Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Belok_Saken_Agay_shpor_docx-1458338658.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
130.51 Кб
Скачать

3.Белоктың изоэлектрлік нүктесін анықтау.

Адсорбциялық және диффузиялық қабаттағы қарсы иондардың арасында дзета – потенциал нольге тең болса, белок молекуласы электр өрісінде қозғалмайды. Белок зарядын жоғалтады. Белоктың бұл күйін изоэлектрлік күйі дейді. Ал, белок изоэлектрлік күйге рн – тың белгілі бір мәнінде түседі: жұмыртқа белогы 4,8, гемоглобин 6,7, лизин 5 т.т. Оң және теріс зарядтар теңесетін реакциялық ортаны, яғни изоэлектрлік күйге түсетін әр белоктың өзіне тән белгілі рн мөлшерін изоэлектр нүктесі деп атайды. Белоктардың изоэлектрлік нүктесінің нәтижесі (рн) олардың құрамындағы амин қышқылдарына байланысты.

3-билет

1.Белоктардың кеңістіктік құрылымы.

Белок молекуласының құрамына кіретін амин қышқылдарының саны мен сапасының әр түрлі болуы, осы класқа жататын қосылыстарға тән ерекшелік қасиеттерін және олардың құрылысының күрделілігін қамтамасыз етеді. Амин қышқылдарының жүйелілікпен тізбектелуі және белок молекуласының кеңістік құрылымы төрт деңгеймен сипатталады – бірінші, екінші, үшінші, төртінші реттік құрылым.

2.Белокты диализ арқылы тазарту диализ әдісі белоктарды /кіші молекулалы қоспалардан және органикалық заттардан/ тазарту үшін кен түрде қолданылады. Диализ әдісін жүргізетін аспапты диализатор деп атайды. Ең қарапайым диализатор ретінде коллодийден немесе целлофан қағазынан жасалған қалта пайдаланылады. Коллоидты ерітінділер коллодидан жасалған қалтаға құйылады. Бұдан қаңттардың тұздардың және төменгі молекулалы заттардың молекулалары оңай өтсе, ал белоктың коллоидты бөлшектері өтпейді. Сол сияқты диализ әдісі арқылы кейде глобулиндерді, альбуминдерден бөлуте болады. Диализдеу бір стакан алып, оған дистилденген су құйып ішіне ерітіндісі құйылған коллодий қапшығын жұқа резинка ұстатылған 2 шыны таяқша арқылы стаканның бет жағына орналастырып, коллодий қалтаны суға салады. Біраз уакыт өткеннен кейін қалтаның ішіндегі белокты тұзді ерітіндісі ылайланады. Глобулин тұнбаға түседі. Бұл процесті 1-1,5 сағат жүргізу керек. Қалтадағы ерітінді мөлшері 5-10 мл болуы керек- 10-15 минуттан кейін стакандағы судан алып, молекулалы қосылыстардың ерітіндіге өткен-өтпегенін анықтайды. Ол үшін судан 1 мл алып, оған бірнеше тамшы 10 % hno3 аюне agno3 қосады. Егер agcl ақ түсті тұнбасы түссе, онда диализдену болғаны, яғни хлор иондарының таза суға көшкені.

3.Белоктардың қызметі.

Организмде белок алуан түрлі қызмет атқарады. Белоктың ең басты қызметі – жеделдету (катализаторлық). Себебі, барлық тірі организмдерде зат алмасу реакциялары ферменттердің барлығы белоктардан құралған.өршіткі қызметін атқаратын нәруыздар.Өршіткі қызметін атқаратын нәруыздар организмдегі химиялық реакцияларды жүзеге асырады. Ферменттің катализдік белсенділігі өте жоғары болады. Олар реакцияның жүруін ондаған, жүздеген мың есе тездетеді. Мысалы, қарын сөлінен бөлінетін пепсин ферменті нәруыздарды протеидтерге дейін гидролиздейді.нәруыздардың келесі маңызды қызметі – тасымалдау. Нәруыздардың бұл тобы әртүрлі маңызды заттарды жасуша ішінде және бүкіл организм бойынша бір жерден екінші жерге тасымалдау қызметін жүзеге асырады.мысалы, қан нәруызы гемоглобин оттекті қосып алып, оны дененің бүкіл ұлпалары мен мүшелеріне таратады. Ал альбумин жасушаның энергетикалық шикізаты- май қышқылын тасымалдайды.

Қозғалыс қызметін атқаратын нәруыздар.бұлшықеттің маңызды нәруыздары – актин және миозин. Нәруыздардың бұл тобы жасуша мен организмдегі түрлі қозғалыс процестерін жүзеге асырады. Мысалы, хромосоманың, талшықтардың қозғалуы.

Нәруыздардың жабынды тіректік және құрылыстық қызметі.бұл топқа көптеген нәруыздар жатады.мысалға, тасбақа сауыты, құс тұмсығы, тырнақ, шаш, тері, ішек пен қантамырларлың қабырғасы осы нәруыздардан құралған. Құрылымдық нәруыздар – микрофибрилдер де осы топқа жатады.

Қорғаныштық қызмет атқаратын нәруыздар.қорғаныштық қызмет атқаратын нәруыздарға, мысалы, денеге түскен бөгде заттарды зарарсыздандыратын антиденелер- иммуноглобулиндер жатады. Фибриноген нәруызы қан ұюына қатысады. Бұл жарақаттанғанда қан кетуден сақтайды.

Қабылдағыш қызмет атқаратын нәруыздар.қабылдағыш қызмет атқаратын нәруыздар әртүрлі сигналдарды қабылдап, оларды өңдеуде үлкен рөл атқарады. Мысалы, родопсин нәруызы жарық сигналдарын қабылдап алып таратады. Тілде болатын әртүрлі қабылдағыштар заттардың дәмін анықтайды.

Коректік заттармен қамтамасыз ететін нәруыздар.организмді коректік заттармен қамтамасыз ететін нәруыздар, мысалы, сүт нәруызы – казеин жасушада аминқышқылына дейін ыдырайды. 1г нәруыз толық ыдырағанда 17,6 кдж энергия бөлінеді.

4-билет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]