- •Есеп № 1. Қатты өндірістік қалдықтар полигонын салған кезде
- •Есеп № 2.Емдік массаж мекемесінің жоспарымен танысқанда
- •Есеп № 4.В қаласындағы № 20 мектептің информатика оқу
- •Есеп № 5. Аурухананың хирургия бөлімінің жоспарымен танысқанда,
- •Есеп № 6. Аудандық әкімшілік 1000 тұрғыны бар «а» тұрғылықты пунктінде,
- •Есеп № 7. Артезиан скважинасынан алынған су:
- •Есеп № 9. Шаштараздың жоспарымен танысқанда онда: шаш қию, шашты бұйралау
- •Есеп № 10 №1, №2, №4, мектептерде,
- •Есеп № 11 Хирургиялық стационардағы шу деңгейін өлшеу кезінде,
- •Есеп № 12 р. Поселкасындағы шахталық құдықтың суынан
- •Есеп № 13 в. Аудандық орталығында жұқпалы аурулар
- •Есеп № 14 д поселкасындағы ашық су көздерінен алынған
- •Қр дсм 2010 ж. 25 қазан № 834 бұйрығымен бекітілген «Жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдардың құрылысына, құрамына және білім беруіне қойылатын сан/эпид талаптар» туралы СанНжЕ.
- •Есеп № 17 Микрорайондағы үйлердің ауласына қоқыстар
- •Есеп № 19. Шахталық құдықтың суынан лабораториялық зерттеу кезінде анықталды:
- •Есеп № 22. 120 кереуеттік аурухана жобасын қарағанда емдеу
- •Есеп № 23 Ашық су көздерінен алынған судың лабораториялық анализі:
- •Есеп № 28. Михайловка ауылын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін
- •Есеп № 29 3700 тұрғынға арналған канализацияланбаған
- •Есеп № 30 Аурухана палатасында 5 адам бар.
Есеп № 10 №1, №2, №4, мектептерде,
Су құбыры деп су тұтынушыларды белгілі сападағы сумен қамтамасыз ету үшін су алу орнын, су құбыры насостық стансаны, су тазарту н/е су дайындайтын стансасын, су тасымалдау торабы мен резервуарларды қамтитын құрылымдар кешенін айтады. Су химиялық құрамы жағынан зиянсыз болуы керек. Химиялық құрамына фтордың қалыпты мөлшері жатады. Фтор өзіне тән иісі бар газ. Қазақстанда ауыз су құрамында фтордың мөлшері 0 – ден 20 мг/ ге дейін. Судың құрамындағы фтор мөлшеріне б/ты қозатын екі ауруды айтуға болады: кариес – фтордың жеткіліксіздігі, флюороз – фтор/ң көптігі. Судағы фтордың мөлшері 1,0 мг/л ден 0,1 мг/л ге дейін төмендегенде кариес ауруы артады. Фтордың нормативі климаттық аудандарда әртүрлі: 1-2 климаттық ауданда – 1,5 мг/л, ал 3 климаттық ауданда – 1,2 мг/л аспау ык/к. Жалпы нормасы 0,7-1,5 мг/л.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2010 жылғы 28 шiлдедегi № 554 бұйрығы. "Су көздерiне, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындарына және су объектiлерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар".
Кариес ауруын алдын алу мақсатында суды фторлау әдісін қолдану керек. Қазіргі кезде кариеспен еліміздің 80% дан астамы зақымдалған. Осы патологияны азайту мақсатында ауыз суды фторлау жүргізіледі. Тұңғыш рет оны 1945 ж. АҚШ та қолданды, ал кейінгі жылдары басқа елдерде қолдана бастады. Суды фторлау кезіндегі негізгі кезең фтордың қажетті мөлшерін таңдау б.т. Суды фторлау үшін келесі реагенттер қолд/ды: а) фторлы натрий. Судың кермектілігі 4 мг/экв ластаған жаңдайда 1-2% ерітіндісі түрінде қолд/ды. Б) Кремний фторлы натрий супер фосфаты өндірісіндегі жанама өнім. Ең оңай өндірілетін, арзан, реагент құрамындағы фторы 60% дейін жетеді. В) Фторид аммоний бифториді. Ерігіштігі жоғары 6% ерітінді түрінде кездеседі. Г) Кремнефторлы қышқылы. Реагентті ауыз суды дайындайтын су құбырының таза су жинайтын резервуарына қосады н/е сүзгіден өткізу алдында қосады. Егер реагентті коагулянтпен бірге қосса, онда фтор шығын болуы мүмкін. Жер асты суынан су тасымалдау жүйесінде реагентті таза су резервуарының түсер алдында қосады. Құрамында аммоний бар фтор реагенттері хлордың залалсыздандыратын әсерін төмендететінін ескерген жөн. Суды фторлаудағы санит/қ бақылау. А) Жергілікті жағдайға б/ты фтор/ң оптимальды мөлшерін білу. Б) реагенттің түрін және оны қосатын жерін келісу. В) мөлшердің дәлдігін бақылау. Г) реагентпен жұмыс істейтін адамдардың еңбегін қорғауды бақылау.
Есеп № 11 Хирургиялық стационардағы шу деңгейін өлшеу кезінде,
Шу дег/з адам ағзасына қолайсыз әсерін тигізетін, оның жұмысы мен демалысына кедергі жасайтын дыбыстардың жиынтығы н/е әртүрлі жағымсыз дыбыстар. Шудың жіктелуі: Спектрлік белгілері б/ша: а) кең жолақты шу ені бір октавадан көп үздіксіз спктрлі шу. Б) тональды шу бір спектрде басқа октаваларға қарағанда 10 дб дан жоғары дискретті (таза) дыбыстары болатын шу. Уақыт параметрлері б/ша: а) тұрақты шу дыбыс деңгейі 8 сағ жұмыс күнінде 5 дб дан көпке өзгермейтін шу. Б) тұрақсыз шу дыбыс деңгейі 8 сағ жұмыс күнінде 5 дб ден көпке өзгеретін шу. Тұрақсыз шу: тербелісті, үздікті ж/е импульсті болып 3 ке бөлінеді. Хирург/қ аппаратура, өкпенің жасанды вентиляциясы, наркозды тыныс алу аппараттарының шу деңгейі 45 дб дан аспауы тиіс және бұл аппараттар тұрақты шу шығарғандықтан жұмыс күнінде 50 дб ғадейін ауытқуы б/ы, яғни бұл аппараттар 45-50 дб аралығында шу шығаруы тиіс. Сол себепті 60 дб нормадан жоғары болған шу көзінен қорғау шараларын және шу шығаруды азайту шараларын қарастыру керек.
№ 841 2004 ж. 3 желтоқсан «Тұрғын үй аумағында, қоғамдық ғимараттар, тұрғын бөлмелердегі инфрадыбыс пен шу деңгейінің гиг/қ нормативтері». № 533 2010 ж. 23 шілде «Денсаулық сақтау нысандарына қойылатын сан эпид талаптар».
Шудан қорғану шаралары: шудың шығу көзіне қатысты қолданылатын шаралар. Олар инженерлік техникалық және ұйымдастыру әкімшілік әдістер б/п бөлінеді. Шудың шығу көзінен бастап, қорғайтын нысанға дейінгі таралу жолында қолд. шаралар. Бұлар көбінесе қала салу ж/е құрылыс акустикалық әдістер. Нысанда шудан қорғауға жүрг. шаралар. Бұған қоршаған дыбысты оқшаулауды жоғарылату ж/е жоспарлау әдістері жатады. Ең тиімді шара шығу көзінде шуды азайту, бірақ шуы аз қондырғыны ойлап табу күрделі техникалық тапсырма б.т. Дыбыс толқынын таралу жолында төмендету бірқатар сәулеттік құрылыстық шаралар арқасында жүзеге асырылады: дыбыстан изоляциялау, дыбысты сіңіру ж/е дыбысты шағылыстыру. Дыбысты изоляциялау бұл қоршаулар мен қалқалардың ауалық ж/е соғылудан п.б. шудың дыбыс энергиясын әлсірету қасиеті. Бір қабатты қоршаулардың (қабырға, есік, терезе) дыбысты изоляциялауы олардың массасына тура пропорционалды. Сондай массадағы көп қабатты қоршаулар (екі қабатты есіктер, терезелер) едәуір тиімді б/ы. Жабындылардың дыбысты изоляциялауы едендерді серпімді негіздегі н/е себілген заттарға орналасқан кезде нәтижелі б/ы. Еденнің өзі қабырғалардан ені екі см дей дыбысты изоляциялайтын материалдар арқылы бөлінеді. Дыбысты сіңіру шағылысқан дыбыс толқындарының энергясын әлсірету үшін қолд. Дыбысты сіңіретін бетке (беткейлік жабын материалы, экран) түскен шу одан аздау энергиямен шағылысады. Беткейлік жабын материалдары ретінде минералды мақталардан, гипстен , әйнек талшықтарынан, құрылыс бетондарынан және т.б. жасалған тақталар қолд/ы. Мұндай материалдармен жабу акустикалық өңдеу д.а.
