Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
этап 5 курс каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
112.13 Кб
Скачать

Акушерлік - гинекология пәнінен бойынша бекет

Экзаменаторға ақпарат: төмендегі критерийлерге сүйене отырып студенттердің біліктілігін бағалаңыз:

Бағалау критерилері: босанудың ІІІ-кезеңін белсенді жүргізуді бағалау.

Балл жүйесімен бағалау

Жоқ

Ия, бірақ коррекция жасау керек

Ия

0

1

2

Науқастарды жүргізу

1

Нәресте туылғаннан кейін қолды жуып стерильді қолғап киеді. Пальпация арқылы екінші ұрықтың жоқ екендігін дәлелдеген соң окситоцин-10 ЕД- 2 мл, нәресте туылғаннан кейін 1 минут аралығында сан аймағына, бұлшықетке енгіземіз.

2

Емтихан тапсырушы кіндікті бақылап тартады:

Кіндік бауын аралыққа жақын қысқышпен қысады, қысқышпен кіндік бауды ұстап тұрады. Кіндікті бақылап тартып тұрып емтихан тапсырушы келесі қолмен қасағаның үстінен жатырды ұстап тұрады. Бұл жатырдың сыртқа айналып кетуін алдын алады. Емтихан тапсырушы кіндікті аздап тартып тұрып жатырдың жиырылғанын сезген сәтте кіндікті ақырындап өзінің тарапына, төмен тартып бала жолдасының туылуын күтеді.

3

Бала жолдасының қабықтары толық бөлініп шыққанша бала жолдасын екі қолмен жайлап айналдырамыз және оның бүтін бөлініп шыққандығына мұқият көңіл бөлеміз.

Бала жолдасы туылып болғаннан соң емтихан тапсырушы жатыр тонусының алдыңғы қабырғасына массаж жасай отырып, жатыр жиырылуына дейін жатыр тонусына баға береді.

4

Босанғаннан кейінгі кезеңнің 1 сағат ішінде 15 мин сайын және 2 сағат ішінде 30 мин сайын жатыр тонусын тексереді. Қажет жағдайда жатырға массаж жасалынады. Нәресте туылғаннан кейін, емтихан тапсырушы нәрестенің жағдайын бағалайды.

5

Егер нәресте жағдайы қауіпсіз болса, тыныс алуы, айқайлауы, тонусының жақсы болуы, жылы және таза жаялықпен сүртіп болғаннан кейін, нәрестені теріге-тері жанасуы үшін анасының кеудесіне 2 сағатқа жатқызады.

- нәресте басына таза қалпақ, аяғына таза нәски кигізеді

- нәрестеге таза және құрғақ жаялық пен көрпе жабады

- нәресте туылған соң 30 секунд ішінде кіндікті стерильді инструментпен кесу

Барлығы

Бекет бойынша максимальды балл – 10 (100%)

Тапсырмаға берілген уақыт – 7 мин

Акушерлік - гинекология пәнінен бойынша бекет

Экзаменаторға ақпарат: төмендегі критерийлерге сүйене отырып студенттердің біліктілігін бағалаңыз:

Бағалау критерилері: гинекологиядағы арнайы тексеру әдістері

Балл жүйесімен бағалау

Жоқ

Ия, бірақ коррекция жасау керек

Ия

0

1

2

Науқастарды жүргізу

1

Инструкцияға сәйкес қолды мұқият жуған соң бір реттік залалсыздандырылған резіңке биялайларды киеміз. Сыртқы жыныс мүшелерін қарағанда қасағаның түріне, түктенудің сипатына, сыртқы жыныс мүшелерінің даму дәрежесіне, шүрті мен уретраның және қынаптың кіреберісінің сипатына, анус аймағына баға береміз және бартолин бездерінің аймағын пальпациялаймыз.

2

Жатыр мойнын айнамен қарау. Қолды жақсылап жуып, бiрреттiк қолданатып қолғапты қолға киедi, керектi құрал материалдарды дайындайды. Айнаны бүйiрiнен қынапқа енгiзiп, (екі жармалы айна) сосын айнаны ашады. Қынаптын шырышты қабатының сипатына, жатыр мойнының және бөліндінің сипатына баға бередi. Айнаны жауып қынаптан шығарады.

3

Қынаптық бимануальды тексеру. Емтихан тапсырушы креслонын аяғына он аяғын, еденге сол аяғын қояды.Оң қолының үлкен және сұқ саусақтарымен үлкен жыныс ернеулерін ашады. Қынапқа оң қолдың ІІ және ІІІ саусағын енгiзедi, алдымен ІІІ саусағын, қынаптын қабырғасын басып, сосын екiншi саусағын енгiзедi.

4

Бұл кезде қынапқа кіру енін, аралықтың, жамбас түбінің бұлшықеттерінің жағдайын, қынаптың ұзындығын, қынаптың күмбездерінің тереңдігін, жатыр мойнының қынаптық, жатыр денесінің және қосалқыларының жағдайын (қалпы, көлемі, консистенциясы, қозғалғыштығы, ауырсынуы және т.б.) анықтайды.

5

Тексеруден кейін қынаптан саусақтарды шығарып, бөлінділердің сипатына баға беріледі. (қанды, іріңді, шырышты). Сосын резіңке биялайларды шешіп, утилизациялау үшін арнайы контейнерге саламыз. Қолдарын сабынмен жуып, сүлгімен сүртеміз.

Барлығы

Бекет бойынша максимальды балл – 10 (100%)

Тапсырмаға берілген уақыт – 7 мин