Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№1-10 СРС (каз).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
295.94 Кб
Скачать

9.2. Тестілік тапсырмалар

1.Тепе-теңдiк күйдегi жүйенiң сыртқы жағдайларыны бiрiн өзгерткенде (Т, Р, С) тепе-теңдiк сол әсердi әлсiрететiн бағытта ығысады. Бұл:

1. заттардың массасы сақталу заңы

2. әсер етушi массалар заңы

3. энергия сақталу заңы

4. Гесс заңы

5. Ле Шателье принципi

2.Аз мөлшерлерi химиялық реакциялардың жылдамдығын өте кемiтетiн заттардың атауы:

1. ингибиторлар

2. индикаторлар

3. ферменттер

4. катализаторлар

5. реттеушiлер

3. Өзінің табиғаты бойынша ферменттер (энзимдер) - бұл:

1. жай және күрделі көмірсулар

2. тек күрделі бейорганикалық қосылыстар

3. жай және күрделі бейорганикалық қосылыстар

4. арнайы жай және күрделі ақуыздар

5. тек жай ақуыздар

4. Химиялық тепе-теңдікте ұзақ тұрақты болатын жүйе:

1. қысым

2. температура

3. бастапқы заттар концентрациясы

4. өнім концентрациясы

5. температура, қысым және барлық заттар концентрациясы

5. Сұйық фазада жүретін реакцияның жылдамдығына әсер етпейді:

1. өнімдердің концентрациясы

2. температура

3. әрекеттесетін заттардың концентрациясы

4. катализатордың қатысуы

5. қысым

6. Егер катализатор және әректтесуші заттар әртүрлі фазада болса, онда катализ қалай аталады:

1. тәуелсіз

2. гетерогенді

3. автокатализ

4. гомогенді

5. коллоидты

7. Белгілі температураға жеткенде ферментативті реакцияның жылдамдығы азаюы түсіндіріледі:

1. ферменттердің жоғары каталитикалқы активтілігі

2. ферменттердің жоғары селективтілігі

3. ферменттердің жылулық денатурациясы, яғни инактивациясы

4. ақуыздың амфотерлік қасиетімен

5. реакция жылдамдығының субстрат концентрациясына тәуелділігі

8. Жай реакцияға немесе элементар актке қатысатын молекулалар санының атауы:

1. реакция жылдамдығының константасы

2. реакция сатыларының саны

3. реакцияның реттілігі

4. реакцияның түрі

5. реакцияның молекулалығы

9. Әрекеттесетін заттар немесе өнімдердің молярлық концентрациясының уақыт бірлігіне өзгеруі аталады:

1. титрлеудің соңғы нүктесі

2. эквиваленттік нүкте

3. фазалық тепе-теңдік

4. химиялық реакцияның жылдамдығы

5. қайтымды реакция

10. Аррениустың теңдеуіндегі шама А сиппатайды:

1. актив қағысу үлесін

2. жүйенің температурасын

3. активтендіру энергиясын

4. заттың геометриялық структурасын

5. жүйенің ішкі энергиясын

11. Биохимиялық процестердің көбі үшін температуралық коэффициент тең:

1. 2-4

2. 273 –ке тең

3. 10-9-10-7 м

4. 7-9

5. 22,4л

12. СаО(к) + СО2(г) = СаСО3(к) теңдеу бойынша жүретiн реакция үшiн

тепе-теңдік константасының өрнегi:

1. 2.

3. 4.

5. 5. К = С(СО2)

13. Ескі байланыстар толығымен үзілмей, ал жаңа байланыстар толық түзілмеген кездегі әрекеттесетін заттардың тұрақсыз күйі аталады:

1. Активтелген комплекс (өтпелі кезең)

2. комплексті қосылыстар

3. комплексон III

4. активтену энергиясы

5. химиялық тепе-теңдік

14. Екінші реттiк реакцияға сәйкес кинетикалық теңдеуi:

1.v=kС

2. v=к

3. v=kР

4. v=kСАВ

5. v=kC3

15. СаО(к) + СО2(г) = СаСО3(к) теңдеу бойынша жүретiн реакция үшiн

әсер етушi массалар заңының математикалық өрнегi:

1.

2.

3.

4.

5.

16. Мерзім бірлігінде алынған заттардың қандай бөлігі реакцияға кіретінін көрсететін шаманың атауы:

1. эбулиоскопмялық константа

2. криоскопиялық константа

3. тепе-теңдік константасы

4. жылдамдық константасы

5. изотоникалық коэффициент

17. Бірнеше сатыланып жүретін реакциялардың түрі:

1. жай

2. күрделі

3.гомогенді

4.гетерогенді

5. баяу жүреді

18. Аяғына дейін, бастапқы заттар жойылғанша жүрмейтін реакциялар:

1. қайтымсыз

2.күрделі

3.жай

4.каталитикалық

5. қайтымды

19. Бір сатыда жүретін реакциялар:

1.жай

2.күрделі

3.гомогенді

4.қайтымды

5.каталитикалық

20. Температураны әрбiр 10 градусқа жоғарлатқанда химиялық реакцияның жылдамдығы 2-4 есе өседi. Бұл:

1. Гесс заңы

2. Ле Шателье принципi

3. әсер етушi массалар заңы

4. Вант-Гофф ережесi

5. Гиббстың фазалар ережесi

1. Тақырып №2: S-, р-, d- элементтердiң медико-Биологиялық маңызы. Олардың қосылыстарының медицинада қолданылуы.

2. Мақсаты: элементтердің жалпы қасиеттерін және олардың биологиялық ролін білу керек. В. И. Вернадскидің биосфера және биогеохимиясы туралы білімін үйрену. Биогендік элементтер, олардың табиғатта таралуы, ағзада болуы, қасиеттері. Биологиялық медицинада қолданылуы