- •Жұмыстың міндеттері:
- •Жұмыстың ғылыми жаңалығы мен нәтижелері:
- •1.3 Аударматану жүйесіндегі теңеулердің алатын орны
- •Жас жігіттей көңілі шағылмаған, Жас қыздардай қызығы арылмаған.
- •2.2 Тұрақты теңеулердің көркемдік қызметтері
- •Түздегі қу бас жақтанып, деген [34, 30],
- •2.3 Көркем әдебиеттегі теңеулердің берілу аясы мен қолданысы
- •1) Көріктеу; 2) Меңзеу; 3) Әсерлеу».
- •Агата Кристи детективтеріндегі тұрақты теңеулердің ағылшын-қазақ тілдерінде берілу ерекшеліктері
- •3.3 Ағылшын - қазақ тіліндегі тұрақты теңеулердің ұлттық-мәдени ерекшелікке байланысты берілуіне талдау жасау
- •Қорытынды
- •Жүргізілген жұмыстарының нәтижелері бойынша қысқаша түйін:
- •Қойылған міндеттерді шешу дәрежесін бағалау:
- •Нақты зерттеу дәрежесі бойынша ұсыныс:
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Ертедегі ауыз және көркем әдебиетіндегі теңеулер
- •Ертедегі ауыз және көркем әдебиетіндегі теңеулер
Агата Кристи детективтеріндегі тұрақты теңеулердің ағылшын-қазақ тілдерінде берілу ерекшеліктері
Тұрақты теңеулер жүйесіндегі орыс тіліндегі теңеулер мен тұрақты теңеулердің ерекшеліктері. Қазақ тіліндегі эпитеттер мен басқа тілдердегі эпитеттердің жасалыну жолдарының негізі бір десек, теңеулердің бірлік жағы да, кейбір тілдегі теңеулердің жасалынуынан, мысалы орыс тілімен салыстырғанда айырмашылығы бар. Орыс тіліндегі теңеулер «как, как точно, будто, подобно, что» арқылы жасалынатыны тәрізді, қазақта да кейбір теңеулер «секілді» деген сөздер арқылы жасалынады.
как «Москва, как река, затухает…» (Полночный троллейбус);
словно «О, природа, ты ж одной морковью, словно мать насытить нас смогла!» (Одна морковь с заброшенного огорода);
как будто «И нужно достойно и точно её (рыбу) оценить, как будто бы первою любовью себя осенить» (Храмули) .
Бұл орыс тіліндегі теңеулердің «будто, подобно» деген сөздер арқылы келетін теңеулеріне дәл келеді. Бірақ орыс тілінде теңеудің көпшілігі творительный падеж арқылы жасалынады. Қазақ тілінде және көркем әдебиетте мұндай қолданылу барысы кездеспейді. Бұл арнайы қолданулар орнына көркем әдебиетте теңеудің өзіне тән белгілі-белгілі және арнайы жұрнақтары бар.
Орыс тілі саласындағы теңеулерді зерртеп қарастырып кетсек. Теңеу – ол стилистикалық тәсіл, грамматикалық транформацияға негізделген салыстырулар. Трансформацияға негізделген теңеу екі түрге бөлінеді. Олар – тұрақты теңеулер айналымы және теңеулі деңгей. Тұрақты теңеу айналымы как, как будто, словно, точно, ровно, как бы деген шылар немесе жалғаулықтар арқылы қолданысқа енеді. Мысалы: «Безумных лет угасшее веселье, мне тяжело, как смутное похмелье, но, как вино, - печаль минувших дней, в моей душе чем старе, тем сильней» (Пушкин). Тұрақты теңеулі деңгей тәсілі сын есім мен үстеудің құрылымынан, орыс тіліндегі творительный падеж арқылы беріледі. Мысалы: «Под ним струя светлый лазури» (Лермонтов).
Теңеу – екі заттың немесе жағдайдың құрылуына байланысты бейне бір ұғымды білдіреді. …чёрные брови, как траурный бархат, оттеняли его побледневшие черты (Н.В.Гоголь) . Орыс тіліндегі кей теңеулер тура және қарама-қарсы болып бөлінеді. Тура теңеуге мысал келтіре кетсек: прямыми (И листочки бегут по дорожке, словно жёлтые мышки от кошки…). Ал қарама-қарсы теңеу:
Не ветер бушует над бором, Не с гор побежали ручьи: Мороз-воевода дозором, Обходит владенья свои… (Н.А.Некрасов) [77].
Орыс тілінің көркем әдебиетіндегі теңеулердің қолданысы. Поэзия, роман, көркем әдебиетте немесе бейне бір мақалаларда теңеулер поэтикалық сипатта қолдынылады. Көркем әдебиеттің шеңберінде поэтикалық сипаттағы теңеулер қазақ тілінің әдебиетіндегі кейбір теңеулер сияқты орыс көркем әдебиетіндегі теңеулерді түр-түрге бөлінеді. Бұл бөлінген теңеулерді лексико-тематикалық топ деп атайды. Олар:
Түр-тұрпаттағы атаулар: «Ты хрупкая, словно скорлупка…» - о женщине (Допеты все песни); Ты так играешь, так играешь, как будто медленно сгораешь…» - о человеке (Надежда, белою рукою); «Ты пошли мне, Лазаревка, жену, как ты, Лазаревка, ласковую, как ты, Лазаревка, крутую в мороз, как ты, Лазаревка, жаркую…» (Лазаревка); «Ты подобна мгновенному снимку, где полночь и двор в серебре…» - о женщине (Допеты все песни); «Учитель мой, взъерошенный как бес» (Подмосковье); « С вами я как тот богач,… я как всадник на коне…» (Рифмы, милые мои); «Мы пролетим над тёплою землёй в обнимку, как кленовая листва…» (Подмосковье).
Жан-жануарлар атауы: «И бабочки, как еретички горят на медленном огне…» (Подмосковье); «И меж ними (жуки), словно меж людьми, разворачиваются, как горы, долгие мистерии любви и решительные разговоры »(Подмосковье); « И филин рыдает, как Ветер…» (Осень в царском селе).
Өсімдіктер атаулары: : «Лишь белые вербы, как белые сестры, глядят тебе в след» (Песенка о пехоте); «Потоньше, потоньше колите на кухне дрова, такие же тонкие, словно признаний слова» (Храмули); «Были листья странно скроены, похожие на лица» (Осень в Кахетии); «А вербины цветы, как серые щенки…» (Подмосковье); «Красный ястреб в листьях красных, словно в краске утопал…» (Осень в Кахетии); «Прямо с колючек, словно с крылечек, спрыгивал он как танцор на носок (О кузнечике).
Зат атаулары: «Он кепчонку, как корону, - набекрень» (Король); «А тот мангал, словно пёс – на запах» (Последний мангал); «И срывая очки, как винтовку с плеча» (Грибоедов и Цинандали); «А чёрный молоток его, как ласточка» (Сапожник); «Чтобы были ваши кисти словно листья…» (Живописцы).
Табиғат апаттарының атаулары: «Когда метель кричит как зверь – протяжно и сердито…» (Песенка об открытой двери).
Негізінен орыс тіліндегі тұрақты теңеулер творительный падеж арқылы көрініс табады. Творительный падеж теңеулері бір заттың бір нәрсеге ұқсастығын білдіреді. Мысалы: «Шла война, и кровь текла рекою» (Одна морковь с заброшенного огорода) [78].
Ендігі кезекте тұрақты теңеулердің ағылшын көркем әдебиетінде және жазбаша мен ауызша әдебиетінде қалай қолданылатыны жайлы сөз етпекпіз. Теңеу – әдебиеттік құрылым және стистикалық тәсіл, сөйлемдерде салыстыру үшін қолданылады. Ағылшын тілінде теңеу мен метафора бірдей қызмет атқарады. Бірақ теңеудің метафорадан тек бір ғана айырмашылығы бар, ол – шылауда. Бұнда да орыс тілі сияқты «как» шылауы қолданылады, яғни, «like, as» сөздері пайдаланылады.
Your smile is like a blooming flower.
Сіздің жымиғаныңыз жаңа гүлдеген гүл сияқты. 2.You are as sweet as chocolate. Сіз сондай бал шекер сияқтысыз. 3. Life is like a box of chocolates. Өмір қамшының сабындай қысқа. 4. Your eyes are blue as the ocean. Сіздің көздеріңіз түпсіз терең тұңғиықтай. 5. Her hair is black as the night. Оның шашы жан баспаған жапандағы қара орман сияқты.
Теңеу бір нәрсені бір нәрсемен салыстыру, оқырман ойындағы қиялды тудырып, ұлғайту болып табылады. Кей кезде аталмыш сөздердің орнына теңеу сын есімнен, етістіктен және зат есімнен құрылады. Мәселен, сын есімді сөздері бар теңеулер:
as rich as __________
as dry as __________
as pretty as __________
as quick as __________
as good as __________
as clean as __________
as big as __________
as heavy as __________
as dull as __________
Зат есімді теңеулер:
The overgrown garden looked as if __________
The black smoke smelt like __________
The thick rain felt as if __________
The music she heard sounded like __________
The fresh coffee tasted like __________
Етістікті теңеулер:
She ran like __________
It snowed like __________
The baby crawled like a __________
Негізінен қайсы бір көркем әдебиетті алмасақта, жазушының белгілі бір шығарманы жазу барысындағы оқырмандарды қызықтырып, жазған шығарманы әрі қарай әрлендіру үшін теңеу, метафора, эпитет және тағы басқа әдеби-стилистикалық тәсілдерді қолданады [79].
Бұл бөлімді қорытындылай келсек, қазақ әдебиетіндегі тұрақты теңеулердің қолданысы шексіз деп те айтсақ артық болмас. Өйткені әрбір тұнып тұрған сөздің ішіндегі бір болмасын бір теңеулер кездесіп жатады және қолданыс аясы бір шылауға немесе сөзге келіп тоқтап қалмайды, әрбір астарлы сөздің астында бір нәрсені бір нәрсеге салыстырудан тұрады. Осыдан шығатын нәтиже қазақ әдебиеті көркем сөздерге тұнып тұрған, сөздің асыл мұрасы жасырылған қазынадай тәрізді. Ал орыс көркем әдебиетіндегі тұрақты теңеулер де белгілі бір шығармаға көркемдік пен әсерлілік береді. Бірақ олардың қолданысы тек сын есімге немесе арнайы шылауға ғана байланысты туындайды. Ағылшын көркем әдебиетінде тұрақты теңеулер сын есіммен, зат есіммен, етістікпен, үстеумен де қолданыла береді, сонымен қатар өзінің арнайы қолданысқа ие сөздері де бар. Ал үш тілдегі көркем әдебиетке ұқсас нәтижелер – олар теңеулердің әр салаға байланысты бөлінуі үш тілдің де қолданысында ие. Және әр әдебиетте де бірдей мән-мағынаны сомдайды, яғни, салыстыру немесе теңеу. Көркем әдебиетте теңеуді пайдалану белгілі бір көріністі әсірелеп, бейне бір әсерге бөлеу және оқырманды ерекше бір қиялға тербеп, қызықтыру үшін арнайы сөздермен теңеп салыстырып пайдаланады.
