- •2007 Жылғы 23 тамыздағы Президент Жарлығы еліміздің кәмелетке толмаған азаматтары үшін арнайы сот өндірісі жүйесін құру қажеттігі жөніндегі ұзақ жылдарға созылған қарама-қайшылыққа нүкте қойды.
- •2 Тақырып.
- •Еуропа елдеріндегі кәмелеттік жасқа толмағандардың жауапкершілігі
- •Жапония, Қытай, Кореядағы кәмелеттік жасқа толмағандардың жауапкер-шілігі
- •Тмд және Балтық елдеріндегі кәмелеттік жасқа толмағандардың жауапкершілігі
- •Бақылау сұрақтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер
Еуропа елдеріндегі кәмелеттік жасқа толмағандардың жауапкершілігі
Ұлыбритаиияның қылмыстық заңдылықтары кәмелеттік жасқа толмағандарды үш топқа бөледі: -10 жасқа дейінгі жас балалар, 10 жастан 14 жасқа дейінгі балалар және 14 жастан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер (соңғысы жаза тағайындау барысында 17 жастан 21 жас дейінгілерге теңестіріледі). Кәмелеттік жасқа толмағандардың бірінші топтағыларына қатысты «10 жасқа толмаған бала қылмыс жасай алмайды» деген түсінік бар. Екінші топ жалпы құқықтың тиісті жеңілдіктері жойылған 1998 жылы қылмысты істердің субъектісі болып танылды. Англияда кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соттар кісі өлтіруден басқа барлық ауыр қылмыстық істерді, сол сияқты қаңғыбастық, мектеп заңын бұзу, құмар ойындары және т.б. сияқты ұсақ тәртіп бұзушылықтарды да қарай береді.
Ағылшын соттарының қызметі жасөспірім тәртіп бұзушыны жазалауға емес, қорғауға бағытталған. Кәмелетке толмағандар істерін алқа билердің жалпы соты қарауға құқығы бар. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот процестері Англия мен Уэльсте 1933 жылғы жас адамдар және балалар туралы Заңда келтірілген ережелермен реттеліп отырады. Кәмелеттік жасқа толмағандар үшін ағылшын соттарының құзырына жасөспірімдер мен балаларға ересектердің озбырлық жасау істері де жатқызылады. Кәмелеттік жасқа толмағандардың және ересектердің қылмыс жасауға қатысулары туралы істер ғана бұндайда ерекше сипатқа ие болады. Мұндай істер кәмелеттік жасқа толмағандар үшін соттарда емес, ең арысы Корона сотына дейінгі басқа соттарда тыңдалады.
Егер кәмелетке толмағандардың ісі ересектер ісімен бірге қаралатын болса, онда сот кәмелетке толмаған жастың ісін «балалар» сотына мынадай жағдайларда жібере алады:
нәтижесінде, ересек тұлға кінәлі, ал кәмелетке толмаған жас кінәлі емес деп танылған, жалпы сотта жеңілдетілген өндірістік іс жүргізілгенде;
жалпы сот іспен танысуды жүргізген және ересек айыпталушының тағдарына тәуелді болмай (оны айыптау немесе ақтау), сотқа өзін кінәсіз деп тану туралы өтініш жасап тұрған кәмелеттік жасқа толмаған жасқа қатысты жеңілдетілген өндіріс қажет етілгенде. Алайда, ересек айыпталушы және кәмелеттік жасқа толмаған жас өздерін кінәсіз деп тану үшін өтініш білдірген жағдайда, іс «ересектер» сотында қаралатын болады. Сот процедураларының ережелері кәмелеттік жасқа толмағандардың соттарында жабық соттың жүргізілуін де қарастырады.
1992 жылғы Францияның Қылмыстық кодексі 13 жастан асқан тұлғаларға жаза тағайындауға болатынын арнайы нормативтік актімен белгілеген. Бұндай актіге 1945 жылғы 2 ақпандағы кәмелеттік жасқа толмаған тәртіп бұзушылар туралы №45-174 Ордонанс жатады, онда кәмелеттік жасқа толмағандар үшін 18 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы арнайы құқықтық тәртіптер белгіленген. Солай бола тұра, көрсетілген ережелердің өзгеруі де мүмкін. Құқықтық мәртебелері бойынша кәмелеттік жасқа толмағандар үш топқа бөлінеді:
Бірінші топ 13 жасқа жете қоймаған кәмелеттік жасқа толмағандарды қамтиды, олардың жауап беруге қабілеттіліктері болмауына байланысты, қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселелері толықтай қолданылмайды. Алайда, егер кәмелетке толмаған жас, өзінің жас мөлшеріне қарамастан, өз әрекетінің маңызын жақсы түсіне отырып және жақсыны жаманнан айыратын жағдайда болса, онда оларға қауіпсіздік шаралары қолданылуы мүмкін. Және бұл жерде жекелеген қылмыстық жауапкершілік туралы да айтуға болады.
Екінші топ 13 жастан бастап 16 жасқа дейінгі кәмелеттік жасқа толмағандарды, ал үшінші топ, тиісінше, 16-дан бастап 21 жасқа дейінгілерді (дәл осы санаттағылардың істері кәмелеттік жасқа толмағандардың сотында қаралады) қамтиды.
Істің соттауға жататындығы кез келген сот үшін әр жағдайда әр түрлі және дербес болуы мүмкін. Әр түрлісі сотта қарастырылатын жағдайларға байланысты, ал дербеске сотталатын және жаза алатын қылмыстар жатады. Екі жағдайда да кәмелеттік жасқа толмағандар үшін соттардың құзыреттілігі туралы мәселелер шешіледі. Францияның қыл мыстық құқықтарында тәртіп бұзушылықтың төмендегідей классификациясы қабылданған: қарапайым тәртіп бұзу, алаңғасарлық, кәмелеттік жасқа толмағандар үшін соттың үш түрі бірдей сәйкес келетін қылмыс жасау Мұнымен қоса, дербес сотталуға жататын белгілер де: 16 жас мөлшеріндегі кәмелеттік жасқа жеткен және жетпегендік есепке алынады. Тек қана 16 жастағылардың істері ғана кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі жөніндегі алқа билер сотымен қаралады.
Францияда ювеналдық юстиция алғаш рет 1914 жылы құрылған. 1945 жылғы 2 ақпандағы Ордонанс және 1958 жылғы 22 желтоқсандағы Ордонанспен кәмел еттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі толық автономды сот жүйесі құрылды. Франциядағы кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі жөніндегі сот процестері, айтып өткеніміздей, кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі жөніндегі заңдылықтардың тиісті құзырын көрсететін, үш кезеңнен тұрады:
- балалар соты;
- кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі жөніндегі трибунал;
- кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі жөніндегі алқа билер соты.
Француздық балалар соты - мерзімін қайта жаңарту мүмкіндігімен 3 жылға тағайындалатын сот магистранттары. Кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі жөніндегі әрбір трибуналда апелляциялық соттың бірінші президенті кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі жөніндегі тергеуші сотты да тағайындайды.
Кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі жөніндегі процестің бірінші кезеңі сотқа шақыру болып табылады. О л соттар үшін алдын ала таныстыру сипатында болады және шешім қабылдаумен аяқталады. Сот процесі балалар үшін 1 соттан (трибунал төрағасы), 30 жастан асқан адамдардан іріктеліп алынып, Әділет министрінің бұйрығымен 4 жылға тағайындалатын, осылайша магистранттар болып есептелмейтін 2 асессордан (тындаушылар) тұрады. Сот трибуналының шеңберінде айыпталушы кәмелетке толмаған жастан, оның ата-аналарынан, қамқоршысынан, куәгерлерден жауап алу, прокуратура өкілінің қорытындысын және кәмелетке толмаған тұлғаның қорғаушысының пікірін тыңдау жүзеге асырылады. Пробация қызметі бұл жерде бостандықты қорғайтын қызмет деп аталады, кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі жөніндегі трибуналдың жанында процесс тарапы деп есептелетін прокурор болады. Осы сатыда іс пен тәртіп бұзушы кәмелеттік жасқа толмаған жастың тұлғасы жан-жақты қаралып, оның өміріне және оны ұстап отыру жағдайына арнайы зерттеулер жүргізіледі.
Кәмелеттік жасқа толмаған жас туралы мәліметтерді жинағаннан кейін, сот арнайы қаулы шығару жолы арқылы істің тоқтатылғандығы туралы немесе оны кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі жөніндегі трибуналға немесе тергеуші сотқа жіберілгендігі туралы жариялайды.
Қоғамға қарсы мінез-құлық көрсеткен кәмелеттік жасқа толмағандарға жаза қолданудың орнына, көбіне оларға қайта тәрбиелеу мақсатында ата-аналары мен қам-қоршылары орындайтын бостандықтарына шектеу қою шаралары қолданылады. Және, сол сияқты, ата-аналарының немесе балалар қызметінің қарауына беру, мемлекеттік немесе жекеменшік мекемелерге, дәрігерлік-педагогикалық мекемелерге, интернаттарға немесе электрондық қадағалаудың бақылауына орналастыру сияқты жаза түрлері де қолданылады.
Ювеналдық юстицияның мәселелерін реттеуші заңдылықтар жүйесінде немістің қылмыстық заңдылықтары маңызды орын алады. Мұнда қылмыс жасаған кезеңде балалық пен есею арасындағы өтпелі сатыда болған жасөспірім субъектілер үшін арнайы қылмыстық құқықтар (жастардың қылмыстық құқығы) және сол сияқты жастар ісі жөніндегі құқықтык істерге жіберу туралы арнайы Заң бар.
Жастар ісi жөніндегі құқықтық істерге жіберу туралы Заңда немістің қылмыстық құқығы қылмыстық жауапкершілікке тартудың жас мөлшерін 14 жаспен белгілейді. Германияның қүқығы қылмыстык жауапкершілікке тартудың жас мөлшеріне ГФР ҚК көлденең нұсқаулар қалдырып және 14 жасқа толмағандарды жауап беруге қабілетсіз деп танып, бұл санатты материалдық емес, процессуалдық заңмен айкындайды. ГФР-дың Қылмыстық құқығы 14 жасқа дейінгі кәмелеттік жаска толмағандарды «жауап бере алмайтындар» қатарына жатқызып, олар жазаланбайды деп белгілейді.
Германияда ерекше әлеуметтік-психологиялық қызметпен қамтамасыз етілген ювеналдық соттар 1922 жылдан бері жұмыс істеп келеді. 1953 жылғы «ГФР-дағы ювеналдық соттар туралы Заңға» сәйкес, жасөспірімдер жасаған қылмыстық істерді талдау жұмыстары және жазаның катаңдығы көбіне олардың жасына байланысты болады. 18 жасқа толмаған тұлғалар үшін біршама жеңіл санкциялар қарастырылған. Эксперттер Германияда жазалауды егжей-тегжейлі дербестендірудің қолданыстағы ұстанымдары барынша шатастырылған деп есептейді. Жасөспірім қылмыскерлер үшін ең жиі қолданылатын жазаның түрі - айыпталушының қоғамдық орындарда болу мерзімін шектейтін, ата-аналарына берілетін сот шешімі. Жасөспірімді спорт секциялары мен туристік клубтарда мәжбүрлеп оқыту түрлері арқылы «тәрбиелік ықпал етудегі түзету шаралары» бұнда жиі қолданылатын белгілі шара. Кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты түрмеге қамау шаралары өте сирек пайдаланылады.
Скандинавия елдеріндегі ювеналдық юстиция жүйесі ерекше. Мысалы, басқа Скандинавия елдеріндегі сияқты Швецияда ювеналдық соттар жоқ, кәмелеттік жасқа толмағандардың ісін жалпы соттар қарайды. Жасөспірім тәртіп бұзушыларды, оның ішінде қылмыскерлерді кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты құқықтық жауапкершіліктерінің басты саяси бағыты тәрбиелік жұмыстарды жүргізу болып табылатын арнайы санаторийлерге бөледі, ал демалыс және мереке күндері олар үйлеріне жіберіледі. Бұл жүйенің негізінде жасөспірім тәртіп бұзушыларды қатаң жаза қолданулармен корқытуға болмайды деген идея жатыр. Мұндай стратегиялар жақсы нәтижелерін беруде: тәртіп бұзғаннан және жазасын өтегеннен кейінгі алғашқы үш жыл ішінде тәртіп бұзушылардың үштен бірі ғана қайта тәртіп бұзушылық жасайды.
Жоғарыда айтылғандар Еуропа елдеріндегі ювеналдық қылмыстық және қылмыстық-процессуалдық заңдылықтар барынша дамыған деп қорытынды жасауымызға мүмкіндік береді.
