- •Конспекты лекций
- •8. Құрылыс құрылымдарын монтаждау
- •8.1. Толық құрастырылған ғимараттардың конструктивті сұлбасы және құрастырмалы құрылымдардың негізгі номенклатурасы
- •8.2. Құрастырылатын конструкциялардың жапсар конструциялары.
- •8.2 Сурет. Монтажды механизмінің ұстау құрылғысына байланысу үшін жабын панельдерінде ойықтарды қолдану:
- •8.3 Сурет. А, б, в, г. Бағана жапсары:
- •8.3 Сурет д, е. Жапсар:
- •8.4 Сурет. Ірі панельді ғимараттардағы тік (а) және көлденең (б) жапсарлар:
- •8.3. Құрылыс конструкцияларын монтаждау кезіндегі жұмыс кешені
- •8.3.1. Конструкцияларды тасымалдау
- •8.3.2. Конструкцияны қоймалау
- •8.5 Сурет. Итарқалық және итарқаастылық арқалықтарды
- •8.6 Сурет. Қабырға панельдерін тік кассеталарда қоймалау:
- •8.3.3. Ірілендірген құрастыру
- •8.4. Толық құрастырмалы ғимараттарды құрастыру әдістері
- •8.7 Сурет. Конструкцияны монтаждау әдістері:
- •8.5. Конструкияны монтаждау тәсілдері
- •8.8 Сурет. Тік (а) және көлденең (б) бағыттарда өсірумен монтаждау.
- •М онтаж бағыты; к онструкцияның орын ауыстыру бағыты
- •8.9 Сурет. Бағананы вертикал қалыпқа көтеру сұлбасы:
- •8.10 Сурет. Монтаждың еріксіз тәсілдері:
- •8.6. Монтажды бейімделулер және құрал-саймандар
- •8.12 Сурет. Строповкалы бейімделулер:
- •8.13 Сурет. Ұстау құрылғылары: а – өзіндік шешіліп кетуден қорғайтын, құлыппен жабдықталған ілмек;
- •8.14 Сурет. Түйінсіз ұстаулар:
- •8.15 Сурет. Бағаналарды уақытша бекіту үшін жалғыз (а) және топтық (б) кондукторлар:
- •8.16 Сурет. Арқалықтар мен фермаларды монтаждауға арналған кондуктор:
- •8.17 Сурет. Қабырға панельдерінің монтажы
- •8.18 Сурет. Флюс қабаты астынан жартылай автоматикалық дәнекерлеу:
- •8.7. Бір қабатты өндірістік ғимараттар темірбетон конструкцияларының монтажы.
- •8.7.1. Монтаж әдісін таңдау.
- •8.7.2. Бөлек конструкцияларды монтаждау әдістерін таңдау.
- •8.8. Көп қабатты ғиамараттар конструкцияларының монтажы
- •8.19 Сурет. Қаңқасыз ғимараттың жерүсті бөлігінің элементтер монтажы:
- •8.9. Монтажды крандарды таңдау
- •8.20 Сурет. Мұнаралы кранды құрастырылып жатқан объектіге байлау
- •8.21 Сурет. Жебелі кранның қажетті параметрлерінің есепті сұлбасы Ұқсас үшбұрыштар қатынасынан алынған шешім төменде келтірілген.
- •8.10. Жұмыс көлемдерін есептеу
8.5 Сурет. Итарқалық және итарқаастылық арқалықтарды
жақтық тіреуіштермен вертикал қалыпта сақтау
8.6 Сурет. Қабырға панельдерін тік кассеталарда қоймалау:
1– таған; 2– арқалық; 3 – баған
8.3.3. Ірілендірген құрастыру
Көбіне металл конструкцияларды ірілеп құрастырады, себебі бұл процесс айтарлықтай жеңіл, ал мұндай конструкцияларды әртүрлі түрде, бөлек элементтер түрінде тасымалдау әлдеқайда үнемді. Тек кей жағдайда темірбетон конструкциясы ірілендірген құрастырады. Бұл конструкция габариттері көліктік габариттерге сыймаған кезде қолданылады.
Ірілендірген құрастыру стацинарлы алаңдарда (көбіне болат конструкцяларда) және монтаж зонасында мүмкін болады. Монтаждау зонасында ірілендіру нөлдік белгілеуде ары қарай жобалық қалыпта қарастырылған монтаждаумен орналастырылады, немесе уақытша бағандарға және кондукторларға тірелуі бар жобалық белгілеулерде орындалады, мысалы қабықшаларды монтаждау кезінде алдын-ала керілген құрамалы аркаларды, ірі кранасты металл арқалықтарды, үштопсалы аркаларды және т.б.
Нөлдік белгіде ірілендірілген құрастыру жоғарыға жорғалау жұмыстарын алдынды, кейбір монтаждаудан кейінгі жұмыстарды ірілендірілген конструкцияның монтажына дейін орындауға мүмкіндік береді, алайда ауыр монтаж крандарының қолдануын талап етеді.
Жобалық белгіде конструкцияның ірілендірілген құрастыруы, керісінше, ауыр монтаж крандарын қолдануын талап етпейді, бірақ құрастырылатын конструкциялар астына уақытша бағандар құрылғыларына қосымша шығын және жоғарыға шығу жұмыстарын орындауға қосымша шығын талап етеді.
8.4. Толық құрастырмалы ғимараттарды құрастыру әдістері
Монтаждау әдістері – бұл ғимараттар мен имараттар құрылысы кезінде монтаж жұмыстарының технологиялық реттілігін анықтайтын және көлемді техника-экономикалық нәтижесіне жетуге бағытталған принципиалды шешімдер. Конструкцияның ғимаратта немесе имаратта орналасу ретіне байланысты монтаждаудың келесі әдістерін ажыратады: бөлек, кешенді және аралас (9.7 сурет). Монтаж әдісі имараттың конструкциясы мен конфигурациясына, технологиялық құрылғыны монтаждауға тапсыру немесе құрастырылып жатқан ғимараттың бөлек бөліктерін өңдеуге қажеттілігіне, ғимараттың монтаждалған бөлігінің немесе бөлек элементтерінің тұрақтылығын қамтамасыз етуіне, конструкция мен жабдықтарды жеткізу кезегіне, құрылыстың орындалу уақытына және т.б. байланысты анықталады.
Бөлек монтаждау (дифференциялданған) әдісі конструкцияның бір түрінің әрбір стоянкада кранмен монтаждалуымен сипатталады.
8.7 Сурет. Конструкцияны монтаждау әдістері:
а – бөлек; б – кешенді; в – аралас
Монтаждау кезінде кранның әр бөлігінің орналасуы қатаң белгіленген. Объект элементтерін құрастыратын орнын тұрақ деп атайды. Тұрақ орнын анықтау және кранның тұрақтан тұраққа қысқа жолмен жүру реттілігін әрбір жағдайда объектінің түрлі конфигурациясы және конструкциясын графикалық немесе есептеп анықталады. Монтаж нұсқасын таңдауда кранның объектіні толық қамту кезінде минималды тұрақ санын анықтау тапсырмасы шешіледі.
Монтаждау кезінде конструкцияларды ағынмен құрастырғанда жақсы нәтижеге жетуге болады: мысалы, ғимараттың барлық құрамалы іргетастарын бағана астына орналастыру; кейін барлық бағаналарды монтаждау және т.б. Осы кезде әр ағын краны ғимараттың периметрі бойынша айналып шығады. Монтаж ағындары мен бағыттары берілген объект үшін ұстау немесе аралық бойынша жұмыс өндірісі жобасымен анықталады. Монтаждың бұл әдісінде конструкцияның тексеру жеңілдетіледі, еңбек шығындары азаяды, монтаж кранының максималды жүккөтеруі қолданылады, бірақ объектінің толық немесе бөлек бөліктерін монтаждан кейінгі жұмыстарын тапсыру уақыты үлкейеді.
Кешенді әдіс кезінде кран ғимаратты периметрі бойынша бір айналады, әр тұрақпен объектінің тұрақты торларының барлық элементтерін құрастырады. Бұл әдістің артықшылығына қанқа монтажының соңынан қабырға қоршауларын ілу жұмыстарын, шатыр орнату және технологиялық құрылғыларды монтаждау жұмыстарын орындауға мүмкіндігі жатады. Алайда, монтажды кранның жүк көтеруі әрдайым рационалды қолданылмайды, бұл массасы әртүрлі бөлшектерді бір монтажды тор шегінде құрастыру қажеттілігіне байланысты.
Бұл әдісті көп қабатты ғимараттарды құрастыру кезінде қолданылады, сонымен қатар ауыр типті бір қабатты өндірісітік ғимараттарды құрастыруда, мысалы, металлургиялық цехтарда қолданады.
Кешенді әдісті қолдану кейде конструкцияның бөлек түрлерін құрастыру арасында технологиялық үзілістерді қажет етумен шектеледі. Мысалы, бір қабатты өндірістік ғимаратты темірбетон қаңқамен құрастыру кезінде конструкцияны монтаждау ретіне бағаналар мен іргетастар арасындағы жапсарларды монолиттеу қажеттілігі әсер етеді.
Мұндай жағдайда әр тұрақта конструкцияның екі немесе бірнеше түрі құрастырылатын монтаждаудың аралас әдісі туындайды. Мысалы, бағаналар бөлек әдіспен құрастырылады, ал бағаналарға тірелетін конструкциялар – әр тұрақпен кешенді құрастырылады.
Құрастырылатын элементтердің ірілендіру дәрежесіне байланысты ғимараттар мен имараттарды монтаждаудың келесі әдістерін ажыратады.
Уақ элементті монтаж – конструкцияның бөлек элементтерін жобалық қалыпта құрастыру мен орнату. Бұл әдісті сатыларды, тастөсемдер орнату мен конструкцияны уақытша бекітуден алу бойынша қосымша жұмыстарының үлкен көлемі үшін нашар қолданылады.
Элементтік монтаж – конструктивті элементтермен немесе бөлімдермен жүргізіледі. Бұл әдіс өндірістік және азаматтық ғимараттарды темірбетон конструкцияларынан құрастыру кезінде жиі қолданылады.
Ірілендірген блоктармен құрастыруда бөлек конструкциялар жазық немесе кеңістік блоктарға ірілендіріледі. Ірілендіру процесінде жоғарыда орындауға қиын және ыңғайсыз жұмыстарды – антикоррозиялық қорғаныс, шатыр орнату, гидроизоляциялық және жылу қорғау жұмыстары, сырлау жұмыстарын ең алдымен орындайды.
Ірілендірілген блоктармен монтаждаудың түрлерінің біріне құрылыс-технологиялық блоктармен кешенді құрастыру жатады. Бұл жағдайда құрылыс конструкцияларына жобалық қалыпта эксплуатация процессінде оларда орналасуы қажет технологиялық құрылғылар және коммуникациялар қондырылады. Құрылыс-технологиялық блоктармен құрастыру машиналар мен механизмдерді толық және жоба бойынша қолдану арқасында, сонымен қатар көмекші жұмыстардың қысқаруы, мысалы, трансформаторлы подстанцияларды құрастыру, су ысытқыштарды орнату, санитарлы-техникалық жұмыстардың қысқаруының арқасында объектінің ақысын және тапсыру уақытын азайтады.
