Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СД есеп казакша 17.08.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.34 Mб
Скачать

1.3. Кесте. Студенттердің мәдени-бос уақыт іс-шараларына қатысу деңгейі

Іс-шара деңгейі

2008-2009

2009-2010

2010-2011

2011-2012

Университет ауқымында өткізілетін іс-шара

80%

85%

90%

90%

Қалалық және республикалық ауқымда өткізілетін іс-шара

75%

80%

85%

85%

1.2.10Білім беру бағдарламасының мақсаттарын құрастыру кезіндегі приоритеттері, сыртқы әлеуметтік-экономикалық ортаның өзгеру жағдайын ескеру (ел ішінде, шетелде), инновация және дарын үшін қолайлы жағдайды тудыру және қолдауға бағытталған.

2004 жылғы 19 наурыздағы ҚР Президентінің «Бәсекеге қабілетті Қазақстанға, бәсекеге қабілетті экономикаға, бәсекеге қабілетті халыққа», 2005 жылғы 18 ақпандағы «Қазақстанның жылдам экономикалық, әлеуметтік және экономикалық жетілуі» Қазақстан халқына жолдауларына, 2004 жығы 13 қыркүйектегі ҚР Президентінің N 1438 Жарлығымен бекітілген 2005-2010 жылдарға арналған ҚР денсаулық сақтауын реформалау және дамыту мемлекеттік бағдарламасына, 2004 жылғы 11 қазандағы ҚР Президентінің N 1459 Жарлығымен бекітілген 2005-2010 жылдарға арналған Білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасына сәйкес ҚР-ның Медициналық және фармацевтикалық білім беруді реформалау концепциясы (әрі қарай - концепция) құрастырылды.

Концепция мақсатымамандардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін республиканың денсаулық сақтау саласының басымдылығы мен ерекшеліктерін есепке ала отырып халықаралық стандарттар негізінде медицина және фармацевтика мамандарын даярлау жүйесін игеру.

Бұл мақсатты жүзеге асыру кезінде мына міндеттер шешімін тапты:

1)медицинажәне фармацевтика мамандарын дайындау жүйесін Еуропадағы жоғары білім берудің 3 деңгейлі принципімен үйлестіруге бағытталған медицина және фармацевтика мамандарын даярлаубағдарламасының жүйесі мен мазмұны өзгертілді;

2) «АстМУ» АҚ-та азаматтарды іріктеу және қабылдау принциптері өзгертілді;

3) сапаны бағалау, кәсіби құзіреттілік және кәсіби қызметке рұқсат жүйесі өзгертілді;

4)халықаралық сарапшылардың қатысуымен «АстМУ» АҚ-қа институционалдық аккредитация енгізіліп, өткізілді;

5) Университеттің материалдық-техникалық базасы күшейтілді;

6) медициналық және фармацевтикалық білім берудің нормативтік-құқықтық базасы жетілдірілді.

2013 жылы «АстМУ» АҚ халықаралық сарапшылардың қатысуымен өткен институционалдық аккредитация сәтті өтті.

ҚР ББМ мен ҚР ДСМ негізгі көрсеткіштерінің динамикасы фармацевт мамандарын даярлаудағы білім беру мен денсаулық сақтауға бағытталған мемлекеттік жалпыға білім беру гранты шеңберінде бюджеттік қаражаттың жыл сайын көтеріліп отырғанын айғақтайды.

Медициналық және фармацевтикалық білім беруді ұйымдастырудың материалдық-техникалық базасын күшейту мақсатында мемлекет медициналық жоғары оқу орында білім алу құнын арттыру саясатын жүргізуде. 2006 жылдан 2013 жылға дейін грантта оқу құны 1,95 есеге артты. Бір білім алушының оқу құнын есептеудің ережесі (әдістемесі) жасалып, бекітілді. Оның ішіне кітап алу шығыны (басылып шыққан және электронды), ғаламторда жұмыс жасау, зертханалық жануарларды асырау, реактивтер мен биоматериалдарды, құрал-жабдықтарды сатып алу, студенттердің өндірістік практикасы, оқытушылардың және басқа қызметкерлердің еңбекақысы, коммуналды қызмет пен басқа шығындар енеді.