Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
100_testov_kaz_STOM_dlya_IGA_internov_2014-15.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
77.98 Кб
Скачать

07_01_Терапиялық стоматология_каз

$$$013

45 жастағы әйел жоғарғы жақтағы алдыңғы тістері химиялық тітіркендіргіштер әсерінен ауратынына шағымданады. Қарап тексергенде: 1.1, 2.1, 2.2 тістердің вестибулярлық беттерінде табақша (чашеобразный) пішінді ақау бар. Ақаудың табаны мен қабырғалары қатты және жылтыр, шұқып тексергенде ауырмайды. Осы ақаудың дамуына науқастың қандай жалпы соматикалық патологиясы болуы мүмкін?

  1. гипертониялық ауру

  2. қант диабеті

  3. А гиповитаминоз

  4. ревматизм

  5. тиреотоксикоз

{Дұрыс жауабы}=E

{Күрделілігі}=3

{Оқулық }=(Терапиялық стоматология, Боровский Е.В., 2001)

{Курс}=6

{Семестр}=11-12

07_01_Терапиялық стоматология_каз

$$$014

18 жыл бойы темекі шеккен 36 жасар науқасты қарап тексеру барысында ұрт аймағында ақшыл (белесоватый) түсті күнгірт (помутнение) ошақ анықталды. Ошақ ауыздың алдыңғы бөлігінің тістердің түйісу сызығы денгейінде, үшбұрышты тәріздес, үшбұрыштың шыңы (вершинасы) үлкен азу тістерге қарайды. Ошақ өз тіннен көтеріңкі емес, қырғанда алынбайды. Айналасындағы шырышты қабатында өзгерістер жоқ. Диагнозын анықтаңыз:

  1. псевдомембранозды кандидоз

  2. қызыл жалпақ теміреткі, типтік түрі

  3. ауыз қуысының екіншілік мерезі

  4. жалпақ лейкоплакия

  5. Боуэн ауруы

{Дұрыс жауабы}=D

{Күрделілігі}=2

{Оқулық }=(Терапиялық стоматология, Боровский Е.В., 2001)

{Курс}=6

{Семестр}=11-12

07_01_Терапиялық стоматология_каз

$$$015

Науқастың жасы 52, ұрт маңы бұдырланған сияқты сезімінің пайда болуына шағымданып келеді. Қосалқы аурулары - қантты диабет, гипертония. Қарап тексергенде: екі ұрттың артқы маңында оюланған суреттегідей ақ түсті (папула) түйіншектер анықталады. Қырып тексергенде алынбайды. Сіздің алдын-ала қоятын диагнозыңыз?

  1. Созылмалы гиперпластикалық кандидоз

  2. Жалпақ лейкоплакиясы

  3. Қызыл жегі

  4. Күлдіреуік

  5. Қызыл жалпақ теміреткі, типтік түрі

{Дұрыс жауабы}=E

{Күрделілігі}=2

{Оқулық }=(Терапиялық стоматология, Боровский Е.В., 2001)

{Курс}=6

{Семестр}=11-12

07_01_Терапиялық стоматология_каз

$$$016

Зақымданған ошақтан алынған жақпаны цитологиялық зерттеу барысында, тікенекті қабаттағы клеткаларының өзгеріске ұшырағаны анықталды: клеткалардың өлшемі нормадан кішірек, дөнгелек пішінді, клетканың ядросы ірі, қара-көк түске боялған, ядро маңындағы цитоплазмасы ашық-көк түстес, ал шеттері - қара-көк түсті. Сонымен қатар көпядролы алып (гигантті) клеткалары да кездеседі. Бұл цитологиялық сипаттама қандай ауруға тән көрініс?

  1. Акантоликалық күлдіреуік (пузырчатка)

  2. Қызыл жалпақ теміреткі

  3. Созылмалы қайталанған герпетикалық стоматит

  4. Созылмалы қайталанған афтозды стоматит

  5. Созылмалы гиперпластикалық кандидоз

{Дұрыс жауабы}=A

{Күрделілігі}=2

{Оқулық }=(Терапиялық стоматология, Боровский Е.В., 2001)

{Курс}=6

{Семестр}=11-12

07_01_Терапиялық стоматология_каз

$$$017

Науқас 27 жаста, жоғарғы ерінде ұзақ уақыт жазылмайтын жараға шағымданып келді. Қараған кезде: жоғарғы еріннің қызыл жиегінде – жара, сипап тексергенде ауырсынбайды, негізінде шеміршік тінді инфильтрат бар. Төменгі жақ асты лимфа түйіндері шеміршекті тығыз, диаметрі 2-3 см дейін, тығыз консистенциялы, сипап тексергенде ауырсынбайды. Диагнозды нақтылау үшін қандай реакция қажет?

  1. гемагглютинация реакциясы

  2. Манту реакциясы

  3. Вассерман реакциясы

  4. лейкоциттер агломерация реакциясы

  5. лейкоцитолиз реакциясы

{Дұрыс жауабы}=C

{Күрделілігі}=3

{Оқулық }=(Терапиялық стоматология, Боровский Е.В., 2001)

{Курс}=6

{Семестр}=11-12