Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ahmedjanov-Munai-jane-gaz-kenoryn.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.2 Mб
Скачать

5.4 Сорапты - компрессорлы құбырлар

Ұңғымаларды пайдаланудың барлық әдістері кезінде сұйықтық пен газдарды бетіне көтеру ұңғымаларға оларды пайдалану алдында түсірілетін кіші диаметрлі арнайы құбырлармен жүреді. Бұл құбырлар сорапты-компрессорлы деп аталады. Ұңғымалардың пайдалану режимдерінен тәуелді оларды фонтанды, компрессорлы, сорапты, сонымен қатар көтермелі (лифтілі) деп атайды.

Жалпыодақтық стандарттарға (ГОСТ 633-63) сәйкес бұл құбырларды келесідей шартты диаметрлермен шығарады (сыртқы диаметрі бойынша: 33, 42, 48, 60, 73, 89, 102 және 114 мм, қабырғалар қалыңдығы 4-тен 7 мм-ге дейін). Бір құбырдың ұзындығы 5-8,5 м тең. Құбырлар жіпсіз жасалынады, яғни жоғары механикалық қасиеттерге ие болаттан тартылып жасалған.

Әрбір құбырдың екі соңында да бірдей кесу жасалынады. Зауыттарда құбырлардың бір соңына муфта ораушы станоктың көмегімен осы құбырларды басқа құбырдың бос соңымен бұрау кезінде муфтаның бұралып алынбасы үшін муфталарды бұрап кигізеді.

Сорапты-компрессорлы құбырлардың екі түрі дайындалады: тегіс, яғни барлық ұзындығы бойында бірдей өлшемді (5.8,в-сурет) және сыртына соңымен түсірілген (5.8,а-сурет). Тегіс құбырлар біртексіз берік; олардың кесілген бөлігіндегі беріктігі кесілмеген бөлігінің 80-85% құрайды. Сыртына соңымен түсірілген құбырларда (біртекті берік) кесілген бөлігіндегі беріктік тегіс орындағы құбыр денесінің беріктігіне тең. Бұл терең ұңғымалар үшін өте маңызды, яғни құбырлардың өзіндік ауырлық күшінен үлкен күш түскен кезінде.

Өзінің ауырлық күшінен тек созу есептерінен ғана шығатын құбырдың біртекті берік бірдей мөлшерлі тізбегін түсіруінің шекті тереңдігін мына формула бойынша анықтауға болады

(5.1)

мұнда σт – созу кезіндегі құбыр материалының ағу шегі, Па; К – беріктік қоры коэффициенті (әдетте К-1,5 қолданылады); ρст – құбыр материалының тығыздығы, кг/м3; g – еркін түсу үдеуі.

Біртексіз берік құбырлардың конструкциясы үшін шекті қажетті іліну ұзындығы кесу байланысының күші бойынша анықталады.

5.8-сурет. Сорапты – компрессорлы құбыр және муфта соңы.

а-құбыр соңымен орналастыру; б-муфта; в-тегіс құбыр

Алқаның үлкен тереңдігі кезінде көбінесе әртүрлі өлшемді құбырлардың тұратын құбырдың сатылы тізбектерін қолдануға тура келеді. Мұндай тізбектердің мүмкін болатын түсу тереңдіктерін жоғары, тізбектің әрбір сатысына тиелген беріктік шарттарынан есептейді.

Тәжірибелік мақсат үшін, әдетте әртүрлі түр өлшемдердің сәйкестігі кезінде құбыр тізбектерінің қажетті конструкциясын таңдауға болатын есептік графиктер мен кестелер қолданылады. Құбыр мерзімін ұзарту үшін оларға ұқыпты қарау керек, әсіресе, тасымалдау, тиеу және түсіру кезінде.

Құбырларды муфтамен бұрау кезінде олардың кескіштерін маймен жабу керек; май байланыстың саңылаулығын түзеді, кескіштерді жемірілуден қорғайды және бұрап ашуды жеңілдетеді. Кескіш байланыстың жеткілікті бекітілуін тексеру қажет. Муфтаға бұралған құбырда кескіштің екіден артық емес ашық жібі болуы қажет. Егер ашық жіптер артық немесе, керісінше болса, онда құбыр муфтаға соңғы жібіне дейін бұралып кигізіледі, мұндай құбырларды іске жарату керек.

Тасымалдау және құбырдың бос соңына және муфтаға сақтау кезінде кескіштерді бүлінуден сақтау үшін зауыттарда сақтандырылған сақиналар бұралып кигізіледі. Құбырларды сақтау, тиеу, түсіру және тасымалдауды тек қана сақтандырылған сақиналармен және майлы кескіштермен жүргізу керек. Құбырларды тасу кезінде автокөліктің құбыр соңдарының салбырамауы үшін тіркемесі болуы қажет. Түсіру кезінде құбырларды қолмен алу немесе құбырлардың бір-біріне тиюіне рұқсат ете отырып бұрыштық ылдиға жатқызылуы бойынша ширату қажет. Құбырларды сақтау кезінде сөрелерге қатар арасына ағаш қабатты төсемдерден кем емес штабелдер салу қажет.

Кәсіпшіліктерде парафинді мұнайды алу кезінде құбыр қабырғаларына парафиннің шөгуін тоқтату үшін сыртқы бетімен шыныланған немесе сырлы-бояулы материалдармен футерленген сорапты-компрессорлы құбырлар кең қолданылады. Құбырларды шынымен және сырлы-бояулы материалдармен футерлеу мұнай кәсіптері ауданында жартылай зауытты құру кезінде өндіріледі.

Қорғаушы қаптамалар құбырдың сыртқы қабырғаларында парафиннің шөгуін тоқтатып қана қоймай, сонымен қатар құбырлардың жемірілу орталарында ұзақ уақыт жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]