Сөз соңында, Әлемдердің Раббысы Алла Тағалаға мадақтар болсын!
Жүктеу Мәзхабқа не үшін ілесу қажет?
Мейірімді Алланың атымен бастаймын.
Пайғамбарымыз Мұхаммедке, оның ұрпағы мен сахабаларына Алланың сәлемі мен игілігі болсын.
Ақиданың құндылығы ахирет саудасымен өлшенеді. Кім махшар алаңына сау жүрекпен, дұрыс ақидамен келер болса, ол адамның барар жері жәннат болмақ. Ал, кімде-кім жетпіс жыл Аллаға үзбей құлшылық жасап, алайда Алланы тануда қисық түсінікке ие болса, амалдарының желге ұшқаны. Сол үшін де, «сиратул-мустақим»-да болуды қалаған әрбір мұсылман ақида негіздерін біліп үйренуі қажет, әрі оны оқып-үйренуде бейғамдық танытпауы тиіс. Осыған орай, Шейх Әбу Мухаммад Абдул Қадир әл-Фәсидің (рахимахуллаһ) шынай мүминнің ақидасы туралы жазған мақаласын ұсынамыз.
Шейх Әбу Мухаммад Абдул Қадир әл-Фәси айтады:
«Мүминдерді Таухидті тану жолына Бағыттаушы, осы жолда Өзінің нұры мен көмегімен (тауфиқ) Жәрдем Беруші Аллаға мадақ болсын. Адамдардың ең ардақтысы, Алланың құлдарына насихат үшін жіберілген Мұхаммедке, оның ұрпағына және сахабаларына Алланың сәлемі мен игілігі болсын.
Біл, Хақ Тағала Пайғамбардың насихаты (призыв) жеткен әр мукәлләфқа, яғни балиғат жасына жеткен ақыл иесіне, Аллаһ Тағала хақында ненің міндетті (уәжіп), ненің мүмкін емес және ненің мүмкін екендігін білуді парыз етті.
Иләһият
الالهيات
Аллаһ Тағалаға барлық кемел сипаттар уәжіп. Және олар:
Ол бар, және Оның жоқ болуы мүмкін емес. Сонымен қатар, бар болғанға дейін жоқ болуы немесе бар болғаннан кейін жоғалуы да мүмкін емес.
Ол қадымнан (ежелден) бар, және Оның бастауы жоқ.
Ол мәңгі бақилық, және оның Соңы жоқ.
Ол ешбір мақлұққа ұқсамайды, және денеге де, дененің сипатына да жатпайды, Ол материяланбайды, және [материалды әлеммен] жанасудан, бір жерде болудан, бір жерден екінші жерге қозғалудан, алыс пен жақындықтан пәк.
Арш, және айналадағының барлығы, және оны көтеруші періштелер, — барлығы Оның Күші мен Құдіретінің астында.
Аллаһ Тағала ақыл-ойға келетін, елестете алатын барлық бейнелерден және мысалдардан пәк, өйткені “Еш нәрсе ол сияқты емес. Ол Аллаһ, әр нәрсені естуші, толық көруші” [Аш-Шура: 11].
Ол өздігінен тұрады, яғни Ол өздігінен бар және Оның тұруы (бар болуы) ешнәрсеге мұқтаж емес, және ол ешнәрсеге тәуелді емес әрі барлық жаратылыстың істерін бақылайды. Өйткені, Ол Тірі және Басқарушы.
Ол Өзінің затымен жалғыз, оның көпше түрі жоқ және Ол бөліктерден құралмаған.
Ол Өзінің қасиеттерімен жалғыз, және Оның кемел қасиеттерінің ешқайсысында Оған ешнәрсе ұқсамайды.
Ол Өзінің істерімен жалғыз, және Ол жаратылыстарын жалғыз Өзі жаратты, және Ол ғана барлығына еш көмексіз, өзгертусіз, жәрдемсіз бастау береді.
Және Ол ғана барлық жаратылыстың Жаратушысы, олардың істерінің және тыныштық қалпының Жаратушысы, және ешкім ешқалай қандай да бір әрекетке әсер ете алмайды.
Ал кейбір денелердің өзара әрекеттесуінен пайда болатын құбылыстарға келетін болсақ, мысалы от мен ағаштың әрекеттесуінен пайда болған жану немесе тамақтан соң тою; біз тек от пенен ағаштың қатынасын көреміз, ал дәл оттың ағашты күйдіріп жатқанын біз көре алмаймыз және рационалды дәлелдер бұны көрсетпейді, және бұл — Алланың ісі. Ал, егер біреу: “Бұл — оттың ісі” десе, жалған сөйлегені.
Ол әлемді Өзі ғана басқарады және Өзі ғана меңгереді, және Одан басқа әлемді меңгеруші ешкім жоқ, және Оның Қалауы мен әмірі ғана орындалады.
Ол өзінде ежелден немесе әу бастан бар сипаттармен сипатталады. Олар:
Ол Тірі, денесіз және рухсыз тірі.
Ол Күшімен Құдіретті, сол күш арқылы Ол еш қиындықсыз Өзінің күшінің астында болатын барлық нәрсені жаратып, оны жоя алады.
Ол қалауы орындалатын Қалаушы, Оның қалауы кейбір мүмкін болған заттарды олардың кейбір мүмкін болған күйлерінде (тіршілік ету не өлу, уақыт, бағыт, мекен және т.б.) ерекшелейді.
Және Оның басқаруында Оның қалаған нәрсесі ғана болады, ол күпірлік не иман, бойсұнушылық не бағынбаушылық болуы мүмкін, және әлемдегі барлық нәрсе жаратылды, және Оның өлшемімен белгіленді, және Оның Қалауы және басқаруымен өлшенді.
Ол Білуші, және Оның білімі шексіз және тануға болатын нәрсенің барлығын ашады. “Ол барлығын өз білімімен қамтыды” [Әт-Талақ:12], “Әр нәрсенің өлшеуін белгіледі” [Әл-Джинн:28].
Оның білімінен тіпті құмның ұнтағындай нәрсе жерде де, аспанда да жасырын қалмайды, және Ол ауадағы шаңның қозғалысын, жасырулы қалғанды, ойдың жүрісін және сақтаулы құпияларды біледі. Ол не болғанын, не болатынын және не болмағанын біледі, ал ол болған болса, міндетті түрде болушы еді.
Ол Естуші, бірақ құлақпен немесе жарғақпен естімейді, естілетін ешнәрсе жасырын қалмайтын Естумен естиді.
Ол Көруші, бірақ көзбен немесе қарашықпен көрмейді, көрінетін ешнәрсе жасырын қалмайтын Көрумен көреді, және алыстық та, жақындық та, қараңғылық та одан ешнәрсе жасырыла алмайды, дегенмен Ол қарама-қарсы орналаспаған және жарықты шағылыстырмайды.
Және Оның Естуі тек дыбыстарға ғана, ал Көруі тек дене, түс, бірігу не ажырауға, козғалыс не тыныштыққа ғана байланысты емес. Ол тіршіліктегі барлық міндетті не мүмкін болған, анық не жасырын нәрселерді көреді және естиді. Ол қараңғыда тегіс таста келе жатқан құмырсқаның ізін де көреді.
Ол әріпке де, дыбысқа да жатпайтын сөйлеумен Сөйлеуші және Ол [Өзінің сөйлеуінде] тыныштықтан, (ережеге сәйкес құрылатын) бұрын келу немесе кейін келуден, жүйелілік немесе үзіктіктіктен және тоқтап, іркілуден пәк. Өйткені, оның сипаттары мақлұқтардың сипаттарына ұқсамайды, сонымен қатар Оның Заты (болмысы) мақлұқтардың затына ұқсамайды.
Оның хақында жоғарыда айтылғанға қарама-қайшы нәрселердің барлығы мүмкін емес: бастау алу, тоқтау, мақлұқтарға ұқсау, серік болу, өлім, соқырлық, кереңдік, іс-әрекет жасауға кедергі болатын нәрселер, мысалы, надандық, әлсіздік, кейбір қателіктерді ескермей қалу, қалауының орындалмауы, өз ісін таңдай алмау және сөйлеуді бұзатын нәрселер, мысалы, мылқаулық.
Алланың хақында мақлұқтарды жарату және тірілту мүмкін нәрсе және Ол жарату, бастау беру, міндет жүктеу (таклиф), жою, мейірім, дамыту арқылы Өзінің мейірімін танытады, бірақ Оған ешқандай міндет жүктелген жоқ, өйткені Оған бірнәсені міндеттейтін ешкім жоқ. Ол жасайды және таңдайды, ал, егер қаласа, сол нәрсені болдыртады, егер қаламаса, болдыртпайды.
Ол тура жолға салып, одан адастырады, жақсылықта жәрдем беріп (тауфиқ), жамандық жасауға да мүмкіндік береді (хузлән), және кез келген мейірім — бұл Оның жомарттығы, ал кез келген қасірет — бұл Оның әділдігі. Және Ол әділетсіздікпен немесе зұлымдықпен сипатталмайды, өйткені ол әділетсіздік танытындай ешкіммен өз мүлкін бөлісіп жатырған жоқ, себебі Арштан бастап жер қабатына дейінгі барлық мақлұқат Оның қарауында, және Ол соларды Әмір ретінде меңгереді: “Ол істегендерінен сұралмайды да, Олар сұралады.” [Әл-Әнбия:23]
