- •Авторы: жоғарғы санатты ұстаз
- •Негізгі клиникалық тексеру әдістері
- •1 Бейнелеме Субъективті тексеру әдісі
- •Объективтік тексеру әдістері
- •Науқасты қарау
- •Пальпация
- •Перкуссия
- •Аускультация
- •Құрал – жабдық аппарат арқылы тексеру әдістері Артериялық қысымды өлшеу
- •Рентгенологиялық тексеру әдістері
- •Электрокардиография
- •Фонокардиография
- •Ультрадыбыспен зерттеу дерт анықтамасы
- •Сканерлеу
- •Эндоскопиялық әдіс
- •5 Сурет. Сау адамның бүйрегінің сканограммасы ( с- сол жақ; о - оң жақ )
- •Бейнелеме Ішкі мүшелерді құрал – жабдық аппараты арқылы тексеру әдістері
- •Спирография
- •Зертханалық тексеру әдістері
- •Зәрді зерттеу
- •Асқазан сөлін тексеру
- •Нәжісті зерттеу
- •Қақырықты зерттеу
- •Тексеру әдістеріне арналған тесттік тапсырмалар:
- •Тексеру әдістеріне арналған тесттердің жауаптары:
- •Тыныс алу мүшелерінің аурулары Тыныс алу мүшелерінің анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктері
- •Негізгі белгілері
- •Тексеру әдістері Субъективтік тексеріс
- •Объективтік тексеріс
- •Зертханалық зерттеулер
- •Құрал - жабдық аппараттар арқылы зерттеу
- •Бронх қабынуы (бронхит)
- •3 Бейнелеме Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы тексеру әдістері
- •Жедел бронхит
- •Созылмалы бронхит
- •Өкпе қабынуы (pneumonia)
- •Крупты пневмония (плевропневмония)
- •Ошақты пневмония (бронхопневмония)
- •Созылмалы өкпе қабынуы
- •Бронх демікпесі (asthma bronchiale)
- •Бейнелеме Бронх демікпесі ұстамасының клиникасы және мейіркештің тактикасы
- •Өкпе іріңді аурулары
- •Өкпе іріңдігі (абсцесс)
- •Бронхоэктаздық ауру
- •Өкпе туберкулезі (tuberkulosis pulmonum)
- •Өкпе эмфиземасы (emphysema pulmonum)
- •Пневмосклероз
- •Өкпе обыры
- •Өкпелік жүрек (cor pulmonale)
- •Жедел өкпелік жүрек
- •Созылмалы өкпелік жүрек
- •Өкпеқаптың қабынуы (pleuritis)
- •Құрғақ плеврит
- •Эксудатты плеврит
- •Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі і кезең. Пациенттің мәселелерін табу.
- •IV кезең. Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру.
- •V кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Тыныс алу мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •Тыныс алу мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптарының тізімі:
- •Жүрек - қан тамыр жүйесінің аурулары Жүрек қан тамыр жүйесінің анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктері
- •Тексеру әдістері
- •5 Бейнелеме Жүрек – қан тамыр жүйесінің ауруларымен ауыратын науқастардың тексерісі
- •Негізгі клиникалық белгілері
- •Жүрек ырғақтылығының бұзылуы
- •Жүрек маңайының ауырсынуы
- •Көгеру (цианоз)
- •Ревматизм
- •Ревматикалық перикардит
- •Миокардиттер (myocarditis)
- •Жүрек ақаулары Жүре пайда болған жүрек кемістіктері
- •Митралды қақпақша жеткіліксіздігі
- •Сол жақ атриовентрикулярлы тесіктің тарылуы (митралды стеноз)
- •Жүректің құрамды митралды ақауы
- •Қолқа қақпақшаларының жеткіліксіздігі
- •Қолқа саңылауының (сағасының) тарылуы
- •Жүректің құрамды қолқалық кемістігі
- •Үш жармалы қақпақшаның жеткіліксіздігі
- •Оң жақ жүрекше – қарынша саңылауының тарылуы
- •Гипертониялық ауру
- •Атеросклероз
- •Бақылау сұрақтары
- •Жиа, жүрек қыспасы (стенокардия)
- •Бақылау сұрақтары
- •Жиа, миокард инфарктісі (infarctus myocardus)
- •Бақылау сұрақтары
- •Жедел жүрек жеткілісіздігі
- •Бақылау сұрақтары
- •Бақылау сұрақтары
- •Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі
- •Бақылау сұрақтары
- •Жүрек - қан тамыр жүйесінің ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •6 Бейнелеме Жүрек қыспасының клиникалық белгілері және мейіркештің әрекеттері
- •7 Бейнелеме Өткір миокард инфарктісінде кездесетін белгілер және мейіркештің әрекеттері
- •8 Бейнелеме Гипертониялық криздің белгілері және мейіркештің әрекеттері
- •Жүрек - қан тамыр жүйесінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •Іv кезең. Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру.
- •V кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Жүрек - қан тамыр жүйесінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •20. Миокард инфарктісі ұстамалы түрде өтеді ме?
- •Жүрек - қан тамыр жүйесінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары
- •Ас қорыту мүшелерінің аурулары Ас қорыту мүшелерінің анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктері
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларындағы негізгі белгілері
- •Тексеру әдістері
- •9 Бейнелеме Ас қорыту ағзаларының ауруларымен ауыратын науқастарды тексеру әдістері
- •10 Бейнелеме Ас қорыту ағзаларының ауруларының зертханалық және құрал – жабдық аппараты арқылы тексеру әдістері
- •Гастриттер
- •Жедел гастрит
- •Созылмалы гастрит
- •Асқазанның және ұлтабардың ойық жара ауруы
- •Асқазаннан қан кету
- •Көрші жатқан ағзаға жабысып тесілу (пенетрация)
- •Қақпаның қатаюы
- •Қатерлі ісікке ауысу
- •Асқазан қатерлі ісігі (обыры)
- •Бауыр және өт жолдарының аурулары Бауырдың анатомиялық – физиологиялық ерекшеліктері
- •Негізгі белгілері
- •Тексеру әдістері
- •Гепатиттер
- •Созылмалы гепатиттер
- •Бауыр циррозы
- •Бауырдың өлі еттенгеннен кейінгі циррозы
- •Порталды цирроз
- •Билиарлы цирроз
- •Өт жолдарының дискинезиясы
- •Панкреатиттер
- •Созылмалы панкреатит
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •1 Кезең. Пациенттің мәселелерін табу.
- •2 Кезең. Мейіркеш диагнозын қою
- •Қысқа уақытқа бағытталған мүмкіншілік мақсаттар:
- •Іште ауырсынуы басылады;
- •4Кезең. Жоспарлаған жұмысты жүзеге асыру
- •5Кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары:
- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының аурулары Бүйрек және зәр шығару жолдарының анатомиялық- физиологиялық ерекшеліктері
- •Тексеру әдістері
- •11 Бейнелеме Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларындағы науқастардың тексерітері
- •Негізгі белгілері
- •Пиелонефрит
- •Өткір пиелонефрит
- •Созылмалы пиелонефрит
- •Өткір гломерулонефрит
- •Созылмалы гломерулонефрит
- •Бүйректің тас ауруы
- •Бүйрек жеткіліксіздігі Өткір бүйрек жеткіліксіздігі
- •Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі
- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •12 Бейнелеме Бүйрек шаншу ұстамасының негізгі белгілерімен және мейіркештің әрекеттері
- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •V кезең Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптарының тізімдері
- •Тексеру әдістері
- •13 Бейнелеме Қан түзілу мушелерінің ауруларындағы тексеру әдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •Қан аздық (анемия)
- •Жедел постгеморрагиялық қан аздық (қансыраудан кейінгі қан аздық)
- •Темір тапшылықты қан аздық (anemia sideropenica)
- •(Аддисон-Бирмер, пернициоздық қан аздық)
- •Гипопластикалық қан аздық
- •Гемолитикалық қан аздық
- •Туа біткен гемолитикалық қан аздық
- •Жүре пайда болған гемолитикалық қан аздық
- •Гемобластоздар (haemoblastosis)
- •Ақ ноғана (лейкоз)
- •Жедел ақ ноғана
- •Созылмалы миелолейкоз
- •Созылмалы лимфолейкоз
- •Лимфогранулематоз
- •Геморрагиялық диатездер
- •Тромбоцитопениялық пурпуралар
- •Геморрагиялық васкулит
- •Гемофилия (haemophilia)
- •Қан түзілу мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •Қан түзілу мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •IV кезең Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру.
- •V кезең Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Қан түзілу мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •Қан түзілу мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары
- •VIII – тарау
- •Ішкі сөлденіс бездері мен зат алмасу
- •Дәрісінің бұзылуының аурулары
- •Ішкі сөлденіс бездерінің анатомиясы мен физиологиясы
- •Негізгі клиникалық белгілері
- •Тексеру әдістері
- •14 Бейнелеме Ішкі сөлденіс бездері ауруларындағы тексеру әдістері
- •Уытты жемсау (тиреотоксикоз)
- •Тиреотоксикоздық криздің емі Алғашқы 2 сағатта жүргізілетін ем:
- •2 Сағаттан кейін жүргізілетін ем:
- •Гипотиреоз (hypothyreosis)
- •Гипотиреоидтық команың емі
- •Эндемиялық жемсау
- •Қант сусамыры
- •15 Бейнелеме Диабеттік команың белгілері және мейіркеш әрекеттері
- •16 Бейнелеме Гипогликемиялық команың белгілері және мейіркеш әрекеттері
- •34 Сурет
- •Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары.
- •Тірек – қимыл аппаратының аурулары Буын аурулары туралы түсінік
- •Негізгі клиникалық белгілері
- •Ревматоид артриті
- •Бақылау сұрақтары
- •Дәнекер тіннің диффузды аурулары (дтда)
- •Жүйелі қызыл жегі
- •Бақылау сұрақтары
- •Жүйелі терінің қатаюы (склеродермия)
- •39 Сурет
- •40 Сурет
- •Дерматомиозит
- •Түйінді периартериит
- •Тірек - қимыл аппаратының ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •V кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Тірек – қимыл аппаратының ауруларындағы тесттік тапсырмалар:
- •Тірек – қимыл аппаратының ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары
- •Аллергоздар Өткір аллергоздар туралы түсінік
- •Есек жем
- •Квинке ісігі
- •Сары су ауруы
- •Анафилаксиялық шок
- •Анафилаксиялық шоктағы медициналық жұмыскердің тактикасы:
- •17 Бейнелеме Анафилаксиялық шоктың клиникасы және мейіркештің тактикасы
- •Аллергоздардағы мейіркеш үдрісі
- •Кезең. Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру.
- •Кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Аллергоздарға арналған тесттік тапсырмалар:
- •Аллергоздарға арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары
- •Жалпы бөлім
- •Арнайы бөлім
- •Тыныс алу мүшелерінің анатомиялық- физиологиялық ерекшеліктері...................................................................................... .29
- •Қан және қан түзуші мүшелердің ауруларына
Тексеру әдістері
Сұрастыру. Ішкі сөлденіс бездерінің организмнің түрлі жүйелерімен жеке ағзаларына әсері өте күрделі де маңызды болғандықтан олардың ауруларымен байланысты шағымдар да алуан түрлі. Көбнесе мынадай
14 Бейнелеме Ішкі сөлденіс бездері ауруларындағы тексеру әдістері
-
Пациенттің шағымдары
Мойын пішінінің өзгеруі 6. Шөлдеу
Қозғыш 7. Терінің қышынуы
Тершеңдік 8. Полиурия
Дене салмағының өзгеруі 9. Әлсіздену
Ж үрек қағысының жиілеуі
-
Науқастану сыртартқысы
Әкеліп соғатын мәнбірлер 4. Жүргізілген тексерістің
Себептері нәтижелері
Басталуы, дамуы 5. Қолданылған ем
6. Асқынулары
-
Өмір – баян сыртартқысы
Сырқаттанған аурулары 6. Бас жарақаттары
Тұқым қуалаушылығы 7. Жағымсыз мамандық
Тамақтану мінездемесі мәнбірлері
Жағымсыз қылықтары 8. Еңбек жағдайы
Мамандығы 9. Күйзелістер
-
П ациентті тікелей тексеру
-
Қарау
Сипалау
Көз белгілері 5. Шиқан
Семіздік 6. Терінің дақтануы
Жүдеу 7. Тырнақтың, тілдің
Қалқанша бездің шаштың өзгеруі
үлкеюі 8. Қолдың дірілдеуі
Терінің жағдайы
Қалқанша безі
Тамыр соғуы
-
З ертханалық және құрал – жабдық аппараты арқылы тексеру
Қалқанша безі
|
Ұйқы безі |
|
|
шағымдар байқалады: жүйкенің қозғыштығы, ұйқының бұзылуы, тамаққа тәбеттің төмендеуі, тез қажып, абыржып, кею, тершендік, жүректің қағуы, қан қысымы көтеріліп, басқа қан шабуы, құлақтың шулауы, жүдеу. Кейбір ауруларға тән абыржығыштық пен шапшандық (уытты жемсау), енжарлық пенкөңілсіздік (микседема) немесе ой-сананың төмендігі сияқты белгілер де бар. Науқастың өмір тарихынан ауруды дамытқан себепті анықтауға
тырысу керек. Қатты күйзелудің, қорқудың, қажудың тиреотоксикоз ауруының дамуына тікелей әсері жалпыға белгілі. Ішкі сөлденіс бездері ауруларының кейбіреуі жыныстық жетілу немесе климакс кезеңдерінде, босанғаннан кейін көрініс береді. Бірсапыра аурулар тұқымқұаласа (мысалы, қант сусамыры), енді біреулері басқа сырқаттарға (түберкулез, сифилис) қосарланады немесе солардың бір көрінісі болуы мүмкін.
Қарау. Ішкі сөлденіс бездері сырқаттарын анықтау үшін бұл тәсілдің маңызы ерекше. Өйткені уытты жемсау, микседема, акромегалия, Иценко – Кушинг, Аддисон ауруларын науқасқа бір қарап – ақ айқындауға
болады. Қалқанша безі немесе гипофизі зақымдалған науқастардың бет келбеті өзгереді. Қалқанша бездің қызметі тым артқан науқастың көзі шарасынан шығып, бадырайып, кірпіктері сирек қағылып, бет келбеті үнемі қорыққан адамға ұқсас болады. Көлемі ұлғайған без жай қарағанның өзінде де көрінуі мүмкін. Қалқанша бездің жұмысы тым кемісе, онда науқастың бет әлпеті дөңгелектеніп, көз жанары сөніп, ол топас, селқос кейіпті келеді. Акромегалиямен ауыратын науқастардың қас үсті доғалары, иегі шығыңқыланып, мұрны мен аяқ – қолдары ұлғаяды. Гипофиздің алдыңғы бөлігінде ісік пайда болғанда акромегалиялық алыптық (гигантизм), ал жыныс бездерінің қызметі төмендегенде әтектік (евнухоидтық) гигантизм байқалады. Гипофиздің алдыңғы бөлігі зақымдалып, оның қызметі төмендеген жағдайда ергежейлі әрі жыныс ағзалары дұрыс қалыптаспай, жыныс белгілері дамымай қалады. Микседема сырқатында да тап осындай клиникалық белгілері болуы мүмкін. Тері жамылғышының өзгерістері де әр ауруға тән болып келеді. Микседема сырқатында науқастың беті бозарып, сарғыш тартса, Иценко – Кушинг синдромында теріні қан кернеп, қызарады. Аддисон ауруында бүйрек үсті безінің жұмысы төмендеп, тері мен кілегейлі қабықшалар қоңыр түсті қола тәрізденеді. Қалқанша бездің жұмысы тым артқандардың терісі жылтырап, олар тершең болса, осы бездің жұмысы жеткіліксіздігінде терісі дымқыл әрі салқын болады. Акромегалияға терінің қалыңдауы тән. Гипотиреоз ауруында теріге муцин сіңеді, сондықтан ол ісінеді. Иценко – Кушинг синдромында сан мен іштің терісі семіп, онда қызғылт күлгін жолақтар байқалады. Қант сусамыр ауруында науқастардың терісінде тырналған сызықтар қалып, іріңдіктер пайда болады. Әтектерде шаш пен түк әйелдерге ұқсас өссе, акромегалияда көп және жылдам өссе, микседемада науқастардың кірпігі, қасы, мұрты, шашы керісінше түсіп қалады. Ішкі сөлденіс бездері зақымданғанда тері асты майы әртүрлі дамиды. Ол қалқанша бездің қызметі бұзылуымен байланысты болса, денеге біркелкі жиналады, ал гипофиз бен жыныс бездерінің қызметінің өзгеруінен шел май негізінен іштің төменгі жағын, бөксе мен санды басып кетеді. Бет пен тұлғаны май басу – Иценко – Кушинг ауруының айқын белгілерінің бірі. Тым жүдеп, арықтау қант сусамырымен тиреотоксикозда жиі кездеседі. Әтектердің жіліктер эпифизінің жетілуі кешеуілдесе, акромегалияда қаңқаның түрлі сүйектері бір – біріне сәйкессіздеу әрі тым қалың болып қалыптасады. Қалқанша маңы безінің қызметі жеткіліксіздігінен қанда кальций азаяды, сондықтан бүкіл бұлшық еттер құрысып, “акушер қолы” деп аталатын белгі немесе бет бұлшық еттері құрысып, “күлегіш кейіп” байқалады.
Сипалау. Пальпация тәсілімен негізінен қалқанша без зерттеледі. Бездің тығыздығын, оның сипатын, түйінді - түйінсіздігін анықтайды. Ол үшін дәрігер екі қолының бүгілген саусақтарын төс – бұғана сүйір бұлшық еттердің артқы қырына тереңдете сұғып, бас бармақтарды оның алдыңғы қырына қоюы керек, сол кезде науқас жұтынса, қалқанша без кеңірдекпен бірге қозғалып, саусақтардың арасымен сырғиды. Бұл тәсіл бездің көлемінің шамалы ғана өзгерісін, оның жылжымалығын, механикалық әсерден ығысу мөлшерін, ауырсынуын, тамырларының соғуын анықтауға мүмкіндік береді.
Тықылдату. Перкуссия тәсілімен төстің артында жайғасқан жемсауды анықтауға болады.
Тыңдау. Тиреотоксикозбен ауыратын сырқаттардың қалқанша безі ұлғайып, қан ағысы үдейді. Сөйтіп онда шу мен үн туындайды. Сол дыбыстар тыңдағанда жақсы естіледі.
Зертханалық тексеріс. Қандағы ішкі сөлденіс бездері гормондарының мөлшерін анықтау маңызды роль атқарады. Қант сусамырында дерт анықтама жүргізгенде қандағы және зәрдегі қант мөлшерін анықтау басты мақсат болып табылады.
Құрал – жабдық арқылы тексеру әдістері. Қалқанша без ауруларында негізгі зат алмасу дәрісін анықтау маңызды. Сонымен қатар ультрадыбыс және сканирлау зерттеулері кеңінен қолданылады.
