Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УПП РК ВОУД.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
62.87 Кб
Скачать

23. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөнiнде iс жүргiзу негiздерi:

A) Жаза орындау мүмкiн емес дәрежеде психикасы бұзылғандарға.

B) Қылмыстық iс жүргiзу заңы едәуiр бұзылғанда.

C) Дерттi психикалық ауытқушылық болғанда ғана тағайындалады.

D) ҚР Қылмыстық кодексiнiң жалпы бөлiмi талаптары бұзылғанда.

E) Есi кiресiлi-шығасылы күйде қылмыс жасағандарға.

F) Сот тергеуiнiң бiржақтылығы және толық еместiгi.

G) ҚР ҚК ерекше бөлiмiнiң қолданылуға тиiстiсiнен басқа бап қолданылса.

H) Судьялардың осы iстi қарау кезiнде жасаған, қылмыстық iс-әрекеттерi.

24. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары тағайындалатын жағдайлар:

A) Азаматтық талапкер арыз жазса.

B) Сотталушы шынайы айғақ бермесе.

C) Өзге де елеулi зиян келтiру мүмкiндігін тудырса.

D) Жәбірленуші өтініш білдірсе.

E) Сотталушы - әйел жүкті болса.

F) Психикалық дерті басқа адамдарға қауiп төндірумен байланысты болса.

G) Дерттi психикалық ауытқушылық өзiне қатер тудырса.

H) Аса ауыр қылмыс жасаса.

25. Қылмыстық процестiң мiндеттерi:

A) Келтiрiлген залалдың өтелуiн қамтамасыз ету.

B) Қылмыстарды тез және толық ашу.

C) Қылмыстық заңды дұрыс қолдану.

D) Қылмыс жасаған адамдарды әшкерелеу.

E) Тергеу тобының жұмысын ұйымдастыру.

F) Материалдарды талдап қарастыру.

G) Күрделі зерттеулер жүргізу.

H) Қылмыстық iстер бойынша iс жүргізу.

Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы

2-вариант

1. Қылмыстық қуғындауды жүзеге асырады:

A) анықтама органы

B) медиатор

C) сот

D) прокурор

E) азаматтық жауапкер

F) тергеуші

2. Қылмыстық процесті жүргізетін органның зиянның орнын толтыру құқығын жүзеге асыру бойынша қызметі:

A) прокурорға хабарлама жіберу

B) толық немесе ішін-ара ақтау туралы шешім қабылдау

C) хабарламаны бір жылдан кешіктірмей жіберу

D) мүдделі тұлғаға шешімнің көшірмесін тапсыру

E) зиянның орнын толтырудың тәртібін түсіндіру туралы хабарлама жіберу

F) жәбірленушінің ақталғандығы туралы хабарлама

G) ақтау органдарының деңгейлерін келісу

H) хабарламада шағымданудың тәртібін түсіндіру

3. Қылмыстық сот өндірісінде процесуалдық мерзімдер есептеледі:

A) жыл мезгілдерімен

B) минуттармен

C) күндермен

D) мерзімдермен

E) айлармен

F) сағаттармен

G) тәуліктермен

H) секундтармен

4. Айыптау тарабына тек келесі қатысушылар жатады:

A) тергеуші, азаматтық жауапкер және оның өкілі

B) анықтама органы және қылмыстық процесті жүргізуші органдар, қорғаушы

C) азаматтық талапкер және оның өкілдері

D) сот, прокурор және анықтама органы

E) қылмыстық қуғындау органдары, жәбірленуші

5. Қарсылық білдіруге жататын тұлғалар:

A) куә

B) заңды өкілі

C) қорғану құқығы бар куә

D) маман

E) жәбірленуші

F) күдікті

6. Басты сот талқылауын тағайындау болып табылады:

A) тұлғаның кінәлігі мәселесін шешуге бағытталған судьяның қызметі

B) істі сот өндірісіне қабылдау туралы мәселе қаралады

C) сотталушының келуін қамтамасыз етумен байланысты мәселе қаралады

D) жасалған қылмыстың мән-жайлары анықталады

E) сот тергеуінің кезеңі

F) оның барысында судья сотқа түскен қылмыстық істің материалдарымен танысады

G) алдын ала тергеудің қорытынды кезеңі

H) қылмыстық процестің сатысы

7. Басты сот талқылауын тағайындау туралы қаулының мазмұнына кіреді:

A) басты сот отырысына шақырылатын тұлғалардың тізімі

B) істе қолданылатын заң актілерінің тізімі

C) сотталушы болып табылатын тұлғаны көрсету

D) түпкілікті шешім қабылдаудың негізі

E) сот отырысын өткізудің мерзімдері туралы шешім

F) сот өндірісінің тілі туралы шешім

G) сотпен анықталуы тиіс мән-жайлардың толық тізбесі

H) сотпен зерттелген дәлелдердің қажетті жиынтығы

8. Үкімнің орындалысын кейінге қалдырудың негіздемесі:

A) ересек балалары бар әйел

B) судьяның жеке көзқарасы

C) сотталушының ауыр науқас болуы – ол жазылғанша

D) қосымша жазаға қатысты жол берілмейді

E) жазаны өтеуден босату

F) Қоғамдық жұмыстарға тарту

G) сотталушыныжүктілігі және жас балаларының болуы

9. Дәлелдерге жол берілмейді деп танылуы мүмкін келесі жағдайларда:

A) бұзылуының мәнісіне тәуелсіз түрде процесс талаптарының бұзылуы

B) тұлғаның өз міндеттері бойынша жаңылысуын пайдалану арқылы алынса

C) процесуалдық нормалар сақтала отырып алынса

D) ҚПК-тің талаптарының дәлелдердің растығына ықпал етпейтіндей бұзылуы

E) қылмыстық іс материалдарының тізіміне енгізілмеуі

F) тұлғаны алдау арқылы алынса

10. Мынадай жағдайларда нәрселер заттай дәлелдемелер ретінде танылмайды:

A) заттай дәлелдеме ретінде тіркеу туралы қаулының болмауы

B) қылмыстық іс-әрекеттердің объектілері болса

C) қылмысты анықтау құралдары ретіндегі құндылықтар

D) оларды тапқаны туралы хаттама болмаса

E) ҚПК-тің ережелерін бұзу жолымен алынса

11. Мүлікті қамауға алу мынадай мақсатта жүргізіледі:

A) айыпталушыны қаржы құралдарынан айыру

B) бұлтартпау шарасын орындауды қамтамасыз ету

C) дәлелдерді табу

D) азаматтық талап бөлігіне қатысты үкімнің орындалуын қамтамасыз ету

E) мүліктік өндіріп алуларды қамтамасыз ету

12. Азаматтық талап келесі тұлғаларға қойылады:

A) айыпталушы үшін материалдық жауаптылық жүктелетін тұлғаға

B) айғақ адамға

C) қорғаушыға

D) жәбірленушіге

E) куәге

13. Тездігі мен толықтылығы мақсатында алдын ала тергеу қылмыстың анықталған, сондай-ақ олардың жүрген жері бойынша жүргізілуі мүмкін:

A) талапкердің

B) күдіктінің

C) жауапкердің

D) куәлардың

E) айыпталушының

14. Қажет болған жағдайларда оқиға болған жерді қарау қатысуымен жүргізіледі:

A) күдіктінің

B) анықтаушының

C) жәбірленушінің

D) сот приставының

E) әкімнің

F) маманның

G) ветеринардың

15. Басты сот талқылауының барысында төрағалық етуші:

A) сотталушының соңғы сөзінің ұзақтығына бақылау жасайды

B) сот отырысына басшылық жасайды

C) ынталандыру арқылы процестің барлық қатысушыларын тұрақтандырады

D) сот қатысушыларына қадағалау мен бақылауды жүзеге асырады

E) өзінің келгенді туралы сот отырысының хатшысын құлақтандырады

F) объективтілік және бейтараптықты сақтайды

G) жиналған әрбір дәлелдерді көзбен көреді

H) сот отырысы залында тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді

16. Басты сот талқылауын тағайындау туралы қаулыда шешім болуы тиіс:

A) кәнілілігі немесе кінәсіздігі туралы

B) істі сотталушының қатысуынсыз тыңдау туралы

C) заттай дәелдемелердің тағдыры туралы

D) мемлекеттік айыптаушыны тағайындау туралы

E) запастағы судья туралы

F) сот өндірісінің тілі туралы

G) қылмыстық істі қысқарту туралы

17. Үкімді шығару барысындағы қосымша сұрақтар

A) бұл іс-әрекетті сотталушының жасағандығы дәлелденген бе

B) процесуалдық шығындар кімге, қандай мөлшерде жүктелуі тиіс

C) жеке ұйғарым шығарудың қажеттілігі жөнінде

D) сотталушыға қандай жаза қолданылуы тиіс

E) сотталған адамның мүлкін қорғауға алу туралы

18. Үкімнің түрлері

A) қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасының болмауына байланысты ақтау үкімі

B) қылмыстық жауаптылықтан босатумен ақтау

C) қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты ақтау

D) қылмыс оқиғасының болмауына байланысты айыптау үкімі

E) сотталушының қатыстылығының дәлелденбеуіне байланысты ақтау үкімі

19. Кәмелетке толмаған күдіктіден, айыпталушыдан жауап алудың ережелері:

A) тек қорғаушы қатысса жеткілікті

B) қорғаушының, ал қажетті жағдайларда психолог, педагогтың қатысуы

C) екі сағаттан артық жалғасуы мүмкін

D) ұзақтығы екі сағаттан аспайды

E) күніне ұзақтығы бес сағаттан аспайды

F) ата-анасының қатысуы жеткілікті

G) психологтың қатысуы жеткілікті

20. Қылмыстық-процестік заңның міндеттері:

A) сот өндірісі өрісіндегі шетелдік тәжірибені анықтау

B) әділетті сот тергеуі

C) қылмыстық істерді қарау

D) қылмыстық заңды дұрыс қолдану

E) қылмыскердің мүмкін жоспарлары мен оның мақсаттарын дәл талдау

F) қылмыскерді табу және оны әшкере ету

G) тұлғаны әшкерелеу

21. Қылмыстық-процестік заңның әрекет етуінде келесі тұлғаларға қатысты өзгешеліктер бар:

A) анықтамашыларға

B) адвокаттарға

C) судьяларға

D) бас прокурорға

E) тергеушілерге

F) шетелдіктерге

G) куәлерге

22. Дәлелдемелерді ішкі сенім бойынша бағалау қағидасына қатысты ереже:

A) айыптауды дәлелдеу міндеті айыптаушыға жүктеледі

B) ешқандай дәлдеменің күні бұрын белгіленген күші болмайды

C) субъектілер заңды және ар-ожданды басшылыққа алады

D) кез келген күмән айыпталушының пайдасына шешіледі

E) дәлелдемелерді бағалаудың бейтараптығы және объективтілігі

F) дәлелдемелерді объективті айыптау критериялары бойынша бағалау

G) іс үшін маңызы бар фактілік мәліметтер анықталады