- •Сынау стендтері мен өлшеу приборларымен оқып танысу
- •1. Жұмыстың мақсаты:
- •2. Жұмыс орнының жабдықтары:
- •3. Жұмысты орындау тәртібі:
- •4. Есеп берудің мазмұны:
- •5. Бақылау сұрақтары:
- •1. Жұмыстың мақсаты:
- •2. Жұмыс орнының жабдықтары:
- •3. Жұмысты орнындау тәртібі:
- •4. Есеп берудің мазмұны:
- •5. Бақылау сұрақтары
- •Ерте от алу бұрышы бойынша реттеуіш мінездемесін алу
- •Қоспа құрамы бойынша реттеуіш мінездемесін алу
- •4. Есеп берудің мазмұны:
- •5. Бақылау сұрақтары
- •Карбюраторлы және дизельді қозғалтқыштың ішкі жылдамдық реттеуіш мінездемесін алу.
- •4. Есеп берудің мазмұны:
- •5. Бақылау сұрақтары
- •Сынау стендтері мен өлшеу приборларымен оқып танысу
- •Қозғалтқыштың жүктеме сипаттамасын алу
- •Цилиндрларды айыру әдісімен әртүрлі режимдегі қозғалтқыштардың механикалық пәк анықтау.
- •Зертханалық жұмыстар бойынша есеп беруді қорғау және рәсімдеу
4. Есеп берудің мазмұны:
1) Карбюраторлы қозғалтқыштың ішкі жылдамдық реттеуіш мінездемесін алу.
2) дизельді қозғалтқыштың ішкі жылдамдық реттеуіш мінездемесін алу;
5. Бақылау сұрақтары
1) Карбюраторлы қозғалтқыштың бос жүрісін қалай реттеледі?
2) Бос жүріс жүйесінің жұмысы және жалы құрылымы?
3) Бос жүріс жүйесі қандай тетіктерден тұрады?
4) иінді білік пен жұдырықша білік арасындағы беріліс саны қандай?
5) газдарды бөлу фазалары мен диаграммалары?
6) газ бөлу механизмдердің шестерняларын дұрыс орналастыру тәртібі?
7) қозғалтқыштың декомпрессиялық механизмі қандай принципте жұмыс істейді?
8) декомпрессиялық механизмнің арналуы, құрылымы және жұмысы;
9) декомпрессиялық механизмдердің қандай типтері болады?
6. Оқулықтар:
1. Алиев В, Жүнісбеков П. «Тракторлар мен автомабильдер» Алматы 2005ж.
2. В.К. Вахламов «Подвижной состав автомабильного транспорта» Москва. АКАДЕМА 2003г.
№ 1 Практикалық жұмыс
Сынау стендтері мен өлшеу приборларымен оқып танысу
1. Жұмыстың мақсаты:
1) Қозғалтқышты сынау стендтері мен өлшеу приборларымен оқып танысу
2) әртүрлі қозғалтқыштардың бөлшектерінің ерекшеліктері мен жұмыс тәртібін түсіну;
3) қозғалтқыштардың сынау стендтерін техникалық күту, жинау және бөлшектеу тәртібін үйрену;
2. Жұмыс орнының жабдықтары:
ЯМЗ-238Н, ЗИЛ-130, В-2, ПД-1-01 қозғалтқыштарына арналған стендтер ; КШМ бөлшектері бар стенд және кейбір басқа бөлшектері әртүрлі қозғалтқыштардың макеттерімен плакаттар.
3. Жұмысты орындау тәртібі:
Іштен жану қозғалтқыштарына сынау жүргізу қозғалтқыштың жұмыс көрсеткіштерін бағалау мен оларды салыстыру үшін, сонымен қатар қажетті жөндеуден кейінгі қозғалтқыштың көрсеткіштерін алу мақсатында жүргізіледі. Сынау жүргізудің сараптамалары оның техникалық жаңдайын, құрылымдық ерекшеліктерін көрсетеді.
Іштен жану қозғалтқыштарына сынау жүргізудің келесідей түрлері бар:
Белгілі бір мақсаттық бағытта: ізденістік, инспекциялық, ресурстық, сертификаттық және зерттеу жұмыстары үшін.
Сынау жүргізу құрыл,ыларын қолдана отырып: стендік, полигонды, жолдық, пайдаланымдылық, арнайы орндағы сынаулар.
Стенд қозғалтқышқа ТҚК мен КЖ жүргізуде обкадка жасау үшін арналған.
Іштен жану қозғалтқышын сынау зертханасы
Қозғалтқыштардың газодинамикасын сынау зертханасы
4. Есеп берудің мазмұны:
1. Қозғалтқышты сынау стендтері мен өлшеу приборлары бөлшектерінің ерекшеліктері мен жұмыс тәртібін түсіну.
2. қозғалтқыштардың сынау стендтерін техникалық күту, жинау және бөлшектеу тәртібі.
5. Бақылау сұрақтары:
1) Қозғалтқыштарды сынау стендтерінің түрлері?
2) Қозғалтқыштарды сынау стендтері қай жерде орналасады?
3) Сынау стендтерінің арналуы?
6. Оқулықтар:
1. Алиев В, Жүнісбеков П. «Тракторлар мен автомабильдер» Алматы 2005ж.
2. В.К. Вахламов «Подвижной состав автомабильного транспорта» Москва. АКАДЕМА 2003г.
№ 6 Практикалық жұмыс
Қозғалтқыштың жүктеме сипаттамасын алу
1. Жұмыстың мақсаты:
1) қозғалтқыштардың жүктеме сипаттамасын алу;
2) әртүрлі қозғалтқыштардың бөлшектерінің ерекшеліктері мен жұмыс тәртібін түсіну;
3) қозғалтқыштардың КШМ-ның техникалық күту, жинау және бөлшектеу тәртібін үйрену;
2.Жұмыс орнының жабдықтары:
ЯМЗ-238Н, ЗИЛ-130, В-2, ПД-1-01 қозғалтқыштары; КШМ бөлшектері бар стенд және кейбір басқа бөлшектері әртүрлі қозғалтқыштардың макеттерімен плакаттар. Жоғарыда көрсетілген ІЖҚ-ын КШМ-дері оқылады.
3. Жұмысты орындау тәртібі:
Піспектің жоғарғы (ЖӨН) және төменгі (ТӨН) өлі нүктелері (4 - сурет) цилиндр ішімен жылжыған піспкетің ең шеткі орналасуын көрсетеді, яғни піспек жүріп келіп кері кайту үшін тоқтаған нүктелерін оның өлі нүктелері деп атаймыз. Сонда піспектің иінді білік осінен ең көп алыстаған нүктесі жоғарғы (ЖӨН), ал ең жақын келген нүктесі төменгі (ТӨН) өлі нүктесі болады. Бұл нүктелерде піспектің жүріс жылдамдығы нольге теңеседі, яғни ол тоқтайды да әрі қарай кері бағытта жылжып келесі өлі нүктеге жетеді. Осылайша оның жұмысы осы екі өлі нүктенің арасында қайталана береді.
1 - сору клапаны; 2 - шығару клапаны; 3 - піспек; 4 - цилиндр; 5 - иінді білік; 6 - бұлғақ; 7 - клапан ішпегі.
Сурет 4 – Іштен жанатын піпекті қозғалтқыштың жұмыс схемасы
Піспектің жүріс жолы (S) оның жоғарғы мен төменгі өлі нүктелер аралыгындағы жүрген жолының қашыктығын көрсетеді. Ол суретте S әрпімен белгіленген. Бұл поршеннің жүріс жолы қозғалтқыштың басқа да көптеген көрсеткіштеріне әсерін тигізеді, ал өзі иінді біліктің иінінің ұзындығына, яғни иінді біліктің радиусына (r) тәуелді. Олай болса оның шамасы S = 2r болады. Сонда піпектің жүрісі иінді біліктің жарты айналысына тең болады.
Цилиндрдің жұмыс көлемі (Vh) піспектің жоғарғы және төменгі өлі нүктелерінің аралығында жүріп өткен кездегі босатқан кеңістіктің көлемін көрсетеді. Олай болса оның мөлшері піспек түбінің ауданы мен жүрісінің көбейтіндісімен анықталады, яғни
Vh = (π D2 / 4) S , (1)
мұндағы D – піспек диаметрі.
Егер қозғалтқыш бірнеше цилиндрден тұратын болса, онда оның барлык цилиндрлерінің жұмыс көлемдерінің қосындысын қозғалтқыштың литражы деп есептейді. Сонда:
Vл=Vhiц = (π D2/4)Siu, (2)
мұндагы іц - қозғалтқыштағы цилиндрлер саны.
Қозғалтқыштың литражы да онын негізгі көрсеткішіне жатады. Себебі, қозғалтқыштарды осы жұмыс көлеміне байланысты түр-түрге бөледі және ол оның басқа пайдаланушылық көрсеткіштеріне тікелей әсерін тигізеді.
Қысу көлемі (Vқ) піспек ЖӨН-ге жеткеннен кейінгі оның үстіңгі жағында қалған көлемді көрсетеді. Оны көбінесе жану камерасының көлемі деп те атайды. Себебі, жану қоспасы осы кеңістікте алғаш тұтанып барып жанады. Ал піспек ТӨН-де түрған кездегі оның үстіңгі жағындағы кеңістікті цилиндрдің толық көлемі ( Vа) деп атайды. Сонда цилиндрдің толык көлемі қысу көлемі мен поршеннің жүріс көлемінің қосындысына тен болады, яғни
Vа=Vқ+Vh. (3)
Егер бұл көлемді қозғалтқыштың цилиндр санына көбейтсек, онда қозғалтқыштың толық көлемін аламыз.
Осыларға қосымша қозғалтқыштың тағыда бір маңызды көрсеткішіне оның қысу дәрежесі жатады. Қысу дәрежесі (ε) деп цилиндрдің толық көлемінің (Vа) қысу көлеміне (Vқ) катынасын айтады, яғни цилиндр ішіне сорылған ауа немесе жанармай қоспасының көлемі неше есеге кішірейтіліп қысылатындығын көрсетеді. Олай болса ε = Vа/Vқ, немесе
ε =(Vқ+Vh)/Vқ=1+Vh/Vқ. (4)
Қозғалтқыштың осы қысу дәрежесі дизельді немесе карбюраторлы қозғалтқыштарда әртүрлі болады. Себебі, қысу дәрежесі өскен сайын цилиндр ішіндегі қысылған ауаның немесе жану қоспасының температурасы да артады. Ал дизельді қозғалтқыштарда жану қоспасы өздігінен тұтанатын болғандықтан мұндағы қысу дәрежесі көп болады. Қазіргі автомобильдік дизельді қозғалтқыштарда ε=16÷18, локомотивті дизельдерде ε=18÷23 шамасында болады. Егер карбюраторлы қозғалтқыштарда қысу дәрежесін дизельді қозғалтқыштардағы сияқты көбейтсек, онда цилиндр ішіндегі жану қоспасы өздігінен тұтанып кетеді де қозғалтқыштың жұмысына кедергі келтіреді. Сондықтан, да карбюраторлы қозғалтқыштардағы ε=6÷9 мөлшерінде ғана болады, замануи жаңа автомобильдерде ε=6,5÷12 дейін жеткізуге болады.
Цилиндрдің жаңа зарядпен толу дәрежесі толтыру коэффициентімен бағаланады. Толтыру коэффициенті цилиндрдің ішіне кіргізілген зарядтың шынайы мөлшерінің G1, кіргізу түтікшесіндегі зарядтың температурасы Тk және қысымы pk болған кезде цилиндрдің жұмысшы көлеміне толтыра алатын мөлшеріне қатынасын көрсетеді, яғни
,
(5)
мұнда ρk – жаңа зарядтың тығыздығы; Vh- цилиндрдің жұмысшы көлемі.
4. Есеп берудің мазмұны:
1) қозғалтқыштардың жүктеме сипаттамасын алу;
2) поршень, цилиндр, шатунь және иінді білікке әсер етуші күштер мен жылулық жұктемелер;
3) Қозғалтқыштың жұмыс принциптері мен нобайы;
4) КШМ-нің бөлшектерінің жұмыс жасау шарты;
5. Бақылау сұрақтары:
1) қозғалтқыштардың жүктеме сипаттамасын алу;
2) қозғалтқыштардың жүктеме сипаттамасын қандай ретпен орындау керек
3) поршендік сақиналардың жұмыс жасау шарты мен арналуын және поршенде орналастыру тәртібін түсіндіріңіздер;
4) поршень қуысындағы ойықтардың арналуын түсіндіріңіз;
5)Ерте от алу бұрышы дегеніміз не?
6. Оқулықтар:
1. Алиев В, Жүнісбеков П. «Тракторлар мен автомабильдер» Алматы 2005ж.
2. В.К. Вахламов «Подвижной состав автомабильного транспорта» Москва. АКАДЕМА 2003г.
№ 7 Практикалық жұмыс
