- •Іі блок - практика бөлімі сәт бойынша емтихан материалдары тыңдалым
- •Әлемдегі ең қауіпті теміржолдар
- •Шарм Эль Шейх курорты
- •Қазақстан туризмі
- •Қожа Ахмет Иассауи кесенесі
- •Қазақстанның табиғи саябақтары, қорықтары оларды қорғау
- •Шымбұлақ
- •Мұхитарал
- •Қазақ театры
- •Тәуелсіздік алған күн
- •Қазақстанның экономикалық мүмкіндіктері
- •Мемлекеттік рәміздер тарихынан
- •Ұлттық валюта – теңге
- •Бейжіңдегі университетте оқитын отандасымыз «Жыл студенті» атанды
- •Шетелде білім алу
- •Әлемдегі ең таңдаулы мамандық
- •Іскерлік
- •Әлемдегі ең бай адамдар
- •Кімде қандай коллекция бар?
- •Ақ Азияда ойындары
- •Бисердің шығу тарихы
- •Танымал тұлғалар
- •Достық деген не?
- •Бірлігі жарасқан ел
- •Аққу – махаббат символы
- •Үйлену тойы
- •Әдептілік туралы
- •Нәресте мен періште
- •Отбасылық бюджет
- •Емтихан билеттері билет №1
- •Адам мен табиғат
- •Билет №2
- •Су астындағы қонақүйлер
- •Билет №3
- •Вокзалда
- •Билет №4
- •Қазақстан табиғаты
- •Билет №5
- •Ұшақпен саяхат жасау
- •Билет №6
- •Тараз және Түркістан қалалары
- •Билет №7
- •Уақыт – алтыннан да қымбат
- •Билет №8
- •Театрда
- •Билет №9
- •Тәуелсіздік монументі
- •Билет №10
- •Астана сәулеті
- •Билет №11
- •Түсініктеме билет №12
- •Билет №13
- •Қазақстан Республикасының рәміздері
- •Билет №14
- •Назарбаев университеті
- •Билет №15
- •Қазіргі заманға қажет мамандық
- •Билет №16
- •Кәсіпкерлік
- •Билет №17
- •Мамандықты таңдау – болашақты таңдау
- •Билет №18
- •Әлем таныған Қазақстан
- •Билет №19
- •Қазақстандық коллекционерлер
- •Түйіндеме билет №20
- •Шынықсаң шымыр боласың
- •«Қазақстан мерекелері» билет №21
- •Билет №22
- •Өнер түрлері
- •Билет №23
- •Отбасылық бюджетті жүргізу
- •Билет №24
- •Билет №25
- •Билет №26
- •Үлгілі отбасы
- •Билет №27
- •Махаббатсыз дүние бос...
- •Билет №28
- •Достықтың алтын көпірі
- •Билет №29
- •Билет №30
- •Тапсырмалары бөж және обөж тапсырмалары
- •Мұхтар Әуезов атындағы қазақ академиялық драма театры
- •Қазақстан картасы
- •Еқыұ Саммиті
- •Қазақстандағы ең бай адамдар
Билет №11
ТЫҢДАЛЫМ (10 мин.)
1-тапсырма. Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз. (Тыңдау және дайындалу уақыты-5 мин., жауап беру уақыты-1 мин.)
|
дұрыс |
бұрыс |
Мұхитаралдың су қоры – 3 миллион литрді құрайды. |
|
|
Аквариумдегі суды әзірлеу үшін 150 тонна теңіз тұзы қажет болған. |
|
|
Судың тазалығын арнайы мамандандырылған адамдар реттеп отырады. |
|
|
Окенариумды мекендеушілер: балықтар мен теңіз хайуандары емес . |
|
|
Мұхитарал Қазақстанның Қарағанды қаласында орналасқан |
|
|
2-тапсырма. Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын айтыңыз. (Дайындалу уақыты-2 мин., жауап беру уақыты-2 мин)
СӨЙЛЕСІМ (10 мин)
1-тапсырма. Берілген жағдаяттық тақырыпқа әңгіме құрастырыңыз. (Дайындалу уақыты-3 мин., жауап беру уақыты-1 мин)
Теміржол кассасыан пойызға билет сұраңыз.
Тірек сөздер: теміржол вокзалы, бағыт, жүк, вагонға жайғасу, пойыз, жолаушылар, жолсерік .
Жоспар:
1. Пойыз түрі.
2. Айтылған бағытқа билет.
3. Жүкті сақтау.
2-тапсырма. Берілген тақырып бойынша әңгіме дайындаңыз. (Дайындалу уақыты-4 мин., жауап беру уақыты-2 мин)
Қазақстан спортшылары
ОҚЫЛЫМ (10 мин.)
1-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын айтыңыз. (Дайындалу уақыты-5 мин., жауап беру уақыты-2 мин.)
Медеу
Медеу – Іле Алатауы баурайында теңіз деңгейінен 1691,2 м биіктікте орналасқан ірі спорттық кешен. Медеу кешенінде алғашқы ресми ойындар 1951 жылдың 4 ақпанында өтті. Медеу – қысқы спорттық ойындарға арналған мұз айдыны, жасанды мұз алаңының аумағы 10,5 мың ш.м., айдындағы мұз жабындысының қалыңдығы 2,3 метрді құрайды. Тау бөктеріндегі жайлы климат, күн радиациясының қолайлы деңгейі, төмен ауа қысымы және таза тау суы мұздың жоғары сапалы болуын қамтамасыз етеді. Бұл жерде 120-дан аса әлемдік рекордтар жасалды.
VІІ Қысқы Азия ойындарын өткізу қарсаңында мұз айдыны қайта жөндеуден өтті. Спорттық ойындардың нәтижелерін көрсетуге, телевизиялық бағдарламаларды, тақырыптық және жарнамалық роликтерді трансляциялауға мүмкіндік беретін, алаңы 200 м 2 жаңа мультимедиялық тақта орнатылды. Қайта жөндеуден кейін мінбелердегі отырғыштардың саны артып, 7200-ден 8500-ге жетті. Жаңадан орнатылған қазіргі заманғы тоңазытқыш құрылғылары мұзды 1 қазаннан 1 сәуірге дейін ұстап тұрады. Бір мезгілде мұз айдынына 2 мыңнан 3 мыңға дейін адам сыйады. Демалыс күндері конькимен сырғанау көптеген жылдар бойы тек тұрғындар емес, қала қонақтары үшін де жақсы дәстүрге айналған.
2-тапсырма. Оқылған мәтін бойынша басты тірек сөздерді табыңыз (7-8 тірек сөз). (Дайындалу уақыты-2 мин., жауап беру уақыты-1 мин)
ЖАЗЫЛЫМ (10 мин.)
1-тапсырма. Берілген тақырып бойынша іс-қағазын жазыңыз. Сабаққа кешігуге байланысты түсініктеме жазыңыз. (Дайындалу уақыты -8 мин., тексеру уақыты-2 мин.)
Түсініктеме билет №12
ТЫҢДАЛЫМ (10 мин.)
1-тапсырма. Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз. (Тыңдау және дайындалу уақыты-5 мин., жауап беру уақыты-1 мин.)
|
дұрыс |
бұрыс |
Қазіргі Қазақстан – көшпенді ел. |
|
|
Қазақстанның жер көлемі 2,7 миллион шаршы шақырымға жетпейді. |
|
|
Елімізде жүз отыз ұлттың өкілдері тұрады. |
|
|
Қазақстан тәуелсіздігін 1997 жылы алды. |
|
|
Қазір дамыған елу елдің қатарында. |
|
|
2-тапсырма. Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын айтыңыз. (Дайындалу уақыты-2 мин., жауап беру уақыты-2 мин)
СӨЙЛЕСІМ (10 мин)
1-тапсырма. Берілген жағдаяттық тақырыпқа әңгіме құрастырыңыз. (Дайындалу уақыты-3 мин., жауап беру уақыты-1 мин)
Қысқы Азияда ойындарын тамашалауға Медеуге баратыныңызды телефон арқылы досыңызға айтыңыз.
Тірек сөздер: мәртебесін, түрлері, мұз айдыны, мәнерлеп.
Жоспар:
Спорттың елімізге әкелер пайдасы.
Еліміздегі спорт шеберлеріне жанкүйер болу, қолдау.
Әлемдік маңызы.
2-тапсырма. Берілген тақырып бойынша әңгіме дайындаңыз. (Дайындалу уақыты-4 мин., жауап беру уақыты-2 мин)
Танымал тұлғалар
ОҚЫЛЫМ (10 мин.)
1-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын айтыңыз. (Дайындалу уақыты-5 мин., жауап беру уақыты-2 мин.)
Ақша
Адамның қазіргі жағдайдағы ең басты мәселесі – ақша. Ақша барлық жерде, барлық жағдайда қажет. Ақшаң болмаса, ешкіммен араласа алмайсың. Ешқайда бара алмайсың. Тіпті қатты қарның ашқанда тамақ та сатып ала алмайсың. Ақшаң болмаса, өмір де сүре алмайсың. Ақшаға барлық нәрсені сатып алуға болады. Бірақ ақша оңай келмейді. Оны маңдай термен, жұмыспен ғана табасың. Яғни, адал еңбекпен. Ақшаны үнемдеп әр нәрсеге жаратпай, тек маңызды керек деген затқа жарату керек.
Ақша мәселесі – өте қиын нәрсе. Ақша адамды семіртеді, аздырады, тоздырады. Көп ақшасы барлар мақтаншақ болады. Ақшаны орынды жұмсай алмайтын адамдар көп ұшырайды. Денсаулық болмаса, көп ақшаның ешқандай пайдасы болмайды. Ақша табылады, ал денсаулық табылмайды. Қанша бай болып, ақшаң көп болса да денсаулықты сатып ала алмайсың. Тапқан ақшаны орынды жұмсау керек. Адамның жаны мен денсаулығы ешқандай ақшаға сатылмайды.
Ақшаға үнемділік керек емес. Бар болса, оңды-солды шашу керек. Ақша жұмсау үшін көп ақылдың керегі жоқ. Барғың келген жерге бар. Сатып алғың келген нәрсені сатып ал. Қалтаңда ақша көп болса, досың да көп болады. Ақшаң жоқ болса, ешкім саған қарамайды. Керек болса, тартып ал.
2-тапсырма. Оқылған мәтін бойынша басты тірек сөздерді табыңыз (7-8 тірек сөз). (Дайындалу уақыты-2 мин., жауап беру уақыты-1 мин).
ЖАЗЫЛЫМ (10 мин.)
1-тапсырма. Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз. (Дайындалу уақыты -8 мин., тексеру уақыты-2 мин.)
«Менің сүйікті ісім»
