Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК БМК (4 кр.)каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
35.63 Mб
Скачать

3.2 Түптік бұрандалы қозғалтқыштар

Түптік бұрандалы қозғалтқыштың жұмысшы органы статор және ротордан тұратын бұрандалы жұп. Статор ішкеі беті резинамен қоршалған роторға қарай теріс бағытталған 10 бұрандалы тістері бар металл құбыр. Ротордың теріс бағытталған және статор өсіне эксцентрлі орналасқан тоғыз бұрандалы тістері бар. Дұрыс алынған бұрандалы жұп киниматикалық және оның тістерін тиісті пішіндеу жуу сұйығы өткенде ротордың статор тістері арқылы еркін сырғанауын қамтамасыз етеді. Бұл кезде ротор мен статор бүкіл ұзындығына еркін түйіседі. Осының салдарынан жоғарғы және төменгі қысым қуыстары пайда болады да, қозғалтқыштың жұмыс үрдісі іске асырылады.

Д 2-172 М қозғалтқышының роторының активті ұзындығы 1400м құрайды.қозғалтқыштың астыңғы жағында қосшарнирлі байланыс бар, ол ротордың шпиндельден айналым берілісін қамтамасыз етеді. Қозғалтқыштың шпинделі көп қатарлы резеңкелі-металлды компенсаторы бар шарлы тіреу болып келеді. Шпиндельдің мойынтірегінің көп қатарлы орындалуы осьтік жүктемені 250-300 кН дейін қабылдауға мүмкіндік береді.

Бұл қозғалтқыштардан басқа Д 85 және Д1-54 қозғалтқыштары жасалған. Бұл қозғалтқыштардың параметрлері 85 және 54 диамтерлеріне пропорционал.

Шет елдік бұрандалы қозғалтқыштардың диаметрі 45...86 мм, ал қуаты 6,6...246 кВт, ұзындығы 2800...9600мм, қадам саны 4...6 және массасы 600 ден 3200 кг дейін болады.

Бұрандалы түптік қозғалтқыштардың салыстырмалы сипаттамасы

Параметрлер

Өлш. бір

Д1-195

Д2-172 М

Д 127

1

Айналу жиілігі

айн/мин

100-130

115-220

200-250

2

Айналдыру моменті

кНм

5-6,1

2,9-4,15

1- 1,2

3

Біліктегі қуат

кВт

50-80

33-92

20-30

4

Сұйықтық шығыны

л/с

30-40

23-36

12-15

5

Қысымның ауысуы

МПа

5-6

4,5-6

3,5-4,5

6

Диаметр

мм

195

172

127

7

ұзындық

мм

6235

6900

4400

8

Масса

кг

1090

880

305

Турбиналы және электрлі қозғалтқыштарға қарағанда ең үлкен қуатқа бұрандалы қозғалтқыштар ие. Бұрандалы қозғалтқыштардың ПӘК-і турбиналыға қарағанда жоғары, бірақ бастапқы моменті кіші.

3.3 Электробұрғылар

1937-1940 жылдары үш фазалы асинхронды қозғалтқыштың негізінде алғашқы электробұрғы жасалды (авторлары: Островский А.П., Александров А.В. және т.б.) алғашқы ЭВР-12 3/4² электробұрғысы статордан, ротордан, шпиндельден, планетарлы редуктордан және ерітіндінің кіріп кетуінен сақтаушыдан тұратын май толтырылған машинаны білдіретін. Электробұрғының диаметрі 325 мм болатын. Қуаты 90 кВт (макс 127 кВт), айналу жиілігі 1450 айн/мин, кернеуі 100В болғанда.

Редуктордың берілістік қатынасы 1:4, ал шпиндельдің айналу жиілігі 360 айн/мин аспайтын.

Қазіргі заманның электробұрғыларының қуаты n=530 айн/мин болғанда 150 кВт жетеді.

Бұл барлық активті темір қаптарының ұзындығы 658 мм тұрқы диаметрі 250...217 мм болатынон полюсті асинхронды қозғалтқыш.

ЭБШ-250 электробұрғысы қуаты 150 кВт, жиілігі 530 айн/мин болатын МАП1А-25-617/10 электр қозғалтқышынан және кілтектермен 11 активті темір қаптары пресстелген тұрқыдан (статор), әрбірінің ұзындығы 500 мм, және түсті металдан жасалған (құйынды тоқтарға шығынды азайту үшін) ұзындығы 50 мм 11 магниттелмеген қаптардан тұрады.

Статордың қуыстарында әрбірі төрт ламельден тұартын және бір бірінен изоляциаланған өзекті орам орналасқан. Өзектің ұштары орамға пісіріледі, ал орам кабельге жалғанған.

Ротор қысқа тұйықталған алюминийлі торы бар активті темірдің 11 қабы орнатылған тұтас біліктен тұарды.

Қаптардың арасында радиалды шарикті мойынтіректер орналасқан.

Статор мен ротордың арасындағы қуыс 0,6 мм. Ротордың салмағы электробұрғының төменгі жағындағы тіреу мойынтіректеріне түседі. Электробұрғы жоғарғы жағында лубрикатордың тұрқысымен және құлыптың ниппелімен ауыстырғышпен жалғанады. Лубрикатордың тұрқысында кабельдің шығатын жері, үш лубрикатор және жоғарғы тығыздағыш орналасқан. Қозғалтқыштың ішкі жағы трансформаторлы маймен толтырылады, ал лубрикатор мүмкін болатын ағуларды қалпына келтіру қызметін атқарады.

Тұрқының ішінде майдың қысымы 0,2...0,3 МПа дейін сақталады.

Әрбір лубрикатордың сыймдылығы 2,5 л. Олардың бірі жоғарғы тығыздағышпен жалғанып, қою авиациялы маймен толтырылады, қалған 2 электроқозғалтқыштың тұрқысымен жалғанады.

Қазіргі заменғы электроқозғалтқыштардың сипаттамасы

Көрсеткіштер

МАП1А-25-617/10

МАП1-25-725/8

МАП1А-21,5-658/10-

Номинал қуат, кВт

150

230

120

Номинал сызықтық тоқ, А

162

160

150

Сызықтық кернеу, В

1100

1650

1100

Т оқты жіберу жүйесі әрбір тармақтың қимасы 50мм2 болатын үштармақты кабельден және таққабылдағыштан тұрады. Электробұрғымен бұрғылау үшін ұштары сыртқа қарай шығарылған құбырларды қолданады. Кабельдің ұштары контактті муфтамен және контактты өзекпен жалғанады. Әр қайсысы сәйкесінше үш мысты ұшқа ие, олар өзекті муфтаға енгізгенде жалғанады.

Кабельді бұрғылау құбырларына енгізу үшін ұршық пен жетекші құбырды жалғайтын арнайы токқабылдағыш – электроұршық қолданылады.

Электробұрғы тоқты жоғарыкернеулі кәсіпшілік желіден немесе күштік трансформаторы бар таратқыштан ТМБ-560/35 алады.

Терең ұңғымаларды бұрғылау кезінде кернеуді индукционды реттегіш қолданылады. Ол кернеуді ара қашықтықта реттеуге мүмкіндік береді. Электробұрғысы бар барлық бұрғылау қондырғылар міндетті түрде БАР-150 типті автоматты құралды беруді реттегішпен жабдықталады. Электробұрғыны және реттегішті басқару бұрғылаушының пульті арқылы жүзеге асады. Электробұрғыға берілетін кернеу мынадай болуы қажет:

Uв= 0,1L+Uэ+50,

мұнда: L – ұңғыма тереңдігі, м;

Uэ – электробұрғының номинал кернеуі, В.

Ұсынылатын әдебиеттер: нег.[ 8 ] 97-130,

Бақылау сұрақтары:

  1. Турбобұрғының және ЖКЖ жұмыс істеу принципі мен сұлбаралы.

  2. Турбобұрғы мен ЖКЖ қандай түйіндер мен элементтерден тұрады.

  3. Жалпы турбобұрғы мен оның әрбір сатысының айналдыру моменті мен қуаты неге тәуелді?

  4. Турбобұрғы тіреуінің құрылымдық ерекшелігі және жұмыс істеу принципі.

  5. Турбобұрғының айналу жиілігін төмендету тәсілдері.

  6. ЖКЖ шпиндельі секциясы.

  7. Ток жүру жүйесі және электробұрғылардың жұмыс принципі.