Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ағылшын тілінен 16 сағаттық кітапша.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
611.84 Кб
Скачать

Хабарлы сөйлемдерді аудару

Хабарлы сөйлемдерді төл сөзден төлеу сөзге айналдырған кезде сөйлем құрастыру кезінде мынадай өзгерістер болады:

1. to say етістігі to tell етістігіне ауысады.

2. that жалғаулығы қосылады (оны қалдырып кетуге де болады).

3. Есімдіктер мағынасына қарай ауысады: I және we – he, she, they, т.б.

4. Егер басыңқы сөйлемнің етістік-баяндауышы Past Indefinite-те тұрса, онда бағыныңқы сөйлем шақтардың қиысу ережесіне байланысты өзгереді.

5. Мезгіл және мекен үстеулері, сонымен қатар сілтеу есімдіктері былай өзгереді:

Төл сөз

Төлеу сөз

this мынау

that анау

these мыналар

those аналар

now қазір

then онда

here осында

there сонда

today бүгін

that day сол күні

tomorrow ертең

the next day келесі күні

the day after tomorrow бірсүгіні

two days later екі күннен соң

yesterday кеше

the day before қарсаңында

the day before yesterday алдыңғы күні

two days before екі күн алдын

ago бұрын

before алдын

next year ендігі жыл

the next year, the following year келесі жылы

last night өткен түні

the previous night алдыңғы түні

Direct Speech: Mary said to me: ‘’I worked at this office’’. (Мэри маған айтты: «Мен офиста жұмыс істедім») Indirect Speech: Mary told me that she had worked at that office (Мэри маған офиста жұмыс істегенін айтты).

Егер to say етістігінен кейін жанама толықтауыш келмесе, сол күйінде қалады.

He said: ‘’I am a pupil’’ (Ол айтты: «Мен оқушымын»). – He said that he was a pupil (ол өзінің оқушы екенін айтты).

Егер сөйлем Present Indefinite-те немесе Present Continuous –та тұрса, онда Past Indefinite-ке немесе Past Continuous-қа өзгереді. Мезгіл және мекен үстеулері және сілтеу есімдіктері былай өзгереді: now – then (at that moment, at the time), today – that day, this – that, these – those, here – there.

She said: ‘’I can’t give you a definite answer now’’ (Ол: «Мен саған толық жауап бере алмаймын», деді). – She said that she couldn’t give me a definite answer at the moment (Ол маған толық жауап бере алмайтындығын айтты).

Егер сөйлем Past Indefinite немесе Present Perfect –те тұрса, онда Past Perfect-ке өзгереді. Мезгіл және мекен үстеулері былай өзгереді: yesterday – the day before, ago – before, last night (year) – the previous night (year).

Егер сөйлем Future Indefinite немесе Future Continuous –та тұрса, онда Future in the Past, Future Continuous in the Past-қа өзгереді. Мезгіл және мекен үстеулері былай өзгереді: tomorrow – the next day, next year – the following year.

He said: ‘’I’ll do it tomorrow’’. – He said that he would do it in the next day.