Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№1-10 СРС (каз).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
295.94 Кб
Скачать

9.2. Тестілік тапсырмалар

1. Еріткіштін шала өткізгіш мембрана арқылы концентрациясы кем ерітіндіден концентрациясы артық ерітіндіге қарай бір жақты өтуі:

1. коагуляция

2. сірілену

3. буферлік әрекет

4. иондарға ыдырау

5. осмос

2. Бір кг. еріткіште 1 моль бейэлектролит еріткенде тзілген ерітіндінің қату температурасы неше градусқа төмендейтінін көрсетеді:

1. криометриялық константа

2. эбулиометриялық константа

3. изотоникалық коэффициент

4. тепе-теңдік константасы

5. жылдамдықтың константасы

3.Адам организмiнiң жеке органдары мен жасушаларын ұзақ уақыт сақтауға болады:

1. гипертоникалық ерiтiндiде

2. гипотоникалық ерiтiндiде

3. физиологиялық ерiтiндiде

4. кез келген буферлiк ерiтiндiде

5. кез келген күштi электролит ерiтiндiсiнде

4. Моляльдық концентрациялары тең ерiтiндiлерден ең жоғары температурада

қайнайтын ерiтiндi:

1. анилин

2. глюкоза

3. кальций хлориді

4. сахароза

5. барлық ерітінділердің бірдей қайнау температулары бар

5. Хирургияда жараны микроорганизмдер және ыдырау өнімдерінен тазарту үшін қолданылады:

1. гипотоникалық ерітінділер

2. изотоникалық ерітінділер

3. физиологиялық ерітінділер

4. гипертоникалық ерітінділер

5. дұрыс жауап жоқ

6. Гипертоникалық ерiтiндiде қанның эритроциттерi бүрiсiп қалады.

Бұл құбылыстың атауы:

1. гемолиз

2. плазмолиз

3. сiрiлену

4. катализ

5. коагуляция

7. Магний сульфаты мен натрий сульфаты үлкен дәрет қатқанда қолданылады:

1. гипотоникалық ерiтiндi түрiнде

2. изотоникалық ерiтiндi түрiнде

3. физиологиялық ерiтiндi түрiнде

4. гипертоникалық ертiнiдi түрiнде

5. буфер түрiнде

8. Молярлық концентрациялары тең болғандықтан, ерiтiндiлерi бiрдей

температурада қататың затардың қатары:

1. глицерин мен натрий сульфаты

2. натрий сульфаты мен глюкоза

3. глицерин мен глюкоза

4. глюкоза мен калий гидроксидi

5. глюкоза мен калий сульфаты

9. Таза еріткішке қарағанда газдардың электролит ерітінділерінде еруі төмен. Бұл заң:

1. Генри 2. Сеченов 3. Вант-Гофф 4. Рауль 5. Менделеев

10.Бiрдей концентрацияда осмос қысымдары тең екi ерiтiндiнiң атауы:

1. буферлiк 2. гипотоникалық 3. гипертоникалық

4. изотоникалық 5. физиологиялық

11.Ерiтiндiнiң қату температурасының төмендеуiн өлшеуге негiзделген зерттеу әдiсiнiң атауы:

1. осмометрия 2. криометрия 3. эмбулиометрия 4. изоосмия 5. рН-метрия

12.Гипотоникалық ерiтiнде қанның эритроциттерiнiң қабықшалары жарылып,

лак тәрiздес қан түзiледi. Бұл құбылыстың атауы:

1. гемолиз 2. плазмолиз 3. желатиндеу 4. катализ 5. коагуляция

13.Адам организмiне көп мөлшерде еңгiзуге болады:

1. гипотоникалық ерiтiндiнi 2. гипертоникалық ерiтiнiдiнi

3. изотоникалық ерiтiндiнi 4. буферлiк ерiтiндiнi 5. қышқылдық ерiтiндiсiн

14. Эритроциттердің экзоосмосы әкеледі:

1. гемолизге 2. Плазмолизге 3. Тургорге 4. Желатиндеуге 5. коагуляцияға

15. Бiрдей температурада изотоникалық ерiтiндiлердi түзетiн тең

концентрациялы заттардың қатары:

1.ас тұзы, қант

2. глюкоза, азот қышқылы

3. калий гидроксидi, сiрке қышқылы

4.калий хлоридi, глицерин

5. глюкоза, қант, глицерин

16.Осмос қысымын өлшеуге негiзделген зерттеу әдiсiнiң атауы:

1.криометрия

2.эбулиометрия

3.изоосмия

4. осмометрия

5. қышқылдық-негiздiк титрлеу

17.Қанның плазмасына изотоникалық ерiтiндiнiң атауы:

1. гипертоникалық

2. гипотоникалық

3. буферлiк

4. физиологиялық

5. каталитикалық

18.Еріткіштін криометриялық константасы тәуелді:

1. еріген заттың табиғатына

2. еріткіштін табиғатына

3. еріген заттың концентрациясына

4. ерітіндінің температурасына

5, еріген заттың табиғаты мен концентрациясына

19. Электролиттердің коллигативтік қасиеттерің сипаттайтын шамалар (, t, т.б.) бейэлектролиттердікінен неше есе артық екенің көрсетеді:

1. изотоникалық коэффициент

2. криометриялық константа

3. эбулиометриялық константа

4. тепе-тендік константасы

5. сутектік көрсеткіш

20.Молекулалардың жылулық қозғалысы нәтижесiнде ерiтiндiдегi заттың

концентрациясы өздегiнен бiрдей болуы:

1. коагуляция

2. осмос

3. диффузия

4. сiрiлену

5. концентрация

21.Молярлық концентрациялары тең екi әртүрлi бейэлектролиттер ерiтiндiлерiнiң:

1. молярлық массалары бiрдей

2. осмос қысымдары бiрдей

3. молекулаларының диффузия жылдамдықтары бiрдей

4. осмос қысымдары әртүрлi

5. изоэлектрлiк нүктелерi бiрдей

22. Стандарт ерітіндіде 0,02 моль/л глюкоза бар. Оған изотоникалық ерітіндіде глюкозаның концентрациясы болу керек:

1. 0,04 моль/л 2. 0,05 моль/л 3. 0,10 моль/л 4. 0,02 моль/л 5. 0,01 моль/л

23. Электролиттiң диссоциациялану дәрежесi=1, ал изотоникалық коэфицентi 2 болса, ол диссоцияланғанда түзiледi:

1. 3 ион 2. 2 ион 3. 4 ион 4. 5 ион 5. иондар түзiлмейдi

24. Натрий нитратының NaNO3 диссоциациялану дәрежесі 0,9 болса, оның изотоникалық коэффициенті:

1. 1 2. 2 3. 2,1 4. 1,8 5. 1,9

25.Бақа қанындағы заттардың осмостық концентрациясы 0,22 моль/л. Егер R = 0,082 (л.атм)/(град.моль) болса, онда 7 градуса С бақа қанының осмостық қымысы тең:

1. 5,05 атм. 2. 2,85 атм. 3. 0,13 атм. 4. 7,77 атм.

5. дұрыс жауап жоқ

1. Тақырып 4: Дисперстi жүйелер. Жiктелуi және қасиеттерi. Медицинадағы электрофоретикалық зерттеу әдiстерi.

2. Мақсаты: Адам ағзасының көптеген сұйықтықтары мен тіндері дисперсті жүйеге жататындықтан дисперсті жүйелердің физико-химиясының негізін оқыту қажет. Коллоидты жүйелердің диализ, электродиализ, электроосмос сияқты зерттеу әдістерімен және қасиеттерімен таныстырыу, студенттердің білімі мен дағдысын бекіту.