Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7_kaz_patologia_3_modulya_2014.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
222.21 Кб
Скачать

Есеп № 5.

Митралдық қақпақша ақауымен, жыпылықтық аритмиямен тіркескен ревматизммен ауыратын М. деген науқас, тыныштық кезінде ентігетініне, аяғының айқын ісінуіне, асцит дамуына шағымданып ауруханаға жатқызылған. Жүрек тондарының дыбыстығы әлсіреген, жүректің жиырылу жиілігі – 112 соққы/мин., PS – 96/мин., шоқырақ ырғағы. Оң жақ қабырға астынан бауыр 5 см шығынқы.

21. Жүрек жеткіліксіздігінің  типін анықтаңыз?

А.жедел сол жақ қарыншалық 

В.жедел оң жақ қарыншалық 

С.созылмалы сол жақ қарыншалық 

D.созылмалы оң жақ қарыншалық  

Е.+созылмалы тоталді 

22. Науқастың аяқтарының ісінуінің даму механизмі қандай?

А.+ үлкен қанайналым шеңбері тамырларында қанның іркілуі

В. өкпе капиллярларында қанның іркілуі

С. жүректен шығатын қан көлемінің жоғарлауы

Д. коронарлық қанағысының күшеюі

Е. жүректен шығатын қан көлемінің төмендеуі

23. Микроскопиялық зерттеуде бауыр тінінде центролобулярлықан кету мен толыққандылық, орталық аймақтарының некрозы, бауыр бөліктерінің перифериясыңда майлы дистрофия, портальды склероз анықталды. Осы өзгеріс қандай патологиялық үдеріске тән?

  1. бауырдың жедел веналық толыққандылығы

  2. +бауырдың созылмалы веналық толыққандылығы

  3. бауырдың гидропиялық дистрофиясы

  4. бауырдың ірітамшылы майлы дистрофиясы

  5. бауырдың гематомасы

24. Митралді қақпақша жетіспеушілігі кезінде бірінші қиғаш бағытта контрастирленген өңештің орнынан ығысу доғасы қанша радиус?

A. кіші

B. орташа

C. орташадан кіші

D. өңештің ығысуы болмайды

E.+ үлкен

25. Төменде берілген препараттардың қайсысы АҚК (ОЦК) төмендетеді, калий және магний препараттарымен бірлесіп қолданады және берілген патологияда қолданылады?

  1. +фуросемид

  1. пропранолол

  1. дигоксин

  2. амлодипин

  3. каптоприл

Есеп № 6.

40 жастағы әйел,жүректің ревматикалық ақауымен ауыратын науқастың жүрегін перкуссиялағанда: жүректің оң жақ салыстырмалы шекарасы төстің оң жақ шекарасынан- 2,5, жоғарғысы — ІІ қабырға, сол жағы — бұғана орта сызығымен ұласады. ЭКГ Гисс шоғырының оң аяқшасының блокадасы, Р тісшесінің І және ІІ стандартты тіркемелерде кеңеюі байқалады. Науқасқа АІТ арқылы тез сіңірілетін жүрек гликозидтерін тағайындады, ішке қабылданғаннан кейін эффектілігі 12 сағатқа жетеді, максимум- 4 сағат, 69 күнге жетеді; препаратты тамыр ішке беруге болады, ол бүйрек арқылы өзгермей 40 сағаттың ішінде шығады.

26. Перкуссия әдісі арқылы жүректің қай бөлімінің  дилатациясы анықталған? 

А. жүректің барлық бөлімінің

В. сол жүрекше мен сол қарыншаның

С.+ сол жүрекше мен оң қарынша 

D. оң жүрекше және сол қарынша

Е. оң жүрекше және екі қарыншалар

27. Жүректің ревматикалық ақауының негізінде қандай біріншілік патогенетикалық механизм жатады?

А. шамадан артық күш түсу

В. метаболизмдік

С. көлемдік

D. гиповолемиялық

Е. +дистрофиялық

28. Жедел және қайталамалы-сүйелді эндокардитті қандай патологиялық үдеріс арқылы ажыратады?

  1. склеpоз

  2. васкулиттер

  3. қабынулық жасушалық жауап

  4. фибpиноидты некpоз

  5. +тpомбылық шөгінді

29. Сол жақ жүрекшенің үлкеюі қандай ақау үшін міндетті белгісі болып табылады?

A. оң жақ атрио-вентрикулярлы саңылаудың тарылуы

B. +митралді тарылу

C. қолқа қақпақшасының жеткіліксіздігі

D. қолқа сағасының тарылуы

E. оң жақ атрио-вентрикулярлы саңылаудың жетіспеушілігі

30. Науқасқа қандай препарат тағайындалды?

  1. строфантин

  1. дофамин

  1. +дигитоксин

  2. добутамин

  3. дигоксин

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]