Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2005-2.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.41 Mб
Скачать

Сурет 1.15 – Холла элементі кернеу көзінен қоректенгендегі оптрондық байланыстағы температуралық компенсацияның сызбасы:

DА1,DA2 – операциондық күшейткіштер; Е1, Е2 – кернеу көздері; U1, U2 - оптрондар; Р1 – тіркеу құрылғысы.

Холла элементі Е2 кернеу көзінен қоректенген кезде, R3 резисторындағы кернеу R3 шарттарына байланысты кіру тоғына пропорционалда түседі. Мұндағы Rкір – Холла элементінің кіру кедергісі.

Холла элементі температурасының өзгерісі Rкір – кіру тоғын өзгертеді, R3 резисторындағы кернеуді түсіреді және ары қарай DA2 күшейткіші арқылы U1 және U2 оптрондарының жұмысшы нүктелерін жылжытады. Өз кезегінде оптрондардың шығу кедергісі дабылдарды өзгертеді, соған сәйкес аддативті (U2,R1,E1 тізбектері) және мультипликативті (U1,R2,DA1 тізбектері) температуралық қателіктерді толықтырады.

Температураға байланысты магниттік өрісте жартылай өткізгіштер өзгерісі болғандықтан, Холла элементінің сезімталдығының өзгеру компенсациясы болады. Холла элементін өзара алмасушылықпен қамтамасыз ету жағдайын шешу үшін соңғы жағдай қолданылуы мүмкін. Өйткені, мұнда барлық құрылғылар сипаттамасы сызықтықты сақтайды. Берілу сипаттамасының сызықтығы, толығымен магинттік өрістің диапазонының тек қана бір нүктесінде аспапты тексеруге мүмкіндік береді. Құрылғы жоғарғы дәлдік температуралық компенсациясымен ерекшеленеді. Бұл кең диапазонда температура өзгерісінің бақылауынсыз өлшеуді жүргізуге мүмкіндік береді.

1.10.1 Холла элементі тоқ көзінен қоректенгендегі температуралық компенсация үшін оптрондық байланыс сызбасы. Холла элементі тоқ көзінен қоректену режимінде, кернеу көзінен қоректену тәртібіне қарағанда, температура қателігін аддативті құрушыны өзгерту немесе жаңадан жасау көп болып келеді. Мұнда Uқалд қалдық кернеуі температура диапазонында тұрақты болғандықтан, Холла элементі балансының кернеуін ғана міндетті түрде толықтыру керек.

Мультипликативті құрушы қателіктің болмауына байланысты Холла элементі тоқ көзінен қоректенген кезде құрылғыны орнынан жылжыту сызбасы жеңілдетіледі және күшті, магниттік өрістерге қатысты өлшегенде, аса жоғарғы дәлдік компенсациясымен қамтамасыз етеді.

1.16 суретінде, мысал ретінде, Холла элементінің тоқ көзінен қоректенгендегі оптрондық байланыстағы температуралық компенсациясының сызбасы берілген.

Сызба (1.16 суреті) келесі түрде жұмыс істейді. Холла элементінің басты температурасында және жұмысшы Е2 генератор тоғының DA1 күшейткішінің шығатын тұсында дабыл бар. Оның шамасы DA1 күшейткішінің жұмыс тәртібіне байланысты құрылған. Ол U1 оптронды жұмысшы нүктесі сызықты участок сипаттамасында болатындай етіп құрылған. Е1 реттеу көзінің кернеуін өзгертуге байланысты, R1 резисторының кернеуі түсіп, оның шамасы мен Холла элементінің Uқалд нөлдік кернеу белгісіне қарама-қарсы болуына жетуге болады.

Uқалд қалдық кернеуінің температуралық өзгерісінің компенсациясы келесі түрде жүреді. Бастапқы температурадан ауытқыған кезде Холла элементінің өз кернеуін, оптронның шығу кедергісін және R1 резисторындағы толықтырушы кернеуді өзгертеді.

Қарастырылып отырған сызбадағы компенсацияның дәлдігін шектейтін ең басты тізбек U1 оптроны болып табылады. Ол Холла элементінің кіруі мен шығуына байланысты компенсация тізбектерінің гальваникалық байланыстарымен қамтамасыз етеді.

Сурет 1.16 – Холла элементі тоқ көзінен қоректенгендегі оптрондық байланыстағы температуралық компенсацияның сызбасы:

DА1 – операциондық күшейткіш; Е1 – тоқ көзі; Е2 – тоқ көзін реттеуші; U1 - оптрон; Р1 – тіркеу құрылғысы.