Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.5- ОСӨЖ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
298.29 Кб
Скачать

7. Бақылау:

Бұл сабақ бойынша компетенцияларды бағалау әдістеріне кіреді:

Білім компетенциясын бағалау: ауызша сұрақтарға жауап беру, жазбаша бақылау жұмысы, бойынша іске асады.

11 Сабақ осөж

1. Тақырыбы: Жай белоктардың аралық алмасуы.Белоктардың қорытылуы, сіңірілуі.Ішекте белоктардың шіруі. Бауырда шіру өнімдерінің залалсыздануы.

2. Мақсаты:

  1. Студенттерде жай белоктардың қорытылуы, амин қышқылдардың ащы ішекте сіңірілуі туралы білімдерін қалыптастыру.

  2. Студенттерде тоқ ішекте белоктардың шіруі, улы шіру өнімдерінің залалсыздану жолдары және орны туралы білімдерін қалыптастыру.

  3. Студенттерде асқазан сөлінің физико-химиялық қасиеттерін, қалыпты және патологиялық жағдайдағы асқазан сөлінің химиялық құрамы, асқазан сөлін зерттеу әдістері туралы білімдерін қалыптастыру.

5. Интернетпен және мамандырылған әдебиетпен жұмыс істеуіндегі қабілеттілігін қалыптастыру.

6. Жаңа түсініктер мен терминдерді енгізу.

3. Оқыту міндеттері:

  1. Асқазан сөлінің қалыпты және патология жағдайындағы физико-химиялық қасиеттері және құрамы, асқазан сөлінің анализ әдістерін қарастыру.

  2. Асқазан сөлінің патологиялық компонеттері, қышқылдықтарын анықтау нәтижелеріне интерпретация жасауға үйрету.

  3. Жаңа түсініктерге және терминдерге анықтама беру: асқазан сөлінің қышқылдығы, тұз қышқылының дебит-сағаты, ахлоргидрия, гипохлоргидрия, ахилия, белоктардың шіруі, эфир күкірт қышқылдары, эфироглюкурон қышқылдары.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Тағам белоктары.Ағза үшін белоктардың маңызы.Белоктар алмасуының ерекшеліктері.

  2. Азотты баланс туралы түсінік.

  3. Тағам белоктардың қорытылуы. Осы үрдіске қатысатын ферментер, олардың түзілетін орны, номенклатурасы, катализдік әсері. Протеазалардың проферменттер түрінде бөлінуінің маңызы қандай?

  4. Амин қышқылдарының ішекте сіңірілуі.

  5. Қалыпты асқазан сөлінің химиялық құрамы.

  6. Асқазан сөлінің тұз қышықлының рөлі.

  7. Асқазан сөлінің патологиялық құрам бөліктері, олардың пайда болуы.

  8. Ішекте белоктардың шіруі. Шіру өнімдерінің залалсыздануы. Улы шіру өнімдерінің залалсыздану жолдары және орны

5. Білім берудің және оқытудың әдістері:

1.Тақырып бойынша консультация

2.Шағын топтарда жұмыс істегеннен кейін тақырып сұрақтарын талдау

3.Студенттердің өздігінен жұмыс істеуі(ситуациялық есептерді, жаттығуларды, тесттерді шығару)

4.Жазбаша сұрау.

1.Тақырып бойынша консультация:оқытушы қиын сұрақтардан консультация береді.Содан кейін ОСӨЖ-ң қалай өтетінің түсіңдіреді.

2.Тақырып бойынша тапсырма:ситуациялық есептерді, жаттығуларды, тесттерді шығару.

6.Таратылатын материал:

-ситуациялық есептер,жаттығулар,билеттер,

-толтыруға арналған кестелер

-реактивтер

Шағын топтарда жұмыс орындау: топ екі топшаға бөлінеді,

7.Ауызша талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Асқазан сөлінің патологиялық құрамдас бөліктері:қан,сүт қышқылы, өт.Қандай сапалық реакциялаормен анықтауға болады.

  2. Патологиялық құрамдас бөліктерінің пайда болу себептері.

  3. Жануар индиканы, бұл не?

  4. Асқазан сөлінің анализінде сүт қышқылы бар екені көрсетіліп тұр.Қандай патологиялық жағдайлар болуы мүмкін.

Үйге тапсырма: Жай белоктар алмасуы.

Аммиактың түзілу және залалсыздану жолдары

Келесі сабаққа өзіндік дайындалуға арналған сұрақтар:

    1. Амин қыщқылдарының дезаминдену түрлері.

    2. Амин қышқылдарының азотсыз қалдықтарын пайдалану.

    3. Аммиактың түзілуі және залалсыздануы.

    4. Мочевина синтезі