- •Дәрістік кешен (дәріс тезистері, иллюстрациялық және үлестірмелі материалдар, ұсынылатын әдебиеттер тізімі); і модуль. Қарым-қатынас психологиясы пәні және міндеттері
- •Негізгі әдебиеттер: [1, 4, 5, 6, 8, 11,12, 13] Қосымша әдебиеттер: [1, 2, 9, 12, 13, 18, 19, 22]
- •Негізгі әдебиеттер: [1, 4, 5, 6, 8, 11,12, 13] Қосымша әдебиеттер: [1, 2, 9, 12, 13, 18, 19, 22]
- •Негізгі әдебиеттер: [1, 4, 5, 6, 8, 11,12, 13] Қосымша әдебиеттер: [1, 2, 9, 12, 13, 18, 19, 22]
- •Негізгі әдебиеттер: [ 1, 4, 5, 6, 8, 11,12, 13] Қосымша әдебиеттер: [2, 8, 9, 10, 11, 13, 14, 17, 20, 21]
- •Негізгі әдебиеттер: [ 1, 2, 4, 5, 6, 8, 11,12,13] Қосымша әдебиеттер: [2, 3, 8, 13, 15, 16, 20, 22, 25]
- •Негізгі әдебиеттер: [ 1, 2, 4, 5, 6, 8, 11,12,13] Қосымша әдебиеттер: [2, 3, 8, 13, 15, 16, 20, 22, 25]
- •Негізгі әдебиеттер: [ 1, 2, 4, 5, 6, 8, 11,12,13] Қосымша әдебиеттер: [2, 3, 8, 13, 15, 16, 20, 22, 25]
- •1 Модуль бойынша Иллюстрациялық және үлестірмелі материалдар:
- •А) Туған – туыстар арасындағы.
- •Тұлғаның қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру
- •Іі модуль. Тұлғаның әлеуметтенуі және іскерлік қарым-қатынас
- •Негізгі әдебиеттер: [ 1, 2, 4, 10, 11,12,14 Қосымша әдебиеттер: [2, 9, 12, 15, 16, 21, 26, 27]
- •Негізгі әдебиеттер: [ 1, 4, 5, 6, 8, 11,12] Қосымша әдебиеттер: [2, 9, 12, 13, 18, 19, 22, 25]
- •1. Қазіргі жастардың әлеуметтену каналдары
- •2 Жастардың әлеуметтену механизмі
- •3 Әлеуметтенудің әлеуметтік-психологиялық мәселелері
- •4 Әлеуметтенудің әлеуметтік-мәдени мәселері
- •Негізгі әдебиеттер: [ 1, 2, 3, 4, 5, 6, 8, 11,12,13] Қосымша әдебиеттер: [2, 5, 12, 13, 18, 19, 22, 23, 26]
- •1 Қарым-қатынас жасау туралы жалпы мәлімет пен ұсыныстар
- •2 Телефонмен қарым-қатынас жасауға дайындық
- •3 Радио және теледидар арқылы қарым-қатынас жасау ерекшеліктері
- •Негізгі әдебиеттер: [ 1, 2, 4, 5, 6, 8, 11,12,13] Қосымша әдебиеттер: [2, 3, 8, 13, 15, 16, 20, 22, 25]
- •1 Келіссӛздердің негізгі сипаттамалары
- •2 Келіссӛздерге дайындық
- •3 Серіктеске қойылатын сұрақтар және келіссөздер жҥргізу
- •4 Шет елдермен келіссөз жүргізу ерекшеліктері
- •Негізгі әдебиеттер: [ 1, 2, 4, 5, 6, 8, 11,12,13] Қосымша әдебиеттер: [2, 3, 8, 13, 15, 16, 20, 22, 25]
- •1 Іскерлік таласты жҥргізу
- •2 Сынның әртҥрлілігі мен формалары
- •3 Сынай білу
- •4 Сынды қабылдау және оның негізгі жауаптары
- •Негізгі әдебиеттер: [ 1, 2, 4, 5, 6, 8, 11,12,13] Қосымша әдебиеттер: [2, 3, 8, 13, 15, 16, 20, 22, 25]
- •2 Қарым-қатынас кедергісі
- •4 Тәрбиенің жасқа байланысты ерекшеліктері
- •Негізгі әдебиеттер: [ 1, 2, 4, 5, 6, 8, 11,12,13] Қосымша әдебиеттер: [2, 3, 8, 13, 15, 16, 20, 22, 25]
- •1 Іскерлік әсер
- •2 Психологиялық әсер
- •Негізгі әдебиеттер: [ 1, 2, 4, 5, 6, 8, 11,12,13] Қосымша әдебиеттер: [2, 3, 8, 13, 15, 16, 20, 22, 25]
- •2 Модуль бойынша Иллюстрациялық және үлестірмелі материалдар:
- •Практикалық сабақтардың жоспары
- •Негізгі әдебиеттер: [ 1, 4, 5, 6, 8, 11,12] Қосымша әдебиеттер: [2, 9, 12, 13, 18, 19, 22, 25]
- •Негізгі әдебиеттер: [ 1, 2, 3, 4, 5, 6, 8, 11,12,13] Қосымша әдебиеттер: [2, 5, 12, 13, 18, 19, 22, 23, 26]
- •Негізгі әдебиеттер: [ 1, 2, 4, 5, 6, 8, 11, 12, 13] Қосымша әдебиеттер: [2, 3, 8, 13, 15, 16, 20, 22, 25]
- •Негізгі әдебиеттер: [ 1, 2, 4, 5, 6, 8, 11, 12, 13] Қосымша әдебиеттер: [2, 3, 8, 13, 15, 16, 20, 22, 25]
- •Негізгі әдебиеттер: [ 1, 2, 3, 4, 5, 6, 8, 11,12,13] Қосымша әдебиеттер: [2, 5, 12, 13, 18, 19, 22, 23, 26]
- •Негізгі әдебиеттер: [ 1, 2, 4, 10, 11,12,14] Қосымша әдебиеттер: [2, 9, 12, 15, 16, 21, 26, 27]
- •Негізгі әдебиеттер: [ 1, 2, 4, 5, 6, 8, 11, 12, 13] Қосымша әдебиеттер: [2, 3, 8, 13, 15, 16, 20, 22, 25]
Негізгі әдебиеттер: [1, 4, 5, 6, 8, 11,12, 13] Қосымша әдебиеттер: [1, 2, 9, 12, 13, 18, 19, 22]
Дәріс 3. Қарым-қатынастың жеке адам ретінде қалыптасудағы ролі
Жоспар:
Әлеуметтік перцепция адамдарды бірлестіру принципі.
Жеке-дара қабылдаудың механизмдері. Гуманизм принциптері.
Өзара қатынастың теориялық және практикалық зерттелуін гуманистік бағыт ғалымдары пікірлері.
Әлеуметті-психологиялық оқыту арқылы қарым-қатынасты дамыту белгілі психологтар идеялары.
Дәріс тезистері:
Адамдар өзара бірлесе отырып, ортақ нәтижеге жету үшін күштерін біріктіре келісуіне бағытталуын қарым-қатынас деп түсінеміз.
Гуманизм принциптеріне сәйкес қарым-қатынасқа түсуші әр адамға, қатынас жасайтын басқа адамдар жоғары бағалы болып табылады.
Коммуникативтік компонентікті жоғарылату әлеуметтік-психологиялық оқыту арқылы жетілдіріледі. Әлеуметті-психологиялық оқыту арқылы қарым-қатынасты дамыту белгілі психологтар Петровский А.В., Коряк Н.М., Золотнякова А.С., Яценко Т.С., Емельянов Ю.Н., Ковалев Г.А., Миккин Х.К., Субханкулов М.Г., Лисина М.И., Спиваковская А.С. еңбектерінде көрсетілген.
Аса маңызды сұрақ мәселе болып, адамда қандай құнды бағыттар қалыптастыру арқылы гуманистік қарым-қатынасын құрайтынымыз табылады.
Өзара қатынастың теориялық және практикалық зерттелуін гуманистік бағыт ғалымдары М. Маслоу, М. Дорверг, К. Роджерс, С. Кратохвил енгізді.
Соңғы кезеңдерде аса өзекті болып оқыту және тәрбиелеуді ізгіліктендіру көлеңкесінде оқытушы-педагогтың қарым-қатынасқа түсуде таңдайтын типі, тәрбиеші және бала қандай екені қалып қойып жүр. Осындай өзара қатынасты сипаттай отырып, психолог В.Я. Ляудис: «Мұндай қатынаста оқытушы және баланың позициялары қатты ажырастырылып қарсы бағытқа қойылған» - деп жазды. Әрине мұндай қарым-қатынас әрекетінің жемісті түрін, жеке адамның творчистволығын дамытуға әсер етпейді.
Яғни, қарым-қатынастағы жеке даралық позиция өзекті болып қалады. Қатынас барысында өз ара сыйластық, бірлесу, өзге адамның позициясын субъект ретінде қабылдау және түсіну негіз болды.
Қатынас гуманизмі дербестік рольдік позицияны саналы түрде өзгертуде. Қарым-қатынастағы партнерді қалай қабылдайтыныңыз аса маңызды принципте болады. Егер педагог баланы әсер ететін объект ретінде көретін болса, өзара қатынаста гуманистік және демократиялы ештеңе болуы мүмкін емес. Психолог Л.А.Петровсакаяның тұжырымдамасы бойынша қарым-қатынастың екі деңгейі болады: сыртқы деңгей (тәртіптік, операциялы-техникалық және ішкі деңгей жеке – маңызды тереңдегіні қозғайтын).
Осыған байланысты біздің елде Д.Карнегидің қарым-қатынасты жеке басына комфортты болуын есептеп құру керек деген кеңесі тең тарап кетті.
Ресей психологы А.Бодалев «Адамдар бір-бірінің мүмкіндіктерін бағалаынан, олардың бірлесе орындаған әрекетінің өту сипаты мен нәтижесі байланысты» деп жазды.
Қарым-қатынас жетістігі көп жағдайда әлеуметтік перцепция деңгейімен анықталады, яғни адамдардың бірін-бірі, топ, әлеуметтік бірлестікте, өзін-өзі түсінуі және бағалауы, қабылдауы.
Әлеуметтік перцепция адамдарды бірлестіріп, қарым-қатынас жасауға мәжбүр іс-әрекет мағынасында зерттеу принципті мазмұнды.
Ададардың сыртқы келбеті арқылы зерттеу заңдылықтары аса қызықты.
Қоршаған адамдарда жеке тұлғаның бейнесін қалыптастыруда оның бет әлпеті, сыртқы келбеті доминаттық роль атқарады. Адам бейнесін қабылдауда нақты мамандықтық айырмашылық бар. Қабылдаудың дәлдігі және айқындығы педагог, суретші, музыкантты ажыратуға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік перцепция зерттеулерінде өзін-өзі танып білу өзекті мәселе болып табылады. Осы мәселе адамды күрделі өзін реттеуші жүйе ретінде түсінуде аса маңызды болып келеді. Американ психологтарының тұжырымдамасына сәйкес адамның өзі туралы пікірінің қалыптасуы үш әлеуметті блоктан тұрады: когнитивті, эмоционалды – бағалаушы және реттеуші. Когнитивтік блоктың функциясы - өзі туралы мәліметті қорыту және сақтау, эмоциональды-бағаланушынікі - өзінің мүмкіндігі мен қабілеттілігін бағалап, өзіне деген көзқарасты тағалау, реттеуші блоктың функциясы - өз тәртібін және іс-әрекетін реттеп, кері байланыс арқылы өзі туралы мағлұматты коррекциялау. Өзін-өзі қабылдау:
өзін басқалармен салыстыру;
өзін басқалардың қабылдауын;
өз әрекетінің нәтижесіне сәйкес;
сыртқы кейпін қабылдаудан тұрады.
Әлеуметті перцепцияда аса маңызды болып қарым-қатынастың вербалсыз әдістері табылады.
Жеке-дара контакті процесінде адамдардың бірін-бірі қабылдаудың негізгі әдісі, жүріс-тұрысы, қимылы, интонациясы, мимикалық маскасы. Мысалы: «көздер контактісі» адамдар арасындағы қатынасты реттеуші мпеханизм. Сол сияқты жест (қимыл) тілі де ежелгі тілдің бірі болып табылады. Мысалы: аудиторияда алдында сөйлеп тұрғанда кейбір қимылдар таңдаушыларға агрессия, сыйламастық, тәкәппарлық болып көрінеді. Егерде сөйлеп тұрған адам бір аяғының екінші аяғына аударылып, қозғалақтап тұрса сенімсіздік тудырады. Артық интенсивті қимылдар аудиториямен контактіге түсуге кедергі болады.
«Экспресивті психологияны күнделікті қолдану маңызды қимыл-қозғалысты дамытып қана қоймайды, сонымен қатар жалпы жеке – адамның қалыптасуына әсер етеді» - деп жазды В.А. Лабунская.
Жеке даралық қатынаста өзі туралы мәлімет, өзінің тәртібі, сонымен қатар өзге адамдардың қылығына жауапты реакцияны көрсету маңызды. Кері байланыс арқылы адам өзінің тәртібін коррекциямен, оны эффективті құрастырып, өзін бағалауды қалыптастырады. Кері байланысты жасай білу, қарым-қатынас жүйесінде компетенттігін көрсету.
Әдетте адам өзі туралы мәліметтер бойынша өмір кешеді. Егерде қарым-қатынас тәжірибесі «мен» деген бейнемен сәйкес қабылданбаса, индивид қорқу жағдайын сезінеді. Қорқуды қабылдау «мен» үшін қорғануды актуализациялаумен өтеді. Психологиялық қорғаудың функциясы «мен» бейнесін қолданудан тұрады.
Т.С. Яценконың зерттеулерінде оқытушыда «қорғаныс жүйесі» болған жағдайда ол балаларға педагогикалық ықпал етуіне әсер ететіні айтылған.
Әлеуметті-психологиялық оқыту жағдайында жеке тұлғаның бағдарлау байлығының коррекциясына жеткізеді, шынайы «менің» қатынас ситуациясындағы адекватты бейнесі қамтамасыз етіледі.
Адам қарым-қатынаста қиыншылық кездестіреді. Психолог Е.В.Куханованың тұжырымдамасы бойынша «қиын қарым-қатынас» әлеуметті-психологиялық феномен ретінде, адамдардың өзара түсініспеушілік формасында шынайы жағдайларда байқалады. Қиын қатынастың көрсеткіштері: қатынаста жасаудағы ұзақ үзіліс, бір сөзді жауап беру, интонацияны жоғарылату, адамды тыңдай алмау, әңгімені жалғастырмау, контактіге түсе білмеу, көздер контактісінің болмауы, дөрекелік, партнерді кемсіту, менсінбеу, жасықтық, ұялшақтық, келіспеушілік, өтірік, сенімсіздік, бірбеткейлік, партнердің пікіріне құлақ аспаушылық.
Қарым-қатынас қиыншылығы ішкі күйзеліс, жағымсыз эмоциямен білінеді. Қатынастың бұзылуы аса ауыр қиыншылық формасы.
«Контактілердің барысында жүйелі түрде партнердің өзі саналы түрде сезбейтін қасиеттеріне назар аударылады...» Жеке-даралық формалсыз қатынастың бұзылуы – психологиялық араласты талап ететін (психотерапевт, психологтың көмегі) қатынас жүйесін өзгерту және коррекциялау арқылы өтеді.
Егер өзара қатынасқа түсетін адамдар түсінушіліктің деңгейін анықтай алса және қарым-қатынас жасаған адамды түсінемін деп өзіне сенімді болғанда ғана олардың арасында қарым-қатынас пайда болады. Қарым-қатынасқа түсінушілер өздерінің саналарында бір-бірінің ішкі жан дүниесін құрастыруға, сезімдерін түсінуге, қылықтарының себебін анықтауға тырысады. Бөгде адамдарды тани түсуде ғана жеке адам алдағы баланың қатынас деңгейін жоғары дәрежеде, сенімді түрде анықтауға мүмкіндік алады. Қарым-қатынасқа түсушілер өзара бір-бірінің жан дүниесін дәл түсініп «оқуынан» қатынас деңгейі соғұрлым жоғары болмақ. Қарым-қатынастың дамуына ең аз дегенде екі адам қатынасады. Қатынасқа түсушілер бірін-бірі тануда жеке-дара қабылдаудың үш маңызды механизмдерінің әрекеті ерекшеленуі тиіс: олар идентификация, рефлексия және стереотипизация.
Идентификация – бұл бөгде адамды саналы түрде оның мінезін түсініп соның орнында өзін сезінуі. Өзара қатынас кезінде адамдар бірінің орнына өзін қойып көру ниетімен оның жан дүниесін, ойын, әрекетін, сезімін, ойша құрастырады. Қарым-қатынас үшін тек сырттай бөгде адам ретінде оны түсіну ғана емес, сондай-ақ онымен қарым-қатынасқа түскен жеке адам қалайша өзін қабылдап, түсініп тұрғанын назарына алу да маңызды. Қарым-қатынасқа түскендердің біреуі өзін қандай түрде қабылданып тұрғанын саналы ойласа бұл қарым-қатынас рефлексия деп аталады.
Рефлексия – бөгде адамды түсіну құрамына жатады. Бөгде адамды түсіну деген – сол адамның қатынасын қабылдаушы ретінде тек өзіне арналғандығын құптау. Осылайша адамның адамды қабылдауы оның айнадағы бейнесі секілді.
Адам бөгде жеке адамды бейнелеп отырып, өзін де сол адамның қабылдау айнасында бейнелейді. Қарым-қатынас жүру барысында идентификация мен рефлексия бірлікте болады. Егер де әрбір жеке адам өзі қарым-қатынасқа түскен адамдар туралы әрқашан толық ғылыми негіздерінен хабарланып отырылса, онда ол өзара қатынасты алдын-ала ешқандай қатесіз дәлдікпен құрар еді. Бірақ күнделікті өмірде әрине адам осы тәрізді дәл хабарға ие болмайды.
Стереотипизация – қылықтар түрлерінің формасы және кейде ешқандай негізсіз қылықтарды таныс немесе таныс сияқты көрінетін құбылыстарға жатқызу, яғни әлеуметтік стереотипке жауап беру. Стереотип бұл жерде өз бетінше қалыптастырған адам бейнесін әрдайым белгі ретінде ұстау.
Стереотипизация – қарым-қатынас қорытындысы, жеке-дара қабылдаудың тәжірибесін жинақтау, кітаптар мен кинофильмдер, таныстарының есте қалған сөздері арқылы қалыптасуы мүмкін. Бұл ретте осы жинақталған білімдердің өзі дұрыс қорытындылармен сәйкес келмей қате, дұрыс емес болуы мүмкін. Жоғарыда атап өтілгендей қарым-қатынас жәй хабар алмастырумен ғана шектелуге тиісті емес.
Қарым-қатынас жоғары деңгейде болуы үшін міндетті түрде бірлестіктің қорытындысы туралы өзара хабар алмастыруды көздейді.
Бөгде адамға бір нәрсені хабарлағанда, нұсқау бергенде немесе сұрақтар қойғанда, яғни онымен өзара байланыс жасағанда жеке адам өзінің қатынасының пайдалы екендігі жайында қажетті хабар алады.
Адам өзінің уақытының көбін жұмыста өткізеді. Ол іспен айналысады - мүмкін өміріндегі ең үлкен іспен шығар.
Қай жерде жұмыс істемесін, немен айналыспасын ол он шақты көрінбейтін жіппен, қоғаммен байланысты және оның мүшесінің бірі. Оның негізгі міндеті - өзіне жүктелген міндетті шынайы және адалдықпен орындау, себебі біздер, қоғам мүшелері, бір бірімізге тәуелдіміз. Әр қайсымыз - қоғамның алғашқы үйірмесі, сатысы болып табылатын – үлкен немесе кіші ұжымның мүшесіміз. Осы ұжымдағы моральдық ахуалға байланысты – онда жұмыс атқарылады. Әрине жұмыс нәтижесінің жоғарлығы, ауызбіршілігі және түсінушілігі мол ұжымда болатыны жасырынды емес.
Еңбекті ұйымдастыру сұрақтары, жетекші орны, оның беделі неде? - деген сұрақтар қазіргі басқару психологиясы саласында шешіледі. Әрине, басшы беделі оның жан-жақтылығында, адамдарды ұйымдастыру іскерілігінде, оларды біліп, қажеттілігін түсінуде. Өз сөзінде тұра алмаса өте жақсы ұйымдастырушы да ұжым алдында беделін түсіреді. Қажетті сұрағын шешу үшін өтірік айтып тайқақтамай, адалдықты айтқан орынды.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
