Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәріс 3 ОСД.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
295.42 Кб
Скачать

3.2. Құрылыс алаңын игеру

Объектіні салмас бұрын өндірістік жұмыстарының құрылыс алаңын алдын-ала дайындық ұйымдастыру-техникалық период өткізіледі, сол уақыт барысында оның қоршалуы, имараттардың бөлінуі, уақытша ғимараттар мен имараттарды салу қарастырылады.

Құрылыс алаңын қоршау құрастырмалы инвентарлы қалқалар және бағаналар арқылы орындалады. Жер жұмыстарын қоспағанда бағаналарды жантаймаларда немесе іргетас блоктары арасына орналастырады, кейіннен құрылыс алаңының бойы бойынша бір қатармен монтаждалынады. Құрылыс алаңының алдында және одан кейінгі де сыртқы бөлігінде ыңғайлық пен қауіпсіздік сақталу үшін қоршау сыртына күнқағар және қажеттілік жағдайда тақтайдан жаяужол орнатады. Қоршаудағы өтетін жерлерден басқа ғимаратта солардың үстіне жазық төсеніш қойылады. Егер қоршау магистралға шығатын болса, онда оның сыртқы түрі жергілікті әкімшілікпен келісіледі.

Құрылыс алаңын игеру сатысы барысында геодезиялық топтастырылған негіз құрылуы қажет, ол салынатын ғимараттың сол жергілікті жердің жоспарлық және биік ғимараттардың салынуын құрайды, сонымен қатар құрылыстың барлық сатыларында және ол біткеннен кейін де геодезиялық қаматамасыз етеді. Жергілікті қазаншұңқырдың, үймелердің осьтерін және олардың тереңдігі немесе биіктігін анықтау мен бекіту геодезиялық топтастыру деп атайды. Оны геодезиялық құралдарды қолдану арқылы орындайды. Жергілікті осьте тұрғызылып жатқан ғимараттың және жоспардағы имараттардың жерлік сызбаларын есепке алады да, көлденең топтастырылуы анықталып, бекітіледі, ал тік болған жағдайда – үйінділердің тереңдігі мен биіктігі алынады. Ол үшін қабырғасы 100-200 м болатын тіктөртбұрыш пен квадраттан болатын тіректі құрылыс торы түрінде геодезиялық топтастырылған негіз құрылады. Құрылыс торын ажырату және оны жергілікті орынға бекіту тұрақты белгілермен жасалады, ол үшін алаңдағы бар геодезиялық торды қолданады.

Құрылыс алаңындағы жұмыстар тұрғызылатын ғимараттардың бұрыштарының тіректі құрылыс торына қатысты орналасуын анықтаумен басталады. Ғимараттардың бұрыштарының орналасуы жергілікті координаттармен анықталады. Ғимараттың соңғы осьтерін құрылыс алаңын бекітетін шекара бұрыштарымен бекітеді, олар болашақ имарат шекарасынан 4-5 м арақашықтықта орналасады. Ол тірек түрінде, имарат периметрінен 3-4 м қашықтықта орналастырылады. Биіктігі 1,5 м тіректерге көлденең жікті бекітеді, теодолит көмегімен имараттың соңғы осьтерінің орналасуын белгілейді. Құрылыс алаңын белгілейтін шекара ағаш немесе металл түрінде болуы мүмкін. Көбіне металл түрін қолданады.

Қазаншұңқырлар мен орларды тікелей үзу алдында ажыратады. Қарама-қарсы құрылыс алаңын белгілейтін шекаралар арасына сымдарды тартады, олар ғимарат осьін белгілейді де топырақ бетіне осьтің орналасуын көрсетеді. Қазаншұңқырдың өлшемінің жоғарғысына жақсы көрінетін қазықтармен немесе қадалармен бекітеді. Қазаншұңқырдың, ордың тереңдігін нивелирмен қадағалайды.

Қазаншұңқырдың түбі мен еңісін тазалағаннан кейін жоспардағы орындалатын түсірілімді жасайды және ол биіктік бойынша да болады, содан соң имаратты бойлық және көлдеңен осьтік бөлек құрылыс блоктарына және имарат бөліктеріне, олардың осьтерінің қазаншұңқыр түбіне ауысуын нақты ажыратады. Жоспардағы жергілікті конфигурация мен ғимараттың өлшемдерінің нақты ажыратылуы репер мен жарма белгілері бойынша биіктігінің таңбалануының анықталуын күтеді, ол имарат контурында және оның шегінен де шығатын орындарда орналастырылады.

Құрылыс алаңын белгілейтін шекараны кейде жазықты емес , үзілмелі қылып жасайды, себебі тұрғызылған объектінің контур аймағында техниканы кірістіруінің сақталуын қамтамасыз ету үшін.

Уақытша имаратты тұрмыстық қоймаларды, өндірістік орындарды, энергия көздерінің сақталуын қаматамасыз ету үшін тұрғызады. Уақытша тұрғызулар ретінде қозғалмалы инвентарларды немесе тұрмыстық контейнерлерді қолданады, олардың құрамында киім шешетін орын, кептіргіштер, жуынатын орындар болады.

Уақытша имараттарға құрылыс алаңында электрэнергиясын, суды, жылуды, сонымен қатар уақытша көлік жолдарын жүргізу де жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]