Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Волеология тех карта.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
486.4 Кб
Скачать

Мектепалды даярлық тобы

Күні:

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлімдері:Валеология

Тақырыбы: Судың тазасы-дерттің қазасы.

Мақсаты: Балаларға судың денсаулыққа пайдасы туралы түсінік беру. Оны пайдаланудың ережелерін түсіндіру.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Балалар «Валеология» елінің картасын қарап «Су» аялдамасына келіп, күн, ауа жайлы жаңа не нәрсе біліп, үйренгендерін айтады.Өткен сабақтағы ақыл-кеңестерін естеріне түсіреді.

Балалар картаға қарап қай аялдамаға келгендерін біледі.

Ұйымдастыру-

ізденушілік

Педагог балаларға,Табиғат-Ана патшалығына баруды ұсынады,

Жұмбақ жасырады.

Аяғы жоқ, қолы жоқ,

Бірақ тыныш тұрмайды.

Сақтамасаң-қорын тек,

Барша тіршілік қурайды. (Су)

Тәжірибе:

1. Судың қасиеті:

а) түссізбояғыш қосу керек---түс пайда болады.

б) дәмсіз,иіссіз—дәмін келтіруші қоспалар қосу керек--- дәм пайда болады.

в) тұрақты пішіні жоқ--- мұздату--- заттың бір пішінге келуі.

Сөздік қимыл ойын: «Теңіз толқиды»

Балалар ойын сөзін айтып,толқынның қимылын көрсетеді.

Педагог балаларға глобусты көрсетіп, оның планатамыздың кішкентай үлгісі екенін айту.Балаларға осы глобусты қарап, қандай түстің көп екенін сұрау.Көгілдір түспен не белгіленген? Су қайда болады?

Жер бетінде шынында да су көп, бірақ теңіздер мен мұхиттардың суы тұзды, ішуге болмайды.

Тәжірибе:

Іші суға толған екі стақан дайындап,біреуінде-тұзды су, екіншісінде-тұзсыз су.Балаларға осы сулардың дәмін татқызып көрсетіп,тұзды су ішуге жарамсыз деген қорытынды жасайды.

Көлдердің, өзендерде, арықтарда, тұзсыз су ағады, онымен бау-бақша суаруға бірақ,ішуге болмайды.Неліктен?

Біздің планетамызда су көп, бірақ тек таза, тазарған,тұзсыз суды ішуге болады.

«Қауіпсіздік мектебінің» ақыл-кеңесі:

1.Өзендерден, жылғалардан ағып жатқан суды ішуге болмайды,оларда қауіпті ауру тудыратын микробтар болады.

2. Суды үнемдеп таза сақтау керек.Оны ластауға болмайды.Таза ауасыз, сусыз адамдар өмір сүре алмайды.

Релаксация:

Балалар өздерін толқында шайқалып тұрған жапырақ секілді сезінеді.

Балалар күн ережесі сәттерінің суреттерін қарап,судың жеке бастың тазалығын сақтаудағы маңызын айтады: жуыну,шынығу, т.с.с.

Сусыз ас әзірленбейді.Көкөністер мен жемістерді жемес бұрын,жақсылап жуу керек,ал ол үшін міндетті түрде су қажет.

Судың пайдасымен қатар,егер «Қауіпсіздік мектебінің» ережелерін дұрыс орындамаса,адам денсаулығына қатерлі.(Әліппе дәптердегі суретттерді қарастыр)

Балалар суға түскенде қатерден сақ болу керек,сондықтан жүзіп үйрену қажет.

«Қауіпсіздік мектебінің» ақыл-кеңестері:

Суға арнайы түсуге арналған жерлерде және үлкендердің бақылауымен ғана түсуге болады.

Қысқы суықта су қатып,мұзға айналады,бірақ ол адамның салмағын көтере алмай,жарылып кетуі мүмкін.

Өзендерде,көлдерде конькимен және шаңғымен сырғанауға болмайды.Ол үшін мұз айдындары және төбешіктер бар.

Дидактикалық ойын:

«Қажетті сөздерді ойла»

Балалар сәйкес келетін сөздермен су,өзен,теңіздерді суреттейді.

Жұмбақтың жауабын айтады.

-су.

Балалар тәжірибе жасап көреді.

«Теңіз толқиды» ойынын ойнайды.

Балалар глобусты көреді.

-көгілдір түсі көп.

-сулар белгіленген

Балалар тәжірибе жасайды,суды ішіп көреді.

«Қауіпсіздік мектебінің» ақыл-кеңестерін тыңдайды.

Балалар аяқ-қолдарын босаңсытып, көздерін жұмып,шалқасынан жатады.

Балалар әліппе дәптердегі суреттерді көреді.

Балалар ақыл-кеңестерді тыңдайды.

Дид/лық ойынды ойнайды.

Рефлексивті-

түзетушілік

Қорытынды:

Таза су-тіршілік атаулы өмірінің нәрі,табиғи құнды байлық. Суды ретсіз ысырап жасауға болмайды,үнемдеу қажет, себебі суды тазалау өте қиынға түседі әрі қымбат.

Балалар сұрақтарға жауап беріп,сабаққа қорытынды жасайды.

Күтілетін нәтиже:

Білу:

Игеру:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы