Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
пособие РЭУ.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.63 Mб
Скачать

13.3.Аймақтық саясаттың құқықтық негіздері мен макро-микро құралдары

Қарастырып отырған барлық елдерде аймақтық дамуға мемлекеттің араласуы конституция (негізгі заңдар) мен орталық және аймақтық мемлекеттік биліктер, жергілікті өзін-өзі басқару арасындағы өкілеттіктердің бөлінуін реттейтін көптеген арнайы заңдармен, бюджет-салықтық реттеу, аймақтық ынталандыру механизмдері, ерекше экономикалық зоналардың құқықтық режимдерімен анықталады.

АҚШ-та қазіргі таңдағы мемлекеттік аймақтық саясаттың құқықтық негізіне бірқатар федералды заңдарды жатқызуға болады: «Қоғамдық жұмыстар мен экономикалық даму туралы» Заң (1965ж.) депрессивті аймақтарды мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттарын анықтайды, "Үкіметаралық ынтымақтастық туралы" Заң (1968 ж.) федералды, штаттық және жергілікті билік органдары арасында аймақтық даму бойынша өкілеттіктердің бөлінуін реттейді, ал 1975 жылы "Аймақтық даму туралы" Заң қабылданған болатын. Аталмыш заңдар аймақтық мәселелерді шешуге федералды биліктің қатысуын кеңейтті.

Австралия заңнамасының сипатты ерекшелігіне экономикаларды реттеудегі штаттардың кең мүмкіндіктерін, және керісінше, орталық үкіметтің штаттар істеріне қатысу мүмкіндіктерінің қатты шектелуін жатқызуға болады.

Еуропалық елдер заңнамасында ұлттық экономиканы кеңістіктік ұйымдастыру туралы Заңдар зор маңызға ие.

Германияда кеңістікті ұйымдастыру туралы Заң 1954 жылы қабылданып, бірнеше рет жаңартылған (соңғы рет 1993ж.). Заң жерлерді федералды бағдарламалармен келістіре отырып, территориялық жоспарлар мен бағдарламаларды өңдеуге міндеттейді.

1990 жж. Францияда аймақтық дамуды реттеу үшін жаңа құқықтық базаны құрайтын бірқатар заңдар қабылданды. Территориялық бағдарлау туралы Заң (1992 ж.) «салиқалылық негізінде» коммуналардың ынтымақтастығына жол ашады. Территорияны жайластыру туралы Заң (1995 ж.) мемлекеттік аймақтық саясаттың міндеттерін қалыптастырады: ұлттық бірегейлілік пен салиқалылыққа ықпал ету, азаматтарға тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, баланстанған ұлттық дамуға қол жеткізу. 1995 жылы қабылданған Заң территорияны жайластыру мен дамытудың ұлттық сызбасының өңделуін, сонымен қатар әр бес жылда жаңартылатын аймақтық сызбалардың өңделуін қарастырады. Оған сәйкес Францияда «мемлекет - аймақ» жоспарлы шарттарының жүйесі әрекет етуі тиіс. Аталмыш заңда мәселелік аймақтардың үш категориялары қарастырылған: территорияны жайластыру аймақтары, басымды дамитын ауылдық аймақтар, мәселелік қалалық ареалдар.

Осылайша, еуропалық елдердегі аймақтық саясаттың құқықтық алаңы түрлі деңгейдегі аймақтардың құқықтарын кеңейте отырып, жаңаруда.

Әмбебаптылығы мен әрекет ету кеңдігі бойынша аймақтық реттеу құралдары 2 топқа жіктеледі:

1. белгілі территориялардағы экономикалық субъектілерге ықпал ететін жалпыэкономикалық реттеуіштер (макроқұралдар);

2. мекендік ықпал ету реттеуіштері (микроқұралдар).

Аймақтық экономикалық саясаттың макроқұралдары аймақтар бойынша дифференциацияланған параметрлер (нормативтер, ставкалар) мен жалпымемлекеттік салықтық, несиелік, инвестициялық, әлеуметтік саясаттың шарттарын білдіреді. Осылайша, мәселелік аймақтарды қолдау немесе экономикалық өсімді ынталандыру үшін кәсіпкерлікке төмендетілген салық ставкалары, жеңілдікті несиелік ставкалар, жеңілдікті тасымалдау тарифтері бекітіледі.

Осындай құралдарды қолданудың мақсаты — ұлттық және сыртқы нарықтардағы жекелеген аймақтардың бәсекеқабілеттілігін көтеру. Мысалы, 1997-1999жж. Германияда 104 ынталандыру зоналары анықталған болатын — аймақтық еңбек нарықтары, онда инвестициялардың ынталандырылуы салықтық жеңілдіктер арқылы жүзеге асқан. 1998 жылы аталмыш жеңілдіктердің сомасы 107,9 млрд. марканы құраған. Сондай-ақ, салықтық жеңілдіктер Франция, Италия, Финляндия, Грекияда жиі қолданылады.

Аймақтық дифференциацияланған макроқұралдарды пайдалануда елдер арасында көптеген айырмашылықтар бар. Елдердің басым көпшілігінде макроқұралдардың құрамы мен параметрлері мемлекеттің макроэкономикалық саясаты мен қаржылық мүмкіндіктеріндегі өзгерістерге байланысты қайта қаралып отырады.

Жалпы, соңғы жылдары аймақтық саясатты макроқұралдармен салыстырғанда микроқұралдар кеңінен пайдаланылуда. Бұл екі жағдаймен түсіндіріледі: ұлттық бюджеттер табыстарын жоғалтуға деген жағымсыз көзқарас және кәсіпорындар мен аймақтардың нарықтық бәсекелестігі үшін тосқауылдарды жою бойынша мемлекеттің саясаты.

Аймақтық экономикалық саясаттың микроқұралдары аймақтық экономика субъектілерінің іс-әрекетіне тікелей ықпал ету масқатында қолданылады. Ықпал етудің 2 басты бағыты анықталады:

  • еңбекке

  • капиталға.

Аймақтағы неғұрлым толық та тиімді жұмысбастылықты қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қаражаттарға кадрларды қайта даярлау ұйымдастырылады, жаңа жұмыс орындарын ашу үшін субсидиялар мен мақсатты несиелер бөлінеді. Жұмыссыздықтың аймақаралық азаюы үшін мобильділігінің артуы арқылы жұмыс күшінің орын ауыстырылуы ынталандырылады (жол шығындарының бөлігін компенсациялау, жаңа тұрғын үйге ссудалар беру, еңбек нарығы жайлы ақпараттың жақсартылуы).

Ал капиталға ықпал етудің негізгі микроқұралдарына түрлі инвестициялық гранттарды (субсидиялар мен жеңілдіктер) жатқызуға болады. Олар аймақтың экономикалық дамуына, экспорттық өнім көлемінің кеңеюіне, жаңа технологиялардың құрылуы мен басқару сапасының артуына ықпал ететін нақты объектілерге бағытталатын инвестицияларға ұсынылады.

Аймақ экономикасына қоғамдық (мемлекеттік және муниципалды) секторлар маңызды ынталандырушы ықпал етеді. Оның іс-әрекетінің негізгі бағыттары – кәсіпорындар мен халыққа ақылы қызметтерді жүзеге асыру, бюджеттер (орталық, аймақтық, жергілікті) есебінен өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды құру, қоғамдық жұмыстарды жүзеге асыру, кәсіпорындар арасында мемлекеттік тапсырыстарды бөлу.

Макро- және микроқұралдарды орталық үкімет те, сонымен қатар аймақтық әкімшіліктер де кеңінен пайдаланады. Алайда макроқұралдарды көбінесе орталық қолданса, ал екіншілерін – аймақтық әкімшіліктер қолданады.