- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

- •Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

- •Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінң технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»
Оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Әке мен бала» (әңгіме).
Мақсаты: ересектермен қарым-қатынас ережелерін сақтауға үйрету, еңбекке қызығушылықты қалыптастыру және оның нәтижесін құрметтеуге үйрету.
Көрнекіліктер: суреттер.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, сұрақ-жауаптар.
Сөздік жұмыс: таға, қанағат.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың әс-әрекеті |
Мотивацмялық – қозғаушылық |
Ұйымдастыр кезеңі. Шаттық шеңбері. Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен, Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген. Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз, Үлгі алсын көрген жан мына бізден. |
Шаттық шеңберіне тұрып орындайды. |
Ұйымдастырушылық- ізденістік |
Кіріспе кезең. -Бүгін Ыбырай Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесімен танысамыз. Сурет арқылы әңгімелеу. «Әке мен бала» суреті арқылы сұрақтарға жауап беру. -Суретте кімдерді көріп тұрсыңдар? -Олар қалай киінген? -Әкесі мен баласына ат қояйық. -Олай болса, қазір мен сендерге «Әке мен бала» әңгімесін оқып берейін.
Сергіту сәті: Тікірейіп құлағы Менен бұрын Бойын жазып, керіліп. Беті-қолын жуады. Сұрақ-жауап арқылы әңгімелеу. -Әкесі мен баласы жолда келе жатып не көрді? Әкесі тағаны не істеді? Ол ақшаға не сатып алды? Әкесі баласына шиені қалай берді? |
Әкесі мен баласын
Мұқият тыңдайды.
Қимылдар жасайды.
Таға Саты Шие Балалардың жауабы. |
Рефлексиялық түзетушілік
|
«Отбасы мүшесін ата! » ойыны. Қорытындылау. |
1.Әке. 2. Шеше. 3.Әже .4Ата. 5.Әпке. 6. Аға.
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: шығарманың мазмұнын.
Игереді: жалқаулықтың жаман қасиет екенін.
Меңгереді:ойын арқылы отбасы мүшелеріне кімдер жататынын.
Өткізген:
Өткізген күні:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным»
Оқу іс-әрекеті: Әлеуметтік орта
Тақырыбы: Суды жақсы көретіндер.
Мақсаты: 1. Құрлықта және суда тіршілік ететін жануарларды ажырата білуге үйрету.
2. Жануарлардың аттарын, олардың қорегі және жалпы олардың тіршілігі туралы түсіндіру арқылы зейіндерін дамыту.
3.Табиғатқа қамқорлықпен қарауға баулу.
Көрнекіліктер: балық, түлкі, түйе, үйрек, қоян, тиіннің суреттері.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, сұрақ-жауаптар.
Билингвальды компонент: балық- рыба, су-вода, түлкі-лиса, үйрек- утка, қоян-заяц.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Тәрбишінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотиваиялық қозғаушылық |
Қонаққа қуыршақ Әсел келгенін және ол жануарлардың қайсысы суды жақсы көретінін білгісі келетіндігін хабарлайды. |
Балалар қуыршақпен амандасады, қызығушылығын көрсетеді. |
Ұйымдастырушылық ізденісті |
1.Білімді өзектендіру. -Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын. Қанаты бар –ұшпайды, Жұрт айламен ұстайды. -дұрыс айтасыңдар, бұл- балық. Балық суда тіршілік етеді. Ол желбезектерімен тыныс алады. -Өзі ширақ, өзі қу, Жүрген жері айғай –шу. -Түлкі құрлықта, яғни орман-тоғайда, далалы жерлерде тіршілі етеді. Түлкінің тіршілінде су өте қажет. -Аппақ жүнді үлпілдек, Жалғыз жүрген тым сирек.
-Қоянда құрлықта тіршілік етеді. Ағаштың бұтақтары мен тамырларын қорек етеді. Қоянның тіршілігі үшінде су өте қажет.
Шелектеп құйсаң да су жұқпас. (Үйрек). -Үйрек – үй құсы. Жабайы үйректер де болады. 2. Билингвальды компоненті: балық-рыба, су-вода, түлкі- лиса, үйрек- утка, қоян- заяц. 3.Динамикалық үзіліс. Музыка әуе німен жануарлардың жүрісін салады. |
Балалар жұмбақтарды шешеді. -Балық
-Түлкі
-Қоян
-Үйрек.
-Үйрек – су құсы.
Қайталайды.
Жануарлардың жүрісін-тұрысын салады.
|
Рефлексиялық түзетушілік |
Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетінде алған білімдерін қайталайды. Тәрбиеші қуыршақ Әсел қонаққа келгеніне риза болып тұрғанын және оларға алғыс білдіргенін айтады. Балалармен қоштасады. |
Сұрақтарға жауап береді. Бір-бірінің жааптарын тыңдайды. Қуыршақпен қоштасады |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: құрлықта және суда тіршілік ететін жанарарды ажыратуға арналған тапсырманы.
Игереді: құрлықта және суда тіршілік ететін жануарлардың аттары, олардың қоректері, яғни жалпы тіршілігі туралы мәліметті.
Меңгереді: сұрақтарға толық жауап бере алу және өз ойларын жеткізе алу,яғни коммуникативтік және алған ақпаратт талдай білу дағдыларын.
Өткізген:
Өткізген күні:
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Экология негіздері
Тақырыбы: Көктем
Мақсаты: 1. Көктемнің маусымдық белгілері туралы түсіндіру.
2. Көктем мезгілінде болатын табиғи құбылыстардың пайдасын түсіндіру арқылы зейіндерін дамыту.
3. Әр мезгілдің ерекшеліктерін білдіру арқылы табиғатты сүюге баулу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: көктем суреттері, қыс және көктем мезгілдерінің және ұзақтың суреттері
Сөздік жұмыс: бәйшешек
Билингвальды компонент: көктем белгісі – приема весны, қарлығаш- ласточка.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балаларың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Шаттық шеңбері. -Балалар, мына бір тамаша әуенді тыңдап, бір-бірімізге күімсірейік Бүгін күн ашық, жылы екен. Өйткені көктем келді. Қандай ғажайып күн! Релаксция сәті («Көктем үні» үнтаспадан ойналаы). |
Шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне күлімсіреп қарайды
Құстардың сайраған дауыстарын, сылдырап аққан судың, жаңбырдың дауысын тыңдайды.
|
Ұйымдастырушылық ізденістік |
1.Білімді өзектендіру. -Балалар, қараңдаршы, мен орманда қандай фото сурет жасап келдім. Неге орман өзгеріп кеткен. Қалың қар қайда кеткен. Қазір қай жыл мезгілі. -Шынымен де қар еріп кеткен. Қазір қай жыл мезгілі. 2. Көктем және оның белгілері туралы әңгіме. Көктем белгісі – приметы весны. -Мына суреттердің ішінен көктем мезгілі бейнеленген суреттерді таңдап алыңдар. Көктем мезгілі екенін қандай белгілері арқылы білдіңдер.
-Дұрыс айтасыңдар. Қар еріп, жылғалардан су ағады. Жылы жаққа ұшып кеткен құстар ұшып келеді. Көктемде күн жылынады, жылы жел соғады. Бәйшешек- қар астынан қылтиып шығатын көктемнің алғашқы гүлі. 3.Билингвальды компонент: көктем белгісі- примета весны, қарлығаш-ласточка. 4. Сергіту сәті: Көктем келді бүгін, Күнім төкті нұрын. Сайрап барлық құстар. Ән салуға құштар.
5. Балалар, бізге көктем жаршысы- жылы жақтан ұшып келетін құстың бірі- қарлығаш. Ол әлемге көктемнің келгенін хабарлап жүр. Біз оған көктемнің суреттерін жинап, қоржынына салып берейік. |
Суретті қарастырып, сұрақтарға жауап береді, мезгілдік өзгереді атап өтеді.
Көктем бейнеленген суреттерді алып, сол бойынша әңгімелейді. -Ағаштар бүршік атып тұр. Жер жап-жасыл шөп. Қар еріп кеткен.
-Бәйшешектер шыққан. -Жаңбыр жауады. Қайталайды.
Сергіту сәтін орындайды.
Суреттердің ішінен көктем бейнеленгендерін таңдап алады. |
Рефлексиялық түзетушілік |
Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетінде алған білімдері қорытындыланды. |
Сұрақтарға жауап береді. Бір- бірінің жауаптарын тыңдайды. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: көктем ерекешеліктерін анықтауға арналған тапсырманы.
Игереді: көктем мезгілінде болатын табиғат құбылыстары туралы мәліметті.
Меңгереді: сұрақтарға толық жауап бере алу және өз ойларын жеткізе алу, яғни коммуникативтік және алған ақпаратты талдай білу дағдыларын.
Өткізген:
Күні: