Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Копия Лекц матем каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.21 Mб
Скачать

1.Зияты зақымдалған балаларға пропедевтикалық кезеңінің қажеттілігі.

VIII-типтегі түзету мектебінде математикаға оқыту дайындау сабақтарынан басталады. 1-сынып оқушыларының құрамы оқуға дайындығы мен психо-физикалық ерекшеліктері жағынан әр түрлі болады. 1-сыныпға, жалпы мектепте біраз оқыған балалар келеді. Олар қалыпты балаларға арналған мектепте екі-үш күннен кейін 1-2 жылдай оқыған. Осымен қоса 1-сыныпқа жалпы мектептерден, арнайы балалбақшалардан, емдеу орталықтарынан, отбасынан балалар келеді. Бұл мекемелердің ешқайсысын балаларға бірдей дайындық бермейтіні анық, олардың ұстанатын бағыттары да әртүрлі.

Бұл мекемелердің ешқайсысы балаларға бірдей дайындық бермейтіні анық, олардың ұстайтын бағыттары да әтүрлі.

VIII-типтегі мектепте 1-сыныпқа дайындығы жоқ оқушылар пропедефтика-диагностикалық, яғни 0-сыныпқа жіберіледі. 0-сыныптың негізгі міндеті баланы күнделікті зерттеу байланысты олардың психолого-педагогикалық ерекшеліктерін зерттеу, өмірлік дағдыларды мектепке дейінгі жаста қаншалықты меңгергенін білу.

Мұғалім сыныптағы ережелер мен жалпы оқу білімдерін жариялайды, белгілейді және қалыптастырады: көрсетілген пәндер мен суреттерді көре білу, мұғалімгің талаптарын дұрыс тыңдап, оны дұрыс орындай білу, сұрақтарға жауап беру, сұрақ қою, мұғалімнің тапсырмасын қайталау, партада дұрыс отыру, тұрып, партадан дұрыс шыға білу.

Дайындық кезеңінде оқушылар: оқулықтар, дәптерлер, әртүрлі белгілеріне қарап математика пәнінің дәптері мен оқулығын тани білу, тарататын заттар мен палотна жинағымен жұмыс жасауды үйренеді, сандармен әрекеттерді жазуға дайындық жаттығуларын орындауды үйренеді.

Осы кезеңде баланың мұғалімнің көмегін қалай қабылдайтынын, оған оған қандай әрекет түрі ұнайтынын, оқуға қызығушылығын анықтап алған жөн. Пропедефтика кезеңінде 0-1 сыпып оқушыларындағы сандарды елестету қоры анықталады: көлемдік, уақыттық, заттық формасы туралы түсінігін, сынай білу қабілеті, сандарды білуі, қосу мен алу әрекетін орындай алу қабілеті, сумма мен ерекшелікті анықтауға арналған қарапайым тапсырмаларды орындай алу қабілеті тексеріледі.

Актуальды тапсырмалар білімін анықтаумен қатар оқушылардың потенциальды мүмкіндіктері де тексеріледі, содан соң оқушыны математикалық тапсырма орындауға дайындайды. Оқушының математикалық білім деңгейін анықтау үшін түрлі дидактикалық материалдар, қоршаған шындықтың заттары, ойыншықтар қолданады. Тәжірбиелік сипаттағы тапсырмалар беру арқылы оқушының кеңістікті бағдарлауы анықталады («Қаламды оң қолыңа ал», «Сол қолыңмен дәптерді ұста», «Тақтаның жоғарғы (төменгі) жағын көрсет», «Кім маған жақын отыр немесе алыс отыр?», «Сашаның жанына отыр», «Надя мен Катияның ортасына тұр»).

Геометриялық фигуралар жөніндегі білімін білу керек: үлгіге қарап геометриялық фигураларды таба білуін (дөңгелек, төртбұрыш, үшбұрыш, тік бұрыш), фигураны таба білуін, үлгісін көрмей-ақ фигураны сыза білуін.

Мұғалім оқушының 10-ға дейінгі сандарды алып қосу қабілетін тексереді. Бірінші оқушыға бір мысал беріліп оның дұрыс немесе дұрыс емес шешілгенін сұрайды (мұғалім оқушының +, -, = сияқты арифметикалық әрекеттерді ажырата алуын тексереді). Содан соң қосуға немесе алуға келтірілгкн бір мысалды шешуді ұсынады (3+2= ..., 5-2= ...).

Арифметикалық тапсырмаларды орындай алу қабілеті тексеріледі. Бірінші балаға тапсырманы көмекшісіз шешу ұсынылады, егер бала қиналса оған зат немесе сурет арқылы көмектеседі.

Әр оқушының білім жағдайы оның күнделігінде жазылып қойылуы тиіс. Ол күнделікті баланың аты, тегі, қайдан келгені, тізімге тұрған күні жазылып тұрады.

Оқушылардың білім деңгейін тексеру тақырыптар арқылы іскее асырылады. Оқушылардың жауаптары тексеруге арналған тақырыптар жүйесі келесідей болады:

1.Заттың салмағы мен көлемі туралы ұғым. Үлкен, кіші, тең. Ұзын-қысқы, тең. Жуан-жіңішке, тең. Ірі-майда, тең. Ауыр-жеңіл, тең.

2. Кеңістік пен арақашықтық туралы ұғым. Алыс-жақын, жоғары-төмен, алдында-артнда, оң-сол, жанында-арасында, көп-аз, кішкене- бірнеше.

3. Санай білу

Бірден жоғары қарай сана, 5-тен кері қарай сана. 3-тен жоғары қарай сана. 3-тен 8-ге дейін сана. 10-нан 5-ке дейін сана.

4. Нақты саны бар элеметтерді санау.

Қанша пияла бар екенін сана. Қанша адам салынғанын сана. Қанша таяқша бар?

5. Сандарды білу.

Сен білетін сандарды ата және көрсет. Мен көрсеткен заттарды ата (1,3,7) 1,3,5,2,4,7,9,8 сандарын жаз

6. Үлкен кішіні білу және салыстыру. Қайсы үлкен? (2 және 4 таяқша көрсетіледі). Қанша таяқша бар? (3). Өзіңе де осынша санап ал.

7. Сандар мен элементтердің байланысы. Мына жерде қанша жұлдызша бар? Санды сана және жазып ал. Мынау қандай сан? Дәл осынша дөңгелек сал.

8. Әрекеттерді орындау.

Мына тапсырма дұрыс па, тексер: 2+2=5, 4-1=3.

Мына тапсырманы шеш: 2+3= 5-2= Бірінші әрекет қайсысы?

9. Тапсырманы шешу. Суммасын табуға арнайы тапсырмалар. Қалдығын табуға арнайы тапсырмалар.

10. Геометриялық фигуралар мен денелерді білу.

Дәл осындай фигураны тап. Төртбұрышты бер (дөңгелек, төртбұрыш, үшбұрыш, тік бұрыш, куб).

Фигураны ата (квадтар, тікбұрыш, үшбұрыш).

Арифметикалық білімді тексеру барысында мұғалімоқушының барлық даму деңгейіне көңіл бөледі, оның көлікті қалай қбылдайтынына назар аударады. Ол оқушының тілдік дамуының жағдайына, оның қоршаған ортада бейімделуіне назар аударады, арнайы арифметикалық сөздік қорын анықтайды, тіл кемістігін анықтап онымен қандай түзету жұмыстар жүргізу керектігін белгілейді.

Баланың моторикасының даму деңгейін анықтау да маңызды болып табылады. Моториканың дамымауы ақыл-есі кем балаға тән сипаттама болып табылады, бұл оның жазуды меңгеруін сызғышпен, дидактикалық материалдармен ұмыс жасауына кедергі келтіреді.

Мұғілім әр баланың ерекшеліктерін ескеріп, олардың даму ерекшеліктерін ескере отырып, олардың даму ерекшеліктерін ескере отырып сыныппен жүргізілетін фронтальды жұмыстарды дұрыс жоспарлай алады.

Бұлай жоспарлау мұғалімнің әр оқушыға жекелеген қадам жасауға мүмкіндік береді, балалардың жылдам дамуына әсер етеді, оқушылардың 1- сыныпқа айтарлықтай дайындықпен баруына әсер етеді.

Пропедефтикалық сабақтарға математика балаларға жалпы жоспарда арнайы жоспар құрылады. Ол жоспарда заттардың көлемі, саны бойынша салыстыруға үйренуге арнайы білім бар.

Көптеген тәжірбиелердің беретіні оқушылар үлкен кіші деген ұғымды түсінеді. Көптеген заттардың ішіне олар ең үлкені мен ең кішісін таңдайды, бірақ заттарды салыстыра алмайтын да оқушылар кездеседі. Мыс, математиканы үлкенінен кішісіне қарай орналастыру сияқты тапсырмаларды көбісі орындай алмайды.

Заттарды ұзын-қысқы, биік-аласа, жуан-жіңішке, семіз-арық деп салыстыру үлкен қиындық тудырады. Біріншіден ақыл-есі кем балалар мұндай тапсырманы орындағанда ортақ сөзбен дәу-кіші деп ауыстыра салады. Оқушылар бұл сөздің мағынасын түсінбейді. Олар көбінесе бір ұғымды екінші ұғыммен ауыстырады, мысалы, ұзынның орнына биік деп айта салады.

Т.В.Ханутин өзінің зерттеулерінде ақыл-есі кем балалар қысқа, жіңішке, арық, төмен сөздерінен гөрі ұзын, жоғары, қалың, семіз сөздерін жиі қолданады екені көрсетілді. Бұл ақыл-есі кем балалардың ойлауының төмендігімен байланысты болады. 0-1 сыныпқа түскен оқушылардың көбі заттарды салыстыра алмайды, олар заттарды салыстырған кезде, оларды бір-бірінің үстіне қояды немесе қатар қойып тастайды. Мысалы, екі матаны салыстырған кезде олар қысқа матаны ұзын лентаның дәл ортасынан қиып қояды.

Дайындық сабақтарының мақсаты балаларда салыстыру ұғымын дамыту, жаңа терминдермен таныстыру, жалпы дағдыларды қалыптастыру.

Лекция № 4.

Көмекші мектепте он көлемдегі сандарды оқыту әдісемесі.

Бірінші ондықтың сандарын және оларды қолдану әрекетімен 1-сынып бойы және 2-сынып басында оқытады. Оқушылар әр санмен жеке-жеке танысады.

Бірінші концентрдің міндеті:

1.әр санның шығу мәнін білу;

2. жазылу ретін білу (санды таңбамен белгілеу);

3.белгілі бір сан көлемінде санау;

4. сан қатарында реттік орнын білу;

5.сан – таңба – заттың сан көлемі деген түсініктердің арақатынасын анықтау;

6.сандарды салыстыру;

7. сан құрамын білу;

6.әр санды қосып, азайтқандағы амалы және қарапайым арифметикалық амалдар орындау.

Сан туралы, санау туралы, натурал сандар қатарының негізгі қасиеттері туралы түсініктерін қалыптастыру ақыл-есі кем балалар үшін өте қиын. Мұндай тапсырмаларды орындату үшін балаларға кең ауқымды көрнекілік тәсілін қолданып әр баламен жеке жұмыс жасау қажет.

Оқушылардың нақты ойлау қабілетінің нашарлығы, бақылаған болмыстарды жалпылауы баяу болғандықтан сандар жайлы білімдері өте қиын қалыптасады.

Ақыл-есі кемістігі бар 1-сынып оқушылары кейде санаудан бас тартады немесе заттарды санағанда көптеген дқателіктерді жібереді.

Оқушылар қайдан бастап санау керек екендгін білмейді. Көптеген ақыл-есі кем оқушылар заттарды көлденең бағытта санаған кезде тек солдан оңға қарай санау керек деп есептейді. Егер оларға заттарды солдан оңға қарай ғы бағытта санап бер десе оқушылар санамайды, олар тек 10-1 дейінгі сандарды жаттанды түрде айтып береді. Бұл сандардың мағынасын түсінбей стериотипті түрде жаттап алғанын білдіреді. Көмекші мектептің 1-сыныбына келген ақыл-есі кем оқушыға «Қанша?» деген сұраққа жауап беруге қиналады. Олар үнемі заттарды санай бергенмен заттың есебін шығара алмайды. Көптеген қиындықтар әсіресе заттың мөлшерін анықтауда кездеседі. Олар әр затты жеке-жеке санайды. Тіпті түстері әртүрлі болған жағдайда да балалар ол заттарды біріктіре алмайды.

Мұғалім оқушыдан, - Мына қорапта түйме, ілгіш және түйрегіш жатыр.

Қорапта неше зат бар? – десе оқушы түймені бір бөлек, ілгішті бір бөлек, түйрегішті бір бөлек қойып оларды жеке-жеке санап шығады. Бірақ сұраққа жауап бермейді. Бұл мынамен түсіндіріледі, яғни балада санмен есеп туралы түсініктері әлі қалыптаспаған.

1-сыныпта бірінші ондықты оқытуда қолданатын көрнекілік құралдар

1. Пәндік құрал:

А) қоршаған болмыстағы заттар: сыныптағы жиһаз, оқу құралдары, табиғи материалдар, жеміс жидектер, түйме, ілгіш, ойыншықтар;

Б) санауға арналған, арнайы дайындалған құралдар: таяқшалар, арифметикалы қорабтар, сыныптық және жеке шот;

В) геометриялық фигуралар

Г) жеміс трафореті, жидек, жануар, құс және т.б трафореттері.