Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
пособие РЭУ.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.63 Mб
Скачать

5.2.Аймақтық макроэкономикалық көрсеткіштер жүйесі

Макроэкономикалық көрсеткіштер жүйесі ел (аймақ) экономикасын талдаудағы негізгі көрсеткіштер болып табылады. Жыл сайын, тоқсан сайын, ай сайын статистикалық мәліметтер жаңартылып, талданады. Осындай талдаулар негізінде ел (аймақ) экономикасын дамыту болжамдары мен стратегиялары өңделеді.

Макроэкономикалық көрсеткіштер - бұл өндіру мен тұтыну көлемі, кірістер мен шығыстар, әл-ауқаттың тиімділігі мен деңгейі, экспорт пен импорт көлемі, экономикалық өсім қарқындарының экономика бойынша орташа көрсеткіштері. Макроэкономикалық көрсеткіштер экономикадағы жалпы қарқындарды бейнелейді.

Түрлі елдердің экономикалық құрылымы әртүрлі болуына байланысты нақты экономиканы талдауға қажетті құбылыстарды анықтау үшін түрлі көрсеткіштер қолданылады.

Барлық елдерге (аймақтар) тән ортақ көрсеткіштерді қарастырайық.

Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) – бір жылдағы тауарлар мен қызметтердің соңғы өндірісінің тұтастай көлемінің жиынтық нарықтық құны (барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың табыстары).

- Номиналды ЖҰӨ - нақты немесе әрекет етуші бағаларда есептелетін жалпы ұлттық өнім (ағымдық жылы есептеледі).

- Нақты ЖҰӨ - инфляцияны есепке ала отырып есептелген ЖҰӨ.

Нақты ЖҰӨ = номиналды ЖҰӨ / ЖҰӨ дефляторы

- ЖҰӨ дефляторыағымдық жылдағы тауарлардың жиынтық бағасының базалық жылдағы осындай тауарлардың жиынтық бағасына қатынасы.

ЖҰӨ дефляторы = номиналды ЖҰӨ / нақты ЖҰӨ

ЖҰӨ есептеудің әдістері:

- шығындар бойынша - ЖҰӨ = С +І + G + Хn

Мұндағы. С – тұтыну

І – инвестициялар

G – мемлекеттік шығындар

Хn – таза экспорт (экспорт-импорт).

- табыстар бойынша - ЖҰӨ = А +Z + R + K + P

Мұндағы, А – амортизациялық аударымдар

Z – еңбек ақы (кәсіпкерлік пен мемлекет)

R – ренталық төлемдер

K – пайыз

P - пайда

Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – кәсіпорынның ұлттық сипаты мен жұмыскердің азаматтығынан тәуелсіз түрде тек аталмыш ел территориясында алынатын өндірістік іс-әрекет нәтижелері. Көлемі бойынша ЖІӨ ЖҰӨ-нен аталмыш ел ресурстарын шетелде пайдаланудан алынатын табыстар сомасына кем (пайыздар, дивидендтер, еңбек ақы). Елімізде 2010 жылы жалпы ішкі өнімнің көлемі ағымдағы бағаларда 21 513 473,3 млн. теңгені құрады және 2009 жылмен салыстырғанда салыстырмалы бағада 7,0% - ға өсті. Ал тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетулер өндірісінің 2010 жылы ЖІӨ-гі үлестері сәйкесінше 44,2 % және 52,8 % құрады.

Жалпы аймақтық өнім (ЖАӨ) - аймақтық экономиканың резиденттері болып табылатын институционалды бірліктермен есепті кезеңде өндірілген жалпы қосылған құн сомасы ретінде анықталады. 2010 жылғы 9 айдағы Қазақстанның өндірілген жалпы аймақтық өнімі 14 639 271,1 млн. теңгені құрады. Жалпы аймақтық өнім өндірісінде ең үлкен үлесті Алматы қаласы – 19,1%, ал ең аз үлесті Солтүстік Қазақстан облысы – 2,1% алады. Жан басына шаққандағы жалпы аймақтық өнім 908 мың. теңгені құрады, оның ең жоғары көлемі Атырау (3 340,5 мың. теңге), Маңғыстау (2 019,9 мың. теңге) облыстарында, Алматы (1 977,8 мың. теңге) және Астана (1 772,5 мың. теңге) қалаларында байқалады.

Таза ұлттық өнім (ТҰӨ) – амортизация көлемін қамтымайды.

Жеке табыс (ЖТ) – халық салықтарды төлегенге дейін алатын табыстары.

Қолда бар табыс (ҚБТ) – халық салықтарды төлегеннен кейін алатын табысы.

Қолда бар табысты есептеу барысында келесілер қосылады:

а) еңбек ақы – ақшалай және натуралды формада төленетін жалдамалы еңбек тұлғаларына берілетін сыйақы;

б) еңбек саны мен сапасынан тәуелсіз болатын әлеуметтік сақтандыру жарналары;

в) жанама салықтар мен өзге мемлекеттік алымдар;

г) субсидиялар - бұл "теріс салықтар". Олар негізгі статистикалық көрсеткіштер есептелетін нарықтық бағалардың ішінде болмағандықтан, олар жалпы табыстан шегеріледі;

д) жәрдемақылар – ақшалай және натуралды формалардағы трансферттік төлемдер;

е) корпорациялардың бөлінбеген пайдасы – корпорацияда өндірілген қосылған құннан еңбек ақы төлеу шығындарын, амортизация, салықтар, пайыздар мен дивидендтерді шегергеннен кейін қалатын таза пайда;

ж) меншіктен түсетін табыс – экономиканың барлық секторларына дивидендтер, рента мен пайыздар түріндегі түсімдер;

з) жеке іс-әрекеттен түсетін табыстар – ұсақ кәсіпорындардың табыстары;

и) сақтандырудан түсетін табыс;

к) сыртқы сауда операцияларынан түсетін табыстар.

Сондай-ақ, даму қарқынын бағалау үшін аймақтағы экономикалық өсім қарқындарын бағалайтын көрсеткіштерді пайдаланған жөн. Ең алдымен, бұл – жан басына шаққандағы табыс көлемі, еңбек өнімділігі және т.б.

Ұлттық байлық.

«Ұлттық байлық» категориясының экономикалық мазмұны көп аспектілі және кез-келген мемлекеттің экономикалық іс-әрекетінің мақсатын, материалды игіліктердің жиынтығын, жинақталған материалды және материалды емес активтердің жиынтығын, елдің ресурстарының жиынтығын білдіреді.

Ұлттық байлық шамасын бағалау барысында экономистер топтық белгілердің келесі жүйесін қолданады (кесте 5.1).

Кесте 5.1 – Ұлттық байлық құраушыларының жіктемесі

Жіктелу белгісі

Ұлттық байлық элементтерінің түрлері

Географиялық қағидасы бойынша

- экономикалық аудандар бойынша;

- аймақтар бойынша.

Пайда болу көздері бойынша

- жинақталған еңбек өнімдері (ғимараттар, машиналар, шикізат, киім-кешек, т.б.);

- экономикалық айналымға алынған табиғи ресурстар;

- материалды емес игіліктер саласындағы жинақталған мүлік (патенттер, авторлық құқықтар, лицензиялар).

Өткізу саласы бойынша

- өндіріс құралдары, яғни өндіріс процесінде қолданылатын өндіргіш күштер

Алынатын табыстар бойынша

- ұдайы өндірілетін материалды-заттық активтер;

- табиғи ресурстар,

- қаржылық активтер;

- адами капитал (ноу-хау, патенттер, лицензиялар, таза еңбек).

Аталмыш жіктеме ресурстар тобын бөліп қарастыруға және олардың ұлттық байлықтың өзге элементтеріне ықпал ету дәрежесін сипаттауға мүмкіндік береді. Алайда аталмыш жіктемеде саны мен сапасы бойынша бірдей ресурстардың пайдалану тиімділігіне байланысты түрлі потенциалға ие бола алатынын ескеру қажет.