Қазақ әдебиеті
1. Доспамбет жырау толғауындағы: Туған айдай нұрланып, Дулыға кидім, өкінбен … - деген жолдарында қолданылған көркемдік тәсілді табыңыз. A) Теңеу. B) Метафора. C) Әсірелеу. D) Эпитет. E) Метонимия. |
2. Семейдегі Абай оқыған медресені табыңыз. A) “Ахмет-Риза”. B) “Медресе-Ғалия”. C) Қасым қажының медресесі. D) “Ахун-Рахманкул медресесі”. E) “Уазифа”. |
3. Өмір гүлін жаншып, таптап, Шаштан сүйреп махаббатты, Жерімізде жындай қаптап, Найзаға іліп ар-ұятты, Келе жатты сұм жендеттер, Жиіркеніп, жиырылды жер,- деген үзінді алынған Қасым Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы арналған ақынды анықтаңыз. A) Қалижан Бекхожин. B) Хамит Ерғалиев. C) Абдолла Жұмағалиев. D) Сырбай Мәуленов. E) Жұбан Молдағалиев. |
4. Немістің ұлы ақыны Гетемен ой бөлісетін қаламгерді табыңыз. A) Г.Бельгер. B) А.Құнанбайұлы. C) Б.Бұлқышев. D) Қ.Аманжолов. E) Ж.Саин. |
5. Мына үзінді қай шығармадан алынғанын табыңыз. «Үш күндік жолдың соңғы күніне барын салған бала шәкірт астындағы жарау құла бестісін ағызып-ағызып алып, жалпақ жазықтың белінен-беліне көтеріліп, қасындағылардан оза шауып, алып ұшып келеді». A) «Ұлпан». B) «Қазақ солдаты». C) «Дауылдан кейін». D) «Абай жолы». E) «Теміртау». |
6. Тахауи Ахтановтың романын анықтаңыз. A) «Өмір мен өлім». B) «Шығанақ». C) «Адасқандар». D) «Боран». E) «Сырдария». |
7. «Күлтегін» жырындағы Күлтегін мен Білгенің әкесінің атын белгілеңіз. A) Елтеріс қаған. B) Бұмын қаған. C) Тоныкөк. D) Қапаған қаған. E) Алып Ер Тұңға. |
8. Аңыз әңгімедегі: ’’Ұрының әйелі өзіне лайық,’’- деген сөздің авторын табыңыз. A) Алдар. B) Халық. C) Қожанасыр. D) Уәзір. E) Жиренше. |
9. ’’Алла ісіне шара жоқ-ау! Жетпесті қуып алқынба! Қайырлы ғұмыр бере көр-ау, Қозыжанға артында.’’ Тұрмыс-салт жырының қай түрі көрініс тапқанын көрсетіңіз. A) Қоштасу. B) Жоқтау. C) Жұбату. D) Жар-жар. E) Тойбастар. |
10. Әкесі Алтынсары өлген соң Ыбырай кімнің қолында тәрбие алғандығын табыңыз. A) Әжесінің. B) Балқожаның. C) Шешесінің. D) Сейітқұлдың. E) Ағасының. |
11. Үзінді қай поэмадан алынғанын анықтаңыз. ’’Ағын жесең, ақылың жаннан асар, Сары жесең, дәулетің судай тасар. Егерде қызыл алма алып жесең, Ұрғашыда жан болмас сенен қашар’’. A) ’’Масғұт’’. B) ’’Қойлыбайдың қобызы’’. C) ’’Құралай сұлу’’. D) ’’Күйші’’. E) ’’Нартайлақ - Айсұлу’’. |
12. "Жүрегім, мен зарлымын жаралыға" деп басталатын поэманы белгілеңіз. A) "Жапанды орман жаңғыртты". B) "Тасқын". C) "Қалқаман-Мамыр". D) "Батыр Баян". E) "Көбік шашқан". |
13. Б.Майлин шығармашылығының ең үздік шыңы. A) ²Жауынгер жанр² - әңгіме жанрының озық шебері. B) Махаббат, сүйіспеншілік тақырыбының жыршысы. C) Мысал жанрын дамытушы. D) Арнау өлеңдерінің үздігі. E) Ана тақырыбын шыңға көтерген қаламгер. |
14. Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт, Ел бірлігін сақтаған татулықты айт, - деп Жамбыл кімге айтқанын анықтаңыз. A) Құлмамбетке. B) Досмағамбетке. C) Сараға. D) Арыстанбайға. E) Біржанға. |
15. С.Мұқановтың қай шығармасына 1916-17 жылдардағы тарихи жағдай арқау болғанын табыңыз. A) «Мөлдір махаббат». B) «Сырдария». C) «Тыңдағы толқындар». D) «Ботагөз». E) «Балуан Шолақ». |
16. Монолог дегеніміздің не екенін анықтаңыз. A) Бір адамның ұзақ сөзі. B) Әдеби шығармадағы оқиға желісі. C) Табиғат көркін суреттеу. D) Қалыпты жағдайдан әсірелеп суреттеу. E) Шығарма кейіпкерлерінің өзара кезектесе сөйлесуі. |
17. Ұйқастың түрін табыңыз. Жазса Тарас Днепрді, Жазса Пушкин Еділді, Неге маған жырламасқа, Сырда туған елімді. A) Шалыс. B) Қара өлең ұйқасы. C) Егіз. D) Шұбыртпалы. E) Аралас. |
18. Т.Молдағалиевтің туындысын табыңыз. A) «Әлия». B) «Адамдық борышың». C) «Батыр туралы баллада». D) «Өмір, қымбаттым менің». E) «Егер сен от болсаң». |
19. Олжас Сүлейменовтің «Махамбетке» атты өлеңіндегі ақын мақсатын анықтаңыз. A) Өрлікті, ерлікті, намысты мадақтаған биік мақсат. B) Өлең өнерін жоғары бағалау мақсаты. C) Адамдардың арасындағы шынайы достықты жырлау. D) Адамгершілікті үлгі-өнеге ету. E) Қазақтың нақыл сөздеріндегі түйінді ойлардан ғибрат алу. |
20. Үкілі Ыбырайдың біздің заманымызға жеткен екі айтысын белгілеңіз. A) Сарамен, Ырысжанмен айтысы. B) Құдайбергенмен, Доскеймен айтысы. C) Шөжемен, Балтамен айтысы. D) Ырысжанмен, Әсетпен айтысы. E) Біржанмен, Ақан серімен айтысы. |
21. Шәкәрім «Ләйлі – Мәжнүн» дастанын шығыстың қай ақынынан алып, қазақша жырлағанын белгілеңіз. A) Физули. B) Омар Хаям. C) Шәмси. D) Науай. E) Хожа Хафиз. |
22. Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романында Ғали мен Жамал «Қырыққұдық» деген жерде кімді паналағанын табыңыз. A) Жездесін. B) Қайын ағасын. C) Қайын атасын. D) Ағасын. E) Нағашысын. |
23. С.Сейфуллиннің қазақ әдебиетінде ең алғашқы төңкерістік жыр деп есептелетін өлеңін табыңыз. A) ²Жас қазақ марсельезасы². B) ²Қызыл ерлер². C) ²Кел, жігіттер². D) ²Қамауда². E) ²Асығып тез аттандық². |
24. М.Әуезовтің аудармасын табыңыз. A) “Асауға тұсау”. B) “Хан Кене”. C) “Абай”. D) “Қилы заман”. E) “Түнгі сарын”. |
25. ’’Автобиографиялық әңгімеде’’ аты ерекше аталатын адамның бірі кім екенін анықтаңыз. A) С.Сейфуллин. B) С.Мұқанов. C) Б.Өтетілеуов. D) М.Әуезов. E) Ғ.Мұстафин.
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ |
