Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция-касипкерлик (2).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
451.07 Кб
Скачать

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:

  1. Ермаков В.А. Как организовать свой малый бизнес. Алматы, 2007.

  2. Хоскинг А. Курс предпринимательства. М. 2003

  3. Кабушкин Н.И. Менеджмент туризма: Учеб.пособие. – Мн.: БГЭУ 2005.-644 с.

  4. Квартльнов В.А. Стратегический менеджемент в туризме: Современный опыт управления. – М.: Финансы и статистика,2001,-496 с .

  5. Ковалев В.В, Финансовый анализ: Управление капиталом. Выбор инвестиций. Анализ отчётности. – М.: Финансы и статистика, 2012.- 368с.

  6. Котлер Ф. Боуэн Дж,. Мейкенз Дж. Маркетинг. Гостеприимство и туризм: Учебник для вузов / Пер. с англ. Под ред. Р.Б. Ноздревой. – М.6 ЮНИТИ, 2002т.- 787 с .

  7. Ламбен Ж.Ж. Стратегический маркетинг. - СПБ.: Наука, 2009. 306 с.

  8. Липсиц И.В., Коссов В.В. Инвестиционный проект: методы подготовки и анализа . – М., 2012. – 293 с.

  9. Любанова Т.П., Мясоедова Л.В. Граматенко Т.А., Олейнекова Ю.А. Бизнес-план: Учебно-практическое пособие. - М.: «Издательство ПРИОР» , 2009. – 172 с.

  10. Николаева С.А. Особенности учета затрат в условиях рынка: система «Директ-костинг». – М.: Финансы и статистика, 2013.- 124 с.

Тақырып 12. Кәсіпорын капиталы түсінігі. Негізгі капитал

Мақсаты: Кәсіпорын капиталының түсінігі және жіктелуі туралы білу

Кілтті сөздер: капитал, нарық, негізгі активтер, жарғылық маркетинг, негізгі капитал, сыйымдылық, жарғылық қор, қосымша төленген капитал, сұраныс заңы, даму,

Сұрақтар:

  1. 1. Кәсіпорын капиталы

  2. 2. Негізгі капитал

  3. Әдебиеттер: 1-10

Қоғамның мақсаты: шектеулі ресурстарды қолданып, игіліктерді өндіру. Бұл тақырыпта ресурстарды пайдалану мен олардың қозғалысын талдап, қорытынды жасаймыз.

Кез келген елдің ұлттық шаруашылығы бір жағынан ерекшеленген, екінші жағынан жеке ұдайы өндіріс жасай­тын өзара байланыстың формальдық жиынтығы болып табылады.

Жеке ұдайы өндіріс - тауар өндіру және табыс алу мақсатында шектеулі факторлардың өндірістік бірігуінің үздіксіз қайталанатын процесі.

І сатысы П сатысы Ш сатысы

ҚЖ

А - Т . . . Ө . . . Т1 - А1

ЖҚ

А - ақша қаражаты; Ө - өндіріс процесі;

Т (ҚЖ) - өндіріс құралдары; Т1 - дайын өнім;

Т (ЖК) - жұмыс күші; А1 - сатылған өнімнен

алынған ақша қаржысы.

Ұдайы өндірістің бастапқы кезеңі капиталдың ауыс­палы айналымынан басталады. Капиталдың ауыспалы фак­торларының үш сатысының әрқайсысы белгілі бір функцияны атқарады:

  • біріншісінде, өндіріс жағдайлары қалыптасады;

  • екіншісінде, тауар және қызмет өндірісі жүзеге асады;

  • үшіншісінде, тауар сатылады және қызмет көрсетеді.

Сонымен бірге кәсіпкерлік іс-әрекет тауарлы өндіріс сферасында система ретінде қарастырылады.

1. (АЖК, содан кейін өндірістік технологиялық процесс (. . .Ө. . . ) және дайын өнім шығарылады (Т1 - А1), сөйтіп, оны сату арқылы тиісті табыс алынады.

Кәсіпорын іс-әрекетінің негізгі қорытындысы қордың айналымы - инвестициялық ресурстардың (өндірістік факторлар) құндық қозғалысына өндіріс және айналыс факторлары арқылы үш сатылы жүйені: өндірістік, ақшалы және тауар формаларын қолдайды.

Айналым мен айналыс бір-бірімен аргономикалық жағынан байланысты. Олар бір-бірімен тепе-тең емес. Айналым айналысқа қарағанда кең, себебі өндірістік қорлардың кейбір элементтері өзінің қозғалысын әр түрлі жылдамдықта жасайды, алғашқы формасында авансталған құнын қайтарады. Бір бөлігі әрбір айналыстан кейін, мысалы: қолданылған шикізаттар мен материалдар, кейбірі бірнеше айналымнан кейін, мысалы: қолданылған шикі­заттар мен материалдар, кейбірі бірнеше айналымнан кейін, мысалы: үй, ғимараттар, құралдар. Нәтижесінде барлық авансталған құн құрал жабдыққа қайталанады, бірнеше айналыстан кейін айналыс фондасын құрайды.

Айналымды жүзеге асыратын - өндірістік капитал болып табылады (К.Маркс оны өнеркәсіп капиталы деп атады).

Өндірістік капитал деп - томаға тұйық өндіріс циклінде қызмет ететін құндық нышандары бар өндіріс факторларын айтады.

Өздерінің натуралды - заттай құндарын көшіру тәсіліне байланысты қолданылған өндірістік капитал екі топқа - негізгі және айналмалы капиталға бөлінеді.

Негізгі капиталға - өндіріс үйлері, ғимараттар, жаб­дықтар және т.б. жатады. Олар бірнеше өндірістік циклдер­де пайдаланылады және өз құндарын өнімге бөлшектеп ауыстырады.

Айналмалы капиталға шикізаттар, материалдар жұмыс күші жатады. Олар бір өндірістік цикл кезеңінде пайдаланылады және өз құндарын өнімге толық түгелімен ауыстырады.

Қызмет ету мерзімінде негізгі капиталдың өз құнын жасалған тауарлардың құнына ауыстыру процесін және оның шоғырланып амортизациялық (өтелім) қорға айна­луын - амортизация (өтелім) деп атайды.

Амортизациялық мерзім - өндіріс құрал-жабдықтары­ның құнын, бөлінген амортизациялық қаржы есебінен толық өтеу қажет. Көпшілік елдерде амортизациялық мерзімді мемлекет реттеп отырады.

Амортизациялық қор - негізгі қорларды жай және кеңейтіп көбейтуге арналған ақша қаражаты: экономи­ка­лық табиғаты екі түрлі, яғни тозған негізгі қорлардың орнын толтыру процесіне және оларды кеңейте отырып, көбейту процесіне бір мезгілде қызмет көрсетеді.

Амортизация (лат. Amoctisatio - орнын толтыру) – не­гізгі қорлардың құнын сол қорлар арқылы өндірілетін өнімдер мен қызметтерге бірте-бірте көшіру, ақша қара­жа­ты­ның мақсаты - шоғырландыру және оларды тозған негіз­гі қорлардың орнын толтыру үшін пайдалану, құнын жоғалту. Өндірілген өнім өткізілгеннен кейін алынған кірістің бір бөлігі - негізгі қорларды қалпына келтіруге арналған арнаулы амортизациялық қорға аударылады.

Өндірістің негізгі қорлары - өндірістік процеске тіке­лей қатысатын және дайын өнімге өзінің бағасын біртіндеп көшіретін материалдық құнды заттар жиынтығы. Бұлар еңбек құралдарының экономикалық формасы ретінде өндіріс процесіне ұзақ уақыт қатысады.

Физикалық тозу - еңбек өндірісі құралдарының бір­тіндеп өндіріс процесінде ұзақ уақыт қолдануы арқасында тозуы, тозу механикалық, металды зат болу және металдың тозуы, майысуы және ғимараттардың қирауын айтады.

Материалдық тозу деп - құнның екі себепке, яғни:

1) ұқсас, бірақ арзан еңбек құралдарын жасауға,

2) өнімділігі жоғары, бірақ бағалары бірдей еңбек құралдарын жасап шығаруға байланысты жойылуын айтады.

Табиғи және материалдық тозуды есептеу үшін амортизация нормасының маңызы зор.

Амортизация нормасы - деп амортизацияға ұсталған жылдық соманың негізгі өндірістік капиталдың жылдық орташа құнына қатынасын айтады, ол пайызбен анық­та­ла­ды. Ол бірнеше жылдан кейін негізгі капиталдың құны өтелетіндігін көрсетеді. Ғылыми-техникалық прогресс жағдайында жабдықтардың қызмет ету мерзімі қысқарады, сондықтан да өтімді жеделдету проблемасы пайда болады. Оны реттеу үкімет құзырында.

Айналым қаражаты - өнім өндіру мен өткізудің жос­парлы және үздіксіз процесін қамтамасыз ететін өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларын құру үшін бірлес­тіктерге, кәсіпорындарға, ұйымдарға арналған ақшалай қаражатының жиынтығы. Қосымша керек ететін қаржы банк есеп шоты арқылы қамтамасыз етіледі.

Айналыс қорлары - өндірістің бір кезеңінде түгелімен пайдаланылатын өндірістік қорлардың бір бөлігі.

Олардың құны өндірілген өнімге толығымен аудары­лады. Айналым қорларының негізгі элементтері еңбек зат­тары. Өндірістік запастар (шикізат, негізгі және қосымша материалдар, ыдыстар т.б.) тозатын еңбек құралдары кәсіп­орнының айналым қаражаты есебінен алынады.

Айналым уақыты - өндіріс уақытына және айналыс уақытына бөлінеді. Айналым жылдамдығы белгілі бір уақыт кезеңінде ресурстардың жасаған айналым санымен анықталады:

N = O/t

Мұнда:

n - бір жылдағы айналым саны;

о - қабылдаған уақыт өлшемі (бір жыл);

t - белгілі ресурстардың айналым уақыты.

Айналмалы капиталға шикізаттар, материалдар, жұмыс күші жатады. Олар бір өндірістік цикл кезеңінде пайдаланылады және өз құндарын өнімге толық, түгелімен ауыстырады. Қызмет ету мерзімінде негізгі капиталдың өз құнын жасалған тауарлардың құнына ауыстыру процесін және оның шоғырланып амортизациялық қорға айналуын - аммортизация деп атайды.

Аммортизация қоры өндіріс процесінде табиғи және моральдық тозған негізгі капиталдың элементтерін орнына келтіру үшін қажет.

Негізгі капиталдың табиғи тозуы деп оның тұтыну құнының жойылуын айтады.

Негізгі қорларды пайдаланудың кең тараған көрсет­кіші қор қайтарымы (ФО) болып табылады.

ФО = П/Фосн

Мұнда:

ФО - қор қайтарымы;

П - жасалған өнім;

Фосн - негізгі өндірістік қорлардың құны.

Айналмалы қорларды (капиталдарды) пайдалану материал сыйымдылығымен (МЕ) анықталады:

МЕ - Фоб

Мұнда:

Фоб/П - айналмалы қорлар;

П - жасалған өнім құны;

МЕ - материал сыйымдылығы.

Негізгі және айналмалы капиталдардан басқа, өндіріс салаларында қызмет ететін, фирмалар үшін сатып өткізу процесін жүзеге асыратын айналыс қорлары қажет.

Айналмалы қорлар мен айналыс қорларына жұмсал­ған ақша қаражаттары айналым қаражаттарын құрайды.

Айналым қаражаттарын пайдалану тиімділігі, айна­лымдылық коэффициенті арқылы анықталады, ол бір жылда сатып өткізілген өнім құнының айналым қаражат­тарының орташа қалдығына қатынасымен өлшенеді.

2. Айналым - уақыт пен жылдамдық арқылы өлшенеді.

Капиталдың айналым уақыты деп шектеулі ресурс­тар­дың өндіріс пен айналыс сфераларынан өтіп, өзінің бастапқы нысанасына қайтып оралу кезеңін айтады.

Өндірістік қордың құрылымы оның айналыс жыл­дам­дығына үлкен әсер етеді. Оны анықтау айналыс санын (N) белгілі бір периодтағы жасалынған (О) әдетте жыл, не бір айналыстың ұзақтығына байланысты.

N =; O =;

Ағындының айналыс уақыты (βоб) өндіріс уақыты (βn) және айналыс уақыты, себебі өндірістік қор өзінің қозға­лы­сын­да өндіріс және айналыс сатысынан өтеді.

об) = (βn) + (βо)

Өндіріс уақыты барлық периодты қамтиды. Құрал­дар мен өндіріс сферасындағы еңбек заттары, кәсіп орнының қоймаға түскеннен бастап дайын өнімді сатуға дейін болуында.

Айналыс уақытын қоса есептегенде:

а) дайын өнімнің қоймада болған кезі;

б) оларды тұтынушыға транспортировкалау уақыты.

Негізгі капиталға еңбек құралдарының құны жатады, айналмалыға еңбек заттарының және жумысшы күшінің төлем құңдары жатады. Капитаддың осы бөлшектерінің айналымының айырмашылықтары, өңдіргіш капиталдың құнының әр элементтерінің жасалынатын өнімге өзінің құнын алмастыруының әдістерінің әр түрлі болуымен байланысты болады.

Негізгі капитал - бұл өндіріс процесіне тұтас қатынасатын, бірақ өз құнын өнімге бір-бірте ауыстырып, меншік иесіне ақшалай формада бірте-бірте қайтып оралатын капитал. Нсгізгі капиталға барлық жабдықтардың, машиналардың, өндірістік ғимараттардың, құрылыстардың құны жатады. ІІІикізат, отын, материалдар айналмалы капиталға жатады, бұлардың құны әрбір ауыспалы айналым актісінен кейін қайтып оралып отырады. Осыған жұмысшы күшінің төлем құны да жатады.

Айналмалы капитал - өндіргіш капиталдың бір бөлігі болып табылады; оның құны, оны тұтыну процесінде толығынан өнімге ауысып, әрбір ауыспалы айналым актісінің соңында (жоғарыда айтылғандай) ақшалай формада тұтас қайтады.

Негізгі капитал материалдық (физикалық) және моралдық жағынан тозады.

Материалдық тозу: негізгі капиталдың элементтері физикалық түрғыдан қызмет етуге жарамсыз болып қалуы. Олардың тұтыну құны жоғалады. Материалдық тозу мынадай жағдайларла орын алады:

  • жұмыс кезеңінде капиталдың қызмет ету процесінде;

  • табиғат күштерінің әсерімен жұмыссыз қалған кезенде.

Материалдық тозудың екі жағы болады:

  • техникалық-өндірістік - тұтыну құнының жойылуы;

  • құндық - құнның жаңа өнімге көшуі.

Моральдық тозу - бұл негізгі капиталдың, еңбек құралдарының құнының төмендеуінің нәтижесінде, немесе, олардың өнімділігінен жоғары өнімді еңбек құралдарының пайда болуына байланысты құнының бағалылығының жойылуы. Моралдық тозудың екі түрі болады:

еңбек өнімділігінің өсуіне сәйкес берілген еңбек құралдары арзандау, аз құнмен ұдайы өндіріледі;

құны бұрынғыдай машиналар өндіріледі, бірақ техникалық жағынан жетілуі, өнімділігі, рентаблділігі жогары болады.