Алкоголизмнің 2сатысы, абстинентті синдром.
12. 28 жасар науқас психиатриялық клиникаға жедел психотикалық жағдайда түскен. Бойында үрей, қорқыныш бар, тынымсыз және қобалжыған. Терісі мен денесінде жәндіктердің жүргенін сезеді, оларды іздеп, ұстап, қанағанша қасып тастайды. Айналасының бәрі оны өлтіруге талпынып жүрген жаулар деп санайды. Қорқынышты бет-әлпеттер көріп, жаман дауыстарды естиді. Туысқандарынан науқастың соңғы 5 жыл бойында қандай да бір есірткі қабылдап жүргендігі белгілі болды. Интоксикация жағдайында көңілді, активті, көп сөйлегіш, өзінің қабілеттері мен мүмкіндіктерін асыра бағалайды. Бір күні бүкіл жинаған ақшаларын керексіз, пайдасыз дүниелерге жұмсаған. Абстиненция жағдайында зұлымдықпен, агрессивтілікпен, амал жоқтығымен және суицицдальді ойлармен жүретін депрессия пайда болады. Науқасты қарау кезінде созылмалы ринит, мұрынның шырышты қабатынан бөлінділер мен мұрын қалқасының некрозы анықталды.
1. Негізгі синдром
2. Дәрігердің тактикасы
Кокаин.
13. Науқас 14 жастағы бала. Жақсы оқып, ой ұшқырлығымен, оқылған нәрселерді оңай есте сақтайтын болған. ПАЗ (психоактивті заттарды) пайдалануды бастағаннан 3 айдан соң назар аударуда қиындықтар пайда болды, ой ұшқырлығы мен есте сақтауда қиындықтар пайда бола бастады. Агрессивтілік, кектену, бас ауруы байқалып, ұйқысы бұзылған, транспортта теңселетін болды. Мектепті тастап, үйінен бірнеше күнге кетіп қалатын болған. Мұрын қанаттары қызарған, ауыз терісінің айналасында бөртпелер пайда болды.
1. Негізгі синдром
2. Дәрігердің тактикасы
Марихуана.
14. 17 жастағы қыз. Сауық кешінде белгісіз бір есірткі қабылдаған. Бастапқыда көзінің алдында жарқылдақтарды сезінген, кейіннен көру галлюцинациялары дамыған, көңіл-күйі өте жақсы болды. Қонақ бөлмеде ойнап жатқан музыка жарық түстерге боялғандай болады. Есінде баяғыда өткен жарқын естеліктер жүзіп жүрді. Ол сезім өзінің естен адасып жатқанындай болып сезілген. Үйіне оралған кезінде ұша алатындай сезім, бүкіл денесінде жеңілдік және өзіне деген сенімділік пайда болған. Терезені ашып, қолдарымен сермеп жерге секірді. Құлаған кезде екі аяғын сындырған. Келесі күні таңертең психикасында ешқандай бұзылыстар байқалмайды, аурулық жағдайын критикалық түрде бағалайды. Суицидальді ойлары жоқ.
1. Негізгі синдром
2. Дәрігердің тактикасы
ЛСД
15. 19 жастағы науқас, 3 жылдан бері есірткі қолданады. Күніне 1грамнан 3 рет есірткі қабылдайды. Соңғы 3 күн ішінде есірткі алуға ақша таба алмаған, содан соң мұрын бітуі, жасаурау, мидриаз, түшкіру, қалтырау, құсу, «қаз терісі», аяқ-қолдардағы, арқадағы, мойын мен шайнау бұлшық еттердегі қатты ауру сезімі байқалған. Ұйқысы бұзылды, тәбеті жоғалып, ішектерде ауру сезімі, іш өту мен құсу пайда болды.
1. Негізгі синдром
2. Дәрігердің тактикасы
Опиоидтар
16. 22 жастағы науқас, ата-анасының талап етуімен наркологиялық бөлімшеге түскен. 18 жасынан бастап көкнәр сабағынан қолдан жасалған препаратты көк тамырға енгізген. Жоғарғы оқу орнына түскен, алайда көп рет сабаққа бармайтын. Есірткіні алғаш татып көргеннен соң жарты жылдан кейін патологиялық әуестік пайда болған, абстиненттік синдром дамыған. ЖОО-нан үлгермеушілігіне байланысты шығарылған. Жұмыс жасамайды, ұрлық жасағаны үшін сотталған. Бостандыққа шыққаннан соң да жұмысқа тұрмаған, ата-анасымен жиі ұрысады, есірткі қабылдауын жалғастыра береді, оны алуға ақшаны әртүрлі заңсыз жолдармен табады. Клиникада оған ұйықтататын дәрі салуын талап етеді, суицидпен қорқытады. Амал жоқтығынан шыдап жүр, есірткіні тастауға ниеті байқалмайды. Сомато-неврологиялық статусы: тері жабындылары құрғақ, жер түстес, беті ісінген, қолдарының треморы мен гиперрефлексия байқалады.
1. Негізгі синдром
2. Дәрігердің тактикасы
Опиындық наркомания 2 сатысы.
17. Наркоманда улану жағдайында үрей пайда болды, көңіл-күйі төмендеп, күдікшілдігі күшейді. Айналасында заттар түсі бойынша жарқырап, олардың ара қашықтықтары мен формалары өзгеріп кеткендей әсер пайда болды. Ерекше, өзгеріп және қозғалатын суреттер пайда болған. Науқас үрейленген, тынымсыз, қорқыныш сезімінде отыр. Аурулық сезімдерге критикасы жоқ.
1. Негізгі синдром
2. Дәрігердің тактикасы
Галлюциногендер.
18. Жас жігітте психоактивті заттың 10 таблеткасын қабылдағаннан 30 минуттан соң көңіл-күйі жоғарылап, сезімі жақсарып, көп сөйлегісі келген. Айналасының барлығы жарқырап, жамандықтардың барлығы ұмытылды. Бір орында отыра алмады, билеп, көп сөйлегіш болды. 40-45 минуттан соң ұйқысы келіп, салмақсыздық сезімі, және айналадағы заттардың барлығы формалары мен кеңістікте өз ара қатынастарын «өзгерткен». Ойлау темпі баяулап, болып жатқан оқиғаларды түсіну қиындай бастады. Үш сағаттан соң бағдар бұзылысы, адамдардың түрлері мен олардың тәртіптері бұрмаланған түрде қабылдана бастады. Шақырған дауыстарды ести бастады, көзінің алдында дөңгелектер пайда болды, сосын таңертең кездестірген таныстарын, тіпті ол дәл сол таңертеңгі болған оқиғаларды көрген. Өзінің қолын көрмейді, тек онда темекі қысулы тұрғанын сезіп тұр. Оны аузына жақындата берген кезінде, ол жоғалып кеткен.
1. Негізгі синдром
2. Дәрігердің тактикасы
Циклодол.
19. 28 жасар науқас 18 жасынан бастап анаша қабылдайды. 21 жасынан бастап көкнәр сабағынан қолдан жасалған опиаттар мен первитинді көк тамырына енгізген. Бұл препараттарды бір уақытта енгізіп жүрді. Есірткіге деген әуестігі күшті, ең қолайлысы – анаша. 2 аптаға дейін есірткілердің дозасын жоғарылатқан, ұйқысыздық пайда болған, бірнеше күннен кейін үрей, қорқыныш, есту жалған галлюцинациялары пайда болған. Ауруханаға түскен кезінде айналадағыларға бағдары жоғалған, бірдеңелерге құлағын түреді. Түсқағаздардың суреттерінен адамдар мен жануарлардың суреттерін көреді. Оны көршісі дуалап тастаған деп санайды. Бозарған, тершең және қол саусақтарының дірілі бар.
1. Негізгі синдром
2. Дәрігердің тактикасы
Полинаркомания.
20. 38 жастағы науқас, инженер, 15 жасынан бері табак қабылдайды. Бастапқыда күніне 1-2 темекі тартатын, ал соңғы үш жылда 20 темекіден аз емес. Егер темекіні тартпаса, тітіркенгіш, мазасызданады, темекіге деген басқарылмайтын қалау сезімі дамиды, жұмыс жасай алмайды, жөтел, бас ауру мен бас айналу пайда болады. Бұл сезімдер темекіні тартқаннан соң толықтай жойылады. Соңғы жылдары қасындағы құрдастарына қарағанда тез шаршағыш болып барады. ЖИА, созылмалы бронхит пен созылмалы гастриттің белгілері және ЖРВИ пайда бола бастады. Жұмысын дұрыстап атқара алмай, жиі қателіктер жіберетін болған. Қанағатсыздық және тітіркенгіштік сезімін ұстау қиындағанын айтады. Біршене рет темекіні тастауға талпынған, бірақ нәтижесіз.
1. Негізгі синдром
2. Дәрігердің тактикасы
Темекіге тәуелділіктің 2 сатысы.
21. Полиция қызметкерлері ұстаған 23 жастағы апиын пайдалатын нашақор, көршілерінің заттарын ұрлаған. 18 жасынан бері есірткі қабылдаған, мактан қолдан жасаған препаратты күнделікті қабылдаған. 19 жасынан бері есірткі болмаса қалтырау, тершеңдік, жасаурау, мұрын бітуі, бас аурулар, буындар мен сүйектердегі қышу сезімі мен диарея байқалған. Еш жерде жұмыс жасамайды. Отбасы жайлы ойламайды. Ата-анасынан дөрекі түрде есірткіге ақша талап етеді. 2 жыл бұрын ұрлық жасағаны үшін 1 жылға сотталған.
1. Негізгі синдром
2. Дәрігердің тактикасы
Опиоидты абстинентті синдром.
22. 42 жастағы ер кісі 19 жасынан бастап алкогольді ішімдіктерді шектен тыс қолданады, ертесіне бас жазады. Спирттік ішімдікке үнемі әуес болып тұрады. Спирттік ішімдікті ішуді тоқтатқаннан соң 2 күннен кейін, кешкі уақытта әйелдер мен ер кісілердің «дауыстары» пайда болған, олар өзара оның іс-әрекеттерін талқылап, оны жазғырады. Бұл дауыстар оған қабырғаның артынан келіп жатты. Күндізгі уақытта, әсіресе науқас жұмыста немесе «қолы тимей жатқан кездерде» «дауыстар» жоғалып кетеді, бірақ кешкі уақытта қайта пайда болады.
1. Негізгі синдром
2. Дәрігердің тактикасы
