Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сабақ 12.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
185.34 Кб
Скачать

7.Бақылау (сұрақтар, тест тапсырмалары, тапсырмалар):

1. Бақылау сұрақтары.

2. Тесттік бақылау – 10 тест.

3. Ситуациялық есептер - 3 есеп.

Бақылау сұрақтары:

1.Медико-әлеуметтік көмекте қарт адамдардың қажеттіліктерінің негізгі түрлерін атаңыз.

2.Осы қажеттіліктер қоғамдық және қамқорлық ұйымдарына, медициналық қызметтің қай түріне жүктеледі?

3.Пайда болған қатерге туатын қарт адамдардың эмоциональді реакцияларын сипаттаңыз.

4.Қарт адамдарда қорқыныш сезімін басуда қолданылатын психотерапевтік көмек әдістерін атап өтіңіз.

5.Медико-әлеуметтік қызмет үшін халықтың қартаюының салдары қандай?

Тест тапсырмалары:

1.Егде және қарт жастағы адамдардың ауруларын зерттейді: A) Педиатрия B) Гериатрия C) Гигиена D) Герофармакология

E) Паллиативті медицина

2.Гериатриялық фармакотерапияны ұйымдастырудың негізгі қағидалары қандай? A) Медикаменттердің санын көбейту B) Препараттардың едәуір бөлігін парентеральді енгізу C) Медикаментозды емнен бас тарту D) Өздігінен емделу, фитотерапия E) Полипрагмазияны шектеу, дәрілердің тағайындау уақыты мен дозасын төменету.

3.Гериатриядағы паллиативті көмек:

A) Тек қана медициналық, әлеуметтік, психологиялық компоненттен ғана емес, сонымен қатар рухани компоненттен де құралатын мақсатты қатынас

B) стационарлық көмек

C) үй жағдайындағы көмек

D) әлеуметтік көмек

E) мейірбике күтімі

4.Емделмейтін аурулармен ауыратын науқастарға өмірінің соңғы кезеңдерінде көмек көрсететін медицина саласы:

A) гериатрия;

B) геронтология;

C) паллиативті медицина;

D) геронтофобия;

E) терапия;

5.Паллиативті көмек көрсету терапиялық көмек көрсетуден қалай ерекшеленеді?

A) симптоматикалық ем, топтық көмек

B) интенсивті ем

C) мейірбикенің фармакологпен бірігіп жасайтын жұмысы

D) көп бөлігін психологиялық көмек қамтитын емнің түрі

E) стационарлық көмек

7.Онкологиялық ауруларға арналған паллиативті көмек бөлімі ұйымдастырылады:

А. онкологиялық диспансерлерде, хосписте;

В. көпрофильді ауруханаларда;

С. көппрофильді балалар ауруханасында;

Д. емханаларда;

Е. стационарда;

8.Медицина саласында адамдардың қажеттіліктері жас шамасына қарай қалай өлшенеді?

А. Жас шамасына пропорциональді

В. Төмендейді

С. Өзгермейді

Д. Аталғандардың барлығы дұрыс

Е. Дұрыс жауабы жоқ

9.Гериатрия нені зерттейді?

А. Қарттық жастағы аурулардың емі және профилактикасын зерттеумен айналысатын геронтология бөлімі.

В.Балалық жастағы ауруларың емі және профилактикасын зерттеумен айналысатын педиатрия бөлімі.

С. Балалық жастағы ауруларың емі және профилактикасын зерттеумен айналысатын геронтология бөлімі.

Д. Қарттық жастағы аурулардың емі және профилактикасын зерттеумен айналысатын хирургия бөлімі.

Е. Қарттық жастағы аурулардың емі және профилактикасын зерттеумен айналысатын терапия бөлімі.

9.Медициналық қызметтің едәуір жоғары деңгейінің негізгі тұтынушылары:

А. еңбекке қабілетті жастағы жас адамдар

В. ерте жастағы балалар

С. егде және қарт жастағы адамдар

Д. кез келген жастағы әйелдер

Е. балалар және мектеп жасындағы жасөспірімдер