Ответы:
1. Рақымжан Қошқарбаев естелігінен
Батальонның саяси жетекшісі, аға лейтенант Васильченко терезе рамасының сынығынан сап жасалған жалауды маған тапсырды. Мен оны қалың қара қағазға орап алдым. Кешкі сағат он шамасында рейхстагқа 756-шы атқыштар полкінің командирі полковник Зинченко келді. Ол бәрімізді жақындап келе жатқан жеңіспен құттықтады. Осынау «Жеңіс!» деген қуанышты сөзді біз 30 апрельдің кешінде, соғыстың 1410-шы күнінде, рейхстагтың алдында естідік.
2. Ыңғайлас салалас-құрамындағы жай сөйлемдерінің бірінде айтылған ойға екіншісінде айтылған ойдың мезгілдес, бағыттас, ыңғайлас мәнде қарым-қатынаста болуы .Жалғаулықты ыңғайлас салалас және, та, те, да, де, әрі деген ыңғайлас мәнді жалғаулықтардың қатысуы арқылы жасалады. Мысалы: Сиырдың тұқымы да жақсы, бабы да келіскен екен.Қарсылықты салалас-құрамындағы жай сөйлемдері бір-біріне қарама-қарсы мәнде айтылғандықты білдіретін салаластың түрі.Жалғаулықты қарсылықты салалас.Бірақ, сонда да, дегенмен, алайда, әйтсе де, сонда да, сөйтсе де, әйткенмен деген қарсылық мәнді жалғаулық шылаулардың қатысуы арқылы жасалады.Мысалы: Күн сайын бір жаңалық болады, алайда бұл жаңалық ананы бұрынғыдай онша мазасыздандырмайды.Түсіндірмелі салалас- Құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысына нұсқап, ал соңғысы алдыңғы сөйлемнің мазмұнын ашатындай, талдап түсіндіріп тұратын құрмаласты түсіндірмелі салалас дейміз.Түсіндірмелі салаластың жай сөйлемдері жалғаулықты шылаусыз, іргелес байланысады. Бірінші жай сөйлемде көбінесе сілтеу есімдіктері мен сілтеу мәнді сөздер (мынау, мынаны, сол, сонша, соншалық, сондай) болады.
25-билет
1. Астана – әсем қала.
2. Себеп-салдар, талғаулы, кезектес салаластар
3. Көп нүктелердің орнына тиісті шылауларды қойып, салаластың түрлерін ажыратыңыз.
Оспан өзінің берген уәдесінде тұра алмады, .................... өзінің ойлағанындай шықпады.
................... айқайлаған дауыс қатты естілді, .................. ақырын естілді.
Кешке ол жазуына кіріседі, ................... теледидар көреді.
Сабыр түбі – сары алтын, ................... сарғайған жетер мұратқа.
Асығыс түбі – өкініш, ..................... асыққан – қалар ұятқа ( Абай ).
Ол сенен үлкен, ................... сен оны құрметтеуің керек.
Әдемі айтқан сөзі менің жүрегімді тербетті, .............. сөздің мән-мағынасы терең жатыр емес пе?!
Керекті шылаулар: Себебі, біресе, бірде, кейде, өйткені, сондықтан.
Ответы:
2. Себеп-салдар салалас-құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысының немесе соңғысы алдыңғысының себебін білдіретін құрмаластың түрі. Жалғаулықты се,беп-салдар салалас сондықтан, себебі, өйткені, сол себепті деген себеп-салдар мәнді жалғаулық шылаулар арқылы жасалады. Мысалы: Жүрген жерін білетін шығар, өйткені ол да жақында Жайық бетінен келді.Талғаулы салалас-құрамындағы жай сөйлемдерінің тек біреуіндегі іс-оқиғаның жүзеге асатындығына болжал жасауды білдіретін салаластың түрі.Талғаулы салалас не, немесе, я, болмаса, әлде деген шылаулар арқылы жасалады. Мысалы: Бұл жерде я сен тұрарсың, я мен тұрамын.Кезектес салалас-құрамындағы жай сөйлемдері арқылы берілген істің, оқиғаның кезектесіп келуін білдіретін салалас құрмалас түрі.Кезектес салалас бірде, біресе, кейде деген кезектес мәнді жалғаулық шылаулардың қатысуы арқылы жасалады. Мысалы: Машина жүрісін бірде шапшаңдатады, бірде баяулатып әндетеді.
1. Тәуелсіз Қазақстанның қол жеткізген табыстары ,түсінікте тату-тәтті өмір сүріп жатқан тұрғындардың достық қарым-қатынасы, ынтымақ –бірлігі, Отан сүйгіштігі, ел жандылық сезімдері ой арқауына айналған.Тарихымен табиғаты, сәулетімен бүкіл тіршілігі дара, ғажап үлгілі күйіміздің күмбірі, көңіліміздің жыр-гүлі жас қала Астана күн сайын енсесі биіктеген қалаға айналуы өзімізді сүйсіндіріп , әлем жұртын көркімен тамсандырды. Тарих үшін 10 жыл — өте қысқа уақыт.Мереке құшағындағы Астана қыз жасауындай құлпырып , сән-салтанатын асқақтата түскен.Бүгін көк аспанды кереукелеген ақшанқан бұлттар да ыдырап, шілденің арайлы күні нұрлы шуағын жомарттана тойы тұр. Астана дегеніміз- алдымен адамдар. Астана-толассыз түлеу, дамылсыз даму үстінде әсем қала.Бұл біздің Астанамыз жайқалған жас қаламыз ұрпақтан ұрпаққа айтылатын аңыз болып айтылар ардақты Астанамыз!
