Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
пособие РЭУ.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.63 Mб
Скачать

5.4. Аймақтың салааралық байланысы

ҰШЖ-дегі аймақтың салааралық балансына нарықта сұранысқа ие 150 өнім түрі мен іс-әрекет түрлері негізінде құрылатын В.Леонтьевтің «шығын-шығару» (шығын-шығару матрицасы) кестесі сәйкес келеді.

Аймақтық шеңбердегі «шығын-шығару» тәсілдемесі түрлі тауарлар мен қызметтердің өндірісі мен тұтынылуын кеңістіктік бөліуін түсінуге мүмкіндік береді. Ол әр өнімге жалпы сұраныс пен оны шығарудың жалпы көлемінің баланстануы барысында әр саламен өндіріліп, тұтынылатын тауарлар мен қызметтер көлемін есептеу үшін қолданыла алады. Матрицаның динамикалық моделі соңғы сұраныстың өзгеруіне байланысты өндіріс көлемі мен құрылымын болжамдау үшін қолданыла алады.

Аймақтық экономикалық талдауда "шығын-шығару" матрицасының қолданылуы сапалы жаңа деңгейде аймақтық ұдайы өндірістің жалпы көрсектіштерін қалыптастыру мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Аймақ шеңберінде өндіріс факторларын ұдайы өндіру бойынша шаруашылық және әлеуметтік байланыстардың бөліктерін салыстырмалы оқшауландыру бірегей аймақтық ұдайы өндірістік циклы мен оның құрамында бірқатар локальды ұдайы өндірістік циклдардың қызмет етуінің әрекет етуі жайлы сөз қозғауға мүмкіндік береді. Оларға жататындар:

- табиғи ресурстардың пайдаланылуы;

- еңбек ресурстарының пайдаланылуы;

- жанармай-энергетикалық цикл;

- химия-орманды цикл;

- инвестициялы-құрылыс циклы;

- агроөнеркәсіптік цикл;

- ақшалай-қаржылық цикл;

- өндірістік инфрақұрылым циклы;

- институционалды-ақпаратты инфрақұрылым циклы;

- халыққа арналған азық-түлік емес тауарларын өндіру циклы.

Аталған барлық циклдар өз мақсаттары және міндеттері бар дербес құрылымдар ретінде қарастырыла алады, бірақ олар аймақтың шаруашылық субъектілерінің мүдделерін оның даму міндеттерімен байланыстыра отырып, өзара әрекеттеседі. Бірқатар жалпыаймақтық мәселелердің шешілуіне ықпал ете отырып, олар инфрақұрылымдық қызметтер ұсына және халықтың өмір сүру деңгейінің артуын қамтамасыз ете отырып, жекелеген кәсіпорындар мен ұйымдардың нақты мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Локализациялау деңгейі жоғары ұдайы өндірістік циклды және аймақтық ұдайы өндірістік циклын басқару нәтижелері – аймақты кешенді экономикалық және әлеуметтік дамыту, экономиканың құрылымдық қайта құрылу, қоршаған ортаны қорғау және халықты әлеуметтік қорғау міндеттеріне жауап беретін пропорцияларды қалыптастыру.

Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Аймақты талдаудың қандай әдістері әрекет етеді?

  2. Экономико-математикалық модельдердің қандай бағыттары бар?

  3. Өмір сүру деңгейін талдау үшін қандай көрсеткіштер жүйесі қолданылады?

  4. Аймақтық макроэкономикалық көрсеткіштерді атаңыздар.

  5. Ұлттық есеп жүйесін аймақтандыру ерекшеліктері қандай?

  6. В.Леонтьевтің «шығын-шығару» кестесінің мәні неде?

Такырып 6. Қр аймақтары экономикасының тарихи-географиялық сипаттамасы

6.1.Қазіргі заманғы Қазақстан экономикасының кеңістік құрылымының тарихи және физика-географиялық факторларға тәуелділігі

6.2.Қазақстан аймақтарының бұрынғы әкімшілік-әміршіл экономикадағы рөлі және орны қазіргі заманғы аймақтық дамудың негізі ретінде

6.3.Белгілі бір аумақтардың шикізат бағыттылығының күшеюі және моносалалық аймақтардың пайда болуы