- •Лексика
- •2.Сөз мағынасы және оның түрлері
- •3.Сөз мағыналарының түрлері
- •Синтаксистік шартты мағына
- •4.Сөздің көп мағыналылығы (полисемия)
- •Сөз мағыналарының метафоралық қолданылуы.
- •Сөз мағынасының метонимиялық өзгеруі.
- •Синекдоха
- •14.Терминдер
- •15.Көнерген сөздер
- •Тарихи сөздер
- •Архаизмдер
- •16.Неологизмдер
- •17.Фразеологизмдер
- •Лексикалық талдау үлгісі
14.Терминдер
Ғылым мен техника, ауыл шаруашылық т.б. өндіріске байланысты атауы терминдер деп аталады. Мысалы,
Тарих терминдері: формация, қоғам, феодализм, капитализм, тайпа, ру, ұлт, мемлекет, революция.
Философия терминдері: объект, субъект, сана, шындық, таным, материя, идея, метафизика.
Физиология терминдері: ми, мишақ, жұлын, жауырын, тізе, тірсек, қар, білек, көз, мойын, өкпе, жүрек, иек, жақ, кеңірсік.
Әскери терминдер: батальон, дивизия, танк, автомат, сап, штаб.
15.Көнерген сөздер
Белгілі ұғымның сирек қолданылуына байланысты бірте бірте ұмыт болған, немесе мүлде қолданылудан қалған сөздерді көнерген сөздер деп атаймыз. Көнерген сөздер екі топқа бөлінеді. Олар: тарихи сөздер мен архаизмдер.
Тарихи сөздер
Халқымыздың өткен өмір тарихын, қоғамдық құрылысын көрсететін сөздерді тарихи сөздер дейміз. Тарихи сөздер мағынасына қарай бірнеше топқа бөлінуі мүмкін.
Ел басқаруға байланысты тарихи сөздер: хан, патша, би, уәзір, қазы, датқа, старшын, сұлтан, аға сұлтан, болыс, жанарал, ояз, губернатор.
Әдет-ғұрып, тұрмысқа байланысты т.с.: бәйбіше тоқал, қалыңмал, қырық жеті, тоғыз, сырға сап, отқа салар, ат ұстатар.
Діни ұғымдарға байланысты: азан, підия, молда, ишан, қажы, қари, құдайы, тасаттық.
Құрал, қару-жараққа байланысты: жарағаш, шақпақ, ашамай, садақ, адырна, алдаспан, айбалта, найза.
Киім-кешек, үй жиһаздарына байланысты: кимешек, жарғақ дамбал, шекпен, шапан.
Архаизмдер
Атаудың ескеруіне байланысты қалыптасқан сөздер. Мысалы, ұлыс (халық), тілмаш (аудармашы), бодан (халық).т.б. Архаизмдердің аңғартатын ұғымы жойылмайтындықтан оның жаңа атауы синоним болып келеді. Мысалы, қараша - ноябрь, желтоқсан - декабрь, поезд - отарба, ұшақ - самолет, кеңес - совет, төңкеріс - революция.
16.Неологизмдер
Тілімізде жаңа пайда болған және оның жаңа сөз екендігі аңғарылып тұратын лексика қабатын неологизмдер деп атаймыз. Мысалы, мердігер, жер серігі, ғарыш, ғарышкер, ғарыш айлағы, өркениет, жаһандану.
17.Фразеологизмдер
Екі не одан да көп сөздердің тұтас бір меншікті мағынаға ие болып, бір бүтін единицаға айналуын фразеологизмдер немесе тұрақты сөз тіркестері дейміз. Мысалы, тайға таңба басқандай (анық), қой аузынан шөп алмас (момын), қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған (бейбіт заман).
Лексикалық талдау үлгісі
Сөз
І. Сөздің атауыш немесе тура мағынасы
ІІ. Сөздің шығу тегіне байланысты туған мағынасы:
Түпкі мағына.
Туынды мағына.
көп мағыналы сөз;
омоним;
синоним;
антоним;
кірме сөздер (араб, парсы, монғол, орыс сөздері);
табу;
эвфемизм;
дисфемизмдер.
ІІІ. Сөздердің тіркесу сипатына байланысты туған мағыналары:
Сөздің еркін мағынасы
Фразеологиялық байлаулы мағынасы
Синтаксистік шартты мағынасы
ІҮ. Сөздердің стилистикалық қызметіне байланысты туған мағыналары:
Бейтарап мағына
Бейнелі мағына (троп пен фигуралардың түрлері)
Терминдік мағына
Ү. Сөздердің қолданылу сипатына байланысты түрлері:
жалпылама лексика;
қолданылу өрісі тар лексика;
сөздердің стильдік қызметіне байланысты түрлері;
сөздердің актив және пассив қолданылатын түрлері.
Бикеш
І. Бұл – атауыш немесе тура мағынадағы сөз.
ІІ. Сөздің шығу тегіне байланысты – туынды мағынадағы сөз.
а) Бұл – омоним сөз. Омонимдік қатары: Бикеш І. Бойжеткен қызға, жас әйелдерге сыпайылық білдіріп айтатын сөз. ІІ. Бикеш. Зат есім. Астрономиялық атау – Шоқжұлдыздың бірі.
ә) Бұл – синоним сөз. Синонимдік қатары: бикеш, ханша.
б) Бұл – табу сөз. Себебі мифтік ескі наным бойынша атын тура айтуға тыйым салынған сөз. Мысалы: бикеш, қаракөз, шырайлым, еркежан, еркеқыз.
ІІІ. Сөздердің тіркесу сипатына байланысты синтаксистік шартты мағынадағы сөз. Себебі, сөйлемде өзіне дағдылы емес қызмет атқаруынан туған ауыс мағынадағы сөз.
ІҮ. Сөздердің стилистикалық қызметіне байланысты – бейнелі мағынадағы сөз. Бұл – термин сөз. Себебі, ғылым мен техника, өнер саласында қолданылатын арнаулы сөз. Мысалы, Бикеш – Шоқжұлдыздың бірі, астрономиялық термин.
Ү. Сөздердің қолданылу сипатына байланысты – пассив сөз. Себебі жалпыхалықтық тұрғыдан алғанда қолданылуы шектеулі, бірақ белгілі бір салада қолданылатын сөз.
