Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Конфл.ПИП -12-2.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
384 Кб
Скачать

1.8 Студенттердің білімін бағалау критериилері:

Барлық бағалар әр пән бойынша және емтиханның қорытындысы бойынша жинақталады, соған байланысты курстың соңғы бағасы шығарылады.

Студенттердің білімін бағалаудағы критерийлері: студенттерге баға шкаласы, жұмыс түрлері мен оларды орындауға қойылатын талаптар тізбесі беріледі.

Студенттердің аралық бақылауын оқытушы академиялық кезеңнің 7 және 14 апталарында жазба жұмысы, тест, практикалық жұмыс, ауызша сұрау, коллоквиум формасы түрінде жүргізеді. Аралық бақылаудың нәтижелері аралық бақылау ведомосіне енгізіліп, тіркеу бөлімінде сақталады.

Ағымдық бақылау ағымдық бағалардан тұрады: семинар және практикалық сабақтарда, үй тапсырмаларын орындау бойынша,өздік жұмыстарын орындау бойынша алынған бағалар.

СӨЖ-ді бақылау студенттің өз бетімен жазба жұмысарын орындаудан тұрады.

Тапсырмаларды орындауға қойылатын талаптар:

Пәнді оқу процесінде студенттерге қойылатын негізгі талаптар оқылып жатқан пәннің мақсаттары мен міндеттеріне қарай қойылады. Ол үшін, яғни оқытушымен бірлесіп жұмыс жүргізуге белсенді түрде қатысу үшін студент пәнді оқуға қызығушылық танытып және топтың оқып-үйренуіне көмек көрсетіп, бірлесіп оқытудың субъектісі ретінде көрініп, белсенділік пен жауапкершілік танытуы керек.

Тапсырмалардың барлығы белгіленген мерзім ішінде орындалуы керек, оқытушының қойған міндеттерін ұғынуға дайын болып, оны шешуге шығармашылық тұрғыдан қарау керек.

Қорытынды баға мына формула бойынша есептелінеді:

ЖҚБ = ((Р1 + Р2)/2)хО,4+ЕхО,6

Бұл формулада:

ЖҚБ-жалпы қорытынды баға;

Р1 - бірінші рейтинг бағасыньщ сан эквиваленті;

Р2—екінші рейтинг бағасының сан эквиваленті;

Е - емтиханда қойылған бағаның сан эквиваленті.

Әріптермен көрсетілген баға (А,В,С,Д,Е) және оның балл арқылы көрсетілген сан эквиваленті дұрыс жауаптың проценттік мазмұнына сәйкес анықталады. Ол төмендегі кестеде көрінеді.

Білімнің жалпы бағасы

Әріптік жүйе бойынша баға

Баллдар

%-тік көрсеткіш

Дәстүрлі жүйедегі баға

А

4,0

95-100

өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

қанағаттанарлықсыз

1.9. Курстың тақырыптық жоспары:

Күндізгі бөлім:

Тақырып атауы

Лекциялар

Семинарлық сабақ

Лабораториялық сабақ

СОӨЖ

СӨЖ

1.

Қақтығыстанудың теориялық-әдістемелік негіздері.

2

2

-

2

4

2.

Қақтығыстанудың қалыптасу тарихы

1

1

-

2

4

3.

Қақтығыстың қоғамдық өмірдің әлеуметтік феномені ретіндегі сипаттамасы.

1

1

-

2

4

4.

Қақтығыстарды басқару.

1

1

-

2

4

5.

Қақтығыстың қоғамдық өмірдің әлеуметтік феномені ретіндегі сипаттамасы.

1

1

-

2

4

6.

Әлеуметтік қақтығыстың динамикасы.

2

2

-

2

4

7.

Тұлға ішілік қақтығыстар.

2

2

-

2

4

8.

Орта мектептердегі қақтығыстар.

1

1

-

2

4

9.

Қақтығыстардың алдын алу.

2

2

-

2

4

10.

Қақтығыстарды шешу.

2

2

-

2

4

Барлығы:

15

15

-

20

40

2.ПӘН БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

2.1 Дәріс тақырыптарынын тезистері.

1 Лекция тақыры: Қақтығыстанудың теориялық-әдістемелік негіздері.

Жоспар:

  1. Қақтығыстану ғылыми пән ретінде.

  2. Қақтығыс теориясын қалыптастырудағы бағыттар.

  3. Қақтығыстанудың әдістемесі және әдістері.

1.1. Қақтығыстану ғылыми пән ретінде.

Белгілі бір уақытқа дейін тәжірибе қақтығыстар туралы арнайы білімсіз өмір сүрген. Ғылыми танымның пәні ретінде алғаш рет мемлекеттік биллік пен қоғам, әртүрлі әлеуметтік топтар арасындағы қақтығыстар орын алып, демократия туралы ілімдерде көрініс тапты. Кейіннен ғылым назарына әлеуметтік-таптық, саяси, этнохалықтық, топтар және тұлғааралық қақтығыстар түседі. Сонымен қоғамға маңызды қақатығыстық қатынастарды жүйелеп талқау қажеттілігі туындайды. Бұл мақсатты бағытталып реттелуге негізделген, қалыпты қызмет ету мен дамуға мүмкін қазіргі қоғам табиғатымен анықталған болатын. Қақтығыстану ғылыми пән ретінде батыс саясаттануы мен әлеуметтануында ХХ ғасырдың 50-60жж. қалыптасты. Оның пәні қақтығыс категориялары арқылы қоғамдық жүйелердің қызмет ету мен дамуын, өмір процестерін түсіндіру болды.

Қақтығыс – қарсы әрекет жағдайында өз қызығушылықтарын жүзеге асыру мақсатында екі немесе одан көп әртүрлі бағытталған күштердің тірелуі болып табылады.

Қақтығыстану теориялық-қолданбалы пән. Оның мазмұны білімнің келесі деңгейлерінен тұрады:

  1. Қақтығысты әлеуметтік құбылыс ретінде теориялық анықтау, оның табиғатын, динамикасын, барлық қоғамдық қатынастармен өзара байланысын, оның қоғамдық өзара әрекеттерде алатын орны мен атқаратын қызметін талдау;

  2. Әлеуметтік өмірдің түрлі салаларында орын алатын қақтығыстардың жеке түрлерін, оларды реттеу мен шешу технологияларын зерттеу,

Қақтығыстанудың ерекшелігі оның комплекстық сипаттамасына байланысты. Қақтығыстар қоғамдық өмірдің барлық салалары мен деңгейлерінде орын алатындықтан, олар әртүрлі гуманитарлық пәндер өкілдерінің қызығушылықтарын тудырады. Саясаттану, әлеуметтану, экономика, заңтану және т.б. әлеуметтік қақтығыстардың түрлі аспектілерін, олардың дамуы мен шешілу жолдарын зерттейді. Өзара байланысты ғылымдардың барлығының ортақ мақсаты – қақтығыстар мен олардың динамикасымен байланысты әлеуметтік процестерді басқаратын механизмдерді табу және түсіндіру болып табылады.