- •Мазмұны
- •Такырып 1. Аймақтық экономика және басқару пәні. Аймақтар ұғымы және типологиясы
- •1.1.Аймақтық экономика мен басқаруды зерттеудің пәні, негізгі міндеттері
- •1.2. Аймақтық экономика мен басқарудың әдістері
- •1.3. Аймақтық экономика мен басқарудың экономикалық ғылымдар жүйесіндегі орны
- •1.4.Аймақтық экономиканың негізгі ұғымдары
- •1.5. Аймақтарды типтерге бөлу қажеттілігі
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 2. Аймақтық экономика және басқарудың теориялық негіздері
- •2.1. И.Тюненнің ауыл шаруашылық штандорт теориясы
- •2.2. А.Лештің шаруашылықты кеңісті ұйымдастыру туралы ілімі
- •2.3. В. Лаунхардтың өнеркәсіптік кәсіпорынның рационалды штандорты
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 3. Аймақ шаруашылық жүргізу және басқару объектісі ретінде
- •3.1.Аймақ ұлттық экономиканың ішкі жүйесі ретінде
- •3.2.Аймақтық даму негіздерінің макроэкономикалық сипаттамасы
- •3.3.Аймақтық (территориялық) еңбек бөлінісінің түрлері және деңгейлері
- •3.4.Аймақтық ұдайы өндіру процесінің ұғымы мен мәні
- •Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
- •Такырып 4. Аймақтың экономикалық потенциалы және оны бағалау
- •4.1.Аймақ потенциалының негізгі құрамдас бөліктері: құрылымы, даму көрсеткіштері
- •4.2.Өндіргіш күштерді орналастыру заңдылықтары, принциптері және факторлары
- •4.3. Салааралық өзара әрекеттесу
- •4.4. Аймақтың орталықпен, басқа аймақтармен және қалған сыртқы әлеммен экономикалық байланыстары
- •4.5.Қарағанды облысының аймақтық дамуының ерекшеліктері
- •Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:
- •Такырып 5. Аймақ макроэкономикалық талдау объектісі ретінде
- •5.1.Аймақтық талдау әдістері
- •5.2.Аймақтық макроэкономикалық көрсеткіштер жүйесі
- •5.3.Ұлттық есеп жүйесін аймақтандыру
- •5.4. Аймақтың салааралық байланысы
- •Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 6. Қр аймақтары экономикасының тарихи-географиялық сипаттамасы
- •6.1.Қазіргі заманғы Қазақстан экономикасының кеңістік құрылымының тарихи және физика-географиялық факторларға тәуелділігі
- •6.2.Қазақстан аймақтарының бұрынғы әкімшілік-әміршіл экономикадағы рөлі және орны қазіргі заманғы аймақтық дамудың негізі ретінде
- •6.3.Белгілі бір аумақтардың шикізат бағыттылығының күшеюі және моносалалық аймақтардың пайда болуы
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 7. Аймақтар дамуын мемлекеттік реттеу қажеттігі мен мәні
- •7.1.Аймақтық теңсіздіктердің объективті негіздері және аймақтар дамуын мемлекеттік реттеу қажеттігі
- •7.2.Жалпы ұлттық экономикалық саясаттағы аймақтық экономиканың орны
- •Такырып 8. Аймақтық даму жүйесін қалыптастыру. Аймақтық менеджмент.
- •8.1.Басқару жүйесін қалыптастыру және оның даму принциптері
- •8.2.Аймақтың дамуын басқару жүйесін құрудың әдістемелік негіздері
- •8.3.Аймақтық менеджмент және оның формалары
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •9.1.Аймақтық дамудың жоспарлануы мен болжануының объективті шарттылығы, олардың әкімшілік-құқықтық және әлеуметтік-экономикалық алғышарттары
- •9.2. Аймақтық әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау-болжамдаудың жетілдірілуіне бағытталған негізгі әдістемелік бағыттар
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 10. Аймақтық бағдарламалар
- •10.1.Аймақтық бағдарламалардың теориясы мен тәжірибесі
- •10.2.Бағдарламаның қалыпты құрылымы
- •10.3.Бағдарламаны басқару, бағдарламаны жүзеге асыру механизмі
- •11.2.Аэа деңгейі берілетін территорияларды таңдау критериялары
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 12. Аймақтық саясатты жүзеге асырудағы экономикалық механизмдер
- •12.1.Бюджеттік жүйе мен бюджетаралық қатынастар аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің маңызды құралы ретінде
- •12.2.Бюджетаралық трансферттер және олардың аймақтық дамудағы ролі
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 13. Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің әлемдік тәжірибесі
- •13.1.Әлем елдеріндегі аймақтық экономикадағы мәселелері: жалпы және ерекше
- •13.2.Әлемдік экономикадағы аймақтық дамуды реттеу институттары
- •13.3.Аймақтық саясаттың құқықтық негіздері мен макро-микро құралдары
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Ұсынылатын әдебиет тізімі:
8.2.Аймақтың дамуын басқару жүйесін құрудың әдістемелік негіздері
Аймақтық басқаруда басқару объектісіне басқарушы субъектінің ықпал ету тәсілдері мен құралдарының жиынтығын білдіретін ерекше басқару әдістері қолданылады. Аймақтық басқару әдістері:
- ұйымдық;
- экономикалық;
- әлеуметтік-психологиялық.
Ұйымдық әдістер нақты мақсаттарға қол жеткізу үшін ұйымдық қатынастарға ықпал ету жүйесін білдіреді. Оларға ықпал етудің ұйымдық-тұрақтандырушы, тағайындаушы және тәртіптік әдістерін жатқызуға болады.
Экономикалық әдістер алға қойылған мәселелерді орындауда белгілі экономикалық жағдай жасау жолымен ықпал ету тәсілдерінің жиынтығын білдіреді. Оларды қаржы-бағалық тетіктер, болжамдар құру, экономикалық ынталандыру, еңбекті ұйымдастырудың прогрессивті формаларын бекіту жолымен жүзеге асыруға болады.
Әлеуметтік-психологиялық әдістер әлеуметтік-психологиялық факторларды пайдалануға негізделген ықпал ету шараларын білдіреді. Ондай факторларға мемлекеттік қызметкер сипатының ерекшеліктерін, оның қабілеттіктерін, темпераментін жатқызуға болады.
Аймақтардың түрлі ерекшеліктерінен тәуелді болатын аймақтық мәселелердің алуан түрлілігі аймақтық әлеуметтік-экономикалық дамудың өсімін қамтамасыз ететін нақты жалпы мемлекеттік және аймақтық шаралардың өңделуіне әкеледі. Осының барлығы да басқару органдарының жүйесіне, олардың құрылымына, қызметтер мен өкілеттіктер құрамына ықпал етеді.
ҚР аймақтары территориясының шекарасындағы басқару өзінің ұйымдық-құқықтық дербестігі мен мәніне ие бола отырып, ұлттық басқару шеңберінде жүзеге асырылады. Егер басқаруды аймақтық қызығушылықтармен байланыстарын болсақ, онда ол да ҚР барлық аймақтарына немесе нақты аймақ территориясына таралуына байланысты аймақтық болып табылады. Бұл қандай да бір аймақтық мәселелердің жалпы мемлекеттік басқару деңгейінде шешілуі тиіс немесе шешіледі дегенді білдіреді.
Кез-келген деңгейдегі жергілікті билік органдары 2 негізгі қызметті атқарады:
- тұрғындар мен кәсіпорындарға қызмет көрсету (жолдар, су, жылу, энергиямен жабдықтау, қоқыс жинау, демалыс орындарын қамсыздандыру және т.б.);
- ведомствоастылық территорияның әлеуметтік-экономикалық дамуын басқару.
Аймақ дамуын басқару стратегиялар, бағдарламалар, нақты әрекеттер мен басқарушылық шешімдердің алуан түрлерінің көмегімен жүзеге асырыла алады, олардың көмегімен жергілікті басқару органдары аймақ экономикасының дамуын ынталандырып, жаңа жұмыс орындарын құрып, салық базасын кеңейтіп, экономикалық белсенділікті кеңейтуге ұмтылады (кесте 8.1).
Әлеуметтік-экономикалық даму қызметі экономикалық дамудың дәстүрлі мәселелеріне нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру мен дамыту және дағдарыстық жағдайлардың алдын алу мәселелері қосылатын өтпелі кезеңде әсіресе маңызды. Егер экономикалық процестер қадағаланбаса дағдарыстан шығу бірқатар мәселелер тудыруы мүмкін.
Аймақ өмірінің кез-келген саласындағы дағдарысты жеңу экономикалық белсенділік деңгейімен тікелей байланысты. Салыстырмалы дербестікке ие болса да, әлеуметтік даму экономикалық даму дәрежесінен тәуелді болатын ресурстық мүмкіндіктермен анықталады.
Кесте 8.1. Қызмет ету мен дамуды басқару
Қызмет етуді басқару объектілері |
Дамуды басқару объектілері |
жолдар
қоқыс жинау
су-, газ-, жылу-, электрмен жабдықтау
тұрғын үй қорының жағдайы мен пайдаланылуы
саябақтар |
Ескі өндірістердің дамуы мен жаңа өндірістердің пайда болуы
Қалалық инфрақұрылымның дамуы (байланыс пен коммуникация)
жұмысбастылық
әл-ауқат деңгейі |
Сондықтан, тек экономикалық белсенділікті дамыта отырып қана жергілікті қауымдастық өміріндегі алға жылжуларды жүзеге асырып, қандай да бір әлеуметтік-экономикалық саясаттың табыстылығын анықтайтын халықтың әл-ауқат деңгейін арттыруға болады.
Экономикалық даму барысында жергілікті билік органдарының ықпал етуінің барлық мүмкін болатын әдістерін төмендегідей тұжырымдауға болады:
- аймақта іскерлік белсенділікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау;
- іскерлік белсенділікті реттеу;
- жергілікті билік органдары мен бизнестің тікелей кооперациясы.
Аймақтық дамуды басқарудың аталмыш әдістерін қарастырайық.
Іскерлік белсенділікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау. Ондай жағдайларға нарықтық инфрақұрылым, жердің болуы мен экономикалық белсенділіктің жаңа түрлерін дамыту үшін оған сәйкес құқықтардың болуын, көлік, байланысты жатқызуға болады.
Батыс елдерінде жергілікті басқарма аймақтық инфрақұрылымға инвестиция салып, жер учаскелерін қайта құру бойынша белгілі шараларды қабылдап, аймаққа бизнестің жаңа түрлерін тарту үшін аймақтық маркетинг шеңберінде жұмыстарды жүзеге асырады. Ал ресейлік аймақтардың басқармасы нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайында осындай әдістерден басқа нарықтық инфрақұрылымның негізін құрайтын жаңа институттарға тікелей қолдау көрсетеді.
Бизнестің барлық түрлері үшін негізгі болып табылатын инфрақұрылымды құру мен нығайту бойынша белсенді шаралар дәстүрлі шаралар болып табылады: жолдар, телефон, қалалық вокзалдар, әуежайлар және т.б. жерге қатысты да белгілі шарларады жүзеге асыруға болады — жер учаскелерін біріктіру, бөлу, сатып алу-сату, жалғаға беру және т.б. Жерге қатысты нақты шаралардан ортақ бағыт пен аймақтағы жаңа іскерлік белсенділіктің интенсивтілігі тәуелді болады.
Соңғы уақытта кез-келген аймақтағы экономикалық дамудың дербес факторына халықаралық факторды жатқызуға болады: халықаралық байланыстар неғұрлым интенсивтірек болса, соғұрлым аймақтың экономикалық дамуы жоғары деңгейде болады. Халықаралық байланыстар мен халықаралық саудаға қолдау көрсету, аймаққа шетелдік инвестицияларды тарту экономикалық дамудың салыстырмалы дербес те айтарлықтай тиімді құралына айналуда.
Іскерлік белсенділікті реттеу. Жергілікті билік белгілі аймақтың дамуына қажетті шешімдерді қабылдау мақсатында кәсіпкерлерді ынталандырады. Оған жергілікті салықтарды азайту немесе займ, субсидиялар, кепілдіктер сияқты құралдардың көмегімен арзан капиталды ұсыну арқылы да қол жеткізуге болады.
Жергілікті билік органдары мен бизнестің тікелей кооперациясы. Қалаларды дамытудың ірі жобаларын жүзеге асыру жағдайында жергілікті билік органдары мен жеке меншік ұйымдардың тікелей ықпалдастығы тиімді болады. Соңғы жылдары қалалардың экономикалық даму мәселелерін шешуге тартылған үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік емес сипаттағы ұйымдардың саны артып отыр. Тәртіп бойынша, бұл жеке бизнеске көмек көрсетіп, оның дамуына жағымды ықпал ететін пайда алмайтын ұйымдар. Оларға жергілікті сауда-өнеркәсіптік палаталарын, аймақты дамыту мен маркетингі бойынша мамандандырылған агенттіктерді жатқызуға болады. Жергілікті билік органдардың осындай ұйымдармен кооперациясы аймақтың дамуына өз пайдасын тигізеді.
Аймақтың экономикалық даму процесін қамтамасыз ете отырып, жергілікті билік басшылары экономикалық дамуға ықпал етуге қатысты түрлі тәсілдемелерді пайдалана отырып, нақты әрекет етуші тұлғалардың көмекшілері, делдалдар ретінде әрекет етеді. Сондықтан экономикалық даму бойынша жұмыс аймақтың ірі кәсіпорындарының жетекшілері мен жұмыс берушілерін тартуға негізделуі тиіс. Кәсіпорынның жетекшілерімен осындай кооперацияда жергілікті билік органдары персоналды оқыту, инфрақұрылымды дамыту, шағын және орта бизнесті ынталандыруға қатысты мәселелерді тиімді шеше алады.
Аймақтық деңгейдегі экономикалық дамуды басқару құралдары (кесте 8.2) болып бизнеске ортақ жағдай жасау (жол, байланыс, офистер, нарықтық инфрақұрылым), іскерлік белсенділікті реттеу (жергілікті салықтар, т.б.), жергілікті билік пен бизнестің тікелей кооперациясы (бірлескен жобалар) табылады.
Кесте 8.2. Аймақтың экономикалық дамуына ықпал ету түрлері
Бизнеске ортақ жағдай жасау |
Іскерлік белсенділікті реттеу |
Жергілікті билік пен бизнестің тікелей кооперациясы |
Көлік
Байланыс
қонақүйлер
рекреациялар
телекоммуникациялар
аймақтық нарықтық инфрақұрылым: банктер, аудит, сақтандыру, консультациялар |
зоналау
жерді пайдалану ережелері
салық салу
субсидиялар
жеңілдіктер
кепілдіктер |
Бірлескен жобалар
Коммерциялық емес ұйымдармен өзара әрекеттесу:
Сауда-өнеркәсіптік палаталар оқу-кеңес беру орталықтары |
