Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Электр техникасының теориялық негіздері Арыстанов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
25.56 Mб
Скачать

7.9 Көлденең симметриялы еместік

7.22,а суреттегі мысалда көрсетілгендей, фазаларға тең емес кедергілер қосылғанда, үшфазалық тізбектің бір нүктесінде көлденең симметриялы еместік түзіледі. Ондай қосу симметриялы емес тұйықталу немесе симметриялы емес жүктеме кезінде орын алуы мүмкін. Жұлдызға қосылған кез-келген екі кедергі, сонымен қатар кедергісі нөлге немесе шексіздікке тең болуы мүмкін. Осылайша 7.22 б,в және г суреттерінде бейнеленген симметриялы еместік немесе қысқа тұйықталудың әр түрлері 7.22,а суретінде бейнеленген жалпы жағдай ішіндегі жеке жағдай ретінде болуы мүмкін.

а – жалпы жағдай; б – екіфазалық тұйықталу; в – жерге екіфазалық тұйықталу (немесе корпусқа); г – бірфазалық тұйықталу.

7.22 Сурет – Көлденең симметриялы еместік жағдайлары

Қысқа тұйықталу болған жағдайда, сол тұйықталу орнында кедергі электр доғасы мен жерге қондырудан құралады. Эксперементалды зерттеу көрсеткендей, бұл кедергі активті болып табылады. Сондықтан, жоғарыда келтірілгендей кей жағдайларда кедергі активті етіп қабылданады. Нақталасақ:

а) В және С фазаларының арасындағы екіфазалық тұйықталу кезінде ( 7.22, б сурет)

; ;

в) жерге екіфазалық тұйықталу кезінде (немесе ұшақ корпусы ) (7.22, в сурет)

; ; ;

с) жерге (корпусқа) бірфазалық тұйықталу кезінде (7.22, а сурет)

; ; .

Жалпы жағдайда көлденең симметриялы еместік мына теңдеу арқылы сипатталады

(7.16)

мұндағы – жерге қатысты симметриялы еместік орнындағы фазалық кернеу.

(7.16) теңдеуге енетін фазалық кернеу мен тоқ (7.12) формуласын есепке алғанда, симметриялы құрауышпен алмастырылуы мүмкін. Сонда да көлденең симметриялы еместік (шекаралық жағдай) орнында симметриялы құрауышты байланыстыратын үш теңдеу пайда болды.

Алты белгісіздікке (симметриялы еместік орнындағы кернеу мен тоқтың симметриялы құрауышы) қажетті қосымша үш теңдеу А фазасына арналған біратаулы тізбектілікті кернеу мен тоқ арақатынасынан алынады

(7.17)

мұндағы – тура, кері және нөлдік тізбектілікті тоқтарға акрналған барлық тізбектің қорытқы фазалық кедергілері.

– баламалы генератордің А фазасының ЭҚК-сі.

(7.17) формулалары әрбір тізбектілікке жекелеген Кирхгофтың екінші заңын сипаттайды. Үшазалық тоқ генератордің ЭҚК-сі фазалардың тура тізбектілікті симметриялы жұлдызын түзетіндіктен, (7.17) теңдеулерінде генератор ЭҚК-сі тура тізбектіліктің құрауышына арналған теңдеуге енеді; кері және нөлдік тізбектіліктің тоғы мен кедергісін құрауыштарды байланыстыратын қалған екі теңдеуде генератор ЭҚК-сі болмайды. Электр машиналарына арналған (генератор, электр қозғалтқышы, трансформаторлер) тура, кері және нөлдік тізбектіліктің кедергілері зауыдтық берілгендер бойынша алынады.

теңдігі трансформатор, желі және т.б. статикалық айналмайтын құрылғыларда ғана орын алады.

Әдетте айналмалы электр машиналарында . Электр машиналарындағы тура және кері тізбектілікті кедергілерінің айырмашылығы тура және кері тізбектіліктуғызатын магнит өрісінің әртүрлі айналу бағытымен шартталған, тура тізбектілікті тоқ түзетін магнит өрісінің айналым бағыты ротор айналымы бағытымен сәйкес келеді, ал кері тізбектілікті тоқ түзетін магнит өрісі қарама-қарсы бағытта айналады. Бұл мәселе үшфазалық жүйедегі қысқа тұйықталу тоғы мен электр машиналарына қатысты әдебиеттерде тереңірек қарастырылады.

Үшфазалық желінің (кабельдік немесе ауалық) тура және кері реттелікті кедергісі есептік немесе тәжірибиелік жолмен табылады, ондағы тура және кері тізбектілікті кедергілер желі үшін бірдей, ал нөлдік тізбектілікті кедергі тура тізбектілікті кедергілерден 2-3 есе жоғары болуы мүмкін.

Бұл фазаға өзге екі фаза арқылы өтетін тура және нөлдік тізбектілікті тоқпен енгізілетін өзара индукция ЭҚК-сімен және торап орнатылған нөлдік құрылғысының жері не болмаса қаптамасы кедергілерінің айырмашылығымен түсіндіріледі.

Тоқ пен кернеудің симметриялы құрауышын анықтау әдістемесі мен сәйкес векторлік диаграммаларды құрастыру көлденең симметриялы еместіктің жекелеген жағдайының мысалы арқылы төменде келтірілген.

7.9.1 (7.22,б сурет) Екіфазалық қысқаша тұйықталу.

Шектік шарттар теңдеулерді қанағаттандырады

; (7.18)

. (7.19)

(7.18) формуласын (7.13) және (7.14) қою келесіні береді

; ,

сонда

. (7.20)

(7.18) формуласын (7.15) формуласына қойғанда

.

Сонымен қатар (7.19) формуласының негізінде

,

немесе

. (7.21)

(7.20) және (7.21) теңдеулері және бастапқы қосымша (7.17) екі теңдеулері және төрт белгісізді табуға жеткілікті. Осы теңдеулерді біріктіре есептеудің нәтижесінде алатынымыз

. (7.22)

7.23 суретінде кезіндегі (металдық қысқаша тұйықталу) екіфазалық қысқаша тұйықталу орнындағы тоқ пен кернеудің векторлік диаграммалары келтірілген. Бұл жағдайда (7.20) формуласына сәйкес.

UB

U2B

а – тоқтар; б – кернеулер

7.23 Сурет – Екіфазалық қысқаша тұйықталу орнындағы векторлік диаграммалар

Векторлік диаграммалар ЭҚК-сі векторі вертикалды жоғары бағытталған, ал тура және кері тізбектілікті кешенді кедергінің бұрыштары бірдей (мысалы, 60°) деген болжаммен құрылған. Сондықтан фаза бойынша -мен сәйкес келеді және тоғы -дан берілген бұрышқа қалып келеді.

және тоқтарының қосындысы нөлге тең, сондықтан

= 0. және тоқтарының қосындысы қысқаша тұйықталу орнында фазалық тоғын береді; ал және тоқтарының қосындысы фазалық тоғын береді. . Iв және Iс тоқтары қарсы фазада анықталады. Векторлік диаграммаларды құрастыру барысында қысқаша тұйықталу орнында R кедергісі нөлге теңетіп алынғандықтан, бүліну орнындағы және фазалық кернеулері бір-біріне тең және сәйкесінше желілік кернеу нөлге тең. Қысқаша тұйықталу орнынан генераторға қарай ығысу шамасы бойынша В және С фазаларының арасындағы желілік кернеу ұлғаяды.

а – тоқтар; б – кернеулер

7.24 Сурет – Бірфазалық тұйықталу орнындағы векторлық диаграммалар

7.9.2 Бірфазалық қысқаша тұйықталу ( 7.22, г суретін қара). Шектік шарттар теңдеулерді қанағаттандырады

= 0;

.

Фазалы шамаларды симметриялы құрауыштармен алмастырғанда алатынымыз

(7.23)

(7.17) және (7.23) теңдеулерін біріктіре есептеу нәтижесінде алатынымыз

. (7.24)