- •1. Мемлекеттік құрылым нысандары.
- •2. Құқықты жүзеге асыру түсінігі және оның нысандары.
- •3. Нормативтік құқықтық акт баптарында құқық нормасы элементтерінің құрылу тәсілдері.
- •4. Басқару нысанының түсінігі және түрлері.
- •5. Құқық нормасын талқылау тәсілдері.
- •6. Құқық және құқықтық сананың өзара байланысы.
- •7. Мемлекет қызметтерін жүзеге асырудың құқықтық нысандары мен әдістері.
- •8.Құқықбұзушылық құрамы және оның Заңдық тәжірибедегі маңызы
- •9. Нормативтік-құқықтық актілерге түсінік беру (аутентикалық талқылау).
- •10. Қазіргі кезеңдегі мемлекет қызметтері және оның жіктелуі.
- •11. Қүқық жүйесі: түсінігі және элементтері.
- •12. Романо-германдық құқық жүйесінің ерекшеліктері.
- •13. Мемлекеттік типологияның ғылыми негіздері.
- •14. Заң түрлері және оның ерекшеліктері.
- •15. Құқық нормасы, құқықтық қатынас және заңды деректердің байланысы
- •16. Мемлекет түсінігі, мәні, тағайындалуы.
- •17. Құқық нормасының жіктелуі
- •18. Мемлекеттің ішкі заңнамасы және халықаралық құқық үйлесімдігі
- •Құқық пен заңды бөледі, бірақ табиғи құқықтық доктрина идеологтар сияқты емес. Құқық табиғи құқыққа, заңға сіңісуінде емес заңдардың іске асуында жүзеге асырылады;
- •Аталмыш доктрина шегінде құқық пен заң бөлінеді (позитивтік құқық яғни мемлекетпен қабылданатын заңдармен қатар адамға тумысынан тән жоғары, нақты, табиғи құқық бар).
- •Құқық пен мораль ұқсастандырылған;
- •22. Қазіргі кезендегі мемлекет тәжірибесінде билік бөлінісі
- •23. Құқық мәні, мазмұны, тағайыны
- •24. Құқықтық нормаларды құқық салалары, сала бөліктеріне, институттарға бөлу негіздері
- •25. Мемлекет белгілерінің қалыптасуы.
- •26. Құқықтық қатынас: түсінігі, белгілері, құрылымы.
- •27. Сот тәжірибесі қр құқығының қайнар көзі ретінде
- •28. Қоғамның саяси жүйесі: түсінігі, құрылымы
- •29. Құқық нормасын талқылау түрлері.
- •30. Англо-саксондық құқықтық жүйедегі заң орны.
- •31. Мемлекет нысандары: түсінігі және түрлері, Мемлекет нысанына ықпал ететін факторлар.
- •32. Құқықшығырамшылық
- •34. Қазіргі кезеңдегі мемлекетке негізгі сипаттары.
- •35. Қр Конституциясы әрекеттегі құқық туралы.
- •36. Құқықтық мәдинет: түсінігі, құрылымы, қызметтері
- •37. Мемлекеттің пайда болуының нысандары
- •38. Құқық қолдану құқықты жүзеге асырудың ерекше нысаны ретінде
- •39. Құқықтық сана: түсінігі, құрылымы
- •48. Қр құқықтық жүйесін романо-германдық құқықтық отбасына жатқызу мәселесі
- •49. Мемлекет және құқық теориясы гуманитарлық және заң ғылымдары жүйесінде.
- •50. Қазіргі кезеңдегі құқық түсінушіліктің негізгі түрлері.
- •51. Мұсылман құқығы және оның ерекшеліктері.
- •52. Мемлекет теориясының объектісі, пәні және әдістемесі.
- •53. Қр ішкі мемлекеттік құқық және халықаралық құқық.
- •54. Англо-саксондық құқықтық отбасының ерекшеліктері
- •55. Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері.
- •56. Занды деректер: түсінігі және жіктеленуі
- •57. Өтпелі кезеңдегі құқықтық жүйелер ерекшеліктері.
- •58. Құқық құндылығы және құқықтағы құндылықтар.
- •59. Құқықтық нигилизм және құқықтық идеализм
- •60. Әлеуметтік бейбітшілік және халықаралық келісімді қамтамасыз етудегі қазіргі кезеңдегі мемлекет және құқықтың ролі.
- •61. Қр нормативтік құқықтық актілерінің иерархиясы
- •62. Құқық:түсінігі,белгілері,қызметтері.
- •63. Мемлекеттің жалпы әлеуметтік және таптық бастаулары
- •64. Билікті бөлу қағидасы және қазіргі кездегі қазақстандық мемлекет.
- •67. Қазақстан 2030» тұжырымдамасындағы мемлекеттілік және құқық мәселелері
- •68. Нормативті құқықтық актінің уақыттағы, кеңістіктегі және тұлғалар бойынша әрекеті.
- •69. Құқық субьектілік және оның құрамдары
- •70. Мемлекет типологиясына өркениеттік көзқарас.
- •71. Құқық нормасы: түсінігі, белгілірі, құрылымы
- •72. Нормативтік құқықтық акт, құқық қолдану актілері және талқылау актілерінің арақатынасы.
- •73. Мемлекет типологиясына формациялық көзқарас.
- •74. Құқықтық қатынас түрлері.
- •75. Құқық үстемдігі қағидасы құқықтық мемлекеттік ең жоғарғы қағидасы ретінде.
- •76. Мемлекеттік билік: түсінігі, жалпы белгілері.
- •77. Құқықшығармашылық түсінігі мен түрлері
- •78. Заңдылықты және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету кепілдері.
- •79. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдар жүйесі.
- •80. Құқықтық ықпал ету және құқықтық реттеу.
- •81. Заңды жауапкершілік: түсінігі, белгілері және түрлері.
- •82. Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет.
- •83. Құқыққа сай жүріс-тұрыс және оның түрлері.
- •84. Құқықтық қағидалары және олардың юридикалық тәжірибедегі маңыздылығы
- •85. Мемлекеттік егеменділік
- •86. Заңдық коллизиялар.
- •87. Заңдық процесс: түсінігі, мазмұны, кезеңдері.
- •88. Мемлекет органы және оның белгілері. Мемлекеттік органның жіктелуі
- •89. Құқық қолдану процесінің кезеңдері.
- •90. Құқықтық тәрбие : түсінігі, нысандары және әдістері
- •91. Мемлекет механизмі және аппараты. Түсінігі, құрылымы, қызмет ету қағидалары.
- •92. Зандық жауапкершіліктін мақсаттары мен қағидалары. Зандық жауапкершіліктен босатылатын мән-жайлар
- •93. Заңдық тәжірибе: түсінігі, құрылымы, қызметтері.
- •94. Құқықтық мемлекет түсінігі және қағидалары
- •95. Құқық қолдану актілері және оның ерекшеліктері.
- •96. Заңдық техника.
- •97. Мемлекеттік-құқықтық режим: түсінігі және оның түрлері.
- •98. Құқықтағы ақаулықтар және оны толтыру тәсілдері.
- •99. Құқық және заңның арақатынасы
34. Қазіргі кезеңдегі мемлекетке негізгі сипаттары.
35. Қр Конституциясы әрекеттегі құқық туралы.
36. Құқықтық мәдинет: түсінігі, құрылымы, қызметтері
Қоғам салаларындағы негізгілерінің бірі – құқықтық мәдениет. Бұл қоғамдағы мәдени құндылықтарды сақтау, жаңғырту, дамыту, оларға азаматтарды баурау жөніндегі қатынастарды құқықтық нормалар арқылы реттеп, басқару. Құқықтық мәдениет қоғамдағы мәдениеттен жоғары бола алмайды.
Құқықтық мәдениет қоғамның құқықтық санасының айнасы деуге болады. Құқықтық мәдениет 2 бөлімнен тұрады: жеке тұлғалардың мәдениеті және қоғамдық мәдениет. Жеке тұлғалардың мәдениеті қоғамдық мәдениетті дамытуға шешуші роль атқарады. Ал қоғамдық мәдениет – ол жалпы халықтың мінез-құлқы, санасы, тәрбие дәрежесі болып табылады.
Құқықтық мәдениеттің функциялары: танымдылық, реттеушілік, прогностикалық, нормативтік. Танымдық функциясы - құқықтық мәдениет теориясын дамыту; реттеушілік – мәдениетті реттеп, басқару; нормативтік – мәдениет бағытындағы нормативтік актілердің сапасын арттыру; прогностикалық – құқықтық мәдениеттің болашағын дұрыс болжауды білдіреді.
Құқықтық мәдениеттің қызметі негізгі үш топқа бөлінеді : танымдылық, бағалаушылық, реттеушілік. Танымдылық – халықтың заң білімін білуінің деңгейі, рухани сана-сезімнің жақсаруы. Бағалаушылық тобы 4 жүйеден құралады: 1.құқықтың салалары, қағидалары, құрылымы, функциялары; 2.құқықтық тәртіп;
3. Заңдылықты қорғайтын органдардың жұмысы; 4. азаматтардың мәдениетке, өздерінің қылықтарына баға беруі. Реттеушілік тобы – қоғамдағы мәдениет бағытындағы қарым -қатынастарды реттеп, басқару олардың заңдылық немесе заңды еместігін анықтау, дұрыс орындалу қызметін атқарады.
Сонымен, құқықтық мәдениет дегеніміз – қалаптасқан қоғамдық қатынастардағы жеке адамдардың , әлеуметтік топтардың , халықтың құқықты тану, меңгеру барысындағы немесе оны жалпы сыйлаушылықтан туындайтын құқықтық сана деңгейі өлшемінің жиынтығы.
37. Мемлекеттің пайда болуының нысандары
38. Құқық қолдану құқықты жүзеге асырудың ерекше нысаны ретінде
39. Құқықтық сана: түсінігі, құрылымы
Құқықтық сана. Түсінігі, құрылымы, түрлері
Құқықтық сана – ҚР азаматтарының қолданыстағы заңдарға, оларды қолдануға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына және қалаулы құқыққа, басқа да құқықтық құбылыстарға құқық сезімдерінің, көзқарастарының, пікірлерінің, бағаларының жүйесі.
Құқықтық сана қоғамдық сананың жеке бір саласы болып табылады. Құққықтық сана – адамадардың әлеуметтік бірліктердің қоғамда бар және олардың әлеуметтік бірліктердің қоғамда бар және олардың тілек-ықыластарына сай келетін құқыққа қатыстылықтарын білдіретін қөзқарастарының, идеяларының түсініктері мен сана-сезімдерінің жиынтығы.
Құқықтық сананың гносеологиялық және әлеуметтік аспектілері ажыратылады.
Гносеологиялық аспект идеялар мен көзқарастар шындықты бейнелеу нәтижесі ретінде шыққанда, шындықтың санаға қозғалуын көрсетеді.
Әлеуметтік аспект - нәтижесінде белгілі бір жүріс-тұрыс, тәртіп модельдері құрылатын санадан шындыққа өтуін анықтайды.
Құқықтық сананың қызметтері – танымдық, бағалау, реттеу.
Құқықтық сананың танымдық қызметіне – құқықтық сана арқылы өмірдегі болмысты тану жүріп жатқандығы жатады.
Құқықтық сананың бағалау қызметіне құқықтық сананың көмегі арқылы заңды маңызы бар өмірдегі нақты болмыстық жағдайларға баға берілетіндігі жатады. Құқықтық бағалау қатынастарының негізгі төрт түрін атап көрсетуге болады: құқыққа және заңға қатысты (оның қағидаттарына,нормаларына, институттарына; маңайындағылардың құқықтық іс-әрекеттеріне қатысты (қылмыстылыққа, қылмыстарға, қылмыскерлерге); құқық қорғау органдарына қатысты; өзінің құқықтық іс-әрекеттеріне қатысты.
Құқықтық сананың реттеу қызметі дәлелдер жүйесі, бағалаулықтар бағдарлары, құқықтық мақсаттар арқылы жүзеге асырылады.
Құқытық сананың құрылымы негізгі екі элементтен: құқықтық психология және құқықтық идеологиядан тұрады.
Құқықтық психология – сана-сезім, эмоция, әсерленушілік, дағды, стереотип түрлерінде көрінеді.
Құқықтық идеология – заңдық идеялардың, теориялардың, көзқарастардың жиынтығы. Құқықтық идеология құқыққа тұтас әлеуметтік институт ретінде мақсаттылық қағидасы бойынша ғылыми немесе философиялық мән беру арқылы сипатталады.
Бүгінгі күні құқықытық мемлекет доктринасы көптеген мемлекеттер дамуының идеологиялық негізі болып табылады. Саяси-құқықтық идеологиясыз осы заманғы өркениетті қоғамның болуы мүмкін емес.
Құқықтық сана түрлері:
1.Субъект бойынша – дербес, топтамалық, қоғамдық..
2,Құқықтық қызмет деңгейінің жоғары-төмендігі бойынша –
- әдеттегі құқықтық сана – адамдардың құқық жөніндегі жаппай көпшілік түсінігі;
- кәсіби құқықтық сана – кәсіпқой-заңгерлер араларында қалыптасатын құқықтық ұғымдар, түсініктер, идеялар, сенімдер, дәстүрлер, стереотиптер.
- ғылыми-құқықтық сана – құқықты жүйелі түрде теория бойынша игергендігін білдіретін идеялар, концепциялар, көзқарастар.
40. Мемлекет және құқықтың пайда болуының заңдылықтары. Мемлекет және құқықтың пайда болуының әлеуметтік және экономикалық себептері.
41. Құқықтағы объективтілік және субъективтілік
42. Мемлекет және құқық теориясы және ғылымының қызметтері заңдық тәжірибесі
43. Мемлекет және құқықтың пайда болуы туралы негізгі теориялары
Мемлекет деген күрделі саяси ұйым. Мемлекет пайда болғаннан кейін ол туралы көптеген тұжырымдамалар мен теориялар қалыптасты. Ойшылдардың әр ғасырда ұсынған идеялары негізінде таптық мүдделер мен теория пайда болған қоғамның тарихи жағдайларына, заман талабына байланысты қалыптасқан.
1. Теологиялық теория – мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып, дамып келеді деп түсіндіреді. Әрбір ірі дінде құдайдың әрекеті деген діни құқықтық қағидалар бар. Қазіргі заманда да кейбір мемлекеттер осындай қағидаларға негізделіп құрылып, қызмет атқаруда. Бұл теория адамдардың сенімі, иманы ретінде қалыптасқан ұғым, көне заманнан дамып, нығайып келеді. Кезінде біздің ғасырымызға дейін Египет сияқты шығыс елдерінде кең тарап, кейінірек орта ғасырдың діни қызметкерлері қаруға алып, жан-жақты насихаттады. Монархиялық формадағы мемлекеттердің идеологтері монархтың билігі "құдайдың әмірімен болады",- деп оған сөзсіз бас ию, бағынуды талап етті. Ф. Аквинский (1225-1274) Аристотельдің ілімінен "активтік форманың" "пассивтік материяға" өмір беретін тұжырымға алып, "қандай да болмасын билік – құдайдан" деп жариялады. Теологиялық теория "Екі семсер", "Ай мен күн" сияқты теорияларды да дүниеге әкеледі. Бұл теориялар негізінде Римнің католикалық шіркеуі кең көлемде насихаттады. "Екі семсер теориясы бойынша мемлекет басшысы – король, билікті шіркеуден алғандықтан, оған міндетті түрде тәуелді десе, "ай мен күн теориясы" бойынша ай жарықты күннің түсуінен алса, король, императорлар билікті шіркеуден, пападан алады, сондықтан оған міндетті түрде бағынуы тиіс.
2. Патриархалдық теория – (Платон, Аристотель, Р.Фильмер, Н.Михайловский, Ш.Уалиханов, Бронганк, Вольтман). Бұл теорияның мәні бойынша мемлекет отбасының өсіп-дамуынан ұлғайтып біртіндеп мемлекетке айналады, ал монархтың билігі әке билігінің жалғасы болып табылады. Бұл теорияның өкілі және дамытқан зерттеушісі Аристотель. Оның түсінігі бойынша мемлекет бірнеше отбасы қыстақтарынан құралады және мемлекеттегі басқару отбасы билігінің жалғасы болып табылады.
3. Патроманальдық теория (лат. Patrimonium-мұрагерлікке қалған жер, меншік). (Швейцарлық, К. Галлер). К.Галлердің түсінігі бойынша мемлекет меншік иесінің жерге иелену құқығынан пайда болады. Жерге ие болған меншік иесінің билігі сол аумақта өмір сүрген адамдардың бәріне жүреді. Халық жерді меншік иесінен мердігерлікке ғана алады. К.Галлер Х1Х ғасырда Еуропаның кейбір мемлекеттеріндегі феодалдардың жерге деген меншігінің саяси билікпен ұласқандығын алға тартады.
4. Күштеу теориясы – (Жан Ян б.э.д.390-338ж., Е.Дюринг, Л.Гумпелович, К.Каутский) Бұл теорияны жақтаушылар мемлекеттің пайда болуын бір тайпалардың басқа тайпаларды жаулап алуымен түсіндіреді. Олардың пікірінше, мемлекеттік билік, таптар бір халықтың екінші халықты жаулап алғаннан кейін пайда болады және ол соғыстың, күштеудің тікелей салдары деп танылады. К.Каутский қоғамда таптардың пайда болуын көшпенділердің отырықшы елдерді жаулап алуынан туған деп тұжырым жасады. Мысалы, Л.Гумпелович: "Бізге тарих мемлекеттің күштеу арқылы болмағаны туралы басқаша бірде-бір мәлімет бере алмайды. Мемлекет әрқашан бір тайпаның басқаларға күш қолдануы нәтижесінде қалыптасты. Бұл күштірек бөтен тайпалардың отырықшылыққа өткен әлсіз халықты жаулап алуы мен езіп жаншуының нәтижесі"-деп қорытынды жасады. Ол құқықтың пайда болуын тек күш арқылы болатын құбылыс деп танып "күш қолдану құқықтың алдында жүреді" деген формула, қағиданы құқықтану ғылымына енгізді. Оның ойынша топтардың, бір рулардың үстемдік етіп, күш қолдануы дағдыға айналып, келе-келе әдеттік құқық нормаларын қалыптастырады.
5. Шарт немесе табиғи-құқықтық теория – (Б.Спиноза, Д.Локк, Т.Гоббс, Г.Гроций, Ж.Ж.Руссо, Д.Дидро, Ш.Л.Монтескье, П.А.Гольбах, А.Радищев). Бұл теория XVII-XVIII ғасырларда феодалдық мемлекеттік-құқықтық институттар мен жүйеге қарсы күрес кезеңінде қалыптасып дами келе көптеген елдерде кеңінен тарады. Теорияның тұжырымы бойынша адамдар ерте кезде қақтығыстар мен шиеліністерден көздерін ашпаған. Оларды болдырмай, өздерін сақтап қалу мақсатында саналы, әділетті түрде басқару үшін адамдар бір-бірімен шарт жасап, билікті өздері қалаған адамдарына берген. Содан бері қарай мемлекет жасалған шарт негізінде өз міндетін атқаруда. Шарттың талаптарын орындамай өрескел бұрмалаған жағдайда халық өзі құрған билікті күшпен құлатуға құқылы. Сонымен қатар шарт теориясының негізгі қағидалары мен талаптары АҚШ-тың тәуелсіздік декларациясында (1776), Францияның адам және азамат құқықтарында(1789) және басқа да құжаттарда бекітілді.
6. Психологиялық теория (бұл теорияны уағыздаған Фрезер,Тард,Пампериен,Петражицкий,Фрейд,Ковалевский,Коркунов) Аталмыш теорияны жақтаушылар мемлекет және жалпы билік жүргізетін адам ерекше сыйқырлы күшпен психикалық энергияға ие. Алғашқы адамдар ру көсемдері мен бақсыларға сенімдік білдіріп, табынған болса, мемлекеттік билік тұлғалары алдында да адмдар өздерінің бағыныш қылығын танытады, бағынуға құлшыныс береді. Бағындыру, бағындырушының ерекше психикалық қабілеттеріне байланысты. Мемлекеттік билік осы жолмен қалыптасады. Қоғамда ерекше қасиеті бар адамдарға басқа адамдар өз еркімен табынуға, бағынуға ұмтылады.
7. Органикалық теория (өкілдері:Шеффле, Вормс, Фортескью, Спенсер). - бұл пікірді Платон көне дәуірде уағыздаған (б.з. IV-III). Бірақ теория толық түрде Х1Х ғ. Қалыптасты. Теорияның мазмұны мемлекетті біртұтас организмге теңейді.Ағзада әртүрлі функциялар атқаратын жасушалар мен органдар болады. Олардың барлығы біртұтастықты құрап, тіршілік етуді қамтамасыз етеді. Мысалы, адамның мыйы басқару функциясын атқарса, қол мен аяқ дене еңбегімен шұғылданатындар, ал сауда, көлік байланыс жүйелер адамның қан тамырларымен салыстырылады. Басқару аппаратын да тірі ағза ретінде бағалайды. Ағза биологияның заңына бағынса, адам саналы құдіретке, оның қимыл әрекеті әртүрлі болады, қайталанбайтын шешімді қабылдауға интелекті жетеді.
Құқық туралы негізгі теориялар:
1. Табиғи теория – бұл теорияның мазмұны көне дәуірде қалыптасқан. Мазмұны - қоғамда мемлекеттік құқықтан басқа адамдардың табиғи құқығы болады: бостандығы, теңдігі, еңбек жасауы, қоғам жұмысына қатысуы т.б. Цицерон табиғи заңға қарсы келетін мемлекеттік заң болуға тиіс емес деген. Табиғи теорияны Локк, Руссо, Монтескье, Гольбах, Радищев т.б. дамытқан. Дамыған елдерде табиғи әлеуметтік норма мен мемлекеттік құқықты бір-біріне қарсы қоюдың негізі жоқ. Олар қоғамды қарым-қатынасты бірігіп реттеп басқарады.
2. Тарихи теория – бұл теорияның өкілдері құқық адамдардың рухани сана-сезімнің даму процесінен өмірге келіп, қалыптасады деп түсіндіреді. Оған мемлекеттің қатынасы жоқ – деп уағыздаған. Адамдар субъективтік жолмен өздерінің ойынан заң шығара алмайды, тек қоғамның объективтік даму процесінен қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормалардың шығуын тездету керек деп түсінген. Бұл теорияның өкілдері: Густав Гуго, Карл Савинын, Фридрих Пухта, Штиль т.б.
3. Реалистік теория – құқықтың дамуы өзінің эволюциялық ішкі себептері арқылы өзгеріп, ескіріп, жаңарып жатады. Оның дамуына сыртқы жағдайлардың әсері мол болады – деп уағыздаған. Бұл теорияны құрастырған неміс ғалымы Рудольф Йеринг. Бұл теория құқықтың бірлігін, дамуын, оның мемлекетпен байланысын, субъектілердің құқығының міндеттері болатынын және мемлекеттің бақылауын қостайды.
4. Социологиялық (әлеуметтік)теория – ХХ ғасырда қалыптасқан теория. Бұл теория құқықтық қатынасты адамдардың құқықтық тәртібін жан-жақты ғылыми тұрғыдан зерттеуді жақтайды. Өкілдері: Эрлих, Леон Дюги, С.М. Муромцев т.б. Құқықтың әлеуметтік мазмұнын зерттеуге көп көңіл бөледі, құқықтық мемлекетті жақтайды.
5. Нормативтік теория – құқық әлеуметтік өмірдің сыртқы қарым-қатынасын реттеп, басқарып, адамдардың мүдде мақсатын орындау деп түсінеді. Заң ғылымы құқықтың жеке өзін саясат пен идеологияға қоспай зерттеуді жақтайды. Құқықтың белгі-нышандарын жақсы зерттеуді, құқықтық мемлекетті жақтады. Нормативтік актілерді жоғарыдан төмен қарай сатылап зерттеуді, бақылауды ұсынады. Өкілдері: Р.Штаммлер, Г.Кельзен.
6. Психологиялық теория – ХХ ғ-дың басында жақсы дамыған теория. Негізгі мазмұны: құқық адамдардың психикасының ішкі құрылысында қалыптасып олардың сыртқы іс-әрекетіне, жұмысына әсер етуі. Адамның ішкі сана-сезімі мен сыртқы тәртібінің, мінезінің, іс-әрекетінің байланысын Петржицкий этикалық сана деп атайды. Бұл теория құқықты екі түрге бөледі: жеке тұлғалық (автономдық) және оң жағымды(позитивтік). Жеке тұлғалық құқық-жеке адамның ішкі ұятынан қалыптасатын елегізу, қатты қиналу. Оң жағымды (позитивтік) құқық басқа адамның беделіне, абыройына сенушіліктен қалыптасатын психикалық көзқарас.
7. Материалистік теория – құқық саяси-экономикалық үстемдік жүргізетін таптың мүдде-мақсатын қорғайтын нормативтік актілердің жиынтығы. Құқықтың мазмұны екі элементтен тұрады – деп түсіндіреді: экономикалық базис пен үстемдік таптың мүддесі.
44. Құқықтық қатынас субъектілері
45. Мемлекет және құқықтың арақатынасы
46. Юридикалық ғылым әдістерінің жіктелуі
47.Әрекеттегі заңнаманы жүйелендіру және оның түрлері
Заңнаманы жүйелеу - бұл нормативік актілерді реттеу, оларды белгілі бір жүйеге келтіру. Ол заңнаманы қолдану ыңғайлығын арттыру үшін, көпшілікке түсінікті болуын қамтамасыз ету үшін қажет.
Жүйелеудің түрлері:
Инкорпорация – бұл нормативтік актілердің мазмұнын өзгертпестен бір жинаққа біріктіру арқылы жійелеу нысаны. Мұндай жинақта әрбір акт өзінің дербес мәнін сақтап қалады. Инкорпорацияның қағидалары: хронологиялық (оларды қабылдау уақыты бойынша), тақырыптық (белгілі бір тақырып бойынша) және т.б.
Инкорпорацияны кім жүзеге асырғанына байланысты жинақтардың үш түрін бөліп қарастырады: ресми, жартылай ресми және бейресми. Ресми жинақ құқықшығарушы орган өзі жинақты дайындап, жариялаған кезде орын алады. Жартылай ресми жинақ болып құқықшығарушы органның тапсырмасы бойынша, бірақ оның ресми көрініс таппаған қолдауы арқылы шығарылған жинақтар табылады. Бейресми жинақ болып ғылыми мекемелердің, баспалардың өз ынтасы бойынша, құқықшығарушы органның арнайы өкілеттіктерсіз шығарған заңнама жинақтары табылады.
Консолидация – бұл нормативтік актіледің мазмұнын өзгертпестн бір жинаққа біріктіру арқылы жүйелеу нысаны. Инкорпорациядан айырмашылығы – мұндай жинақта әрбір акт өзінің дербес мәнін жоғалтады. Мұнда нормативтік актілер олардың белгілі бір қызмет түріне қатыстылығы белгісі бойынша біріктіріледі.
Кодификация – бұл нормативтік актілердің мазмұндарын өзгертудің нәтижесінде оларды біртұтас актілерге біріктіру арқылы жүйелеу нысаны. Кодификация процесінде ескірген материалдар мен нормалардағы қайшылықтар жойылады, жаңа ережелер қалыптасады, олардың өзара келәсуі мен логикалығы қамтамасыз етіледі. Кодификациялық актінің дәстүрлі қалыптасқан түрі болып кодекс табылады
