Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Айсара Фосфор,уыз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
635.92 Кб
Скачать

Табиғи тамақтандыру ережелері

Емізудің нәтижелілігі барлық ережелердің дәл уақытылы орындалуына тікелей байланысты.

1. Әр емізу алдында ана қолдарын тазалап жуып, сүт бездерін қайнаған сүтпен абайлап жууы қажет;

2. Бірнеше сүт тамшыларын ағызып жіберуі керек, сол арқылы сүт бездерінің шығу жолдарының шеткі бөліктеріне оңай түсетін бактериялар жойылады.

3. Емізікшелердің мацерациясын болдырмау үшін емізіп болғаннан кейін сүт безін таза жұмсақ шүберекпен сүртіп құрғату қажет.

Емізген кезде ана мен бала арасында физиологиялық тепе-теңдік орнайды, яғни бала анасынан тек өзіне қажет деңгейде ғана сүт алады. Физиологиялық тепе-теңдік емізу уақытындағы сүттің құрамына байланысты. Ол 6-апталық нәрестелерде жақсы дамыған. Әрбір емізу орта есеппен 15-20 мин. аспау керек. Тек қана жаңа туғандарды ұзағырақ (30 мин. дейін) емізуге болады. Сәби емудің алғашқы 5 мин. өзіне қажетті сүттің 50%-ын алатынын есте сақтау қажет.

Емізік арқылы бөтелкеден тамақтандыру алдында тамақты мөлшерлеу керек. Егер жас сәбиге сүтті қоспаны бөтелкемен берсе, көп мөлшердегі сорылған сүт асқазанның артық созылуын шақыруына қарамастан, ол емуді тоқтатпайды.

Сәбиге қажетті сүттің көлемін есептеу тәсілдері

Баланың алғашқы жылдарындағы тағам көлемін есептеудің бірнеше тәсілі бар.

1 тәсіл. "Көлемдік". Тағамның көлемін есептеу баланың салмағына байланысты. Бала 2 аптадан 6 аптаға дейін дене салмағының 1/5 не тең көлемде қабылдауы тиіс. 6 аптадан 4 айға дейін- 1/6, 4 айдан 6 айға дейін-1/7, 6 айдан 9 айға дейін -1/8.

Мысалы. 3 айлық баланың салмағы 5200 г , болса ол 1/6 бөлігі, яғни 5200:6=866 мл.

Соңғы кезге дейін тағамның көлемін есептеудің осы әдісі кең таралған еді. Акселерация себебінен, баланың алғашқы жылдарында салмағының артуы, ірі балалардың туылы байқалды. Осы әдіспен есептеу кезінде тағам мөлшері 1 л ден асады. Осы кезде тамақтануды түзету керек, себебі тамақ көлемі 1 л ден аспауы қажет.

2 әдіс. Шкарин бойынша есептеу :2-айлық нәресте (8-апталық) тәулігіне 800мл сүт қажет етеді,әр өткен апта үшін 50мл аз,ал алдағы әр апта үшін 50мл-ге көбейіп отырады.

2 айдан кішкентай нәрестелерге мына формуламен көрсетуге болады: 800 - 50(8-n), мұндағы n-өмір сүруінің апталық саны.

Мысалы.3апталық нәресте.Сондықтан формула бойынша болуы тиіс: 800 - 50·(8-3) = 550 мл.

2 айдан асқан нәрестелерге мына формуланы қолдануға болады: 800 + 50 · (п-2), мұндағы n-нәрестенің өмірінің ай саны.

Мысалы.3 айлық нәресте мынадай көлемде сүт ішу керек: 800 + 50·(3-2) = 850мл.

Шкарин бойынша есептеу қазіргі заман балаларына сай келмейді,себебі олар өте қарқынды даму үстінде,сондықтын бұл есепті тек тарихи көрсеткіш ретінде қолдануға болады.

3 әдіс.Калориялық (энергетикалық) есеппен:нәрестенің 1кг дене салмағы алу керек:

жылдың Iтоқсанында тәулігіне 502 кДж (120 ккал)

жылдың II тоқсанында тәулігіне 481 кДж (115 ккал)

жылдың IVтоқсанында тәулігіне 418 кДж (100 ккал)

Баланың дене салмағын анықтау арқылы балаға қанша энергия шығыны жұмсалатынын оңай анықтауға болады (Дж, ккал). Ана сүтінің құрамында 2929 кДж энергия көлемі бар екенін біле тұрып, балаға қанша энергия шығыны керектігін білуге болады.

Мысалы: 3 айлық 5 кг дене салмағымен бала 1 кг дене массасына 502 кДж (120 ккал) немесе 2510 кДж (600 ккал) тәулігіне тұтынуы керек (502 кДж*5═ 2510кДж). Оны пропорция арқылы анықтауға болады.