Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ИМУЛЬСТІҢ САҚТАЛУ ЗАҢЫ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
94.72 Кб
Скачать
  1. 900 Км/сағ жылдамдықпен ұшып келе жатқан ұшаққа массасы 2 кг құс кез болды. Егер соққы ұзақтығы 0,001 с болса, онда құстың ұшаққа соғылу күші қандай?

  1. Горизонталь ұшып келе жатқан оқ салмақсыз шыбыққа ілулі тұрған шарға тиеді де, оның ішінде тұтылып қалады. Шардың центрінен төбедегі ілу нүктесіне дейінгі аралық l=1м. Егер оқтың соққысынан шар бекітілген α=10о – қа ауытқыса, онда оқтың жылдамдығы қандай? Шардың массасы М оқ массасы m – нен 1000 есе үлкен.

  1. Массасы 1,0 кг дене шеңбер бойымен бірқалыпты 2 м/с жылдамдықпен қозғалады. Ол шеңбердің төрттен бірін өтсе, онда оның импульсінің өзгерісі қандай болады?

  1. Массасы m1=2 кг дене қарсы қозғала отырып, массасы m2=1,5 кг денемен серпімсіз соқтығысады. Соқтығысар сәттегі денелердің жылдамдықтары υ1=1 м/с және υ2 =2 м/с. Егер үйкеліс коэффициенті μ=0,05 болса, онда бұл денелер соқтығысудан кейін қанша уақыт қозғалады?

  1. Массасы М = 70 кг конькиші мұз үстінде тұрып, горизонталь бағытта массасы m=3 кг тасты υ =8 м/с жылдамдықпен лақтырды. Егер коньки мен мұз арасындағы үйкеліс коэффициенті μ=0,02 болса, онда конькиші қандай аралыққа шегінеді?

  1. Массасы М кішкене арба горизонталь рельс бойымен υо жылдамдықпен үйкеліссіз қозғалады. арбаның алдыңғы жағына массасы m денені бастапқы жылдамдықсыз қояды. Дене арба бойымен біраз қозғалады да, тоқтайды. Егер дене мен арба арасындағы үйкеліс коэффициенті μ болса, онда дене қанша жол жүрген?

    ИМУЛЬСТІҢ САҚТАЛУ ЗАҢЫ

IX Нұсқа

  1. Массасы 12 кг платформаны 1,5 с ішінде 7,9 н, одан әрі 1,2 с бойы 4,5н, ал соңында 2,0 с бойы 10 н күшпен итареді. Платформа жылдамдығының өзгерісі неге тең?

  1. Жылдамдығы 5,0 м/с балғаменшегені ұру керек. Балғаның массасы 0,80кг. Егер соққының ұзақтығы 0,10 с болса, онда оның орташа күші қандай?

  1. Массасы 10 кг снаряд зеңбірек оқпанынан ұшып шығады. Оқ – дәрі газдарының орташа қысым күші 1,2 МН, ал снарядтың оқпан ішіндегі қозғалу уақыты 0,005с. Зеңбіректен снаряд қандай жылдамдықпен ұшып шығады?

  1. Горизонталь ұшып келе жатқан оқ салмақсыз шыбыққа ілулі тұрған шарға тиеді де, оның ішінде тұтылып қалады. Шардың центрінен төбедегі ілу нүктесіне дейінгі аралық l=1м. Егер оқтың соққысынан шар бекітілген α=10о – қа ауытқыса, онда оқтың жылдамдығы қандай? Шардың массасы М оқ массасы m – нен 1000 есе үлкен.

  1. Тайғанақ мұз үстінде тұрған адам горизонталь бағытта қолындағы винтовкасынан оқ атқанда қандай υ жылдамдықпен кері тебіледі? Винтопкамен атқан адамның қаруымен қоса алғандағы массасы М=70 кг, оқтың массасы m=10 г, бастапқы жылдамдығы υо= 700 м/с.

  1. Айнадай тегіс А шары υо жылдамдықпен қозғала отырып, дәл өзіндей бір – біріне жанасып тұрған В және С екі шармен бір мезгілде соқтығысады. Шарлардың соқтығысын абсолют серпімді деп есептеп, олардың әрекеттесулерінен кейінгі жылдамдықтарын анықтаңдар.

    ИМУЛЬСТІҢ САҚТАЛУ ЗАҢЫ

X Нұсқа

  1. Массасы 10 кг балға 1,25 м биіктіктен төске еркін құлап соғылады. Соққы күші 5,0 кН. Соққының ұзақтығы қандай?

  2. Материялық нүктенің қозғалысы x=20+2t-t2 теңдеуімен өрнектеледі. Оның массасын 2 кг деп алып, қозғалыс басталған соң 2 с және 5 с өткендегі импульстерді анықтаңдар. ьОсы өзгерісті туғызған күштің модулі мен бағыты қандай?

  3. Массасы 10 кг снаряд зеңбірек оқпанынан ұшып шығады. Оқ – дәрі газдарының орташа қысым күші 1,2 МН, ал снарядтың оқпан ішіндегі қозғалу уақыты 0,005с. Зеңбіректен снаряд қандай жылдамдықпен ұшып шығады?

  4. Массалары m1 және m2 екі шар бір түзудің бойымен υ1 және υ2 жылдамдықтарымен қозғалады. Соққы абсолют серпімді және центрлік. Соқтығысудан кейін өзгерген жылдамдықтар u1 және u2 – ге тең. Шарлардың соқтығысудан кейінгі жылдамдықтарын анықтаңдар.

  1. Массасы mшар горизонталь ұшып келе жатып, теп – тегіс үстел бетіндегі массасы М призмаға тиеді де, тік жоғары қозғалады. Соққыны абсолют серпімді деп есептеп, соққыдан кейінгі призма мен шар жылдамдықтарының қатынасын анықтаңдар. Үйкеліс ескерілмейді.

  1. Массасы 10 кг снаряд зеңбірек оқпанынан ұшып шығады. Оқ – дәрі газдарының орташа қысым күші 1,2 МН, ал снарядтың оқпан ішіндегі қозғалу уақыты 0,005с. Зеңбіректен снаряд қандай жылдамдықпен ұшып шығады?