Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
автореферат Лауры.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
315.39 Кб
Скачать

2 Тауар өткізуді ынталандыру шығындары есебінің ақпараттық –талдамалық жүйесінің ерекшеліктері

«Астық Сервис КЭА» ЖШС «Холдинг КазЭкспортАстык»  АҚ-ң еншілес компаниясы болып табылады және 2008 жылы 25 қараша күні құрылды. «Холдинг КазЭкспортАстык»  «Эксперт РА Казахстан» АҚ рейтингтгік агенттігі бойынша 100 ең ірі компаниялардың қатарында 51 орында және Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстары аумағында жұмыс істейтін Қазақстан Республикасындағы үш ірі компаниясының бірі болып табылады. "Холдинг КазЭкспортАстык" АҚ және оның еншілес кәсіпорындары Қазақстан Республикасы және Украинаның Азаматтық кодексінде анықталған казақстандық акционерлік қоғамды және жауапкершілігі шектеулі серіктесті құрайды. Компанияның құрамында 7 еншілес компаниялары бар.

Кесте 1 - «Астық Сервис КЭА» ЖШС «Холдинг КазЭкспортАстык»  АҚ-ң 2011-2012 жж. Негізгі технико-экономикалық көрсеткіштері

Көрсеткіштердің атауы

2011ж.

2012ж.

Ауытқуы

(-;+)

%

1

3

2

4

5

Сатылған өнімдер, көрсетілген қызметтен түскен кіріс

53297,6

70660,3

17362,7

32,6

Сатылған өнімдер мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны

40794,1

51410,2

10616,1

26,0

Ауылшаруашылығыы өнімдері әділ құнының өзгерістері

4401,8

4464,9

63,1

1,4

Есептік кезеңнің жалпы пайдасы

16,905,3

23715,0

6809,7

40,3

Басқа да кірістер

3378,0

304,7

-3073,3

-9,02

Сату бойынша шығындар

1841,7

6118,6

4276,9

232,2

Әкімшілік шығындар

2197,1

2631,7

434,6

19,8

Басқа да шығыстар

315,9

112,6

-203,3

- 64,36

Операциялық қызметтен түскен пайда

15928,6

15156,8

-771,8

- 4,84

Қаржылық пайда

916,9

452,6

-464,3

-50,63

Қаржылық шығын

7605,6

7549,2

-56,4

-0,74

Қаржыландыруға кеткен таза шығындар

6688,7

7096,6

407,9

6,09

Табыс салығы бойынша шығындар

1403,9

546,3

-857,6

- 61,09

1-кестенің жалғасы

Жыл ішіндегі пайда

7835,9

7513,8

-322,1

- 4,11

Басқа валютадағы шетел кәсіпорындарының көрсеткіштерін қайта санаудағы курстық айырмашылықтар

2,215

9,483

7,268

328,1

Табыс салығын алып тастағаннан қалған басқа да жиынтық табыстар

2,215

9,483

7, 268

328,1

Жыл бойындағы жиынтық табыс

7833,7

7523,3

-310, 4

-3,96

Қызметкерлердің орташа тізім саны, адам

254

275

2,9

0,4

1 қызметкерге шаққандағы еңбек өнімділігі

81,5

256,9

134,7

13,65

Негізгі құралдардың орташа жылдық құны, мың тг

22254,1

21667,9

-586,2

2,64

Қор қайтарымы,тг

2,394

3,261

0,867

36,2

Қор сыйымдылығы

0,417

0,306

- 0,111

26,6

Рентабельділік, %

19,2

14,6

-4,6

-23,96

Ескерту- [26] кәсіпорынның қаржылық есептілігі мәліметтері негізінде дайындалған

«Астық Сервис КЭА» ЖШС «Холдинг КазЭкспортАстык»  АҚ-ң қаржылық нәтижелері 2011-2012 жылғы кірістер мен шығыстар есебінің негізінде жасалған. Оған сүйене отырып, мынадай қорытынды жасауға болады: Кестеде көріп отырғандай, кәсіпорынның кірістері 2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 17362,7 млрд. теңгеге өсті. Бірақ, осыған сәйкес өнімдерді өндірудің және қызмет көрсетудің өзіндік құны да жоғарылады. Жалпы пайда өткен жылмен салыстырғанда 6809,7 млрд. теңгеге өсті. Кәсіпорындағы өнімді өндіру мен қызмет көрсетуге кеткен шығындар, әкімшілік, қаржыландыруға кеткен және басқа да шығындардың үлкен көлемде өсуі таза табысты едәуір азайтты. Сондықтан, ««Холдинг КазЭкспортАстык»  АҚ-ң таза табысы 2012 жылы 7523,3 млрд. теңгені құраса, 2011 жылға қарағанда - 310,4 млрд. теңгеге азайып отыр.

Тауар өткізуді ынталандыру шығындары есебінің әдістемесі тауар өткізуді ынталандыру шығындарын қарастырады және келесі кезеңнен тұрады:

- тауар өткізуді ынталандыру шығындары (есеп объектісі бойынша) тізімдерін және классификациясын анықтау;

- тауар өткізуді ынталандыру шығындары есебін регламенттеу мақсатында есеп саясатының ұйымдастыру, техникалық, әдістемелік бөлімдерін әзірлеу;

- бекітілген есеп саясатына сәйкес бағдарламамен қамтамасыз ету жұмысы параметрлерін жөнге келтіру үшін техникалық тапсырманы жасау;

  • есеп нысандарын қалыптастыру және мазмұны мен көлемін бекіту.

Кесте 2 - Жарнамалық тауарларды есептеу операцияларын көрсету

Шаруашылық операциясының атауы

Сомасы

Корреспонденциялық шот

Дт

Кт

1

Сувенирлерді сатып алу үшін жабдықтаушыдан аванс келіп түсті.

11 200

1610

1030

2

Логотип және фирма реквизитін жапсыру үшін жабдықтаушыдан аванс келіп түсті

5 600

1610

1030

3

Накладной, счет фактура бойынша сувенирлер сатып алынды

10000

1330

3310

ҚҚС есепке алынды

1200

1420

3310

4

Өзара есеп айырысулар

11200

3310

1610

5

Счет-фактура, накладной бойынша рквизиттерді, логотиптерді жапсыру бойынша қызмет құны көрсетілді

5000

7110

3310

ҚҚС сомасы есепке алынды

600

1420

3310

6

Өзара есеп айырысулар

5600

3310

1610

7

Накладной бойынша жарнама тауарлары есеп беруге тиісті тұлғаға берілді

10200

1251

1330

8

Акт бойынша жарнама тауарлары есептен шығарылды

10000

7010

1251

Ескерту- [17] ақпарат көзі негізнде автормен жасалған.

Жарнама берушінің жарнамалаудан түскен табысын мойындап анықтау 18 «Түсім» Халықаралық қаржылық есептілік стандарты бойынша танылады [2]:

  • меншікті шоттың қорытындысы бойынша түсім –экономикалық тиімділігі жоғары болып өсім байқалғанда;

  • үшінші жақтың пайдасына шешілген түсім канитал өсіміне әсер етпеуіне байланысты есептемеген жагдайда;

  • агенттік қызмет көрсеткені үшін төленетін сыйақының түсімі болып есептелгенде.

Жарнама шығындары бухгалтерлік есепте ақша қаражаттарын нақты төлеген уақытқа және басқа да жүзеге асыру формаларына емес, олар орын алған есептік кезеңде танылады (шаруашылық іс-әрекеттер фактілерінің уақыттық анықталуына жол беру). 

Өнімдерді (тауарлар, жұмыстар, қызметтер) өткізумен байланысты жарнама шығындары Бухгалтерлік есептің типтік шот жоспарына сәйкес, 7110 «Өнімдерді өткізу мен қызметтерді көрсету бойынша шығыстар» шотының дебетінде есептелген жарнама шығындарының сомасын, өткізілген өнімнің (тауардың) өзіндік құнында толықтай немесе өткізілген өнімнің (тауардың) көлеміне пропорционалды түрде, ұйымның есеп саясаты жөніндегі бұйрықта көрсетілген коммерциялық шығындарды есептен шығару тәсіліне байланысты есептен шығарады.