7.Наноұнтақтардың қолданылуы
Наноұнтақтарды қолданылу салалары күннен күнге өсуде. Электроникада, оптикада, ауыл шаруашылығында, табиғат қорғау салаларында үлкен сұранысқа ие.Әлемдік өндірістің 70% ын құрайды.
Қазіргі таңда шығарылатын барлық наноматериалдарды 4 топқа бөледі:
1. кремний және металдың оксидтері;
2. күрделі оксидтер (екі не оданда көп металдан тұрады);
3. Таза металл ұнтақтары ;
4. қоспалар;
Металл оксидтері наноұнтақтардың 80% ын құрайды. Одан кейін таза металдардың ұнтақтары маңызды үлесін құрайды. Күрделі оксидтер мен қоспалар шектеулі мөлшерде болады.
7.1 Металл оксидтері
Барлық ұнтақтың 80%ын үш оксид құрайды: SiO2, TiO2, Al2O3
SiO2- кремний диоксиді немесе кремнезем – әлемде ең көп өндірілетін наноұнтақ. Электроникада, оптикада сонымен қатар өнеркәсіптерде абразив ретінде, краска және пластикалық толтырғыштар ретінде, құрылыс материалдарын жабуға және грунттауға, су жолатпайтын (водоотталкивающие) заттар ретінде қолданылады.
TiO2 – титан диоксиді көььінесе өнеркәсіпте бояулар, қорғағыш кленка, абразив және полировка өндірісінде, сон қатар оптикада фотокатализатор ретінде және линзаны ультрафиолет сәулесінен қорғайтын жабын ретінде, экологияда ағынды суларды тазартуда қолданылады. Сонымен қатар құрылыс материалдарын дайындауда, косметика, пластмасса, айна, әйнек өндіріснде көптеп пайдаланылады.
Al2O3 – алюминий оксиді немесе глинозем көбінесе ауаны тазалауда катализатор ретінде қолданылады, конденсаторлар және керамика өндірісінде қолданылады.
Қалған 20 % ы 7 наноұнтақтарға бөлінеді: темір, мырыш, церий, цирконий, иттрий, мыс, магний оксидтері.
неодимий
оксиді электроникада және оптикада,
керамикалық конденсаторларда, түсті
теледидарларда люминофор ретінде,
көмірлі электродтарда, вакуумда шаңдануда
қолданылады. Әйнек алуда жоғары
температуралы глазурьлар мен пигменттер
құрамында кездеседі.
европия
оксииді электроника , оптика, рентгенді
экрандарда, вакуумды шаңдатуда, ядерлі
реакторларда пайдаланылады.
диспрозий
оскиді оптикалық магтиттік жад
өндірісінде, галогенидті лампаларда,
ядерлі энергетикада темір-иттридті
гранаттарды шығаруда қолданылады.
7.2 Таза металл ұнтақтары
Өндірілуі бойынша 5 наноұнтақ белгілі: темір, алюминий, мыс, никель және титан. Асыл металдар және кремний аз мөлшерде өндіріледі. Оларды алу төменгі концентрацияда жүреді.
Ag – күміс металы, көп салаларда қолданылады. Бұрында ол электрлік контакттарда эәне электроникада көптеп қолданылды. Кейін антибактериалды және антивирусты қасиеттеріне байланысты қазіргі кезде косметологияда, фармацевтикада, текстильді салаларда, ауа фильтрларында катализатор ретінде қолданылады.
Au – алтын өте аз өндірілетін наноұнтақ болғанымен , электроникада контакт сымдарының жабыны ретінде, гальваноқаптау, инфрақызыл сәулелерден қорғау ретінде қолданылады. Энергетика және экология салаларында алтын химиялық элементтің қорегі және катализаторы ретінде , медицинада ДНК маркері ретінде қолданылады.
Pt – электроникада катализатор ролін атқарады. Автомобиль детальдарында, мұнайды қайта өңдеу, медицина салаларында қолданылаы.
Si – электроникада жартылай өткізгіштердің негізгі компоненті, металлургияда темірді беріктендіргіш ретінде, керамикада, пиротехникада, артиллерияда, цемент өндірісінде көптеп қолданылады.
