- •Жұмыстың міндеттері:
- •Жұмыстың ғылыми жаңалығы мен нәтижелері:
- •1.3 Аударматану жүйесіндегі теңеулердің алатын орны
- •Жас жігіттей көңілі шағылмаған, Жас қыздардай қызығы арылмаған.
- •2.2 Тұрақты теңеулердің көркемдік қызметтері
- •Түздегі қу бас жақтанып, деген [34, 30],
- •2.3 Көркем әдебиеттегі теңеулердің берілу аясы мен қолданысы
- •1) Көріктеу; 2) Меңзеу; 3) Әсерлеу».
- •Агата Кристи детективтеріндегі тұрақты теңеулердің ағылшын-қазақ тілдерінде берілу ерекшеліктері
- •3.3 Ағылшын - қазақ тіліндегі тұрақты теңеулердің ұлттық-мәдени ерекшелікке байланысты берілуіне талдау жасау
- •Қорытынды
- •Жүргізілген жұмыстарының нәтижелері бойынша қысқаша түйін:
- •Қойылған міндеттерді шешу дәрежесін бағалау:
- •Нақты зерттеу дәрежесі бойынша ұсыныс:
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Ертедегі ауыз және көркем әдебиетіндегі теңеулер
- •Ертедегі ауыз және көркем әдебиетіндегі теңеулер
Жас жігіттей көңілі шағылмаған, Жас қыздардай қызығы арылмаған.
Біздің ойымызша, теңеулерді бұлай алты топқа бөле қарастыру синтаксистік жағынан алғанда ғана өзін-өзі ақтайды. Өйткені көптеген теңеулер лексика-семантикалық, морфологиялық жағынан келгенде жоғарыда жеке-жеке көрсетілген теңеулер шеңберіне сия бермейді. Кейбірі әрі толымды, әрі бірыңғай болуы немесе әрі толық, әрі болымсыз болуы мүмкін. Дегенмен, тілдің арнайы бір саласы, синтаксистік жағынан келгенде, теңеулерге осылай классификация жасаудың жөні бар екендігіне қосыламыз. Тілдегі сөздердің логика-семантикалық топтарға бөлінетіндігі жөнінде шетел ғалымдары Ш.Балли, Б.Рассел, Р.Карман, орыс ғалымдары Б.З.Панфилов, Н.Д.Арутюнова, Ю.С. Степанов, О.С.Ахманова, т.б. айтқан еді. Біз ілгеріде келтіре кеткен зерттеулерінде Т.Қоңыров та теңеулерді логика-семантикалық жағынан қарастыра отырып, оларды ассоциациялық образды типтерге бөледі. Ғалымның айтуынша, ондай типтер бесеу. Теңеулерді өнімді қолданған Б.Күлеев шығармаларынан осы типтердің барлығын дерлік кездестіруге болады. Парадигмалық және синтагмалық құбылыстармен байланысып келетін мұндай ассоциациялық топтар объектінің, образдың, белгінің функцияларына қатысты болады [26, 102]. Мәселен, бірінші жағдайда объект (Т.Қоңыров оны предмет деп атайды) біреу болады да, образдар мен белгілер көп болады. Бернияздың "Жастық күнім" өлеңінің объектісі - жастық күн. Екінші типте бір образ бірнеше затқа бірдей қаратыла айтылады. Бұл жерде теңеудің бейнелеу құралы ретіндегі мүмкіндігінің кең екендігін және семантикалық өрісінің де үлкен екенін аңғаруға болады. Себебі, теңеу сөздердің семантикалық мағынасы теңелген затқа байланысты, салыстырылған объектіге қатысты әрдайым жаңа семантикалық өріс тудырып отырады. Келесі ассоциациялық топта объекті мен белгі біреу, образдар әр алуан болып келеді, яғни автор белгілі бір затты немесе құбылысты бейнелеу барысында түрлі теңеулерді қолданған. Б.Күлеев поэзиясындағы осындай объекті мен белгінің тұрақты түрде болып келу жиі байқалады. Б.Күлеевтің өлеңдері мен поэмаларында, негізінен, логика-семантикалық ассоциацияның екінші типі кездеседі де, әр түрлі белгілер мен объектілерді бейнелеуде сұлудай, қызғалдақтай, жолбарыстай, арыстандай, судай, бұлақтай т.с.с. теңеу түрлері актив қолданылады. Теңеу сөздерді семантика-стилистикалық жағынан да бөлу - тіл білімінде бұрыннан бар дәстүр. Теңеулерді осылай бөлуде ғалымдар әр қилы пікірлер айтады, содан барып кей жағдайда терминологиялық жағынан бұл мәселеде бірізділікті ұстана бермейтіні байқалады. Біз өз жұмысымыздың мақсаты мен міндеттеріне қарай, Б.Күлеевтің тілі мен стилін сипаттай алатын семантика-стилистикалық мәні айқын бірнеше түрлерді ғана алып, талдау жүргізбекпіз. Семантика-стилистикалық белгілері арқылы теңеулерді әр түрлі топтарға бөле қарастыру олардың бейнелі сөз ретінде тілдің басқа да осындай көркемдік құралдарымен, лексикалық бірліктерімен байланысу мүмкіндіктерінің мол екендігін байқатады, сондай-ақ теңеулердің семантика тудыру ерекшелігін, стилистикалық қызметін аша түсетіні сөзсіз. Ақынның поэзиялық туындыларында эпитеттік теңеулер, метафоралық теңеулер, гиперболалық теңеулер, литоталық теңеулер кездесіп отырады.
Эпитеттік теңеулердің құрамындағы эпитет теңеу болып тұрған сөздің бір белгісін, мөлшерін-қасиетін, түр-түсін, сынын айқындап тұрады да, жұрнақ жалғанбай не жекеше, не көпше түрде қолданылады:
Айдын көлде ақ күмістей мөлдір су, Мөлдір суда жібектей жұқа мұнар бу "Гүл" немесе, Күн күлімдеп, жаңа жаздай туып, Жер жаңармай қайырылмас қайта қайырылмас
"Күз" деген үзінділердегі ақ күмістей, жаңа жаздай деген тіркестер эпитеттік теңеулер болып, оның беретін бейнелілігін арттыра түседі. Теңеулердің ішінде ауыспалы мағынамен селбесе келетіндері метафоралық, метонимиялық және синекдохалық теңеулер десек, Бернияз шығармаларында соңғы екеуі аса көп кездесе қоймайды, мейлінше арнайы айтуға тұрарлық қолданыс тапқаны - метафоралық теңеулер. Мысалы,
Жас қызғалдақ секілді жетпей солған, Көріңдерші, әйелдің мүшкіл халін?!
дегенде, әйелді қызғалдаққа теңеу тура емес, ауыс мағынада туған образ. Суарған семсер сияқты, Жастықта жатпа, жайпаңда; Жүрегім жүзге тілініп, Оттай жанып лаулады деген сөйлемдерде ауыспалы мағынаға ие болып тұрған метафоралық теңеулер кездеседі. Метафоралық теңеулерде метафора мен теңеу арасы жуықтай түседі [27, 21]. Сол себепті оған қарап теңеуді троп ретінде қарастыратын ғалымдар да бар. Құбылыстың күйін немесе заттың ерекшелігін асыра айту, әсіресе, қаламгердің эпикалық шығармаларына тән. Оны "Жорық" поэмасынан көреміз. Бернияз мұндай гиперболалық теңеулерді қолдануда өзінің алдындағы әдебиеттегі дайын теңеулерді де қолданады. ХҮ ғасырдағы жыраулар поэзиясының ең көрнекті өкілдерінің бірі - Қазтуған жыраудың:
Балығы тайдай тулаған,
Бақасы қойдай шулаған
немесе,
Балдырғаны білектей, Баттауығы жүректей
деген жолдарын келтіреді. Сондай-ақ, ақынның төл қолтаңбасы болып табылатын авторлық теңеулері де аз емес. Айталық,
Толғандым да долдандым, Дәу перідей қозғалдым Албастыдай еліріп, Жалмауыздай емініп.
Гиперболалық теңеулер шығармаға экспрессивті-эмоционалды реңк үстемелеп, стилистикалық мәнде жұмсалады. Гиперболалық теңеулерге семантикалық жағынан қарама-қарсы литоталық теңеулер де ақын поэзиясының тіліне тән. Ақынның белгілі бір кездегі көңіл күйінен хабар беретін:
Аспан саған алақандай бір уыс, Жердің жүзі тебінгідей тар қуыс
деген өлең тармақтарындағы литоталық теңеулер де стилистикалық мәнде жұмсалады [28, 102]. Міне, байырғы кездегі орыс, қазақ, шетел ғалымдарының қарастырған, жіктеген, әр тармаққа бөліп салалаған теңелердің түрлері осындай-ақ. Ал ендігі кезде аталмыш жікке бөлінген теңеулердің ішінен Т. Қоңыровтың ассоциациялық образды типке бөлген түрін жекелеп қарастырамыз.
Құрылымы әр түрлі ағылшын,орыс, қазақ тілдерінің сөздік қорындағы сан алуан атаулардың ішінде өте жиі қолданылатын, мағынаға бай, қолданыс ауқымы кең тілдік бірліктердің бірі метафоралық теңеулер. Теңеулердің басым көпшілігі ұлттық негізді арқау ете отырып пайда болған. Олар ұлт өмірінің айнасы, сондықтан да бойында сақталған ұлттық мәдени негіздерге сүйенеді.
Жануар атауы адамға қатысты қолданылғанда жануар мен адам арасындағы ұқсастық әр халықтың ұлттық–мәдени көзқарасына байланысты әр түрлі сипат алады – дейді С.Қ. Сансызбаева өз еңбегінде. Яғни, белгілі бір мағына екі түрлі ұлт тілінде әр басқа ұғымдармен коннотацияланып, өзіне ғана тән ассоциативті образдар негізінде көрініс табады. Мысалы, ағылшындарда hare жылдам қимылдайтын, бірнәрсені тез істейтін адам жайында жағымды ассоциативті образ ретінде қолданылса, орыстар мен қазақтарда қоян-заяц теңеуі қорқақ адам - трусливый как заяц сияқты жағымсыз мәнде қолданылады. Егер ағылшындар біреуді bear десе, онда ол ебедейсіз, дөрекі адам - неуклюжый, грубый жайында айтылғаны.
Ағылшындардың танымында жағымсыз құпияны сипаттау үшін ұйықтап жатқан иттің образы алынса (а sleeping dog), ал қауіп – қатер үндемей жатқан итпен (a silent dog) ассоциацияланады. Бұл жерде let sleeping dog lie тәрізді нақыл қазақ тіліндегі тыныш жатқан жыланның құйрығын баспа деген мақалмен, beware of a silent dog & still water нақылы қазақ тіліндегі үндемегеннен үйдей бәле шығады тәрізді көзқараспен астарласады. Ал, үріп жатқан иттің (barking dog) образы, керісінше көңілдегі қорқынышты сейілтеді: barking dogs seldom bite (сөзбе – сөз: үріп жатқан ит анда – санда тістейді).
Ит қазақтардың танымында жеті қазынаның бірі саналып қана қоймай, он екі мүшел жылдың біріне кіреді. «Ит жеті қазынаның бірі», - дей тұра халқымыз оны жағымсыз эмоциямен де ассоциациялайды. Қазақтардың тілдік қауымдастығында біреуді қатты жек көргенде иттің образы алынатыны белгілі. Оған: иттің етінен жек көру, иттің баласы, иттен туған, ит адам, ит жыны келу т.б. мысал бола алады. Сондай – ақ, біреудің тұнығын лайлап, адалын арамдап жүрген тоғышар адамдар сүтке тиген ұры итпен ассоциацияланады.
Мінезі нашар адамның прототиптік образы ретінде ит алынып, ит мінезді аталса, әлсізге әлімжеттік қылатын адам туралы да ит (таз) ашуын тырнадан алады дейді. Сол сияқты, бет – аузын, басын, шашын қайта – қайта сипап, сәнденіп әлекке түсетін сәнқойлардың қылығы жарасын жалаған итпен салыстырылады. Ал, өзінің мықты тірегіне, күшті туыстарына сеніп, шүйкедей бойына қарамай, түйедей адамдарға жұдырық жұмсайтын оспадар мінезді, шолақ ақылды тентек адамның қылық – әрекеті түйеге жармасқан иттің әрекетімен ассоциацияланады [29, 476]. Оған қоса, итке тұмар жараспас деп оны келемеждеп де отырған.
Орыс халқы да қазақтар сияқты итті пір тұтады. Оларда ит образы қашанда жағымды көзқарастармен беріледі. Орыстар итті үйде ұстап баптаған, әрдайым итпен бірге қыдырып, серуендеп жүрген. Оларда қазақтар сияқты собака – друг человека дейді. Жалпы үш ұлттың танымында да ит образы жағымды кейіппен жұмтасады.
Арам пиғылды, тілеуі жаман қара ниет адам қазақтардың танымында қара мысықпен ассоциацияланады. Осыған байланысты тілімізде мысық тілеу тіркесі қолданылады. ″– Ах, – деді. Ертеңіне Зоридаш өлі бала туды. Кемпір: – Мысық тілеу жетті ғой түбіне қайтейін! – деп, маңдайын тоқпақтады″ (Т. Әлімқұлов).
Ағылшындардың танымында құпия, сыр мысықтың образымен сипатталады: a cat in the meal (құпия, сыр), the cat is out of the bag (құпия бәріне мәлім болды). Мысалы: ″So the cat is out of the bag.
Орыс халқында мысық ұғымы әсіресе, қара мысық образы жағымсыз кейіппен байланыстырылады. Мысалы: черная кошка перешла дорогу дегенді орыстар өте бір жағымсыз нәрсемен ұштастырады. Яғни, жаман бір нәрсе болады немесе жолы болмау дегенді білдіреді.
Үш тілде де есек теңеуі топастықпен, жағымсыздықпен астарласады. Ағылшын тіліндегі to act the ass (ерсі қылықтар жасау), never bray at an ass (ақылсыз адаммен байланыспаған жөн) деген жағымсыз мәндегі көзқарастар бар. Жалпы, ағылшындардың өміріне бір сәт үңілсек, олар есекке қатысты теңеулерді күнделікті өмірде көп қолданады екен. Тіпті, жұмыста немесе бизнесте істері алға баспай қалған жағдайда ″Ohhhh it’s an ass work″ (есек жұмыс) дейді. Сондай – ақ, жақтырмаған адамын балағаттағанда да осы бір жануардың атын атайды екен.
Қазақ тілінде есек ақымақтық пен топастықпен қатар, жуастық (есектен де жуас), аңқаулық (зәңгі есек) мағынасында жиірек қолданылады. Мысалы: ″Есектен де жуас боп, Қолынан түсті таяғы″ (І. Жансүгіров). Орыс тілінде есек ,яғни, осел мағынасы қырсық, ақымақ сияқты жағымсыз образды типімен ұштасады. Мысалы: «Упрямый как осел» немесе жай ғана осел дейді.
Үш ұлттың танымында қулық, айлакерлік түлкімен ассоциацияланады. Оған қазақ тіліндегі айлалы түлкі алдырмас, бұлаңдаған қу түлкі, түлкі бұлаң т.б. нақылдар мысал бола алады.
Ал, ағылшын тіліндегі when the fox preaches take care of your geese, set a fox to keep one’s geese, play the fox, old fox ″Has the sly old fox made his fortune then, and gone to live in a tranquil cot in a pleasant spot with a distant view of the changing sea?″ said Dick, in great bewilderment″ (The Old Curiosity Shop) тіркестері жоғарыда айтылған көзқараспен ұштасады.
Орыс халқында да түлкі образы әрдайым белгілі бір адамның айлакерлігі, қулығы сонымен қатар ақылдылығы да сомдалады. Мәселен: Хитрая как лиса, хвостом веляет как лиса, глаза хитрые как у лисы тағы сол сияқты.
Кез келген тілдің қомақты бөлігін құрайтын теңеулер ұлт санасында сақталған ұлттық мәдени ақпаратты, оның құндылығын анықтауға мүмкіндік береді [30]. Олар лингвомәдени қауымдастық өкілдерінің қарым – қатынас ерекшеліктерін танытатын коммуникациялық кеңістіктегі маңызды бірлік болып табылады. Сол себепті, теңеулердің мазмұнындағы ақпараттарды – ұлт танымының тілдік таңбасы, ал прототиптік образдарды нысандар арасындағы логикалық байланыс нәтижесінің тілдік көрінісі деп есептеуге болады.
