпалы ауруларымен күресу ісіне балалар мекемесінің барлық қызметкерлері медицина қызметкерлері, әкімшілік,педагогтар,тәрбиешілер, техникалық қызметкерлер және ата-аналар қатысуға тиіс. Мектепте жұқпалы аурулардан сақтануға мектеп үйлерін дұрыс пландау,оларды дұрыс пайдалану, желдетіп тұру және тиісті санитарлық күйде ұстау,режимді қатаң сақтау, менюге витаминдерді жеткілікті түрде енгізе отырып тиімді тамақтану, дене шынықтыруды кеңінен пайдалану, дене шынықтыру, сондай-ақ жалпы медициналық қызмет көрсету ісін дұрыс жолға қою мен тәрбие жұмысы да көмектеседі, өйткені бұлар балалардың дұрыс дамуын және сыртқы ортаның түрліше зиянды әсерлеріне күшті қарсылық көрсету қабілетін қамтамасыз етеді. Мектепке жұқпалы аурудың таралуына қарсы күресу системасында балаларды мектепке қабылдауды дұрыс ұйымдастыру маңызды шара болып табылады:мектепке жіберудің алдында баланы поликлиниканың дәрігері мұқият қарап шығуға тиіс.Дәрігер оған қоса бала тұратын үй мен пәтерде жұқпалы аурулардың бар-жоқтығын, бұрын баланың қандай жұқпалы аурулармен ауырғандығын анықтауға тиіс. Тексеру мәліметтерінің негізінде дәрігер тиісті анықтама береді.Онымен қатар мектепке санитарлық-эпидемиология ұымынан баланың өзінде де, оның тұратын жерінде де жұқпалы аурулардың жоқ екендігі туралы анықтама берілуге тиіс.Жазғы каникулдан кейін мектепте ауру балаларды анықтау мақсатымен барлық балалар, оның ішінде жаңадан келген балалар да, профилактикалық тексеруден өткізіледі. Мектеп мекемелеріне жұмысқа қызметкерлер алу ісіне санитарлық бақылау жасаудың үлкен маңызы бар.Тамақ әзірлеу бөлмелеріне жұмысқа тұратын адамдар мен тәрбиешілер медициналық толық тексеруден өтеді,бұрын-соңды ауырған аурулары мен тұрған жерінде болған эпидемиялық аурулар туралы мұқият айтып береді.Олар өздерінде бактериялардың (дифтерия,ішектің жұқпалы микробтары)бар-жоғын тексертіп,эпидемиологтан анықтама әкеліп тапсырады.Егер педагогтың немесе тәрбиешінің семьясында жұқпалы аурулар шықса,онда олар уйіндегі аурулы оқшаулағаннан кейін және бүкіл пәтерді толық химиялық дезинфекциядан өткізгеннен кейін ғана жұмысқа келуіне болады.Дифтерия және ішектің жұқпалы аурулары сияқтылар шыққан жағдайда педагог немесе тәрбиеші өзінде жұқпалы бактериялар жоқ екендігін растайтын анықтама әкелуі тиіс.Санитарлық-ағарту жұмысының зор маңызы бар,ол жұмыс балалар мекемелерінің шаруашылық қызметкерлері, балалар,сондай-ақ олардың ата-аналары арасында жүргізіледі.Санитарлық білім берудің алуан түрлі формалары:радио,баспасөз,кино,лекциялар,әңгімелер,сұрақ және жауап кештері,көрмелер және басқалар пайдаланады.Егер санитарлық білім беру жұмыстарының мазмұны жыл маусымдарына және эпидемиялық жағдайларға сәйкес келіп,нақты жағдайлар:жазда балаларды қала сыртына алып шығу,елка ұйымдастыру және т.б.ескерілсе,тіпті жақсы.
Жұқпалы аурулармен ауырғандар және олармен жақын қарым-қатынаста болған балалар туралы мектеп пен емдеу мекемелері(поликлиника,ауру-хана,санитарлық эпидемиология ұйымдары)арасындағы өзара хабарластық-мектептерге,мектеп интернаттарға жұқпалы аурулардың таратылуына қарсы күресудің аса маңызды құралы.Сондай-ақ мектеп оқушысының ауырып қалғандығы туралы немесе семьяда,пәтерде шыққан жұқпалы аурулар туралы ата-аналардың дереу хабарлап отыруына қол жеткізген жөн.Балалар мен мектеп мекемелері қызметкерлерінің жұқпалы аурулармен ауырғыштық дәрежесін мұқият есепке алу мейлінше маңызды.
64.Қызылша
Қызылша –кілегейлі қабықтың қабынуымен және денені тұтас теңбілденген ірі –ірі қызғылт бөртпелердің қаптап кетуімен сипатталатын ауыр жұқпалы ауру.Қызылшаның қоздырғышы-аса қозғалғыш және адам организмінен тыс мүлдем дерлік тіршілік ете алмайтын фильтрлі вирус,сондықтан жөтелген,түкірген,айқайлаған және кулген кезде қызылша вирусын татататын ауру адам ғана ол вирустың резервуары болып табылады.Қызыл-шаның қоздырғышы ауа төгімен алыс аралыққа оп-оңай жеткізіледі,сол себепті де балалар бір-бірімен тікелей қатынас жасамағанның өзінде де,жұқ-палы аурудың микробтары тез тарайды.Қызылшамен ауырғандар инкубация кезкеңінің соңғы күндерінде және ауыра бастаған кезде өте-мөте жұқтырғыш.Бөртпе шыққаннан кейінгі екінші-үшінші күндері оның жұғымталдығы айтарлықтай кемиді,ал бөрту басталған алғашқы аптаның аяғына қарай мүлдем жойылып кетеді.14 жастан жоғарғы мектеп жоғарғы мектеп оқушылары қызылшамен сирек ауырады, өйткені балалардың негізгі бөлігі ол аурумен жас кезінде ауырып тұрады. Қызылшамен ауырып тұрғаннан кейін организмде тұрақты, әдетте өмірлік,имунитет қаладық.Қызылшаға қарсы егу жасатпаған балаларда инкубациялық кезең әдетте 9-10 күнге (14-17 күнге созылуы сирек болады), егу жасатқандарға 21 күнге созылады.Аурудың алғашқы белгі беру кезеңі 3-5 күнге созылады да,температураның көтерілуі мен (38-39), жалпы денсаулық күйінің нашарлауымен (енжарлық ,ұйқы басу ,бастың ауыруы ,тамаққа тәбеті шаппау),кілегейлі қабықтардың қабынуымен сипатталады.Жиі-жиі тұмау тиіп, коньюнктивит (көздің дәнекер қабының қабынуы),үздіксіз құрғақ жөтел пайда болады.Дауыс шамалы қарлығады.Ұрттың қызарған қабығында,көбінесе астыңғы азу тістердің тұсында ұсақ ақшыл дақтар пайда болады.Бұл дақтар оларды ашқан ғалымдардың есімімен Бельский-Филатов дақтары деп аталады.Алғаш белгі беру кезеңінің барысында температура біртіндеп төмендейді де қабынудың белгілері күшейеді.Баланың беттері аздап қабарады,қабағы ісініп, көзі қызарады ,жас ағып ,жарықтан жсақанатыны байқалады ,мұрнынан мол кілегейлі сұйық аға бастайды, кейде мұрыннан қан кетіп ,іші өтеді .Бұл аурудың барлық барлық кілегейлі қабықтарының кеселге шалдыққандығын көрсетеді.Алғаш белгі беру кезеңінде айналадағы адамдар үшін өте жұқпалы болады.Аурудың төртінші –алтыншы күніне қарай қызылша бөртпелерінің шығу кезеңі басталады.Аурудың температурасы 39-40С –қа дейін көтеріледі,жалпы денсаулық күйі нашарлайды,қабыну құбылыстары сол күйі қала береді.Өзгеріссіз көрінетін теріде кезеңге бөлініп (әдетте үш күн ішінде ) бөртпе шыға бастайды – алғашында бетке, одан кейін кеудеге және ақырында , аяқ-қолға шығады. Алғашында бөртпе терінің бетінде сәл ғана қылтиып тұратын ұсақ ақшыл-қызғылт дақтардан тұрады, содан кейін оның көлемі үлкейе келіп ,жалпайған ,теңбілденген қара-қошқыл пигментацияға айналады. Бұл уақытта ,әдетте, баланың бетінде ,кеудесінде және аяқ-қолында бөртпенің түрлі даму стадиясын байқауға болады.Кейбір жағдайларда бөртпенің жекелеген элементтері бірігіп кетіп, шеттері кедір –бұдыр үлкен дақтар жасайды.Шыққаннан кейін 3 күннен соң бөртпе құри бастайды да, оның орны түлегенін байқауға болады,ол әсіресе беттен айқын көрінеді.Бөртпелер мен кілегейлі қабықтардағы қабыну құбылыстары жоғалғаннан кейін , асқынбаған жағдайда , аурудың беті біртіндеп қайтады да, бала тез оңала бастайды.Алайда қызылша организмнің имунитеттік-биологиялық қасиеттерін айтарлықтай төмендетеді де, асқыну едәуір жиі болады; асқынудың ең ауыр және кең тараған түрі- өкпенің қабынуы.Кейде қызылша кезінде ларингит немесе қызылша крупы (көмейдің домбығып қабынуы),стоматиттер (ауыздың уылуы),колиттер (тоқ ішектің қабынуы), көздің бұзылуы орын алады.Қызылшамен ауырып тұрған балаларда туберкулездің жаңғыруына бейімдік жиі байқалады. Айналадағы адамдардың ауыруын болдырмауда қызылшамен ауырғандардың диагнозын ерте (алғаш белгі беру кезеңінде), анықтаудың зор маңызы бар.Тек осы жағдайда ғана ауру адаммен қатынаста болған балаларды аурудан сақтандыру нәтижелі болады.Ауруды көбінесе үйінде оңашалайды.Ресми нұсқауларға сәйкес ауруды оңашалау бөртпе көрінгеннен кейін 3-4 күннен соң, ал асқынған жағдайда 10 күннен соң доғарылады.Қоздырушы микробтары тұрақсыз болғандықтан,бұл ауру кезінде химиялық дезинфекция жасалмайды, бірақ ауру жатқан бөлмені мұқият желдетіп, әрі дымқыл нәрсемен тазартқан жөн.
Аурумен қатынаста болған және бұрын қызылшамен ауырмаған балалардың барлығының дәл есебін алу қажет.Олардың ішінде үш айдан үш жасқа дейінгі балалардың барлығы қызылшаға қарсы егіліп,21 күнге карантинге алынады;қалған егілмеген және бұрын ауырмаған балалар аурумен алғаш қарым-қатынас жасаған күннен бастап 17 күн бойы карантинде болуға тиіс.Қызылшамен ауырған баламен қарым-қатынас жасағандықтан үйінде оңашаланған бірінші және екінші кластардың оқушыларын, егер олар оқып жүрген кластан қызылша ауруы шықпаса, белгіленген карантин бітпей-ақ мектепке жіберуге болады.Аурудың эпидемиялық ошағына медициналық бақылау жүргізіледі. Қазіргі уақытта СССР-де қызылшаға қарсы вакциналарды жаппай өндіру ісі жолға қойылған.Бұл вакцинаны 1 жастан 9 жасқа дейінгі балаларға бір рет егу (қызылша ауруына ең бейім жас топтпры) олардың организмінде жұқпалы ауруларға күшті және ұзақ уақыт қарсы тұру қасиетін қалыптастырады.Егуден кейінгі реакцияны балалар айтарлықтай жеңіл көтереді. Реакция аурудың оңай өтетін белгілерінен: температураның көтерілуі, жоғарғы тыныс алу жолдарының жеңіл-желпі қабынуы,ұсақ бөртпелердің шығуынан көрінеді.Мұндай күй әрі кеткенде үш күнге созылады; оның үстіне мұндай балалардан айналадағы адамдарға аурудың жұғу қаупі мүлдем жоқ, сондықтан олардың дені сау балалармен емін-еркін араласып жүре беруіне болады.
65.Скарлатина
Скарлатина- ауыр жұқпалы ауру;онымен ауырғанда жұтқыншақ кәдімгідей ауырып, қызарған денеде нүкте сияқты ұсақ бөртпелер көрінеді және скарлатин уымен жалпы улану құбылысы болады.Скарлатинамен 1 жастан 10 жасқа дейінгі балалар неғұрлым жиі ауырады.Скарлатинаның жұқтырудың басты көзі – онымен ауырып жүрген немесе одан жазылып келе жатқан адам, сондай-ақ скарлатинаны қоздырғыш микробтары бар дені сау адам.Скарлатинаның таралуының негізгі жолы – оны қоздырғыш микробтардың ауа арқылы берілуі; скарлатинаның қоздырғышы аурудың кілегейлі қабықтарында аса көп болуы да мүмкін.Скарлатинаның қоздырғышы дені сау адамның организміне көбінесе жұтқыншақ және мұрын арқылы немесе терінің күйген не жараланудан бұзылған қабаты арқылы енеді.Скарлатинаның қоздырғышы адамның организмінен тыс та өмір сүруі мүмкін екенін байқаулар көрсетіп отыр;сондықтан аурудың киімі, заттары, сондай-ақ ол пайдаланған кітаптар мен ойыншықтар да жұқпалы ауруды тартудың көзі болып табылады.Скарлатинмен ауыру жабық бөлмелердің ішіне таза ауаның келіп тұруы шамалы болатын және күн сәулесі аз түсетін жылдың қысқы-күзгі мезгілдерінде едәуір жиі кездеседі.Скарлатинамен ауырғаннан кейін адамда бұл ауруға деген имунитет, әдетте, ұзақ уақыт, ал кейде өмір бойы сақталады.Скарлатина кезінде инкубациялық кезең 1 күннен 12 күнге дейін, орташа 3-7 күн созылады.Ауру бірден, қатты басталады: температура (39-40 –қа дейін) күрт көтеріледі,кейде өне бойы қалтырап,жалпы денсаулық күйі нашарлайды, жүрек айниды, құсады, басы мен тамағы ауырады.Ауыру басталғаннан кейін 18-24 сағат өткен соң қызарған теріде нүкте тәрізді ұсақ қызыл бөртпелер пайда болады.Бөртпелер аяқ-қолдың ішкі беттерінде, сондай-ақ қолдың қары мен тақымда,шаптың жықпылдарында, көкірек клеткасының бүйір беттерінде және құрсақтың төменгі бөлігінде неғұрлым тез және айқын көрінеді.Аурудың бетінде ауруға мейлінше тән құбылыстар болады,олар: маңдайы мен екі самайында шыққан нүкте тәрізді ұсақ қызғылт бөртпелер,беттерінің ұшында білінетін қызыл,мұрын-еріндік үшбұрыштың (иек пен ерін аумағы )айқындала бозарып тұруы.Егер скарлатинаның ерте асқынуы дамымаса (орта құлақ,лимфалыұқ бездер,өкпе қабынбаса), онда бірінші аптаның соңына қарай аурудың күшею кезеңі аяқталады да, айығу басталады.Дұрыс емдегенде ауру басталғаннан кейінгі оныншы – он бесінші күнге қарай балалардың көпшілігі толық айығып кететінін соңғы жылдардағы байқаулар көрсетіп отыр.Аурудың күшею кезеңінің аяқталуына ілесе теріде скарлатинаға тән терлеу (денеде- ұсақ қабыршық, алақан мен аяқтың табанында саусақтардың ұшынан басталатын ірі қатпарлы қайызғақтар пайда болады. Аурудың тері қабаттары түлеу кезінде, бұрын жорамалданып келгеніндей, айналадағы адамдар үшін жұқпалы болмайды. Аурудың екінші – төртінші аптасында соңғы асқынулар болуы мүмкін;олардың ішінде құлақ, бүйрек және буындардың асқынуы айрықша ауыр болады.Скарлатинамен ауыру процесінде резматизм пайда болып, ол кейіннен жүректің тұрақты ауруын тудыруы мүмкін. Скарлатинамен ауырып тұраған балалардың мектепке немесе мектеп –интернатқа оралған кезінде бұл асқынулардың бәрін педагогтар да,тәрбиешілер де ескерулері қажет. Тәрбиешілер ауруы бүйрегіне шапқан балалардың диетаны (егер диета белгіленген болса) орындауын қадағалауы тиіс; мұндай балаларды ұйықтайтын бөлмелерде сыртқы қабырғадан алысырақ жатқызып, класта алысырақ отырғызу керек,нашар еститін балаларды сабақ кезінде педагогтың столына жақын отырғызып, онымен қаттырақ дауыстап сөйлесу керек.Соңғы жылдары скарлатина ауруының барысы айтарлықтай өзгереді: аса қатты ауыру жағдайлары мүлдем дерлік байқалмайды,асқынулардың саны күрт азайды, ал асқыну барысы едәуір жеңілдеді.Шамасы, бұл ауру қоздырғыш-тың токсигендік қасиеттерінің өзгеруімен, балалардың жалпы денсаулық жағдайының және оларға дәрігерлік қызмет көрсетудің жақсаруымен,сондай-ақ емдеудің нәтижелі әдістерінің қолданылуымен бай-ланысты болар.Жеңіл ауыру жағдайларында скаралатинаның барлық белгілері онша көзге түспейді.Бөртпелердің мүлдем көрінбеуі де немесе өте қысқа мерзімге (2-3 сағат қана)ғана көрінуі де мүмкін.Ауырған бала көбінесе жеңіл сырқаттан және шамалы
Разима
Емдеуді дер кезінде бастамау (кешеуілдету) және оны тиімді түрде жүргізбеу созылмалы дизентерияға әкеп соқтырады, мұндай жағдай көбінесе аурудың түрі жеңіл болған кезде орын алады. Созылмалы дизентерия ішек құрттары бар әлсіз балаларда, сондай-ақ басқады созылмалы аурулары бар балаларда жиі болады. Созылмалы дизентерия кезінде бір жағдайда денсаулық күйінің жақсару кезеңі асқыну кезеңімен ауысады, ал екінші жағдайда ауру жалғаса береді де, бірақ аурудың барлық белгілері айқын байқалмайды. Созылмалы дизентерия бауыр, асқазан ауруларының салдарынан асқынып кетіп, кейде бүкіл зат алмасудын түбегейлі бұзылуын тудыруы мүмкін. Созылмалы дизентериямен ауырған адамның жалпы денсаулық күйін жақсарту және оның эмоциялық тонусын көтеру үшін аса қолайлы тіршілік жағдайларын жасау қажет (санаторияға орналастыру, қала сыртына алып шығу т.б.). дұрыс тамақтандырудың зор маңызы бар, бұл жағдайдабір жағынан, ауруға жеткілікті мөлшерде тамақтық заттар беру қажеттігі, ал екінші жағдайда аурудың түрліше тамақтық заттарды нашар сініретіндігін ескеру қажет. Оңай сіңірілетін белоктарды көбінесе ірімшік және кефир түрінде, жеткілікті мөлшерде берудің ерекше маңызы бар. Балалар мекемесінде дезинтериямен ауруды болдырмау мақсатымен усадьбалар мен аулаларды қоқырсықтардан, көңнен және басқада тастандылардан тазартуды ұйымдастыру қажет. Балаларды ішетін таза сумен қамтамасыз етуге ерекше назар аударып, тамақтың әзрленуі мен сапасына үнемі бақылау жүргізген жөн. Тәрбиешілер мен ас уйдің қызметкерлерінде бацилланың бар-жоқтығы үнемі тексеріліп тұрады. Дизентериямен ауруды болдырмау балалар мекемесіедегі әрбір қызметкер төмендегідей ережелерін сақтаулары және балаларға үйретуі қажет. Әрдайым тамақ ішер алдында және дәретханаға барған сайын қолды міндеттті түрде сабындап жууы қажет. Терең емес, оңай ластанатын құдықтардың, тоғандардың, өзендердің және басқада ашық су қоймаларының суларын қайнатпай ішуге болмайды. Қайнатылған судын беті жабылмаса немесе таза ыдыста сақталмаса, олда ластанатын, сөйтіп жұқпалы аурулардың көзіне айналатынын есте сақтау қажет. Егер орталықтан қамтамасыз ететін су қоры болмаса, ал асқазан-ішек бұзылу жағдайлары орын алса, онда тек ішу үшін ғана емес, ыдыс жуу үшінде қайнатылған су болғаны дұрыс. Егер балалар мекемесі құдықты пайдаланса, суды ластамау үшін оның жанына кір жуууға, қоқыс тастауға, мал суаруға болмайды. Суды құдықтан әркім өзі әкелген шелегімен тартып, оны ластамас үшін қоғамдық шелекті пайдаланған жөн. Балалар мекемесі үшін суды өзеннің кір жуатын, мал суаратын немесе адамдар шомылатын жерлерінен төмен алуға болмайды. Шикі обощтар мен жемістерді жеудің алдында ыстық сумен мұқият жуу керек. Тамақьық продуктыларды, дайын тамақтарды, ыдыс-аяқты шыбыннан қорғау қажет. Көң-қоқыр төгетін орынды, көң-қоқыр салатын шелекті жабық ұстап, күн сайын босатып тұру қажет, сондай-ақ дәретханалардың шұңқырларына шыбындардың еніп кетпеуі үшін қам жасаған жөн. Шұңқырлардың ішіне құрғақ хлор тізбесін шашып тастау керек. Шыбындар жиналып қалмау үшін тамақтанып болған соң стол үстіне ыдыс-аяты тез-тез жинап алып, жуу керек. Қоқымдар мен тамақтың қалдықтарын стол устінен жинап алып, қоқыс салатын шелекке тастау керек. Жаз кезінде балалар мекелерінің уйлеріне шыбындар кіруіне жол бермеу жолдары, ол үшін терезеге дәке немесе тор ұстау қажет. Эпидемиялар кезеңінде дизентериямен аурыды болдырма үшін сақтандыру егулері қолданылады:олардан кейін адамнаң дизентерия ауруын қабылдағышы кемиді, ал ауру жұға қалғанның өзінде жеңіл өтеді.
