Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жанр дайын.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
413.63 Кб
Скачать

37. Зерттеуші м. Атымовтың композицияның үш түрі туралы принциптерін пайымдаңыз

(М. Атымовтың «Қазақ романдарының поэтикасы» еңбегінен)

Сюжет оқиғалы көркем шығармалардағы адамдардың қарым-қатына

сы, бір-бірімен байланысы, оқиғаның дамуы мен образдардың өсу тарихы. М.Горькийдің сөзімен айтқанда: «Адамдардың өзара қарым-қатынасы, байланысы, қайшылықтары, жек көру, жақсы көру, әр алуан әдеби мінездің өсу, жасалу тарихы». Ал композиция болса, көркем шығармадағы оқиғалардың белгілі бір жүйелікпен орналасу тәртібі. Жазушының өзінің айтпақ болған идеясын оқушыларына жеткізу үшін алған образдары мен оқиғаларының жігін білдірмей орналастыру шеберлігі. Ол үшін жазушының қолданған әр түрлі әдісі мен шығарма бөліктерінің сәйкес келу симметриясы, демек жазушының айтпақ болған идеясын берудің көркемдік құралы.

Сюжет эпикалық, драмалық және лиро-эпикалық жанрдағы оқиғалы шығармаларға шығармаларға ғана тән, ал композиция барлық жанрдағы шығармаларға тән. Лирикалық жанрдағы шығармаларда сюжет бола бермейді, онда ой ғана айтылады. Бірақ онда да идея мен композиция міндеттітүрде болады. Жеке тұрғанда новелла күйінде ұғынылатын бөліктер романның құрамына енгенде бұрынғы өз бетіндік күйінен айырылып, романның сюжеттік бөліктеріне айналады. Осындай сюжетті бөліктердің романның өз ішінде әр түрлі орналасуына қарай роман композициясы анықталады.

Сатылы композициялы романдар

Мұнда роман бірі екіншісінің заңды жалғасы есебінде келетін бірнеше эпизодтардан немесе новеллалардан тұрады. Ол эпизодтар арасы бас герой арқылы байланысаы да, бас герой бір эпизодтан екіншісіне ауысып, әр эпизод сайын жаңа жағдайда өз характерінің бұрын көрінбеген жаңа салаларын көрсетіп отырады. Қазақ әдебиетінде мұндай шығармалар қатарына С. Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу», С. Мұқанов «Мөлдір махаббат», Ғ. Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романдарын жатқызуға болады.

Жарыспалы композициялы романдар

Жарыспалы композициялы романдарда қатысушы кейіпкерлер бірнеше топқа бөлінеді. Ол топтардың әрқайсысының өзіндік тағдырларының тарихы болады. Сол топтағы тағдырлардың тарихы роман ішінде өз алдына сюжеттік желі құрайды да, екі сюжеттік желі бірінен кейін екіншісі алма-кезек баяндалып отырады. Әуелі бір топта не жүріп жатыр – соны баяндайды. Содан кейін екінші топта жүріп жатқан оқиға баяналады. Бәздәі қазақ әдебиетінде мұндай композициялы романдар қатарына С. Мұқановтыі «Ботакөзін», Ғ. Мқстафиннің «Дауылдан кейін», Ғабит Мүсіреповтің «Оянған өлке» романдарын жатқызуға болады.

Қаусырмалы композициялы романдар

Қаусырмалы композициялы романдарда новеллардың орналасуында саьылы композициялы романдардағыдай бірізділік болмайды. Эпизодтардың немесе новеллалардың барлығы бірдей тең орналастырылмайды. Оқиға кейде ілгері жылжып, кейде кейін шегініп баяндалып отырады. Осы эпизодтар ішінде бас кейіпкердің образы әр қырынан көрініп, характер ашылады. Қазақ әдебиетінде ондай романдар қатарына Т. Әлімқұловтың «Ақбоз ат», Х. Есенжановтың «Көп жыл өткен соң» романдарын жатқызуға болады.

38. Жанрлық мазмұн және жанрлық форма ұғымдарын пайымдаңыз

Жанрды әдеби шығарманың құрылымы мен пішінінсіз елестетудің қиындығы. Бұл туралы формалистік мектеп теоретиктерінің пайымдауы. Б.В. Томашевский жанрларды өзіне тән тұрақтылық сипаты бар «тәсілдер топтары» деп атауы. Ғалымның жанр белгілерін оны құрушы доминант деп сипаттауы. Формалистік мектеп өкілдерінің жанрдың мағыналық жақтарына ерекше назар аудару нәтижесінде «жанрлық мән» және «жанрлық мазмұн» деген терминдермен ажыратуы. Бұл тұста алғашқы орынды (пальма первенства) М. Бахтин иеленгендігі. Жанрлық форманың әдеби шығарманың тақырыбымен автордың дүниетаным сипаттарымен тығыз байланысты екендігін айтуы: «Жанрларда, олардың ғасырлар бойындағы өмірінде дүниенінің белгілі бір құбылыстарын пайымдау және тану формалары жинақталады». Жанр мағыналы конструкция құрайтындығы: «Суреткер өмір шындығын жанр көзімен көруге тиіс». Және әрбір жанр шындықты танудың құралдары мен тәсілдерінің жүйесі екендігі (Медведов П. Н). М. Бахтиннің жанрдың құрылымдық және мазмұндық аспектілерін ажыратуы және олардың-шығарманың жанрлық ерекшеліктерінің ажырамас тұтастық құратындығы. Жанрлық мән дегеннің не екені Бахтин еңбегінде нақты айтылмауы және оның мәні оның роман туралы пайымдарынан айқындалатындығы. Ол-адам мен оны қоршаған ортаны суреттеудің принциптері екендігі. Жанрдың бұл тектес терең аспектілерін XIX ғ. Гегельдің қарастырғандығы. Гегельдің эпопеяны, сатираны және комедияны, сондай-ақ романды «субстанциальды» және «субъективті» (жеке, елес призрачное) ұғымымен түсіндіруі. Әлемнің жалпы жағдайы және конфликт ұғымдары. Жанрды жеке тұлғаның және қоғамның тарихи кезеңдермен қарым-қатынасымен сәйкестікте қарастыру А.Н. Веселовский теориясына да тән екендігі. Әдеби жанрлар концепциясын осы тұрғыдан қарастырушы Г.Н. Поспелов екендігі. 1940 жылдары Поспелов жанрлық формаларды сыртқы және ішкі деп бөлгендігі. Этологиялық (ұлттық қоғам жағдайы, мысалы Радищевтің «Петербургтен Москваға саяхат» немесе Некрасовтың «Кому на Руси жить хорошо» деген шығармалары), романдық (жеке тұлғаның қалыптасуы), мифологиялық деп бөлуі.Мифологиялық жанрларды ежелгі деп қарастыруы. Поспелов қарастыруы жүйелі екендігі және толық еместігі. Қазіргі өнерде діни-философиялық мәселені талдауға тыйым салудың жойылғандығын ескерсек, көркем-әдеби жанрларда адамның тек қоғам өмірімен ғана емес, әлемдік бастаулармен, әлем жаратылысының және бомыстың құдіретті күштерімен, дүние жаратылысының жалпы заңдылықтарымен сәйкестікте, үндестікте қарастырылатындығы. Мысалы, притча, аңыздар...(С. Қасқабасов. «Қазақ халық прозасы» еңбегі бойынша; Т. Жұртбаев «Дулыға»-тарихи әпсаналар бойынша) Құрандағы пайғамбарлар туралы аңыздардың моральдық-діни сипаттары.(Нұх туралы аңыз») Житие, мистериялар «орта ғасырдағы), діни-философиялық лирика (Яссауи хикметтері, Мағжан өлеңдеріндегі діни мотив). Тютчев, Фет өлеңдері. Бұлар-онтологиялық жанрлар (учение о бытии). Жанрлық мазмұн дегеніміз – тақырып, проблематика, пафос, суреттеу ауқымы, масштаб. Жанрлық форма – эпоста:роман, әңіме т.б., лирикада: сонет, ода т.б. Г.Н.Поспеловтың жанрлық концепциясы. Өзіндік ерекшелігі – жанр терминологиясын қолдануды ұсынуы, оның сабақтастықпен байланысы. “Жанрлық топ” – зерттеу предметі. Жанрдың ұлттық – тарихи, этологиялық және роман тобы. Г.Н. Поспелов жанрлық форма мен жанрлық мазмұнды ажыратады. Соңғысында шығарманың жанрлық мәнін, теориялық моделін, инвариантын көрсетеді.Жанрлық мазмұн әдебиет проблематикалары аспектілерінің тарихи қайталануын айқындайды.Жанрлық формалар нақты тарихи ерекшеліктерімен айқындалады: оларға әдебиет тектері мен түрлерінің типологиялық белгілері, композициялық, сюжеттік, стилистикалық белгілердің жиынтығы кіреді. Жанрлық мазмұн туыстық топтары бойынша қарастырылады, олар барлық әдеби текке тән. Мифологиялық жанрлар тобындағы шығармалар мифологиялық мазмұнға ие, олардың тарихи нақты проблематикасына фантастикалық-генетикалық аспект негіз болады.Олар: ұлттық-тарихи жанрлар, этологиялық жанрлар (қоғамның әлеуметтік-адамгершілік жағдайы) , романдық жанрлар тобы, онтологиялық жанрлар ( адам және жаратылыс бастаулары), фантастикалық жанрлар (магиялық, мифопоэтикалық негізде). Кеңес әдебиеттануында жанр теориясының дамуы. Ю.Н.Тынянов концепциясының перспективасы – жанр нормасын белгілеу. Тыняновтың формалистигі. Г.В.Плеханов көзқарастары. Классицизм трагедиясының прогресшіл мәні болуы. 20 ж. социологиялық әдебиеттану: әдеби пішіннің мазмұнға тәуелсіздігі. М.Бахтин концепциясының тұтастығы. Бахтин концепциясындағы үш негізгі мәселе. Формализмді сынауы. “Мазмұндық пішін” принципі. “Әлеуметтік баға” категориясы. Семиотикалық принцип. Роман теориясы. Роман мазмұнының стиль түзуші фактор екендігі – Бахтин еңбегінің құндылығы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]