Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция-риторика.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
360.96 Кб
Скачать

Сот шешендігінің алқаби институтын енгізудегі қажеті

Қазіргі кезеңдегі сот төрелігін сөз қылғанда сот жүйесіндегі әділетсіздіктерді айтпай кетуте болмайды. Сот жүйесіндегі әділетсіздіктер — қазіргі қоғамдағы белең алған, әсіресе адам санасына түскен өкінішті дерттердің бірі. Әуел баста тергеуші өз ісін әділ жүргізбегендіктен, жанама дәлелдерге құрылып, жазықсыз мойнына кінә тағылған айыпталушылар дені бүгінгі күні жиі көрініс береді. Бұл — қазіргі кездегі адвокат шеберлігінің, прокурордың кәсіби денгейінің осал түсіп жатқанынан деген қорытынды шығарамыз.

Әділдік категорияларының негізгі принциитері осы жерде босаң тартады. Сот төрелігінде талай жемісті еңбек атқарған заңгер М. Нәрікбаевтың: «Билеріміз айтып кеткен: «Әділ билік болмаса, халқыңды дерт алады» деген сөздер бүгінгі сот төрелігін жүргізіп отырған барлық судьялар үшін күндіз-түні мойнынан тастамайтын тұмары, қолынан түсірмейтін тасбиығы, басшылыққа алып отыратын ең басты шарты дер едім»1 — деп ағынан жарылу тегін емес.

Бүгінгі таңда сот жүйесінде қызмет етіп жүргендер көбінесе жастар не тәжірибесі аз мамандар, Сондықтан судьяның жеке басы, еңбек тәжірибесі үлкен роль атқарады. Өз ісіне берілген, тәжірибесі мол маман ешқашан заң бұзушылыкқа бара алмайды.

Сот жүйесіндегі әділетсіздіктер, қылмыстық істі қарау кезіндегі біржақтылық немесе заң бұзушылық тек судьялардың кінәсінен деп болмайды. Сондықтан қылмыстық істі қарау барысында адам тағдыры шешілетіндіктен айыптаушы мен қорғаушы өз сөйлеулеріне асқан жауапкершілікпен келулері керек. Ендігі бір өзекті мәселе, тілдік қолданыста ұлттық психология, ұлттық дәстүр, ұлттық мәдениет сияқты ұғымдар әбден қалыптасып үлгерген, ал ұлттық құқықтық жүйе деген мүлдем кездеспейді. Кездессе де, соңғы кезде ара кідік бірен-саран ғалымдарымыздың аузынан ғана есітіліп жүр. Негізіен құқықтық жүйенің гуманитарлық салаға жататынын, оның да ұлттық санамыздың болмысынан туындайтын тәртіпті әрекетімізді реттеуші ғылым ендігін ескерсек, оның да ұлттық сипатына баса назар аударудан ұтпасақ ұылмайтынымыз анық. Қазіргі құқықтық жүйеміздің ұлттық сипатымен етене тығыз қабысып жатқан, қазіргі қоғамымыз талап ететін сот тілмарлығының да ұлттық сипатта болуы — зандылық.

Алқаби соттары институты жоқ жерден пайда болған жоқ. Өзіндік даму жолынан өтті. Бүл институт, жазба деректерге жүгінсек, тұңғыш рет XII ғасырда Англияда, ал кейбір мағлұматтар 829 жылы Францияда пайда болғанын көрсетеді. Ал оның біржола қалыптасып, XVIII соңына таман классикалық үлгісінің іргесі қаланды. Сол тұста-ақ кәсіби және кәсіби емес судьялардан құралды. Бұлар екі мақсатты көздеді. Кәсіби судьялар құқықтық және жазалау мәселесін шешті, ал кәсіби еместерге айыптының жазықты не жазықсыз екенін шешу жүктелді. Еуропада XVIII ғасырдың соңында іс бойынша қабылданатын шешімді кеңесу бөлмесінде алқа билер соты кәсіби судьямен бірлесіп шығаруға бағытталған заң қабылданды. Бұл институттан бас тартып, бірақ уақыт өткен соң қайта жүгінген елдер де болды. Осындай елдердің бірі - Россия еді. Алқабилер институты онда алғаш рет 1864 жылы қабылданып, 1917 жылғы қазан төңкерісіне дейін орын алды. 1993 жылы Россия алқа билер институтын енгізу туралы шешім шығарып, оның классикалық моделін таңдап алды.