Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
полугод 2015ж .doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
249.34 Кб
Скачать

Күздік астық дақылдарының гельминтоспориозды теңбіл аурулары.

2015 жылдың маусымдық мониторингтік тексеру жұмысы Қарабұта,Үржар, Науалы ауылдық округтеріне қарасты 300 га күздік егіс алқабы гельминтоспориозды теңбіл ауруына тексерілді. Түтіктену фазасында 19 мамыр күні гельминтоспориозды теңбіл ауруына Үржар ауылдық округінің "Светик" шаруа қожалығының егіс алқабынан және 26 мамыр күні Науалы ауылдық округінің "Еламан" ЖШС-нің егіс алқабынан ауру анықталды. Ауру қоздырғышы – жалған саңырауқұлақ: Bipolaris sorokiniana Shoemaker. Үржар ауданы бойынша дәнді-дақылдар егілетін аудандардың бәрінде гельминтоспориозды теңбіл ауруы кездеседі. Гельминтоспориозды теңбіл ауруының пайда болуына мамыр айының ыстық болып +29,0˚С-ге дейін жетуі ықпал етіп, екінші онкүндікте ылғал мөлшерінің көп түсуіне байланысты пайда болды. Аурудың пайда болуына себеп болатын факторлар: мамыр айында күндізгі ауа-райы ыстық болып, түнгі ауа температурасы салқындау болуына байланысты, аурудың дамуына қолайлы жағдай туып және тұқымның уланбауы себеп болып,топырақ инфекциясы әсері ықпал етіп аурудың шығуына себеп болды. Мамыр айының үшініші онкүндігінде жауын-шашын түсімі мол болуына байланысты ауру пайда болды. Мониторингтік тексеру жұмысы аяқталды.

Үржар ауданы бойынша 2015 жылы күздік бидайдың егістік алқабында

р/с

Ауылдық округ атауы.

Тексерілді мың.га

Залалданған

Барлығы

Соның ішінде саты бойынша

Таралуы

Дамуы

төмен

орташа

жоғары

ЭЗШ-тен жоғары

1

Үржар

0,1

0,1

0,05

0,05

-

-

10,8

4,0

2

Қарабұта

0,1

-

-

-

-

-

-

-

3

Науалы

0,1

0,1

0,05

0,05

-

-

10,0

4,2

барлығы аудан бойынша

0,3

0,2

0,1

0,1

-

-

6,9

2,7

Гельминтоспориозды теңбілдің таралуына қорытынды есеп. Жаздық астық дақылдарындағы гельминтоспориозды теңбіл.

Маусым айының 10-шы жұлдызынан бастап жаздық бидайдың түтіктену, масақтану кезеңінде гельминтоспориозды теңбілмен залалдануына Алтыншоқы, Ақшоқы, Бестерек, Жана Тілек, Көлденен, Көкөзек ауылдық округтерінің 850 га егістік жаздық бидайға тексеріліп, ал Ақжар, Үржар, Науалы арпа егістігіне 350 га жерге мониторингтік тексеру жұмысы жүргізіліп: Алтыншоқыда 5 маусым күні "Бірлік" шаруа қожалығында, Ақшоқыда 10 маусымда "Бибі" шаруа қожалығында, Бестеректе 11 маусымда "Светик" шаруа қожалығында, Жана Тілекте 11 маусымда "Дихан" шаруа қожалығында, ал 18 маусымда Көкөзекте "Бақ-тұр" ЖШС-нің егіс алқабында аурудың шығуы тіркелді. Ал Ақжар, Үржар, Науалы ауылдық округтеріне қарасты арпа егістік алқабы тексеріліп залалдану анықталмады. Ауру қоздырғышы жалған саңырауқұлақ: Bipolaris sorokiniana Shoemaker. Аурудың пайда болуына себеп болатын факторлар: егіс танабында себуде егістік ауысымның болмауы, тұқымның уланбауы, топырақ құрамында қалған инфекция әсері ықпал етіп аурудың пайда болуына себеп болды. Ауру төмен және орташа сатыда тіркелді. Мониторингтік тексеру аяқталды.