- •Гуманитарлық-педагогикалық факультеті
- •«Педагогикалық зерттеу негіздері» пәні бойынша
- •Мамандық: 5в011100– «Информатика»
- •1.Пәннің оқу бағдарламасы
- •2.Пән бойынша оқу-әдістемелік
- •1. Оқу пәнінің бағдарламасы –syllabus
- •Оқытушы туралы мәлімет:
- •Пән туралы мәлімет:
- •1.6 Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі
- •1.7. Әдебиеттер тізімі:
- •1.8. Студенттердің білімін бағалаудағы критерийлері:
- •1.9 Курстың тақырыптық жоспары
- •2. Пән бойынша оқу - әдістемелік материалдар
- •2.1 Дәріс сабақтарының қысқаша мазмұны
- •1. Кіріспе. Зерттеудің объектісін, зерттеу затын таңдау, проблемалары мен мақсатын белгілеу.
- •2. Мәселе қою және зерттеудің болжамдарын жүйелеу.
- •3. Зерттеудің әдістерін таңдау.
- •1. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері.
- •2. Әдіснамаға жалпы сипаттама.
- •3. Әдіснамалық ұстанымдар мен қағидалар.
- •Психологиялық- педагогикалық зерттеудің жалпы түсінігі және оған дайындық.
- •2. Психологиялық-педагогикалық зерттеудің түрлері.
- •3. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының түрлері
- •1.Психологиялық зерттеу әдістерінің жалпы мінездемесі
- •2.Зерттеудің теориялық әдісі
- •3.Зерттеудің эмпирикалық әдісі
- •1. Педагогикалық зерттеудің әдістері.
- •2. Модельді құрастыру әдістері. Модель түрлері.
- •3. Зерттеудің эмпирикалық әдістері: бақылау әдістері және оның сипаттамасы, түрлері
- •3. Экспериментті жүргізу әдістемесі .
- •1.Әдебиеттермен жұмыс істеудің маңызы.
- •2. Қажетті әдебиеттерді іздестіру және олармен алдын-ала танысу.
- •4.Тарихи-педагогикалық зерттеу және құжаттанудың кейбір мєселелері.
- •5. Архив қорын ұйымдастыру.
- •6.Архив құжаттарымен жұмыс істеудің әдістемесі мен техникасы.
- •1. Курстық жұмыс типтері:
- •2. Курстық жұмысқа қойылатын арнайы талаптар
- •2.2.Семинарлық сабақтар жоспары.
- •Негізгі әдебиеттер: 1,4,9,11
- •Қосымша әдебиеттер: 2,4,5,9
- •Негізгі әдебиеттер: 1,5,8,9,12
- •Қосымша әдебиеттер: 2,4,5,8
- •Негізгі әдебиеттер: 3,8,9,12
- •Қосымша әдебиеттер: 5,2,4,5,8
- •Негізгі әдебиеттер: 7,8,9,12
- •Қосымша әдебиеттер: 2,4,5,8
- •Зертханалық сабақтар жоспар бойнша қарастырылмаған.
- •Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •Студенттердің өзіндік жұмысы бойынша сабақ жоспары
- •Оқу сабақтарында бағдарламалық және мультимедиялық құралдарды пайдалану
- •Пәннің оқу әдістемелік картасымен қамтамасыз ету.
- •2.8 Курс бойынша жазбаша жұмыстардың тақырыптары
- •Емтихан материалдары. «Ғылыми-педагогикалық зерттеу негіздері» пәні бойынша емтихан сұрақтары
- •Тестінің кілті
- •200 __/_ Оқу жумыс оқу бағдарламасына енгізілген қосымшалар мен өзгерістер
Психологиялық- педагогикалық зерттеудің жалпы түсінігі және оған дайындық.
Әр бір эксперименталды психологиялық-педагогикалық зерттеудің басты белгілері келесідей сипатталады:
1.Мәселенің болуы, оның өзектілігі, құндылығы, оны шешудің қажеттілігі және дұрыс жауап табу үшін міндетті түрде ғылыми зерттеу жүргізіледі;
2.Мәселенің шешімін шығаруда қорытындыға сүйенуі дұрыс емес, нақты жауап тауып шешім қабылдау және дәлелдеу керек;
Бұл мәселенің шешіміне қарай логикалық қалыптасуының, керекті гипотезаның нақтылығы болған жағдайда шешім дәлелденеді;
Зерттеуді жүргізуге дайындық және гипотезаның дұрыстығын дәлелдеу үшін;
Математикалық статистиканың нақты әдістемемелерін зерттеу жүргізгенге дейін алдын-ала эксперимент нәтижелерімен салыстыру.
Нақты проблеманы дұрыс қойған жағдайда ғана зерттеу жүргізіледі. Зерттеуге арналған мәселелелер мынандай критерилерге жауап берулері қажет: өзекті, жаңалығы және практикалық маңыздылығы.
Ғылыми жұмыстың өзектілгі- зерттеудегі қажетті аргумент болу керек. Өзектілігі – бұл мәселенің қазіргі кездегі шешуінің қажеттілігі, оның бүгінгі күн талабыны сай болуы.
Жаңалығы – мәселенің өзіне емес бағытталғаны емес, шешімге бағытталған сипаттамасы. Жаңалық мәселені шешуде терең және үлкен нәтижелерге әкеледі.
Практикалық маңыздылығы- зерттеу нәтижесі осы мәселенің жағдайын қаншалықты деңгейде жақсы жаққа дұрыстауға мүмкіндік береді.
Зерттеу жұмысына дайындық ұзақ және мұқият болады, оның нәтижесінде мыналар жүзеге асады:
Зерттеу проблемасын нақты белгілеп алу.
Әдебиеттерді реттеу және анализдеу.
Зерттеу проблемасын анықтап және болжамын, міндеттерін белгілеп алу.
Психодиагностикалық және зерттеу әдістемелерін іріктеу, жобалау және тексеруден өткізу.
Эксперимент жүргізудің схемасын таңдауды ұйымдастыру.
Экспериментті дайындау және жүргізу.
Эксперименттен алынған нәтижелерді саралап, анализдеу.
Берілген нәтижелер және қорытындылар негізінде қалыптастыру.
2. Психологиялық-педагогикалық зерттеудің түрлері.
Іс жүзінде эксперимент жүргізуде келтірілген дайындық, ұйымдастыру және жүргізу деңгейлері бойынша толық өз бетінше, тәуелсіз зерттеу ретінде бола алады. Осыған байланысты психологиялық-педагогикалық зерттеудің келесі түрлерін бөліп көрсетуге болады:
Аналитикалық-шолу.
2. Сыншылдық-шолу.
3. Теориялық.
4. Эмпирикалық түсіндіруші және эмпирикалық сипаттаушы.
Әдістемелік.
1. Аналитикалық-шолу зерттеуі- тақырып бойынша әдебиеттерді талдау және реттеу, материалдардың жүйелік мазмұны және жобалау анализі зерттеуді толық бағалау үшін жасалынады. Мақсаты – жұмыстың жалпы жағдайын бар әдебиеттерді талдау арқылы анықтау, жауабы табылған сұрақтарды және жауап іздейтін сұрақтарды бөліп қарастыру.
Ақпараттық материал әдебиеттерді талдау нәтижесінде жинақталған, ғылыми реферат түрінде беріледі, онда жүргізілген зерттеулерден басқа олардың бар мәліметтердің анализі көрсетіледі.
Егер, зерттеу жұмыс өздігінше жүргізілмесе, қиын зерттеудің бір бөлімі, мысалға, жобаланған эксерименттің бастауыш этапы ретінде болса, онда нәтижесінде шыққан , жазылынған текст, эксперименталды жұмысты сипаттауда бөлек тарау болуы мүмкін.
Барлық психологиялық-педагогикалық зерттеулердің ішінде, аналитикалық шолу зерттеуі ең күрделісі болып табылады. Оған келесідей негізгі талаптар қойылады:
Әдебиеттің мазмұнының берілген тақырыппен байланысы;
Зерттелген әдебиеттер тізімінің көлемділігі;
Реферат мазмұнында әдебиет көздерінің тереңділігі;
Берілген әдебиет мәліметтерінің жүйелілігі;
Библиографиялық талаптарға сай реферат текстісінің сауаттылығы және қисындылығы, дайындаудағы ұқыптылығы, дұрыстығы.
Рефератты аяқтауда, зерттелген мәселенің жағдайына байланысты қорытынды жасау: берілген проблеманың нәтижесі бойынша нақты және қысқаша қорытындылау, осы мәселеге байланысты ұсыныстар айтып өту.
Қосымша ретінде әдебиеттер тізімі беріледі.
2. Аналитикалық-шолу зерттеуі күрделі сипаттамада көрініп сыншылды-шолу деп аталуы мүмкін. Бұл жағдайда, аналитикалық-шолу бөлімінен басқа, проблема бойынша нақты келтірілген дәлелдері қорытындыға сай болуы қажет. Сыншыл анализ шешім шығаруда автордың өз рефератында жазған дәлелдемелері мен бірге өзіндік пікірлері қосуы мүмкін. Мұндай теориялар бірте-бірте реферат тексті бөлек тарау ретінде қарастырылады және аналитикалық, сыншыл және құрастырушы-теориялық бөлімдердің аралығы болар еді.
3. Әдебиеттер анализін шолу және сынаудан басқа, автордың қойылған проблеманы шешуде теориялық ой-пікірлері де бар. Бұл автордың осы проблеманы шешудегі жаңа көзқарасы теориялық зерттеу деп аталады.
4. Эмпириканың негізіне немесе тәжірибелі зерттеуге әдебиет мәліметтері емес, түсініктер емес, ал нақты, дәл факттар керек. Мұндай зерттеулер, нақты әдістердің көмегімен жүргізіледі, сондықтан, тәртіп бойынша өзінің мазмұнында әдістемелік бөлімі болады.
Эмпирикалық зерттеу эксперименталды жағдайды шығару үшін және керекті факттарды жинау үшін жасанды болмайды. Жүргізуші немесе практик ешкімнің көмегінсіз, табиғи жағдайда болып жатқан зерттеу барысында іс-әрекеттерді жазып, белгілеп және анализ жасап отырады. Эмпирикалық зерттеудің экспеименталды зерттеуден айырмашылығы осынды. (Мысалға: егер, ғалым балалардың ақыл-ой даму процесін зерттейтін болса, бұл процес үйреншікті жағдайда еш өзгеріссіз өтіп жатса, онда бұл эмпирикалық зерттеу. Егер, ғалымоқу процесін дамытушы сипатқа ауыстырса, онда бұл эксперименттік зерттеу).
Эмпирикалық зерттеу түсіндіруші және сипаттаушы болуы мүмкін. Бірінші зерттеуде, тәжірибелік түрде алынған факттілер аз зерттелген обьектілер сипатталады. Эмпирикалық түсіндіруші зерттеу, өзіне тек жинақтау мен анализді ғана қоспайды, сонымен қатар, алынған фактілерді түсіндіреді. Мұндай түсініктеме фактілер арасындағы байланысты және себептерін айқындайды.
5. Әдістемелік зерттеулер ең негізгі топқа жатады. Олардың негізгі мақсаты – іс-тәжірибеде берілген фактілерді жобалау, негіздеу, түсіндіру критерий бойынша сенімді, нақты психодиагностикалық әдіспен немесе психологиялық сипатқа ие әдістеме құрастыру. Егер, құрастырылған әдіс тест түрінде болса, онда ол үшін міндетті түрде тестілік ереже, сонымен қатар, жүргізу жолдары, анализдеу тәсілдері және алынған мәліметтердің интерпретациясы жасалынады. Егер, құрастырылған әдіс қалыптастырушы типте болса, онда біріншіден, оның теориялық түсінігі ашық болу қажет, екіншіден, осы әдістеме арқылы қандай нәтижелерге жетуге болатыны туралы жазылуы керек, үшіншіден, қашан және қай жерде бұл әдісті қолдануға болады екендігі туралы жазылуы тиіс.
