- •"Инженерлік экология" пәнінің мәні, мақсаты мен міндеттері.
- •2. Энергетика және қоршаған орта. Табиғи орта, адам тіршілігінің
- •3. Экология және су мен отын энергиясын комплексті қолдану.
- •4. Техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың экологиялық әсерлері.
- •5. Табиғи ресурстардың қоры және оларды тиімді пайдалану
- •6. Қр қоршаған ортаны қорғау заңының негізгі қағидалары.
- •7. Аз қалдықты технологиялар.
- •8. Экологиялық нормалаудың негіздері. Жылуэнергетикалық объектілерде экологиялық құжаттау.
- •9. Экожүйе: құрылымы және динамикасы.
- •10. Экологиялық сараптама. Экологиялық аудит.
- •11. Өндіріс қалдықтарын шаң мен газдан тазарту әдістері. Парниктік эффект. Киотто хаттамасы.
- •12. Отынды тиімді пайдалану. Отынды жаққанда атмосфераға шығарылатын зиянды заттардың сипаттамалары.
- •13. Жылуэлектр стансаларында күлді ұстап қалу. Ылғал және конденсациялық әсерлі шаң және тамшы ұстағыш құрылғылар.
- •14. Электр сүзгілер: жұмыс істеу қағидасы, құрылымы және есептелуі.
- •15. Қалдықтарды қайта өңдеу . Аз қалдықты технологиялар.
- •16. Атмосфераға күкірт оксидтері шығарылуын азайту. Отынды күкірттен тазарту. Мұнай өндейтін зауыттарда күкіртті аластау.
- •17.ЖэСда күкіртті отындарды жағудың алдында өңдеу. Жану өнімдерін күкірт оксидтерінен тазарту.
- •18. Азот және көміртегі оксидтері шығарындыларын азайту әдістері.
- •19. Биосферадағы зат айналым. Заманауи экологиялық мәселелер және оларды шешу жолдары.
- •20. Жылуэнергетикасы және қоршаған орта.Гидроэнергетика және қоршаған орта.
- •21. Суды тиімді пайдалану. Ағын суларының жіктелуі.
- •22.Ағын суларын утильдеу әдістері. Ағын суларын тазарту әдістерінің жіктелуі.
- •23. Ғарыш экологиясы
- •24. Гидросфераның ластануы. Суларды тазарту әдістері.
- •25. Негізгі қондырғыларды химиялық жуып тазартудан және консервациялаудан пайда болатын қалдық сулар және оларды тазарту.
- •26.Қалдық суларды тазартудың мембраналық процестері.
- •27. Табиғатты қорғаудың экологиялық қатері мен экономикалық аспекттері
- •28.Табиғатты қорғау шараларының техника-экономикалық негіздемесі
- •29. Радияциялық жағдайды бақылау құралдары мен әдістері.
- •31. Радиоактивті қалдықтарды көму. Мемлекеттік экологиялық сараптама.
- •32. Газдарды тазалау мен тиімді көрсеткіштерін сыныптау жүйелері мен әдістері.
- •33. Радиоактивті қалдықтарды сақтау және заласыздандыру.
- •35. Қышқыл жаңбыр мәселесі.
- •36.Биосфераның ластануы . Озон қабаты.
- •37. Табиғатты қорғау заңдылығын бұзу үшін жауапкершілік.
- •38. Атмосфераның құрылымы.
- •39. Суаттардың жылулық ластануы.
- •40. Ылғал шаң ұстағыштар. Жұмыс істеу механизмі.
- •41. Құрғақ шаң ұстағыштар. Жұмыс істеу механизмі.
- •42. Өнеркәсіптік ағын суларын мұнай өнімдерінен тазарту.
- •45. Аэс ағын суларын тазарту.
- •46. Қазақстандағы экологиялық ахуал.
- •47. Суды тазарту әдістері.
- •48. Атмосферадағы шу .
- •49.Жэс шығарындыларының атмосферада сейілуін есептеу.
- •50. Экологиялық төлқұжат.
- •51. Энергетика объекттерінің қоршаған ортаға әсері.
- •52. Табиғатты пайдалануды ұйымдастыру және басқару.
- •53. Минералды тыңайтқыштардың пайдасы мен зияны.
- •54. Ағын суларын мұнай өнімдерінен тазарту.
- •56. Экологиялық қауіпті жағдай және «экологиялық қатер» түсінігі.
- •57. Қоршаған орта сапасын сертификаттау және стандарттау.
- •58. Жарым- жартылай жанған өнімдердің шығуымен күресу.
- •59. Ядролық апат кезіндегі радияциялық жағдайды болжау.
- •60. Су бассейндерінің өндірістік ағын суларымен ластануы. Ағын суларының жіктелуі.
26.Қалдық суларды тазартудың мембраналық процестері.
Жыл сайын адамзаттың пайдалануға жарамды суға деген қажеттілігі өсуде, сонымен қатар адам өзінің шаруашылық қызметі арқылы табиғи су көздерін үздіксіз түрде ластап келуде. Өндірістік ағынды судың құрамында көп мөлшерде ластаушы заттар мен бағалы компоненттер кездесуі мүмкін, сондықтан табиғи суға келіп түсетін ластаушы заттардың төгіндісін азайту ғана емес, сондай-ақ, технологиялық процеске бағалы компоненттердің қайтып оралу мақсатында ағынды суларды тазарту қажет. Осы мәселелерді шешу үшін соңғы уақытта суды өңдеудің мембраналық әдістері кеңінен қолданылуда және берілген жұмыстың мақсаты ретінде осы әдістерді қолданудың аса тиімді перспективалы салаларын қарастыру болып табылады.
Мембраналық әдістердің жіктелуі: баромембраналық процестер, термомембраналық процестер, диализ, электродиализ және ион алмасу диализі. Баромембраналық процестер мембраналардың кеуектерінің өлшемдері бойынша бөлінеді: микрофильтрация, ультрафильтрация, нанофильтрация және гиперфильтрация (кері осмос). Мембранадағы фильтрация процесінің өзінің ерекшеліктері бар. Фильтрленетін орта, ереже бойынша, мембрананық бет қабатына тангенциалды түрде қозғалады және екі ағымға – фильтрат пен концентратқа бөлінеді. Микро- және ультрафильтрация стадиялары жоғары сапалы алдын-ала суды дайындауды қамтамасыз етеді және кері осмос жұмысына молекулярлық массасы қауіпті болып табылатын қоспаларды кетіруге мүмкіндік береді.
Шымкент мұнай өңдеу зауытының лабораториясында мембраналық аппаратта ағынды суды тазартудың өндірістік-тәжірибелік сынаулар жүргізілді. Мембраналардың селективтілігі оптимальды қысым 0.3- 1МПа іс жүзінде тұрақты болып қалады және 99%-ды құрайды. Өндірісте берілген технологияны пайдалану кезінде оң мәніндегі техникалық-экономикалық нәтижелер алынды: мұнай өнімдерінің концентрациясы мембрана бетінде артып, концентрлеу тиімділігі 99%-ға жетті, технологиялық процес барысында дөрекі дисперсті жүйелерден тазартылу үнемделді. Өндірістік сынаулар құрамында мұнай бар ағынды суларды мембраналық тазарту процесінің тиімділігі мен перспективасын көрсете отырып, оларды химиялық, мұнай-химиялық, мұнай өңдеу салаларында кеңінен қолдануға мүмкіндік береді.
Мембрана бетіндегі ұсталынған ластаушылардан тазарту үшін жүйелі түрде сулы немесе химиялық күшейтілген шаюларды пайдаланады. Химиялық шаюлар ретінде күкірт қышқылын, сілтілік натрий және натрий гипохлоритін қолданады.
27. Табиғатты қорғаудың экологиялық қатері мен экономикалық аспекттері
Қ.Р. көлемі жағынан әлемде 9-орынға ие. Менделеев тапқан 105 элементтің 99-ы Қазақстан жерінен табылады. Оның 70-қоры зерттелді, 60-астамы пайдаланылады.
Қазақстанда отын өндірісі қара металлургия, түсті метал өндірістері жақсы дамыған. Осыған байланысты климатологтардың пікірі бойынша климатта антропогендік өзгерістер бар.Басқа елдермен салыстырмалы түрде бала өлімі көп. Ауаның ластануының 3,2% автомобильге тиесілі. Табиғатты бүлдіруге ең зиянды БҰҰ-ның таблицасы бойынша автомобильден бөлінетін газдар әлемде 2-орында тұр.
Қ. Р. Қоршаған ортаны қорғау туралы заңы қоршаған ортаның экономикалық механизмін жеке бөлімге бөліп береді. Мұнда қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық әдістері берілген:
1.қаржыландыруды жоспарлау
2.табиғи қалалар пайдалану үшін төлемақы
3.қоршаған ортаны пайдалану үшн төлемақы
1998 жылғы бюджеттің табысты бөлігі табиғи ресурстарды пайдалану үшін салықтан 16 млрд ақша түсті. Бұл сол кездегі бюджеттің 8,2 % құраған. Табиғатты пайдалануға түсетін ақы оның қорғауға кететін шығынын өтеуі тиіс. Қазіргі негізгі принцип мынадай- ластандырушы төлейді.
Ғалымдардың айтуы бойынша экономикалық негіздердің қоршаған ортаны қорғауды өндірістік коммерциялық даму негізгі бөлігі ретінде саналады.
Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық механизмі: табиғат ресурстарының кадастры, табиғат ресурстарын пайдалану үшін төлем, ресурс үшін төлем, ластану үшін төлем,құралдар көздері, міндетті экологиялық сақтандыру.
Табиғат байлықтары: сарқылатын, сарқылмайтын.
Сарқылмайтын: ауа, су ,жел.
Сарқылатын: қалпына келетін, қалпына келмейтін. Қалпына келетін:өсімдік, жануар. Келмейтін: қазба байлықтар.
Ғылыми тұрғыдан экономикалық жүйе деп табиғат пен экономиканың дамуын айтамыз. Экономикалық қатынас адамдардың табиғатты пайдалану бір-бірімен қатынасы.
